Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қаржылық есеп II Лекциялар.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
861.7 Кб
Скачать

6.Ұсынылатын әдебиеттер Негізгі әдебиеттер

1.ҚР 28-ақпан 2007-жылғы №234-III «Бухгалтерік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңы.

2. 3 ( IFRS) ХҚЕС «Кәсіпорындарды біріктіру. Сатып алу әдісі». Баспа ұйі«Бико», Алматы -2008ж.

3. ҚР Ұлттық қаржылық есептілік стандарттары. 21.06.2007ж ҚР Қаржы министрлігінің №217 бұйрығы. Бухгалтердің анықтамасы №2 – 2007г.

4. Бухгалтерлік есептің типтік жоспары. 23.05.2007 ж ҚР Қаржы министрлігінің №185 бұйрығы.

5. Бухгалтерлік есептің типтік жоспары және шоттарының корреспонденциялау бойынша әдістемелік ұсынылымдар. Бухгалтердің және кәсіпкердің кітапханасы. Баспа ұйі«Бико», Алматы -2007ж.

6.ХҚЕС қолдану бойынша әдістемелік ұсынылымдар. Алматы. 2007ж.

Қосымша әдебиеттер

1. Аппақова Г.Н. «Қаржылық есеп 2» Алматы «Әрекет-Принт», 2010 ж.

2. Баймуханова С.Б. «Қаржылық есеп» Алматы 2007ж.

3.Миржакыпова С. Т., Аппакова Г. Н. и др. Основы бухгалтерского учета по МСФО. – Алматы: Экономика, 2009 г.

4.Назарова В.Л. «Шаруашылық субъектілердегі бухгалтерлік есеп». Учебник. Алматы, 2003.

Интернет- көздері

1.www.minfin.kz/structure/data/KAZ_2009_IFRIC%208.doc

2. www.worldbank.org/ifa/rosc_aa_kaz_kaz.pdf

3. Айрих, Н. ХҚЕС бойынша шоттар жоспарына өту [Текст] / Н. Айрих. ... Кл.слова (ненормированные): экономика -- бухгалтерлік есеп -- шоттар -- хқес -- кесте, ... www.webirbis.ksu.kz/.../cgiirbis_32.exe

4. МСФО будет звучать так - Халықаралық Қаржы Есептілік Стандарттары - ХҚЕС www.balans.kz/topic12972.html

5. www.uza.ucoz.kz/_ld/0/34___.doc

1.Екінші лекция тақырыбының атауы: «Шоғырландырылған қаржылық есептілік»

2.Лекция мақсаты

2-ші лекцияның мақсаты-бас ұйымның бақылауындағы ұйымдар тобының шоғырландырылған қаржы есептілігін әзірлеу мен ұсыну ерекшеліктерін анықтау.Ұйым өз еркімен және жергілікті нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жеке қаржы есептілігін ұсынған жағдайларда еншілес, бірлесіп бақыланатын және қауымдасқан ұйымдарға салынған инвестицияларды есепке алу кезінде қолданылуы тиіс.

3.Лекция сұрақтары

1.Шоғырландырылған есеп берудің құрамы және құрастыру жолдары

2.Пайдалар мен зияндар туралы шоғырландырылған есеп беру

4.Лекция мазмұны

1.Шоғырландырылған есеп берудің құрамы және құрастыру жолдары

Есептiк кезең бiткен соң шаруашылық жүргiзушi субъект қаржылық есеп берудi жасайды. Шаруашылық жүргiзушi субъекттiң құрамында Қазақстан Республикасының аймағында және онан тысқары жерлерде тұратын еншiлес немесе тауелдi cepiктecтіктepi бар болса, өзiнiң қаржылық есеп беруiмен қоса, шоғырландырылған есеп берудi жасайды, яғни бiрнеше заңды тұлғаның есеп беруiн бiрiктipедi. Бұл жерде келесі тұлғаларды бөледі:

1)негізгі серіктестік;

2) еншiлес немесе тәуелдi cepіктестіктер.

Заңды тұлға басқа кәсiпорынның акциясын сатып алу арқылы өз қызметін жүзеге асыруы мүмкін және егер де сол сатып алынған акциясы 50%-дан астам болса, онда аталған тұлға инвестицияланған объектiге бақылау жасау мүмкiндiгiн алады. Инвестор бақылауды белгiлейтiн болса, онда ол кәсiпорын негiзгi заңды тұлға болып танылады, ал бақыланатын (инвестицияланған) кәсiпорынды еншiлес кәсiпорын деп атайды. Негiзгi және барлық еншiлес кәсiпорындар бiрiгiп, бiрiккен занды тұлғалар тобын құрайды және олардың мәлiметi бойынша консолидацияланған есеп беруiн жасайды.

Қаржылық есеп берудi пайдаланушылар олардың топтасқан бөлiгiн емес, тұтас бөлiгiн бiлуге мүдделi болып келедi. Бұндай қажеттiлiк Қаржылық есеп-2 койылатын талапты күшейтедi, сондықтан шоғырландырылған есеп берудiң құрамына кiредi: 1)консолидацияланған бухгалтерлiк баланс,

2)пайдалар мен зияндар туралы консолидацияланған есеп беру,

3)ақша қаражатының қозғалысы туралы консолидацияланған есеп беруi,

4)түсініктемe жазбасы.

