
- •1.Бірінші лекция тақырыбының атауы:Кәсіпорындарды біріктіру.
- •2.Лекция мақсаты
- •3.Лекция сұрақтары
- •4.Лекция мазмұны
- •1.Компанияларды біріктіру, оның сипаттамасы және тәсілдері
- •2.Біріктіру кезеңіндегі сатып алудың есебі
- •6.Ұсынылатын әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Интернет- көздері
- •1.Екінші лекция тақырыбының атауы: «Шоғырландырылған қаржылық есептілік»
- •2.Лекция мақсаты
- •3.Лекция сұрақтары
- •4.Лекция мазмұны
- •1.Шоғырландырылған есеп берудің құрамы және құрастыру жолдары
- •2.Пайдалар мен зияндар туралы шоғырландырылған есеп беру
- •6.Ұсынылатын әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Интернет- көздері
- •1.Үшінші лекция тақырыбының атауы: «Инвестициялық мүлік (40 (ias) хқес)»
- •2.Лекция мақсаты
- •3.Лекция сұрақтары
- •4.Лекция мазмұны
- •1.Инвестициялық мүліктің анықталуы, объектілері және алғашқы танылуы
- •2. Инвестициялық мүлік есебінің модельдері
- •6.Ұсынылатын әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Интернет- көздері
- •1.Төртінші лекция тақырыбының атауы: «Ақшаның уақытша құны»
- •2.Лекция мақсаты
- •3.Лекция сұрақтары
- •4.Лекция мазмұны
- •1.Ақша ағымын дисконттау
- •2.Пайыздар мен болашақ құн. Ағымдағы (дисконтталған) құн. Аннуитеттер.
- •6.Ұсынылатын әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Интернет- көздері
- •1.Бесінші лекция тақырыбының атауы: «Жал есебі (17 (ias) ехс)»
- •2.Лекция мақсаты
- •3.Лекция сұрақтары
- •4.Лекция мазмұны
- •1.Жалдың жіктелуі. Жал алушылардың қаржылық есебінде жалдың бейнеленуі. Қаржылық жал. Бастапқы тану.
- •1.2.Жалға берушінің қаржылық есептілгіндегі жалгерліктің танылуы
- •1.3.Жалға алушының қаржылық есептілігінде жалгерліктің танылуы
- •2.Кейінгі бағалау. Операциондық жал. Жал берушінің қаржылық есебіндегі жал есебі. Кері жал бойынша сатып-өткізу операциясы.
- •6.Ұсынылатын әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Интернет- көздері
- •1.Алтыншы лекция тақырыбының атауы: «Бірлескен қызметке қатысу (31(ias) хқес)»
- •2.Лекция мақсаты
- •3.Лекция сұрақтары
- •4.Лекция мазмұны
- •1.Бірлескен қызмет нысадары. Бірігіп атқарылатын бақылау. Шарттық келісім. Бірігіп бақыланатын операциялар. Бірігіп бақыланатын активтер. Бірігіп бақыланатын ұйымдар
- •2.Кәсіпкердің қаржылық есептілігі. Пропорционалды шоғырландыру. Үлестік қатысу бойынша есептеу әдісі
- •6.Ұсынылатын әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •1.Жетінші лекция тақырыбының атауы: «Қаржылық ивестицияларды бағалау және оның есебі»
- •2.Лекция мақсаты
- •3.Лекция сұрақтары
- •4.Лекция мазмұны
- •1.Қаржылық инвестициялардың түсінігі, тәуекелділіктері, бағалануы.
- •2.Құнсыздану, хеджирлеу құралдары.
- •6.Ұсынылатын әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •1.Сегізінші лекция тақырыбының атауы: «Валюталық бағамдар өзгерісінің әсері. Шетелдік қызмет. (21(ias) хқес)»
- •2.Лекция мақсаты
- •3.Лекция сұрақтары
- •4.Лекция мазмұны
- •1.Шетелдік қызметке таза нвестиция. Ақшалай баптар.. Кейінгі есепті мерзімдерге есеп беру. Бағамдық айырмашылықтарды тану. Функционалды валютаны ауыстыру
- •6.Ұсынылатын әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Интернет- көздері
- •1.Тоғызыншы лекция тақырыбының атауы: «Табысқа салынатын салық (хқес 12)»
- •2.Лекция мақсаты
- •3.Лекция сұрақтары
- •4.Лекция мазмұны
- •1.Табыс салығының анықтамасы,есептік және табыс салынатын пайдалардың арасындағы айырмашылықтар.
