Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қаржылық есеп II Лекциялар.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
861.7 Кб
Скачать

Қосымша әдебиеттер

1. Аппақова Г.Н. «Қаржылық есеп 2» Алматы «Әрекет-Принт», 2010 ж.

2. Баймуханова С.Б. «Қаржылық есеп» Алматы 2007ж.

3. Қ.К.Кеулімжаев, Н.А.Құдайбергенов «Бухгалтерлік есеп: теориясы және негіздері» Алматы, Экономика, 2006ж.

4.Қ.К.Кеулімжаев, Н.А.Құдайбергенов «Бухгалтерлік есеп: теориясы және негіздері» Алматы, Экономика, 2006ж.

5.Назарова В.Л. «Шаруашылық субъектілердегі бухгалтерлік есеп». Учебник. Алматы, 2003.

6.Ә.Әбдіманапов «Бухгалтерлік және қаржылық есеп беру принциптері» Алматы, Экономика, 2006ж.

7.Кеулимжаев К.К и др. «Аралық қаржылық есеп» Алматы, 2003 г.

8.Тулешова Г.К. «Финансовый учет в соответствии с международными стандартами» (часть1, 2) Алматы, 2003 г., 2005г.

9.Миржакыпова С. Т., Аппакова Г. Н. и др. Основы бухгалтерского учета по МСФО. – Алматы: Экономика, 2009 г.

Интернет- көздері

1.www.minfin.kz/structure/data/KAZ_2009_IFRIC%208.doc

2. www.worldbank.org/ifa/rosc_aa_kaz_kaz.pdf

3. Айрих, Н. ХҚЕС бойынша шоттар жоспарына өту [Текст] / Н. Айрих. ... Кл.слова (ненормированные): экономика -- бухгалтерлік есеп -- шоттар -- хқес -- кесте, ... www.webirbis.ksu.kz/.../cgiirbis_32.exe

4. МСФО будет звучать так - Халықаралық Қаржы Есептілік Стандарттары - ХҚЕС www.balans.kz/topic12972.html

5. www.uza.ucoz.kz/_ld/0/34___.doc

1.Он бірінші лекция тақырыбының атауы: «Есеп саясаты, есептеме бағаларындағы өзгерістер мен қателіктер (8 (ias) хқес)»

2.Лекция мақсаты

11-ші лекцияның мақсаты есеп саясатын таңдау және өзгерту талаптарын, сондай-ақ есеп саясатындағы өзгерістерді есепке алу және ашып көрсету тәртібін, бухгалтерлік есеп бағалаулардағы өзгерістерді және қателіктерді, түзетулерді анықтау болып табылады. Стандарт ұйымның қаржы есептілігінің маңыздылығын және сенімділігін, сондай-ақ осы қаржы есептілігін ұзақ уақыттан бері қолданылуына және басқа ұйымдардың қаржы есептілігімен салыстыруға арналған.

3.Лекция сұрақтары

1.Есеп саясатын таңдау және қолдану.

2. Есеп саясатындағы өзгерістерді қолдану. Ретроспективті қолдануды шектеу. Есепті бағалаудағы өзгерістер. Қателер. Алдыңғы кезең қателерін ашып көрсету.

4.Лекция мазмұны

1.Есеп саясатын таңдау және қолдану.

Есеп саясаты – бұл ұйым қаржы есептілігін дайындау және ұсыну үшін қолданатын нақты қағидаттар, негіздер, келісімдер, ережелер және практика.

Есептік бағалаудағы өзгеріс – бұл активтің немесе міндеттемелердің баланстық құнын немесе активті кезең-кезеңмен тұтынудың активтердің және міндеттемелердің ағымдағы жай-күйін бағалау салдарынан болатын, сондай-ақ оларға байланысты күтілетін болашақ пайдалар мен міндеттерге байланысты өлшемін түзету. Есептік бухгалтерлік бағалаулардағы өзгерістер жаңа ақпарат алу немесе жаңа міндеттемелердің басталу нәтижесі болып табылады және тиісінше қателерді түзету болып табылмайды.

Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары (ХҚЕС) – бұл Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары жөніндегі кеңес (ХҚЕСК) қабылдаған Стандарттар және Түсіндірулер. Оларға мыналар кіреді:

(а) Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары (IFRS);

(b) Халықаралық есептік стандарттары (IAS);

(с) Халықаралық қаржы есептілігін түсіндіру жөніндегі комитет (IFRІС) немесе бұрынғы Түсіндірмелер жөніндегі тұрақты комитет (SІС) шығарған түсіндірулер.

Қаржы есептілігінің баптары туралы ақпараттың елеулі түрде бұзылуы немесе бұрмалануы, егер олар әрқайсысы жеке-жеке немесе жиынтығымен пайдаланушылардың осы қаржы есептілігі негізінде қабылдаған экономикалық шешімдеріне әсер етсе, маңызды болып табылады. Маңыздылық ақпараттың нақты бұзылуының немесе бұрмалануының ілеспе жағдайлардың мәтініндегі бағаланатын мөлшеріне және сипатына қатысты болады. Қаржы есептілігінің тиісті бабының не мөлшері, не сипаты, не екеуінің де үйлесуі шешуші фактор болуы мүмкін.

Өткен кезеңнің қателері – бұл ұйымның бір немесе одан көп кезеңдегі мынадай сенімді ақпаратты пайдаланбауы немесе қате пайдалануы салдарынан қаржы есептілігіндегі қателер және сенімсіз деректер:

(а) осы ақпарат осы кезеңдердің қаржы есептілігін бекіту үшін рұқсат етілген болғанда;

b) осы ақпаратқа қатысты оның осы қаржы есептілігін дайындау және ұсыну кезінде алынатын және ескерілетінін күту дұрыс болады.

