
- •Лекциялық кешен қаржылық есеп I пәнінен
- •1.1. Ақша қаражаттары мен оның эквиваленттерінің есебі
- •1.3 Ағымдағы есеп айырылсу счетындағы ақша қаражаттарының есебі
- •1.4. Жолдағы ақша қаражаттарының есебі
- •2.2. Алынатын счеттар және вексельдер бойынша есеп айырысу
- •2.3.Басқадай берешектер қарызының есебі
- •3.1.Тауарлы-материалды босалқылар жөніндегі ұғым.
- •3.2.Материалдар қозғалысы есебін құжаттау
- •3.3. Хқе 2 «Босалқылар» стандарттарының негізгі принциптерін сипаттау
- •4..2. Негізгі құралдарды сыныптау және бағалау
- •4. 3. Хқе 16 «Негізгі құралдар» стандартын қолданудағы талаптарды сипаттау
- •5.1. Материалды емес активтердің экономикалық маңызы, түрлері және бағалануы
- •5. 2. Материалды емес активтерді кіріске алудың есебі
- •6.1 Міндеттемелер жөніндегі жалпы ұғым.
- •6.2 Банктер қарызы және несиелер есебі
- •6. 3. Қарызға алынған ақша қаражаттарының есебі
- •6.4. Еншілес, тәуелді серіктестіктердің алашақ қарыздары
- •7.1 Табыстар мен шығындардың экономикалық сипаты
- •7. 2. Табыстарды тану және бұларды есепке алу принциптері
- •7. 3 Шығындарды тану және бұларды есепке алу принциптері
- •8.1. Жарғылық капитал есебі
- •8. 3. Резервтік капитал есебі
- •9.1. Нарықтық қатынастар жүйесіндегі қаржылық есеп тұжырымдамасының (концепцияларының) негіздері.
- •9.2. Қаржылық есеп жүйесінің сапалық принциптері
- •9. 3. Қаржылық қорытынды есеп элементтерін бағалау
2.3.Басқадай берешектер қарызының есебі
Қазақстан Республикасындағы заңды ұйымдардың бухгалтерлік есеп жүргізу тәжірибесіне енгізілген бухгалтерлік есеп счеттарының жоспарына байланысты басқадай берешектер қарызының есебін жүргізу үшін «Сомасы қайтарылатын қосымша құн салығы», «Есептелінген пайыз-дар», «Еңбеккерлердің және басқада тұлғалардың қарыздары», «Басқалары» счеттары арналған.
Еліміздің отандық есеп жүйесінде бухгалтерлік есеп счеттарының екі: Типтік және Жұмыс жоспары қолданылатындығын, сондай-ақ счеттардың Жұмыс жоспары негізінен "Біріктірілген" (консолидацияланған) бірнеше ұйымдық құрылымдардан ірілендірілген ірі компаниялар мен корпорациялардан құралған ұйымдардың бухгалтерлік есеп жүйесін жүргізуге арналғандығын естен шығармаған жөн.
Басқадай берешектер қарызы есебін жоғарыда көрсетілген сабақтастық тәртібіне қарай орналасуына байланысты, енді сомасы қайтарылатын қосымша құн салығы жөніндегі сомалардың пайда болуын уақытша есепте тұрған активтер мағынасында қарастырамыз.
Сомасы қайтарылуға тиісті қосымша құн салығының есебі
Қоюшылармен жасалған келісім-шарт және есеп айырысу құжаттарының негізінде, мысалға құны 80 000 теңге, ҚҚС 14% - 11 200 теңге жалпы құны = 91 200 теңге тұратын материалдар кіріске алынды:
а) Дт «Материалдар» 80 000
Кт «Қоюшылар және мердігерлермен есеп айырысу» 80000
в) Дт «Сомасы қайтарылатын ҚҚС» 11 200
Кт «Қоюшылар және мердігерлермен есеп айырысу» 11 200.
Осы операция бойынша материалдар нақтылы түскен күні қоюшылар алдында алашақтар қарызының және сатылынып алынған материалдар бойынша ҚҚС пайда болғандығын көруге болады.