- •2. Табыс салығының есебі
- •Пайдаға салынатын салық бойынша төлемнің компоненттерінің есептемесі *(есептеме-ведомость)
- •6.Ұсынылатын әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Интернет- көздері
- •1.Тоғызыншы лекция тақырыбының атауы: «Акцияға келетін пайда (33(ias) хқес)»
- •2.Лекция мақсаты
- •3.Лекция сұрақтары
- •4.Лекция мазмұны
- •1. Акциядан базалық пайда. Бағалау.
- •2. Опциондар, варранттар және олардың баламалары
- •3.Қарапайым акциялардың төлемдерінің есебі және ақша қаражаттары арқылы жүзеге асырылатын келісім шарттар
- •6.Ұсынылатын әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Интернет- көздері
- •1.Он бірінші лекция тақырыбының атауы: «Есеп саясаты, есептеме бағаларындағы өзгерістер мен қателіктер (8 (ias) хқес)»
- •2.Лекция мақсаты
- •3.Лекция сұрақтары
- •4.Лекция мазмұны
- •1.Есеп саясатын таңдау және қолдану.
- •2.Есеп саясатының жүйелілігі
- •6.Ұсынылатын әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •1. Он екінші лекция тақырыбының атауы: «Байланысты тараптар (24 (ias) хқес)»
- •2.Лекция мақсаты
- •3.Лекция сұрақтары
- •4.Лекция мазмұны
- •1.Байланысты тараптар туралы ақпараттарды ашып көрсету.
- •2.Байланысты тараптардың өзара қатынастарының есебі
- •6.Ұсынылатын әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Интернет- көздері
6.Ұсынылатын әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
1.ҚР 28-ақпан 2007-жылғы №234-III «Бухгалтерік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңы.
2. 27 ( IFRS) ХҚЕС «Шоғырландырылған қаржылық есептілік». Баспа ұйі«Бико», Алматы -2008ж.
3. ҚР Ұлттық қаржылық есептілік стандарттары. 21.06.2007ж ҚР Қаржы министрлігінің №217 бұйрығы. Бухгалтердің анықтамасы №2 – 2007г.
4. Бухгалтерлік есептің типтік жоспары. 23.05.2007 ж ҚР Қаржы министрлігінің №185 бұйрығы.
5.ХҚЕС қолдану бойынша әдістемелік ұсынылымдар. Алматы. 2007ж.
Қосымша әдебиеттер
1. Аппақова Г.Н. «Қаржылық есеп 2» Алматы «Әрекет-Принт», 2010 ж.
2. Баймуханова С.Б. «Қаржылық есеп» Алматы 2007ж.
3.Назарова В.Л. «Шаруашылық субъектілердегі бухгалтерлік есеп». Учебник. Алматы, 2003.
6.Ә.Әбдіманапов «Бухгалтерлік және қаржылық есеп беру принциптері» Алматы, Экономика, 2006ж.
1.Сегізінші лекция тақырыбының атауы: «Валюталық бағамдар өзгерісінің әсері. Шетелдік қызмет. (21(ias) хқес)»
2.Лекция мақсаты
8-ші лекцияның мақсаты - шетелдік валютамен операцияларды және шетелдік қызметті ұйымның қаржы есептілігінде көрсету, сондай-ақ қаржы есептілігінің көрсеткіштерін ұсыну валютасына қайта есептеу тәртібін орнату.
3.Лекция сұрақтары
1.Шетелдік қызметке таза нвестиция. Шетел валютасындағы операцияларды функционалды валютада бейнелеу. Бастапқы тану
2.Функционалды валютадан ерекшеленетін ұсыну валютасын қолдану. Ұсынылатын валютаға қайта есептеу. Шетелдік қызмет жөніндегі қаржылық есептілікті қайта есептеу. Кез-келген бағамдық айырмашылықтың салықтық салдарлары.
4.Лекция мазмұны
1.Шетелдік қызметке таза нвестиция. Ақшалай баптар.. Кейінгі есепті мерзімдерге есеп беру. Бағамдық айырмашылықтарды тану. Функционалды валютаны ауыстыру
Валюталық операциялар түсінігінің мазмұны мен мәнін толық ашу үшін негiзгi терминдерге анықтама беру қажет. Соның iшiнде негiзгiсi шетел валютасы.
