
- •1.Бірінші лекция тақырыбының атауы:Кәсіпорындарды біріктіру.
- •2.Лекция мақсаты
- •3.Лекция сұрақтары
- •4.Лекция мазмұны
- •1.Компанияларды біріктіру, оның сипаттамасы және тәсілдері
- •2.Біріктіру кезеңіндегі сатып алудың есебі
- •6.Ұсынылатын әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Интернет- көздері
- •1.Екінші лекция тақырыбының атауы: «Шоғырландырылған қаржылық есептілік»
- •2.Лекция мақсаты
- •3.Лекция сұрақтары
- •4.Лекция мазмұны
- •1.Шоғырландырылған есеп берудің құрамы және құрастыру жолдары
- •2.Пайдалар мен зияндар туралы шоғырландырылған есеп беру
- •6.Ұсынылатын әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Интернет- көздері
- •1.Үшінші лекция тақырыбының атауы: «Инвестициялық мүлік (40 (ias) хқес)»
- •2.Лекция мақсаты
- •3.Лекция сұрақтары
- •4.Лекция мазмұны
- •1.Инвестициялық мүліктің анықталуы, объектілері және алғашқы танылуы
- •2. Инвестициялық мүлік есебінің модельдері
- •6.Ұсынылатын әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Интернет- көздері
- •1.Төртінші лекция тақырыбының атауы: «Ақшаның уақытша құны»
- •2.Лекция мақсаты
- •3.Лекция сұрақтары
- •4.Лекция мазмұны
- •1.Ақша ағымын дисконттау
- •2.Пайыздар мен болашақ құн. Ағымдағы (дисконтталған) құн. Аннуитеттер.
- •6.Ұсынылатын әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Интернет- көздері
- •1.Бесінші лекция тақырыбының атауы: «Жал есебі (17 (ias) ехс)»
- •2.Лекция мақсаты
- •3.Лекция сұрақтары
- •4.Лекция мазмұны
- •1.Жалдың жіктелуі. Жал алушылардың қаржылық есебінде жалдың бейнеленуі. Қаржылық жал. Бастапқы тану.
- •1.2.Жалға берушінің қаржылық есептілгіндегі жалгерліктің танылуы
- •1.3.Жалға алушының қаржылық есептілігінде жалгерліктің танылуы
- •2.Кейінгі бағалау. Операциондық жал. Жал берушінің қаржылық есебіндегі жал есебі. Кері жал бойынша сатып-өткізу операциясы.
- •6.Ұсынылатын әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Интернет- көздері
- •1.Алтыншы лекция тақырыбының атауы: «Бірлескен қызметке қатысу (31(ias) хқес)»
- •2.Лекция мақсаты
- •3.Лекция сұрақтары
- •4.Лекция мазмұны
- •1.Бірлескен қызмет нысадары. Бірігіп атқарылатын бақылау. Шарттық келісім. Бірігіп бақыланатын операциялар. Бірігіп бақыланатын активтер. Бірігіп бақыланатын ұйымдар
- •2.Кәсіпкердің қаржылық есептілігі. Пропорционалды шоғырландыру. Үлестік қатысу бойынша есептеу әдісі
- •6.Ұсынылатын әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •1.Жетінші лекция тақырыбының атауы: «Қаржылық ивестицияларды бағалау және оның есебі»
- •2.Лекция мақсаты
- •3.Лекция сұрақтары
- •4.Лекция мазмұны
- •1.Қаржылық инвестициялардың түсінігі, тәуекелділіктері, бағалануы.
- •2.Құнсыздану, хеджирлеу құралдары.
- •6.Ұсынылатын әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •1.Сегізінші лекция тақырыбының атауы: «Валюталық бағамдар өзгерісінің әсері. Шетелдік қызмет. (21(ias) хқес)»
- •2.Лекция мақсаты
- •3.Лекция сұрақтары
- •4.Лекция мазмұны
- •1.Шетелдік қызметке таза нвестиция. Ақшалай баптар.. Кейінгі есепті мерзімдерге есеп беру. Бағамдық айырмашылықтарды тану. Функционалды валютаны ауыстыру
- •6.Ұсынылатын әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Интернет- көздері
- •1.Тоғызыншы лекция тақырыбының атауы: «Табысқа салынатын салық (хқес 12)»
- •2.Лекция мақсаты
- •3.Лекция сұрақтары
- •4.Лекция мазмұны
- •1.Табыс салығының анықтамасы,есептік және табыс салынатын пайдалардың арасындағы айырмашылықтар.