Мысалы, қою қатынастары жөнінде жасалған келісім-шартқа сай есепті жылдың қазан айында ұйымның қоймасына есепті бағамен 45 000 теңгенің материалдары қабылданды. Қоюшылардан есепті жылдың қараша айында қойылған материалдар құнын төлеуге есеп айырысу құжаттары қабылданды. Қойылған материалдардың жалпы құны 50 400 теңге, мұның ішінде мате-риалдардың құны ҚҚС қоспағанда 47 000 теңге, ҚҚС – 3 400 теңге болып анықталды
Мұндай жағдайда кіріске алынған материалдар сатып алу немесе есепті бағамен көрсетіліп, ҚҚС бөлек жазылмайды. ҚҚС сомасы қоюшылардан есеп айырысу жөніндегі құжаттар түскеннен соң есепке алынады.
Қабылдау актісінің негізінде есепті бағамен қабылданған материалдар:
а) Дт «Материалдар» 45 000
Кт «Қоюшылар және мердігерлермен есеп айырысу» 45 000
Қоюшылардан кіріске алынған материалдар құнын төлеу үшін түскен есеп айырысу құжаттары қабылданған кезде:
фактурленбей қойылған материалдар жөніндегі, бұрында жазылған жазу кері жазылады;
счет-фактура, басқада жеткізу құжатары негізінде алашақтар қарызының нақтылы сомасы көрсетіледі. Яғни:
б) кері жазу.
Дт «Материалдар» 45 000
Кт «Қоюшылар және мердігерлермен есеп айырысу» 45 000
в) Дт «Материалдар» 47 000
Кт «Қоюшылар және мердігерлермен есеп айырысу» 47 000.
г) Дт «Сомасы қайтарылатын ҚҚС» 3 400
Кт «Қоюшылар және мердігерлермен есеп айырысу» 3 400.
Жоғарыда жазылған – сомасы қайтарылатын қосымша құн салығына байланысты негіздер мен бухгалтерлік есеп счеттарын жүргізу тәсілдері, біз айтқан материалдар өрісінде ғана емес, сондай-ақ қажет деп танылған жағдайда қоюшылар мен мердігерлерден алынған тауарлар, көрсетілген қызметтер, негізі құралдар т.б. активтер өрісінде де қолданылады. Әрине, материалды құндылықтар алушы және қоюшы жақтар ҚҚС төлейтін ұйымдар қатарында Қазақстан Республикасы салық Кодексі заңдарымен белгіленген жағдайда танылады.
Есепке алынатын (зачетқа) ҚҚС сомасын активтер сапасында есептеу үшін мына төмендегі мүмкін болатын операциялар ескерілуі керек:
- қоюшылардың төлеуіне қойылған жеке жолға жазылып ҚҚС счет-фактурасына сай төленетін (қолданыстағы тиісті заңнамалар негізінде рәсімделген) ҚҚС;
- жүк тасымалдау жөніндегі кедендік декларацияда көрсетілген ҚҚС төлеу (қолданыстағы тиісті кедендік заңнамалар негізінде рәсімделген);
- төленген ҚҚС растаушы төлеу құжатында көрсетілген сома;
- тағы басқада (жол жүру белетінде, қолма-қол ақшамен тауар сатып алу, банк арқылы тұрмыстық қызметтер құнын төлеу т.б.).
Сонымен қатар ҚҚС сомасы есепке алынбайды, егер:
- кәсіпкерлік қызметке жатпайтын шаралар өткізу үшін алынған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) болса;
- тұрғын үй қорына жататын ғимараттар (қонақ үйден бөлегі) алуда;
- негізгі құралдарға жататын жеңіл автокөліктерін алуда;
- тұрғын үй қорына жататын жалдағы ғимараттарды жөндеуден өткізу үшін алынған тауарлы-материалды босалқылар алуда;
- тегін алынған мүліктер (тауарлар, жұмыстар, қызметтер).
Есепті жыл өткеннен кейін қосымша құн салығы бойынша декларация тапсыру үшін, қойылған мерзімде (ай, тоқсан) рұқсат етілген ҚҚС-на есепке алынған соманы «Сомасы қайтарылатын ҚҚС» счетының кредитінен есепте тұрған «Қосымша құн салығы» счетының дебетіне жазылады.