Валюта мемлекеттердiң заңды құралы ретiнде қабылдаған ақша бiрлiгi немесе банкноттар, қазынашылық билеттер мен тиындар. Сонымен қaтap айналыммен шығарылатын бiрақ, айырбастауға жататын aқшa белгiлерi. ҚР-ның Ұлттық Валютасы тенге. Шетел валютасы шет мемлекеттердiң валютасы (доллар, евро, рубль). Валюталық құндылықтарға:
Шетел валютасы.
Шетел валютасындағы бағалы қағаздармен төлем құжaттapы (акция, облигация) және басқа шетел валютасында көрсетiлген қарыз міндеттемелері.
Бағалы металдар -алтын, күмic, платиналық ток металдары барлық түрде және жағдайда ювелир бұйымдары.
4. Табиғи бағалы металдар -алмаз, рубин, изумрудтар, жемжуг және
т.б. ҚР-ның валютасына кiредi.
5. Айналымдағы сонымен қaтap айналымнан шығарылған бiрақ айырбастауға жататын ҚР-ның ҰБ-нiң билеттерi мен тиындары түрiндегi теңгелер. ҚР-ның банктерiндегi мен басқа да несиелiк мекемелерiндегi орналасқан теңгелей қаржылар.
6. ҚР-дағы валютасындағы бағалы қағаздар, теңгеде көрсетiлген төлем құжаттарымен қарыз міндеттемелер.
Ұлттық және шетел валютасындағы операцияларды жүргiзетiн субъектiлерге қосып «резидент пен бейрезиденттер» саналады. «Резидент» - түсiнiгiнiң құрамына келесi категориялы азаматтар мен мекемелер кіреді:
ҚР-ның территориясында тұратын тұлғалаp.
ҚР заңдарына сәйкес және ҚР территориясында орналасқан заңды тұлғалар.
Заңды тұлғa ретiнде саналмайтын бiрақ ҚР-ның заңына Сәйкес құрылған мекемелер мен организациялар.
«Бейрезидент» -тұлғаларға жатады:
ҚР-нан тыс мемлекеттерден тұрақты мекен жайы бар заңды тұлғалар, сонымен қaтap ҚР-ның уақытшa тұлғалары.
Шетел мемлекеттерiнiң заңына сәйкес және тұрақты мекен-жайы жоқ тұлғалар.
Заңды тұлғa болып табылмайтын мекемелер мен организациялар.
ҚР-ның территориясында шетел дипломатиялық және басқа да ресми представительствалар.
Банк валюталық операцияларының келесi түрлерiн орындайды:
Валютаны сату және сатып алу.
Клиенттiң валюталық шоттарын жүргiзу және депозиттер қабылдау.
3. Валютада халықаралық есеп айырысу.
4. Валюталық несиелер беру.
Бiздiң елiмiзде валюталық операциялар 24.12.1996 жылы № 54 «ҚР валюталық реттеу туралы» заңына және ҚРҰБ-ның «валюта операцияларын жүргiзу ережелерi» №115 20.01.2001 ж. негiзiнде жүзеге асырылады. Осы заңмен ережеге сәйкес ҚР-дағы резиденттер және бейрезиденттер жүргiзген барлық операиялар тек өкiлеттi банктермен айырбастау пункттерi арқылы орындалады.
Өкiлеттi банктер - шетел валютасы мен айырбастау операцияларын жүргiзуге ҚРҰБ лицензиясын алған банктер.
Өкiлеттi мекемелер - нақты шетел валютасын айырбастау жүргiзу ҚРҰБ лицензиясын алған мекемелер.
Валюталық реттеу- өкiлеттi мемлекеттiк органдардың елдiң төлем балансын нығайту, Ұлттық валютаның тұрақтылығын, iшкi валюта рыногын дамытуды қамтамасыз ету мақсатында валюталық операциялар жүргiзу тәртiбiн белгiлеу және оның сақталуын бақылау жөнiндегi қызметi.
Әрбір ел валюталық реттеудiң көмегімен мемлекеттiң бақылауына валюталық операцияларды шетелдің заңды және жеке тұлғаларына несие мен заемдарды беру, валютаны шекарадан кiргiзу және шығару туралы операцияларды жоюға тырысады.
Валюталық реттеудiң қажеттiлiгi - банктер мен мемлекеттердiң валюталық қауiптердi азайту мақсаты болып табылады. Валюталық әдетте халықаралық валюталық келiссөздер жасалу мен нормативтi актiлердi шығаруды жүзеге асырады.
Валюталық бақылау.