- •2. Табыс салығының есебі
- •Пайдаға салынатын салық бойынша төлемнің компоненттерінің есептемесі *(есептеме-ведомость)
- •6.Ұсынылатын әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Интернет- көздері
- •1.Тоғызыншы лекция тақырыбының атауы: «Акцияға келетін пайда (33(ias) хқес)»
- •2.Лекция мақсаты
- •3.Лекция сұрақтары
- •4.Лекция мазмұны
- •1. Акциядан базалық пайда. Бағалау.
- •2. Опциондар, варранттар және олардың баламалары
- •3.Қарапайым акциялардың төлемдерінің есебі және ақша қаражаттары арқылы жүзеге асырылатын келісім шарттар
- •6.Ұсынылатын әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Интернет- көздері
- •1.Он бірінші лекция тақырыбының атауы: «Есеп саясаты, есептеме бағаларындағы өзгерістер мен қателіктер (8 (ias) хқес)»
- •2.Лекция мақсаты
- •3.Лекция сұрақтары
- •4.Лекция мазмұны
- •1.Есеп саясатын таңдау және қолдану.
- •2.Есеп саясатының жүйелілігі
- •6.Ұсынылатын әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •1. Он екінші лекция тақырыбының атауы: «Байланысты тараптар (24 (ias) хқес)»
- •2.Лекция мақсаты
- •3.Лекция сұрақтары
- •4.Лекция мазмұны
- •1.Байланысты тараптар туралы ақпараттарды ашып көрсету.
- •2.Байланысты тараптардың өзара қатынастарының есебі
- •6.Ұсынылатын әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Интернет- көздері
6.Ұсынылатын әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
1.ҚР 28-ақпан 2007-жылғы №234-III «Бухгалтерік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңы.
2. 21 ( IFRS) ХҚЕС «Валюталық бағамдар өзгерісінің әсері. Шетелдік қызмет». Баспа ұйі«Бико», Алматы -2008ж.
3. ҚР Ұлттық қаржылық есептілік стандарттары. 21.06.2007ж ҚР Қаржы министрлігінің №217 бұйрығы. Бухгалтердің анықтамасы №2 – 2007г.
4. Бухгалтерлік есептің типтік жоспары. 23.05.2007 ж ҚР Қаржы министрлігінің №185 бұйрығы.
5. Бухгалтерлік есептің типтік жоспары және шоттарының корреспонденциялау бойынша әдістемелік ұсынылымдар. Бухгалтердің және кәсіпкердің кітапханасы. Баспа ұйі«Бико», Алматы -2007ж.
6.ХҚЕС қолдану бойынша әдістемелік ұсынылымдар. Алматы. 2007ж.
Қосымша әдебиеттер
1. Аппақова Г.Н. «Қаржылық есеп 2» Алматы «Әрекет-Принт», 2010 ж.
2. Баймуханова С.Б. «Қаржылық есеп» Алматы 2007ж.
3. Қ.К.Кеулімжаев, Н.А.Құдайбергенов «Бухгалтерлік есеп: теориясы және негіздері» Алматы, Экономика, 2006ж.
4.Қ.К.Кеулімжаев, Н.А.Құдайбергенов «Бухгалтерлік есеп: теориясы және негіздері» Алматы, Экономика, 2006ж.
5.Назарова В.Л. «Шаруашылық субъектілердегі бухгалтерлік есеп». Учебник. Алматы, 2003.
6.Миржакыпова С. Т., Аппакова Г. Н. и др. Основы бухгалтерского учета по МСФО. – Алматы: Экономика, 2009 г.
