Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қаржылық есеп II Лекциялар.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
861.7 Кб
Скачать

6.Ұсынылатын әдебиеттер Негізгі әдебиеттер

1.ҚР 28-ақпан 2007-жылғы №234-III «Бухгалтерік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңы.

2. 27 ( IFRS) ХҚЕС «Шоғырландырылған қаржылық есептілік». Баспа ұйі«Бико», Алматы -2008ж.

3. ҚР Ұлттық қаржылық есептілік стандарттары. 21.06.2007ж ҚР Қаржы министрлігінің №217 бұйрығы. Бухгалтердің анықтамасы №2 – 2007г.

4. Бухгалтерлік есептің типтік жоспары. 23.05.2007 ж ҚР Қаржы министрлігінің №185 бұйрығы.

5. Бухгалтерлік есептің типтік жоспары және шоттарының корреспонденциялау бойынша әдістемелік ұсынылымдар. Бухгалтердің және кәсіпкердің кітапханасы. Баспа ұйі«Бико», Алматы -2007ж.

6.ХҚЕС қолдану бойынша әдістемелік ұсынылымдар. Алматы. 2007ж.

Қосымша әдебиеттер

1. Аппақова Г.Н. «Қаржылық есеп 2» Алматы «Әрекет-Принт», 2010 ж.

2. Баймуханова С.Б. «Қаржылық есеп» Алматы 2007ж.

3. Қ.К.Кеулімжаев, Н.А.Құдайбергенов «Бухгалтерлік есеп: теориясы және негіздері» Алматы, Экономика, 2006ж.

4.Қ.К.Кеулімжаев, Н.А.Құдайбергенов «Бухгалтерлік есеп: теориясы және негіздері» Алматы, Экономика, 2006ж.

5.Назарова В.Л. «Шаруашылық субъектілердегі бухгалтерлік есеп». Учебник. Алматы, 2003.

6.Ә.Әбдіманапов «Бухгалтерлік және қаржылық есеп беру принциптері» Алматы, Экономика, 2006ж.

7.Кеулимжаев К.К и др. «Аралық қаржылық есеп» Алматы, 2003 г.

8.Тулешова Г.К. «Финансовый учет в соответствии с международными стандартами» (часть1, 2) Алматы, 2003 г., 2005г.

9.Миржакыпова С. Т., Аппакова Г. Н. и др. Основы бухгалтерского учета по МСФО. – Алматы: Экономика, 2009 г.

Интернет- көздері

1.www.minfin.kz/structure/data/KAZ_2009_IFRIC%208.doc

2. www.worldbank.org/ifa/rosc_aa_kaz_kaz.pdf

3. Айрих, Н. ХҚЕС бойынша шоттар жоспарына өту [Текст] / Н. Айрих. ... Кл.слова (ненормированные): экономика -- бухгалтерлік есеп -- шоттар -- хқес -- кесте, ... www.webirbis.ksu.kz/.../cgiirbis_32.exe

4. МСФО будет звучать так - Халықаралық Қаржы Есептілік Стандарттары - ХҚЕС www.balans.kz/topic12972.html

5. www.uza.ucoz.kz/_ld/0/34___.doc

1.Алтыншы лекция тақырыбының атауы: «Бірлескен қызметке қатысу (31(ias) хқес)»

2.Лекция мақсаты

6-ші лекцияның мақсаты бірлескен ұйымдарда жүзеге асырылып отырған құрылымы мен формасына қарамастан бірлескен қызметтегі қатысу пайызының үлесін және инвесторлардың қаржылық есептерінде бірлескен ұйым активтері, міндеттемелері, кірістері мен шығыстары жөнінде есеп беру үшін қолданылуын қарастыру болып табылады.

3.Лекция сұрақтары

1.Бірлескен қызмет нысандары. Бірігіп атқарылатын бақылау. Шарттық келісім. Бірігіп бақыланатын операциялар. Бірігіп бақыланатын активтер. Бірігіп бақыланатын ұйымдар.

2.Кәсіпкердің қаржылық есептілігі. Пропорционалды шоғырландыру. Үлестік қатысу бойынша есептеу әдісі.