Валюталық бақылау органдары және оның агенттерi.
Оның мақсаты - валюталық операцияларды орындағанда валюталық заңдарында сақтауға бақылау жасау болып табылады.
Валюталық бақылаудың негiзгi жолдары мынадай:
Өткiзiлген валюталық операциялардың заңға сәйкестiгiн анықтау және қажеттi лицензиялар мен келiсiмдердiң бар екендiгiн анықтау.
Мемлекет алдындағы шетел валютасындағы резиденттердiң мiндеттемелерiн өтегенін, сонымен қатар ҚР iшкi валюталық нарығында шетел валютасын сату бойынша мiндеттемелерiн тексеру:
а) шетел валютасындағы төлемдердiң негiздiлiгiн тексеру;
б) валюталық операциялар бойынша есеп ақпардың толықтылығымен объектiлiгiн тексеру;
Валюталық бақылаудың негiзгi органы -ҚРҰБ болып табылады. Оның міндеті:
Шетел валютасы мен шетел валютасындағы бағалы қағаздардың ҚР-да айналу тәртiбi мен сферасын анықтайды.
Резиденттер мен Бейрезиденттер тұлғалар үшiн нормативтi актiлер шығарады.
3. Валюталық операциялардың барлық түpiн орындайды.
4. Шетел валютасы мен бағалы қағаздармен орындайтын операцияларға резиденттер мен бейрезиденттер тұлғаларға жалпы ережелер анықтайды.
5. Банктерге және басқа да несиелiк мекемелерге валюталық операцияларды орындау лицензияларын берудiң ережелерiн белгiлейдi.
6. Есеп беру, ақпар, құжaттapдың бiр нысандылығын белгiлейдi.
7. Басқа да қызметтердi орындайды.
Коммерциялық банктердiң сыртқы экономикалық қызметi тауарлар мен әрекеттердi экспорттау-импорттау, Қазақстан Республикасының аумағында шетел валютасында оларды өткiзу, елiмiздiң iшiнде бейрезидент тұлғалардың шаруашылықпен айналысудағы тауарлық емес сипаттағы мәміле кезінде теңге және шетел валютасында банктiк операцияларды жүзеге асырумен байланысты.
2.Функционалды валютадан ерекшеленетін ұсыну валютасын қолдану. Ұсынылатын валютаға қайта есептеу. Шетелдік қызмет жөніндегі қаржылық есептілікті қайта есептеу. Кез-келген бағамдық айырмашылықтың салықтық салдарлары
Әрбiр егемендi мемлекетте заңды төлем туралы ретiнде сол елдiң ұлттық валютасы қолданылады. Сондықтан сыртқы сауда, қызмет, несие, инвестиция, мемлекетаралық төлемдер бойынша есеп айырысудың қажеттi жағдайы төлеушi немесе сатып алушылар шетел валютасын сатып алу немесе сату нысанында бiр валютаны басқа валютаға айырбастау болып табылады. 21 ҚEXC сәйкес валюталық операция - бұл шетел валютасында деноминацияланатын немесе ондағы есепті талап eтeтін операция.
Осындай айырбастарды жүргiзу үшiн валюталық нарық қызмет етедi, яғни сұраныс пен ұсыныс нәтижесiнде қалыптасатын бағам арқылы шетел валютасын ұлттық валютаға айырбастау немесе сату жүзеге асырудың ресми орталықтары.
Институционалдық көзқарас тұрғысынан валюталық нарық бұл банктердiң, брокерлiк фирмалардың, корпорациялардың, әcipece ұлт аралық корпорациялардың (ҰАТ) жиынтығы. Банктер банкаралық нарықта және тауарлы-өнеркәсiп клиентурасында 85-95% валюталық мәмiлелер жасайды.
Валюталық қатынастың субъектiлерiне Қазақстан Республикасының резидент және бейрезидент тұлғалары жатады.
Валюталық реттеулердiң объектiлерi валюталық құндылықтармен жүргiзiлетiн операциялар болып табылады. Оларға: шетел валютасы және бағалы қағаздар (акция, облигация, төлем құжаттары, қарыздық мiндеттеме, қымбат металдар ) жатады.
Валюталық құндылықтармен жүргiзiлетiн операциялар eкi түрге бөлiнедi: ағымдағы валюталық операциялар, олардың құрамына елден валюта аудару және керiсiнше валюта қабылдау, саудалық сипатқа жатпайтын аударымдар және тура инвестициялар, қаржылық несиелер және т.б. капитал қозғалысымен байланысты операциялар жатады.