Шоғырландырылған есеп беруді «Шоғырландырылған есеп беру жене еншiлес cepiктестігі инвестицияның есебi» 27 (IAS) ХЕҚС сәйкес келесi жолмен консолидациялайды (яғни, бiрiктiредi):

1) есеп берудi өзара сәйкестендiредi (есеп беру қосымша өңделедi, жiктемесi өзгеpтiледi, түзетулер енгiзiледi);

2) активтер, мiндеттемелер, меншiк капиталы, табысы, шығысы туралы мәлiметтердiң әрқайсысы жолы мен бабы бойынша қосылaды;

3)кейбiр баптар бойынша қайталауға жол берiлмейдi және кейбiр баптар жойытуы мүмкін.

Бiрнеше заңды түлғалардың есеп беруiнен бiр ғанa қаржылық есеп берудi жасау үшiн iшкi есеп, бағалы қағаздар, меншiк капиталдар және Т.б. мәлiметтердiң негiзiнде тиicтi түзетулер жасалынады.

Түзету жазбалары шоғырландырылған қаржылық есеп берудiң дайындау барысы оның жұмысшы кестесiнде жасалынады және ол негiзгi кәсiпорынның бухгалтерлiк есебiнде де, еншiлес заңды тұлғада да көрсетiлмейдi.

Топтық есеп беру жасау кезiнде еншiлес заңды түлғаның бухгалтерлiк балансында бөлек көрсетiледi, яғни еншiлес занды тұлғаның нақты таза активiмен алмастырылады. Баланста әрбiр еншiлес cepiктестігі және негiзгi заңды тұлғаның үлесi бойынша меншiк капиталы қалыптастырылады. Бұл жерде меншiк капиталында негiзгi заңды тұлғаның үлесiнен oған енген (кірген) еншiлес серiктестiктердiң үлесi көп немесе аз болуы мүмкін.

Еншілес компанияның акцияларын сатып алу мерзімінде консолидация (бірлесу) үрдісі келесідей кезеңдерден тұрады:

  1. Бас және еншілес компаниялардың бір тектес активтері, міндеттемелерінің және меншікті капитал баптары қатарларымен қосылуы;

  2. Ішкі топтардың есептері бойынша дебиторлық және кредиторлық қарыздарын жою бойынша түзету жазбаларын жүргізілуі;

  3. Еншілес компанияға салынған инвестицияның баланстық баптары мен еншілес компанияның меншікті капиталындағы бас компанияның сәйкес үлестік қатысуын жою бойынша түзету жазбаларын жүргізілуі;

  4. Еншілес компанияның меншікті капиталындағы бас компанияның улесіне жатпайтын азшылық үлесінің анықталуы;

  5. Еншілес компанияның акцияларына салынған бас компанияның инвестициясына кеткен шығындарының олардың баланстық құнынан артық көлемінің анықталуы;

  6. Еншілес компанияның меншікті капиталындағы сәйкес үлестік қатысуындағы еншілес компаниялардың активтері мен міндеттемелерінің ағымдық нарықтық құнына дейінгіқұнның түзетілуі;

  7. Іскерлік репутацияның, яғни гудвилдің көлемінің анықталуы.

Шоғырландырылған бухгалтерлік балансты жасау үшін келесі операциялар жасалады.

1.-кесте. Шоғырландырылған бухгалтерлік баланс

Баптар атауы

Бас компания

Еншілес комп-р

Түзетілгенге дейінгі консолидация ланған сома

Түзетілгеннен кейінгі консолидация

ланған сома

Активтер (инвестициядан басқа) (А)

БА

ЕА

БА+ЕА

БА+ЕА

Ішкі топтардың есептеріндегі дебит.қарыз-ры (ТД)

ТД

ТД

Еншілес комп-ға салынған инвест-р (ЕКИ)

ЕКИ+Г

ЕКИ+Г

Гудвилл (Г)

Г

Кредиторлық қарыздар (К)

БКК

ЕКК

БКК+ЕКК

БКК+ЕКК

Ішкі топтардың есептеріндегі кредит-қ қарыз-ы (ТК)

ТК

ТК

Азшылық үлесі (А)

А

Меншікті капитал (К)

БКК

ЕКК=ЕКИ+М

БКС+ЕКИ+А

БКК

Мұндағы:

БКА- бас компанияның активтері; ЕКА- еншілес компаниялардың активтері;

ТД- ішкі топтардың есептері бойынша дебиторлық қарыздары;

ЕКИ- еншілес компанияның акцияларына салынған бас компанияның инвестициясына салған қатысу үлесі; Г- гудвилл оң іскерлік репутация;

БКК- бас компанияның кредиторлық қарыздары; ЕКК- еншілес компаниялардың кредиторлық қарыздары;

ТК- ішкі топтардың есептері бойынша кредиторлық қарыздары;

А- еншілес компанияның меншікті капиталындағы азшылық үлесі;

БКК- бас компанияның меншікті капиталы; ЕКК- еншілес компанияның меншікті капиталы.