Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қаржылық есеп II Лекциялар.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
861.7 Кб
Скачать

2. Опциондар, варранттар және олардың баламалары

Опциондар, варранттар және олардың баламалары - өздерін ұстаушыға жай акциялар сатып алу құқығын беретін қаржы құралдары. Опцион-белгіленген баға бойынша негізгі активті сатып алу (call опцион) немесе сату(put опцион) құқығын иеленушісіне беретін қаржылық құрал.Мысалы, компанияның акциялары 5500 тенге турады бір данасы. Ал 3000 тенгеге сіз опцион сатып алуға мүмкіншілігіңіз бар және осы опцион арқылы 3 ай өткен соң аталған компанияның 10 акциясын 5600 тенгеге бір данасының бағасы бойынша сатып аласыз. Осындай келісім пайдалы ма? Ол 3 айдан кейінгі акцияның бағасына байланысты:

  1. Егер 3 айдан кейінгі баға 5600 тенгеден жоғары болса, онда сіз (S - 5600)*10 – 3000 тенге пайда түсіресіз

  2. Егер 3 айдан кейінгі баға 5600 тенгеден төмен болса, онда сіз 3000 тенгені жоғалтасыз.

Варрант –айналымға шығарылуына дейін номиналдық бағасымен матып алуға мүмкіншілікті беретін тұынды қаржылық құрал.

Акцияға келетін таратылған пайданы есептеу мақсатында ұйым өзінде бар таратушы ықпалы бар опциондар мен варранттардың орындалғаны туралы болжамды қабылдауға тиіс. Осы құралдардан болжалды түсімдер жай акциялар шығарудан жай акциялардың кезең ішіндегі орташа рыноктық бағасы бойынша алынған түсімдер ретінде қаралуға тиіс. Орналастырылатын жай акциялардың саны мен жай акциялардың кезең ішіндегі орташа рыноктық бағасы бойынша орналастырылуға тиісті жай акциялар саны арасындағы айырмашылық жай акцияларды әлдебір өтем төлеусіз орналастыру ретінде ескеріледі.

Опциондар мен варранттардың нәтижесі жай акциялардың кезең ішіндегі орташа рыноктық бағасы бойынша жай акциялар шығару болса, олардың таратушы ықпалы болады. Тарату көлемі жай акциялардың кезең ішіндегі орташа рыноктық бағасы мен орналастыру құны мен бағасы арасындағы айырмашылыққа теңеледі. Сонымен, акцияға келетін таратылған пайданы есептеу үшін әлуетті жай акциялар төмендегі шарттардан құралған акциялар ретінде ескеріледі:

(а) жай акциялардың белгілі бір санын олардың кезең ішіндегі орташа рыноктық бағасы бойынша орналастыру шарты. Ондай жай акцияларға белгіленген баға әділ деп саналады, сондықтан олар таратылатын немесе таратылуға қарсы болып саналмайды. Олар акцияға келетін таратылған пайданы есептеу кезінде ескерілмейді.

(b) қалған жай акцияларды қандай да болсын өтемді төлеу шарты. Мұндай жай акциялар ешқандай түсім келтірмейді және айналыстағы жай акцияларға келетін пайдаға немесе залалға ешқандай ықпал етпейді. Демек, мұндай акциялар таратылатын болып табылады, сондықтан олар акцияға келетін таратылған пайданы есептеу кезінде айналыстағы жай акциялар санына қосылады.

Опциондар мен варранттар жай акциялардың кезең ішіндегі орташа рыноктық бағасы сол опциондар мен варранттарды орындау асып кеткен (яғни, олар «ақшада» болған» жағдайда ғана таратушы ықпалда болады. Есептілікте бұрын көрсетілген акцияға келетін пайда сомасы жай акцияларға бағаның өзгеруін көрсету үшін өтіп кеткен күнмен түзетуге жатпайды.

Акцияларға опциондар және өздеріне 2-«Үлескерлік құралдар негізіндегі төлемдер» IFRS қолданылатын үлескерлік құралдар негізіндегі төлемдер туралы өзге де келісімдер үшін 46-параграфта айтылған орналастыру бағасына және 47-параграфта айтылған орындау бағасына ұйымға болашақта акцияға опциондар бойынша немесе үлескерлік құралдар негізіндегі төлемдер бар басқа келісім бойынша жеткізілуге тиісті кез келген тауарлардың немесе қызметтердің әділ құны қосылуға тиіс.