Екiншi дүние жүзiлiк coғыстан кейiн валюталық операциялардың түрлерi кеңiнен дамыды. Елуiншi жылдардың аяғынан бастап өнеркәсiбi дамыған елдерде валютаны жедел ұсыну (спот) және мерзiмдi (форвордтық) мәмiлелер кең қолданылды, соңғылары валюталық реттеу объектiлерi болып табылады. Жетпiсiншi жылдардан бастап биржада фъючерстiк және опционды валюталық мәмiлелер дамыды. Бұл алып-сатарлық мәмiленi және валюталық тәуекелден сақтандырудың жаңа нысаны. Қолма-қол валюталық операцияларды көп банктер жүзеге асырады, мерзiмдi операциялар мен «своп» мәмiлелерiн негiзiнен ipi банктер, ал опционды операцияларды iрiлендiрiлген банктер жүзеге асырады. Жедел ұсыну (своп) валюталық операциялары өте кең таралған және төленген мәмiле көлемiнiң 90% құрайды. Олардың мәні мәмiленi жасау кезiндегi бағам бойынша мәмiлеге отыру күнінен бастап екiншi күнi валютаны алып-сату шартына байланысты банк-контрагенттерінің оны жеткізуінде.
«Свифт» электрондық байланыс құралының, банкаралық электронды аударымдар жүйесiнiң, мысалы, АҚШ-та ЧИПС, Лондонда ЧАПС және т.с.с., компьютерлiк өңдеудiң кең таралуы «бүгiннен ертеңге дейiн» немесе «ертеңнен келесi күнге дейiнгi» бiр күндiк депозиттерді орналастыру операцияларын тез жүзеге асыру үшін айтарлықтай мүмкiндiк бередi. Алайда дәстүрлi валюталық операция негiзiнде «спот» мәмiлесi және базалық бағам ретiнде «телеграфты аударым бағамы» деп аталатын «спот» бағамы танылып қалады. Осы бағам негiзiнде валюталық нарықта басқа мәмiле бағамдары анықталады: валютаны жеткiзудiң қысқа мерзiмiнде бiр реттiк мәмiле үшiн бағам peтіндe мерзiмдiк.
Жедел ұсынумен байланысты валюталық операциялар валюталық жайғасымның ең мерзiмдi элементi болып табылады және белгiлi бiр тәуекелдi өз мойнына алады. Банктер «спот» операциясының көмегі арқылы өз клиенттерінің шетел валютасындағы қажеттіліктерін қамтамасыз етеді, капиталдардың, оның ішінде «қапыл» ақшалардың бiр валютадан басқаға ауысуы төрелiк және алып-сатарлық операцияларды жүзеге асырады.
Шетел валютасындағы мерзiмдi мәмiлелер (форвардтық, фьючерстiк) - шарт жасаған кезде тiркелген бағам бойынша шетел валютасының сомасын белгiленген уақыттан кейiн алып келуi туралы eкi жақтың келiсуi арқылы жасалынатын валюталық мәмiле. Осы анықтамадан мерзiмдiк валюталық операциялардың eкi ерекшелiгi байқалады:
шарт жасау уақыты мен мәмiленi орындау арасында интервал бар, яғни валютаны жеткiзу. Ол мәмiленi жасау күнінен бастап кезең соңы peтіме (мерзiмi 1-2 апта, 1, 2, 3, 6, 12 ай және 5 жылға дейiн) немесе мерзiм шегiндегi кез келген кезең.
2. операция белгiлi мерзiмнен кейiн жасалса да, валюта бағамы мәміле жасалған кезде тіркеледі.
«Спот» және «форвард» мәмiлесi бойынша валюта бағамының арасындағы айырма мерзiмдi мәмiле бағамы төмен кезде, «спот» бағамы бойынша жеңiлдiк (дисконт - dis немесе депорт - D) peтінде немесе егер жоғары болған кезде сыйақы ретiнде анықталады. Сыйақы мерзiмi бойынша жасалған мәмiледе валюта қолма-қол операцияға қарaғaнда қымбат айырбасталады дегендi бiлдiредi. Дисконт, форвард операциялары бойынша валюта бағамы қолма-қол операцияға қарағанда төмен екендiгiн бiлдiредi. Жалпы алғанда, жеңiлдiк немесе сыйақы көлемi «спот» бағамына қараrанда тұрақты. Сондықтан банк аралық нарықта мерзiмдi мәмiлелердiң бағамын белгiлеу кезiнде көбiнесе сыйақымен дисконт анықталады. Валютаны жанама белгiлеу кезiнде дисконт қосылады, ал сыйақы «спот» бағaмынан шегерiледi. Сыйақы және дисконт әдiсi бойынша емес, сандық белгiде белгiленетiн мерзiмдi мәмiле бойынша валюта бағамы «аутрайт» бағамы деп аталады.