Интернет- көздері
1.www.minfin.kz/structure/data/KAZ_2009_IFRIC%208.doc
2. Айрих, Н. ХҚЕС бойынша шоттар жоспарына өту [Текст] / Н. Айрих. ... Кл.слова (ненормированные): экономика -- бухгалтерлік есеп -- шоттар -- хқес -- кесте, ... www.webirbis.ksu.kz/.../cgiirbis_32.exe
1.Тоғызыншы лекция тақырыбының атауы: «Акцияға келетін пайда (33(ias) хқес)»
2.Лекция мақсаты
10-ші лекцияның мақсаты акцияға келетін пайданы анықтау және ұсыну принциптерін белгілеу, оның өзі түрлі ұйымдардың сол бір есепті кезеңдегі қызметінің нәтижелерін, сондай-ақ сол бір ұйымның түрлі есепті кезеңдердегі қызметінің нәтижелерін салыстыру сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Акцияға келетін пайда туралы ақпараттың “пайданы” анықтау кезінде пайдаланылатын есепке алу саясатындағы айырмашылықтарға байланысты кейбір кемшіліктерге қарамастан, бірыңғай әдістеме негізінде есептелген бөлгіш қаржы есептілігінің сапасынан асып кетеді. Лекцияның негізгі мәні - акцияға келетін пайданы есептеу формуласындағы бөлгіш.
3.Лекция сұрақтары
1. Акциядан базалық пайда. Бағалау.
2. Опциондар, варранттар және олардың баламалары.
3.Төлемдері қарапайым акциялар және ақша қаражаттары арқылы жүзеге асырылатын келісім шарттар
4.Лекция мазмұны
1. Акциядан базалық пайда. Бағалау.
Жай акциялары немесе әлуетті жай акциялары рынокта айналымда болатын ұйымдар акцияға келетін пайданы анықтауы ұажет. Ол үшін «Акцияға келетін пайда» 33(IAS) ЕХС қолданылады. Акцияға келетін пайда туралы ақпараттың “пайданы” анықтау кезінде пайдаланылатын есепке алу саясатындағы айырмашылықтарға байланысты кейбір кемшіліктерге қарамастан, бірыңғай әдістеме негізінде есептелген бөлгіш қаржы есептілігінің сапасынан асып кетеді. Стандартты қараудың негізгі мәні - акцияға келетін пайданы есептеу формуласындағы бөлгіш.
Акцияға келетін пайданы өзінің жеке қаржы есептілігі негізінде ашып көрсететін ұйым ондай ақпаратты тек пайда мен залал туралы есепте ұсынуға міндетті. Ұйым акцияға келетін пайда туралы ондай ақпаратты шоғырландырылған қаржы есептілігінде ұсынуға құқылы емес.
Жай акция – үлескерлік құралдардың барлық басқа сыныптарына неғұрлым төмен статусы бар үлескерлік құрал.
Әлуетті жай акция - өз иесіне жай акцияларды иелену құқығын бере алатын қаржы құралы немесе өзге шарт.
Жай акцияларды ұстаушылар кезеңдегі пайданы бөлуге тек артықшылықты акциялар сияқты басқа акция түрлері иелерінен кейін ғана қатысады. Ұйымда жай акциялардың бірнеше сыныбы болуы мүмкін. Бір сыныптағы жай акцияларды ұстаушылар дивидендтер алуға тең құқылы. Әлуетті жай акциялардың мысалдары:
(а) қаржы міндеттемелері немесе үлескерлік құралдар, соның ішінде жай акцияларға айырбасталатын артықшылықты акциялар;
(b) опциондар мен варранттар;
(с) шарт келісімдерінде көзделген талаптар орындалғаннан кейін, мысалы, кәсіпорын немесе басқа активтер сатып алу кезінде шығарылатын акциялар.
Ұйым басты ұйымның жай акцияларын ұстаушыларға келетін пайда немесе залал жөнінде және, ұсынылған жағдайда, одан әрі жалғастырылатын қызметтен сол акцияларды ұстаушыларға келетін пайда немесе залал жөнінде акцияға келетін негізгі пайда есебін шығаруға міндетті. Компаниялар өздерінің қаржылық есептіліктерінде акцияға келетін негізгі және таратылған пайданы есептеуі тиіс. Аталған пайдаларды есептілікте акцияға келетін залал пйда болған мерзімдер бойынша ғана көрсетеді.
1)Акцияға келетін негізгі пайда басты ұйымның жай акцияларын ұстаушыларға келетін пайданы немесе залалды (алымы) айналымдағы жай акциялардың кезең ішіндегі орташа өлшенген санына (бөлгіші) бөлу жолымен есептелуге тиіс (1-ші формула).