Мұндай қателерге есептеулердегі дәлсіздіктердің, есеп саясатын қолдану кезіндегі қателердің, фактілерді толық бағаламаудың немесе дұрыс түсіндірмеудің, сондай-ақ алаяқтықтың салдары кіреді.

Ретроспективалық қолдану – бұл жаңа есеп саясатын операцияларға, басқа оқиғаларға және жағдайларға осы саясаттың үнемі қолданылатындай түрде қолдану.

Ретроспективалық есеп айырысу – бұл қаржы есептілігінің элементтеріндегі сомаларды тануды түзету, бағалау және ашып көрсету, егер өткен кезеңнің қателері ешқашан болмаса.

Мүлдем мүмкін болмау – ұйым осы үшін барлық тиімді күшті қолдана отырып, қандай да болмасын талапты қолдану мүлдем мүмкін болып табылмайды, бірақ осы талапты қолдана алмайды. Өткен жеке кезеңге қатысты есеп саясатындағы өзгерісті ретроспективалық қолдануға немесе қателерді түзету үшін ретроспективалық қайта санауды орындауға мүлдем болмайды, егер:

(а) осындай ретроспективалық қолданудың немесе ретроспективалық қайта санаудың нәтижесін белгілеуге болмаса;

(b) тиісті ретроспективалық қолдану немесе ретроспективалық қайта санау ұйым басшылығының қарастырылып отырған кезеңдегі ниеті қандай болғаны туралы жорамал жасауды талап етеді;

немесе

(с) тиісті ретроспективалық қолдану немесе ретроспективалық қайта санау сомалары бойынша маңызды бағалау есептерін жүргізуді талап етеді және бұл ретте осындай есептер туралы осындай ақпаратты объктивті түрде атап көрсету мүмкін емес, ол

(і) қарастырылып отырған сомалар танылуы, бағалануы немесе ашып көрсету тиіс болған күні (күндері) болған осындай жағдайлар туралы растайды;

(іі) осы кезеңдегі қаржы есептілігі шығару үшін бекітілген кезде қол жеткен болуы тиіс.

Есеп саясатындағы өзгерістерді перспективалық қолдану және өзгерістің қандай да болмасын есептік бағалауға әсер етуін тану – бұл, тиісінше:

(а) жаңа есеп саясатын операцияларға, басқа оқиғаларға және саясат өзгерген күннен кейін орын алған басқа оқиғаларға және жағдайларға қолдану;

және

(b) осы өзгерістің ағымдағы және болашақ кезеңдердегі есептік бағалауға осы өзгеріспен болған әсер етуін тану.

Ақпараттың осы нақты бүлінуі немесе бұрмалануы пайдаланушылардың экономикалық шешіміне әсер ететінін не етпейтінін және қандай түрде маңызды болатынын бағалау осы пайдаланушылардың нақты ерекшеліктерін зерттеуді талап етеді. «Қаржы есептілігін дайындау және ұсыну қағидаттарында», 25-параграфта былай делінген: «пайдаланушылардың іскерлік және экономикалық қызмет және бухгалтерлік есеп саласында жеткілікті білімі және ұсынылған ақпаратты тиісті талаптанумен зерделеуге дайындығы бар екені жобаланады». Осылайша, осы бағалауды жүргізген кезде осындай сипаттағы қасиеттері бар пайдаланушылардың экономикалық шешім қабылдау кезінде әсер етуге ұшырап қалатынын қандай түрде тиімді күтуге болатынын ескеру қажет.

Мысалы. «Береке» ЖШС есептік жылдың (7жылдың) есептіліктерін әзірлеу кезінде алдыңғы кезеңнің (6жылдың) ақпан айында кеңсені жабдықтаудың амортизациясын кіргізілмеген сомасын айқындалды-27000 теңге. Пайдаға салынатын салықтың қойылымы-30%.

Көрсеткіштер

Сома (теңге)

7жылдың

6жылдың

1.Өткізуден түскен кіріс (теңге)

193000

140000

2.Сатылған өнімнің өзіндік құны (теңге)

160000

85000

3.Салық салынатын пайда

33000

55000

4.Пайдаға салынатын салық

9900

16500

5.Есептік кезең басына бөлінбеген пайда

47500

29000

6. Таза пайда

23100

38500

Есептік кезеңдегі елеулі қателерге түзетулерді қалай жасайды?

Сұрақ бойынша нәтижелерді келесі кестелерде берілген:

1)Ағымдағы есептік кезеңдегі елеулі қателерге түзетулер

Көрсеткіштер

Сома (теңге)

7жылдың

6жылдың

1.Өткізуден түскен кіріс (теңге)

193000

140000

2.Сатылған өнімнің өзіндік құны (теңге)

160000

112000=85000+27000

3.Салық салынатын пайда

33000

8400

4.Пайдаға салынатын салық

23100

19600

2)Бөлінбеген пайданы түзету жолымен елеулі қателерге түзетуді жасау

Көрсеткіштер

Сома (теңге)

7жылдың

6жылдың

1.Есептік кезең басына бөлінбеген пайда

47500

29000

2.Елеулі қателерді түзету(27000-(27000*30%=18900)

(18900)

-

3.Қайта саналған бөлінбеген пайда

28600

29000

4.Таза пайда

23100

19600

5.Есептік кезең соңына бөлінбеген пайда

51700

48600