Шетел валютасында жасалатын мерзiмдi мәмілелер келесі мaқcaттapғa жүргізіледі:
коммерциялық мақсаттағы валюта айырбасталымы, валюталық түсiмдердi валюталық тәуекелдi сақтандыру үшiн қажет төлемдерді сатып алуы немесе сатуы;
валюталық бағамының төмендеуiне байланысты болатын шығындардан шекарадан тыс жерде және тiкелей және қоржындық капитал салымдарын сақтандыру;
бағам айырмасы есебiнен алып-сатарлық пайда алу.
Валюталық опцион сатып алу-сату (лат. оріtо, options тaңдау) - келiсiлген мерзiм аяқталғанға дейiн мәмiленi жасау кезiнде белгiленген бағам бойынша белгiлi бiр валюта көлемiн тараптардың бiр жағы сатып алу-сату мәмiлесi кезiнде сатып алу (саll мәмiлесi - сатып алушы опционы) немесе сату (put мәмiлесi сатушы опционы) құқығын таңдауға мүмкiндiк беретiн белгiленген комиссияны (сыйақы) төлеу шарты кезiндегi келiсiм. Опцион жағдайындағы мәмiлелер банк үшiн тәуекелi жоғары, сондықтан ол клиентке аз табысты бағамын белгiлейдi. Опцион бойынша сыйақы мөлшері опциондық шарттық аяқталу күніндегі жедел мәміле бойынша валюта бағамының есебi арқылы анықталады. Опционды мәмiлелер сыйақы көлемiнен асып түceтін, бағамдық ауытқулар кезiнде тиiмдi болады. Негiзiнен валюталы опцион валюталық тәуекелдi сақтандыру үшiн қолданылады. Опциондармен тек қана банкаралық нарықта ғaна емес, сонымен қатар биржаларда қор және тауар биржасында саудаласады.
Жетпiсiншi жылдардан бастап батыс елдерiнде қалқымалы валюталық бағамға ету барысында валюталық фъючерстер дамыды. Валюталық фъючерс – мәмiлеге отыру кезiнде алдын ала белгiленген бағам бойынша белгiлi бiр мерзімге белгiлi бiр валютаның стандарттық көлемiн сатып алу немесе сату мiндеттемесiн бiлдіpетiн келісім. Стандарттық шарттарда барлық жағдайлар реттелген: сома, мерзiм, кепiлдi депозит, есеп айырысу тәсiлi. Фъючерстермен сауда жасау клирингтiк үй арқылы жүзеге асырылады: ол әрбiр сатып алушы үшiн сатушы, ал әрбiр сатушы үшiн сатып алушы болып табылады.
Қолма-қол және мерзiмдi операцияларға сәйкес валюталық мәмiленің әр түрлi «свот» мәмiлесi болып табылады. «Своп» операциясы бойынша қолма-қол мәмiле «спот» бағамы бойынша жүзеге асырылады. Сонымен бiрге клиент қолма-қол мәмiле бойынша сатушы және сатып алушы бағамының арасындағы айырма маржа кезiнде үнемдейдi. «Своп» операциялары банктер үшiн өте қолайлы болып табылады: олар ашық позициясыз өтедi (сатып алу-сату жабылады), оның тәуекелсiз қажеттi валютамен уақытша қамтамасыз етедi. «Своп» операциялары тек валютамен ғана емес, сонымен қaтap пайызбен де жасалынады. «Своп» мәмiле нысанында банктер валюталарды, несиелердi, депозиттердi, пайыздық мөлшерлемелердi, бағалы қағаздарды немесе басқа да құндылықтарды айырбастауды жүзеге асырады.
Валюталық операциялармен байланысты нарықтық қызметтiң белгiлi бiр түpi - бұл төрелiк - пайда табу мақсатында валютаны бiр нарықтан сатып алу және сол уақытта оны сату. Төрелiктiң айтарлықтай маңызды нысаны - олардың қамтамасыз етiлу икемдiлiгiн жоғарылату үшiн пайыздық мөлшерлеме мен форвардтық сыйақы немесе дисконт айырмасы арасындағы қатынастарды банктер пайдаланатын және валюталық айырбас тәуекелiне ұшырамaғaн пайданы алу жағдайы кезiндегi пайыздық арбитраж.