Қызметкерлер үшін акцияларға нақты немесе белгіленетін шарттары бар опциондар және үлескерлік меншікке берілмеген жай акциялар акцияға келетін таратылған пайда есебіне, тіпті, мұндай табыстау кепілдікті болып табылмайтынына қарамастан, қабылданады. Олар үлестік құқық берілген күнде айналыста болатын опциондар ретінде ескеріледі. Қызмет нәтижелеріне негізделген, қызметкерлер үшін акцияларға опциондар орналастырылуы кейінге қалдырылған акциялар ретінде ескеріледі, өйткені олардың шығарылуы белгілі бір уақыттың өтуіне қоса белгілі бір шарттардың орындалуына байланысты.

Айырбасталымды артықшылықты акциялардың ағымдағы кезеңде жарияланған немесе жай акцияға ағымдағы кезеңде жинақталған мұндай акциялар бойынша дивидендтердің айырбастау жолымен алуға болатын көлемі акцияға келетін негізгі пайдадан асып кететін барлық жағдайларда таратылуға қарсы ықпалда болады.Нақ осылайша, ауыстырылатын қарыз құралында, ол бойынша жай акцияға есептелетін (салықтарды және кіріс пен шығыстағы басқа өзгерістерді ескерместен), айырбастау негізінде алуға болатын пайыз акцияға келетін негізгі пайдадан асып кететін барлық жағдайларда таратылуға қарсы ықпалда болады.

Айырбасталымды артықшылықты акциялардың өтелуі немесе лажсыз айырбаста-луы тек айырбасталымды артықшылықты акциялардың бұған дейін айналыста болған бөлігіне ғана ықпал ете алады. Мұндай жағдайларда 17-параграфта айтылған өтемді төлеудің кез келген артығы қалған артықшылықты акцияларда таратылуға қарсы ықпалдың бар екенін немесе жоқ екенін анықтау мақсаттарында өтелетін немесе айырбасталатын осы акцияларға жатады. Өтелген немесе айырбасталған осы акциялар өтелмеген немесе айырбасталмаған акциялардан бөлек қаралады.

Егер кезеңде пайданың нақты көлеміне жету немесе оны қолдау орналастырылуы кейінге қалдырылған акциялар шығарудың шарты болса, егер ондай көлемге есепті кезеңнің аяқ кезінде қол жеткен болса, бірақ ол кезең аяқталғаннан кейін де қолдау жасауға тиіс болса, акцияға келетін таратылған пайданы есептеу кезінде ондай қосымша жай акциялар, егер таратушы ықпал орын алатын болса, айналыстағы акциялар ретінде ескеріледі. Бұл жағдайда акцияға келетін таратылған пайданы есептеу есепті кезеңнің аяқ кезіндегі пайда көлемі тиісті шарттар қолданылатын кезеңнің аяқ кезіндегі пайданың көлеміндей болған кезде шығарылатын жай акциялар санына негізделеді. Пайда сомасының болашақ кезеңдер ішінде өзгеруі мүмкін болғандықтан, акцияға келетін негізгі пайда есебіне орналастырылуы кейінге қалдырылған мұндай жай акциялар, қажетті шарттардың бәрі бірдей орындалмағандықтан, тиісті шарттар қолданылатын кезең аяқталғанға дейін қосылмауға тиіс.

Орналастырылуы кейінге қалдырылған жай акциялар саны жай акцияларға болашақ рыноктық бағаға байланысты болуы мүмкін. Бұл жағдайда, таратушы ықпал орын алатын болса, акцияға келетін таратылған пайданы есептеу есепті кезеңнің аяқ кезіндегі рыноктық баға тиісті шарттар қолданылатын кезеңнің аяқ кезіндегі рыноктық бағадай болған кезде шығарылатын жай акциялар санына негізделеді. Егер шарт есепті кезең аяқталғаннан кейін жалғасатын уақыт кезеңі үшін орташа нарықтық бағаға негізделсе, онда өткен кезең үшін орташа мөлшер пайдаланылады. Рыноктық бағаның болашақ кезеңдер ішінде өзгеруі мүмкін болғандықтан, акцияға келетін негізгі пайда есебіне орналастырылуы кейінге қалдырылған мұндай жай акциялар тиісті шарттар қолданылатын кезең аяқталғанға дейін қосылмауға тиіс, өйткені қажетті шарттардың бәрі бірдей орындалмаған.

Орналастырылуы кейінге қалдырылған жай акциялар саны жай акцияларға болашақ пайдаға және жай акцияларға болашақ бағаларға байланысты болуы мүмкін. Бұл жағдайда, акцияға келетін таратылған пайданың есебіне қосылған жай акциялар саны екі жағдайға да (яғни ағымдағы сәттегі жағдай бойынша пайда сомасына және есепті кезеңнің аяқ кезіндегі жағдай бойынша ағымдағы рыноктық бағаға) негізделуге тиіс. Орналастырылуы кейінге қалдырылған жай акциялар, егер екі шарт та орындалмайтын болса, акцияға келетін пайданың таратылған пайдасының есебіне қосылмайды.