4.Лекция мазмұны

1.Бірлескен қызмет нысадары. Бірігіп атқарылатын бақылау. Шарттық келісім. Бірігіп бақыланатын операциялар. Бірігіп бақыланатын активтер. Бірігіп бақыланатын ұйымдар

Нарықтық экономикада бірлескен компания бұл-экономикалық қызметті бірлесіп бақылауы тұралы екі немесе одан көп компаниялар арасындағы келісілген мәміле. Аталған бақылауды бірлескен қызметтен пайда түсіру үшін және қаржылық, есептік саясаттарды басқрару үшін аланысады. Өйткені барлық шешімдер кәсіпорындардыңортақ шешімімен бекітіледі.

Бірлескен қызметке қатысушы жағын кәсіпкер деп атайды. Осындай қызметтің инвесторы бірлескен бақылауға қатыса алмайды. Бірлескен компаниялардың 3 типке бөледі: 1)бірлесіп бақыланатын операциялар, 2) бірлесіп бақыланатын активтер, 3)бірлесіп бақыланатын компаниялар.

Жоғарыда келтірілген типтердің ортақ сипаттамаларын бөледі:

1)келісілген мәміле арқылы бірнеше компаниялардың байланысуы;

2)бірлескен бақылау (келісілген мәміле арқылы жүргізіледі). Бұл жерде келісілген мәміле болып қатысушы кәсіпкерлердің арасындағы келісілген және бекітілген келісім-шарт қарастырылады. Оны компаниялардың жарғысына, құрылтайшы құжаттарын кіргізілуі мүмкін. Оның келесі ерекше талаптары бар:

а)бірлескен қызмет бойынша міндеттемелерді бөліп меңгеру;

б)ортақ басқарушы органды тағайындау;

в)қаржылық қорытындыларды, міндеттемелерді кәсіпкерлер арасында бөліп тарату;

г) мекеменің басшысы бірлескен қызметті бақылай алмайды. Бырақ қаржылық және операциондық саясаттарға сәйкес міндеттерін атқарады.

Бірлескен қызметтің есебі «Бірлескен қызметке қатысу» 31(IAS) ЕХС-на сәйкес ұйымдастырылады. Аталған стандарт бойынша осындай қызметке қатысу 2 әдістің біреуі арқылы толтырылады:

1)негізгі әдіс-пропорционалды сәйкестіру әдісі;

2)альтернативтік әдіс-үлестік қатысу әдісі.

Бiрлескен кәсiпoрын - eкi немесе одан да көп тараптар экономикалық қызметi, оған бiрiгiп бақылау жүргiзу шартымен жүзеге асыру бойынша келiciмшарттық келiсiм.

Бақылау - пайда алу мақсатындағы экономикалық қызмет­тiң қаржылық және операциялық саясаттарын басқарудың мүмкіндігі.

Бiрлескен бақылау - келiсiмшарттық келісіммен экономи­калық қызметке бақылауды бөлiп жүргiзу.

Елеулi ықпал - бұл кәсiпорынның экономикалық қызметiнiң қаржылық және операциялық саясаттары бойынша шешiмдердi қабылдауға қатысуды мүмкiндiгi, алайда мұндай саясатты бақыламайды және бiрлесiп бақылаудың да қажетi жоқ.

Бiрлескен қызметтiң қатысушысы – кәсiпорынға бiрiгiп бақылау жүргiзудi жүзеге асыратын бipлескен кәсiпорындағы тарап.

Бiрлесiп бақыланатын активтер формасында ұйымдaсты­рылатын бiрлескен қызметтiң қатысушысы өзiнiң жеке қаржы есептемесінде мыналарды тануы керек:

  1. Еншілес компанияның таза активтерді (1 формула)

Еншілес компанияның таза активтері

=

Еншілес фирманың баланстық құны

+

Еншілес фирманың міндеттемелері

(1)

  1. Еншілес компаниядағы азғантай үлесті (2 формула)

Еншілес компаниядағы азғантай үлес

=

Еншілес компанияның таза активтері

*

(100% —

БКУ)

(2)

Мұнда: БКҮ-Еншілес фирмадағы бас компанияның үлесі