Шетелдiк валютамен жасалатын операциялар. Шетелдiк валютамен жасалатын операция есебi Қазақстан Республикасы территориясында операция жасалған кездегi нарық белгiлеген бағамды қолданып, Қазақстандық теңгемен есептелуге тиiстi ақшалай қаражатқа байланысты туындайтын қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының 24.12.2001 ж. № 278-11 «Салықтар және бюджетке мiндеттi басқа төлемдер туралы» кодекстi (Салық кодексiн) қабыдауға байланысты ҚР-ның кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы заңымен, Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексiнiң 282 бабымен, Қазақстан Республикасының 2002 ж. 24 маусымдағы № 329-П «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есеп беру туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Kipic министрлiгiнi 2002 ж. 6 маусымдағы № ДМ-1-2-18/5689 «БВБ-да қолданылатын теңге бағамын қатысты» хатымен реттеледi.
Осы құжаттарға сай iшкi қарыз сомасын немесе төлемдi шетел валютасының сәйкес баламасымен көрсетуге тыйым салынған, өйткенi ұлттық валюта бағамы тұрақтанды, ал инфляция болжанатын болды және онша көп емес (жылына 12-18% сондай-ақ ұлттық валютаны нығайту мақсаты бар. Сонымен қатap Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiнiң 127 б. l-тармағына сәйкес Республикадағы ақшалай бiрлiк болып тек ғанa теңге саналады, ал барлық мiндеттемелер, есептеулер төлемдер қандай да болсын, шетелдiк валютаға әбден берiлмей, ҚР-ның ұлттық валютасымен көрсетiледi және жүргiзiледi. Тек ғанa ұзақ мерзiмдiк мiндеттемеде ғана тараптармен келiсiлген (ҚР АК 282 б. 3 т) шарттарда төлемдi индекстеу қарастырылу мүмкін.
Сонымен қатар ҚР-ның «Валюталық реттеу туралы» Заңының 7 б. 5-тарауында) жалғыз-ақ, егер резидент пен бейрезидент мәмiленiң тораптары болса, операциялар бойынша шетелдiк валютамен төлем жүргiзуге болады.
Бағамдық айырма түсінiri және оны есепте көрсету. Валюталық бағамның ауытқуы бағамдық айырма сомасы пайда болуына себепші бaғамдық айырмалар - волюталық активтер мен пассивтердi бухгалтерлік есеп оларды тіркеу кезiндегi бағам бойынша және есеп айырысулар жүзiнде атқарылған уақыттағы бағалаулар арасындагы сомалық айырмалaр.
«Шетелдiк валютамен жасалған операциялар есебi» №9 бухгалтерлiк есеп стан дарттарына сәйкес шетелдiк валютамен жасалған операциялар болып, субъект шетелдік вавалютаға мүлiк сатып алатын немесе сататын шетелдiк волютамен кредиттер алатын не болмаса беретiн, шетелдiк волютаға активтердi ауыстырып, активтерде сататын мәмiлелер
табылады. Валютамен операциялар бойынша бухгалтерлiк есептегi жазбалар атқарылған операциялар кезiндегi нарықтық бағам бойышша саналған, Қазақстан Республикасының валютасымен шоттарда көрсетуі тиіс.
Бағамдық айырмалар нарықтық бағамдардың шаруашылық операциясын жасау мен есеп айырысу кезi арасындағы, яғни дебиторлық немесе кредиторлық берешектi толық немесе жарым-жартылай өтеу кезеңiнде болған өзгерiстердiң нәтижесiнде пайда болады. Бағамдық айырмалар мынандай жағдайда пайда болады:
а) импортық операцияларда ұлттық волютадағы тауардың мәмiлелiк құны баламасының шот-фактурада (инвойсте) көрсетiлген уақытты, ақшалaй қаражатты, оны бағалауға дейiнгi немесе жабдықтаушылар мен мердiгерлермен есеп айырысу бойынша пайда болған дебиторлық немесе кредиторлық берешектi кеміту жолыменен аудару ай-күнi, жылы арасында.
Мысалы:
Кәсіпорын есеп құжaттapын жазған күнiндегi 1 долларға 123,5 теңге нарық 6ағамы бойынша 2000 долл. материал сатып алды.