-
Акцияға
келетін негізгі пайда
=
Ұйымның жай акцияларын ұстаушыларға келетін пайда (залал)
(1)
Айналымдағы жай акциялардың кезең ішіндегі орташа өлшенген саны
Акцияға келетін негізгі пайда туралы ақпарат басты ұйымның әрбір жай акциясының ұйымның есепті кезеңдегі қызметінің нәтижелеріне қатысуының үлесін анықтау мақсатында ұсынылады. Бұл жерде аталған көрсеткішті есептеу үшін жай акциялардың саны кезең ішіндегі айналыстағы жай акциялардың орташа алынған санына тең болуға тиіс. Кезең ішінде айналыста болатын жай акциялардың орташа алынған саны кезеңнің бас кезінде айналыста болатын жай акциялардың кезең ішінде сатып алынған немесе орналастырылған жай акциялар саны бойынша түзетілген, орташа алынған уақыт коэффициентіне көбейтілген санына тең болады (2-ші формула).
Кезең ішінде айналыста болатын жай акциялардың орташа алынған саны |
= |
Кезеңнің бас кезінде айналыста болатын жай акциялар |
+ |
Кезең ішінде сатып алынған немесе орналастырылған жай акциялар саны |
* |
Орташа алынған уақыт коэффициенті |
(2) |
Көптеген жағдайларда, жеткілікті негіздер бар болған жағдайда, орташа алынған көрсеткішті шамамен есептеуге жол беріледі. Акциялар айналыстағы акциялардың орташа алынған санының есебіне, әдетте, оларды өтеу жөніндегі дебиторлық берешек пайда болған сәттен (әдетте олар орналастырылған күннен) бастап қосылады Орташа алынған уақыт коэффициенті акциялар айналыста болатын күндер санын есепті кезеңдегі күндердің жалпы санына бөлудің бөліндісі ретінде айқындалады (3-ші формула).
-
Орташа алынған уақыт коэффициенті
=
Акциялар айналыста болатын күндер саны
(3)
Есепті кезеңдегі күндердің жалпы саны
Аталған формула бойынша жай акцияларды айналыстағы акциялардың орташа алынған санының есебіне қосу сәті оларды шығаруға және орналастыруға байланысты жағдайлармен айқындалады. Акцияларды орналастыруға қатысты кез келген шарттың мазмұнын тиісті түрде ескеру қажет.
Мысалы:Ұйым акциясының нарықтық бағасы көтеріледі деп болжайды. Жай акцияларын ұстаушыларға келетін пайда-5000 000 теңге. Айналымдағы жай акциялардың кезең ішіндегі орташа өлшенген саны-200 акция. Онда акцияға келетін негізгі пайда (1-ші формула бойынша) 5000 000/200 =25000 тенге.
2)Акцияға келетін таратылған пайданы есептеу үшін ұйым басты ұйымның жай акцияларын ұстаушыларға келетін пайдаға немесе залалға және айналыстағы акциялардың орташа алынған санына таратылған әлуетті жай акциялар ықпалын ескере түзетуге міндетті.. Ұйым басты ұйымның жай акцияларын ұстаушыларға келетін пайда немесе залал жөнінде акцияға келетін таратылған пайданы және, ұсынылған жағдайда, одан әрі жалғастырылатын қызметтен сол акцияларды ұстаушыларға келетін пайданы немесе залалды есептеуге міндетті. Акцияға келетін таратылған пайда акцияға келетін негізгі пайда сияқты анықталады, нақты айтқанда, әрбір жай акцияның ұйым қызметінің нәтижелеріне қатысуының үлесін кезең ішінде айналыста болған таратылған әлуетті жай акциялар ықпалын ескере анықтау керек.
Тарату - акцияға келетін пайданы кеміту немесе акцияға келетін залалды ұлғайту, бұл айырбасталатын құралдарды айырбастауға қатыстырудың, опциондар немесе варранттар орындау немесе белгілі бір жағдайлар орындалғаннан кейін жай акциялар шығару нәтижесі болып табылады. Нәтижесінде:
(а) басты ұйымның жай акцияларын ұстаушыларға келетін пайдаға немесе залал таратылатын әлуетті жай акциялар бойынша кезең ішінде есептелген дивидендтер мен пайыздардың салықтан кейінгі сомасына ұлғайтылады және пайдада немесе шығыста таратылатын әлуетті жай акцияларды жай акцияларға айырбастау нәтижесінде пайда болатын кез келген өзгерістерді ескере түзетіледі;
(b) айналыстағы жай акциялардың орташа алынған саны, егер әлуетті жай акцияларды жай акцияларға айырбастауға рұқсат етілетін болса, айналысқа түсетін қосымша жай акциялардың орташа алынған санына көбейеді.