Материалдарды кіріске алғанда мынандай бухгалтерлiк жазбалар жасау қажет:
«Материалдар» шот дебетi
«Төленуге тиiстi шоттар» шот кредитi 257000 теңге (2000 долл.·123,5).
I нұсқa:
Төлем 1 долл. 124,2 теңге болған доллар бағамы кезiнде 20 куннен соң жасалды.
«Төленуге тиiстi шоттар» шот дебетi
«Ел iшіндегi валюталық шоттағы ақша» шот кредитi 248400 теңге (2000 долл. ·124,2).
Tepic бағамдық айырма пайда болды (шетелдiк жабдықтаушы алдындағы кредиторлық берешек 257 000 теңге, бағам өзгеруi салдарынан 248 400 теңге нақтылай төленедi), бұл бухгалтерлiк жазбада былайша көрсетiледi:
«Бағам айырмасы бойыша шығындар» шот дебетi
«Төленуге тиicтi шоттар» шот кредитi 1400 теңге (248 400-257 000= 8600)
II нұсқa:
Егер төлем күнiнде доллар бағамы 1 долл. 123 теңге болса.
«Төленуге тиicтi шоттар» шот дебетi
«Ел iшiндегi валюталық шоттағы ақша» шот кредитi 246 000 теңге (2000 долл. *123).
Бағамдық айырма оң (шетелдiк жабдықтаушы aлдындaғы кредиторлық берешек 257000 теңге бағам өзгеруi салдарынан 246 000 теңге нақтылай төленедi) бухгалтерлiк жазбада былайша көрсетiледi:
«Төленуге тиiстi шоттар» шот дебетi
«Бағамдар айырмашылығынан алынатын кipic» шот кредитi 11000 теңге (257 000 - 246000 = 11000).
ә) экспорт операциялары бойынша өткiзiлген уақытымен ұлттық валютадағы келiсiм-шарттық құн баламасы мен ақшалай қаражаттың түсуi арасында:
Мысалы:
Шетелдiк сатып алушыға 5000 долл. өнім 1 долларга 123,5 теңге бағамы бойынша
есептiк-ақшалай құжаттар жазу уақытымен.
Тауар құны 765 500 теңге.
Өнімнің өзiндiк құны 405 000 теңге.
Тиелген өнімнің нақты өзiндiк құнынa.
«Сатылған дайын өнімнің өзіндік құны» шот дебетi
«Дайын өнiм» шот кредитi 405 000 теңге.
Тиелген өнімнің келiсiм-шарттық құнымен жабдықтаушыға шот қойылды:
«Алуға арналған есептеулер» шот дебетi
«Дайын өнiмдi сатудан алынатын кipic» шот кредитi 617500 (5 000 долл.·123,5).
І нұсқа:
Төлем 15 күннен соң атқарылды. Валюталық шотҚа қаражатты қосып есептелген күнi 1 долл. бағамы 123,7 теңге құрады.
«Ел iшiндегi валюталық шоттағы aқшa» шот дебетi
«Алуға арналған есептеулер» шот кредитi 618500 (5000 долл.·123,7).
Оң бағымдық айырма пайда болды (шетелдiк сатып алушының дебиторлық берешегi 617500, бағам өзгеруi салдарынан ұйымның шотына 618500 нақтылай түстi):
«Алуға арналған есептеулер» шот дебетi
«Бағамдар айырмашылығынан алынатын кipic» шоты кредитi 1000 (617500 -618500).
ІІ нұсқа:
Егер доллар бағамы түссе және валюталық шотқа қаражат қосып есептелген күні 1 долл. бағам 123,2 теңгенi құpaды.
«Ел iшiндегi валюталық шоттағы aқшa» шот дебетi
«Алуға арналған есептеулер» шот кредитi 616 000 (5000 долл.·123,2).
5.Өз-өзін бақылау сұрақтары
Шетелдік қызметке таза нвестицияның есебі
Шетел валютасындағы операцияларды функционалды валютада бейнелеу
Шетел валютасындағы операцияларды бастапқы тану
Функционалды валютадан ерекшеленетін ұсыну валютасын қолдану дың есебі
Ұсынылатын валютаға қайта есептеу
Шетелдік қызмет жөніндегі қаржылық есептілікті қайта есептеу
Кез-келген бағамдық айырмашылықтың салықтық салдарларының есебі
Валюталық операциялар есебі
Бағамдық айырмашылықтар есебі
Шетелдiк валютамен жасалатын операциялардың есебі