Қолданыстағы немесе тиісті операциялар орындау барысында басшылыққа алынатын салық жөніндегі заңнамалар талабын сақтамай рәсімделген «Сомасы қайтарылатын ҚҚС» счетында пайда болған сомалар, ұйым шығындарына немесе тауарлардың (негізгі құралдардың) өзіндік құнына жазылады.
Есептелінген пайыздар. Бұл счет есептелінген пайыздар бойынша (қойылған займдар, вексельдер, негізгі құралдарды жалға алу т.с.с.) берешектер қарызы жөніндегі мәліметтерді жинақтауға арналған. Есептелінген, алынуға тиісті пайыздық сомалар «Есептелінген пайыздар» счетының дебеті «Пайыздық табыстар» счетының кредитімен корреспонденцияланады. Есептелінген пайыздық сомаларды төлеу «Ақша қаражаттары» счеттарының дебетіне «Есептелінген пайыздар» счетының кредитінен жазылады.
Еңбеккерлердің және басқада тұлғалардың берешек қарыздары счетында міндет атқарушы жауапты тұлғалармен есеп айырысу, еңбеккерлерге берілген қарыз сомалар (займдар) бойынша есеп айырысу және материалдық зиянды өндіру жөніндегі операциялар есебі жүргізіледі.
Жауапты тұлғалармен есеп айырысу счетында – іс-сапар және басқада шығындар сомасын төлеу үшін жауапты тұлғаларға берілген аванстық сападағы қолма-қол ақшалар бойынша, ұйым мен жауапты тұлғалар арасындағы есеп айырысу опреациялары жүргізіледі. Жауапты тұлғаларға кассадан берілетін ақшаның сомасы ұйым басшысының бұйрығымен бекітіледі.
Жауапты тұлғаларға берілетін аванстық сома, тек осы тұлға өз жауапкершілігіне бұрында алған аванстық ақша бойынша толығымен есеп айырысып, аванстық есептілікті ұйым бухгалтериясына толығымен тапсырған жағдайда ғана беріледі. Бір тұлғаның жауапкершілігіне берілген аванстық сома басқаларға берілмейді.
Ұйым кассасынан жауапты тұлғаның жауапкершілігіне берілген сома кассалық шығыс ордерімен рәсімделіп,
Дт «Жауапты тұлғалармен есеп айырысу»
Кт «Кассадағы ақша» счеттары бойынша жазылады.
Ақша қаражаттарын мақсатты жұмсау үшін жауапты тұлғалардың кассадан алған аванстық ақшасы бойынша аванстық есептілік жасаудың негізгі, осы есептілікке қосымша тіркелетін тауарлы чектер, накладной, кассалық чектер, кіріс ордерінің квитанциясы, орындалған жұмыстар жөніндегі акт, счеттар, счет фактуралар, жол жүру белеті, іс-сапар куәлігі т.с.с. растаушы бастапқы құжаттардан тұрады.
Талапқа сай рәсімделген аванстық есептілікте көрсетілген сомалар ұйым басшысының бекіткен уақытына қарай орын алған осы есепті жылдағы операцияларға жатқызылады. Ұйым бухгалтериясы аванстық есептілікті тексеріп, егер тексеру барысында дұрыс рәсімделмеген фактілер орын алса, жауапты тұлғаның тапсырған аванстық есептілігі өзіне қайтарылады. Қайтарылмаған (кассаға өткізілмеген аванстық) сома жауапты тұлғаның еңбек ақысынан ұсталынады. Аванстық есептілікте көрсетілген артық жұмсалған ақша жауапты тұлғаның бухгалтерияға тапсырған құжатының негізінде кассадан беріледі.
Іс-сапары шығындарының есебі. Ұйым есебінен жұмсалынатын іс-сапары шығындарының құрамы қазақстандық нормативтік актілермен шектелінеді. Іс-сапары шығындарына – тұратын орынды төлеу, тәуліктік төлемдер, іс-сапарға барушының ары-бері жүрудегі жолаушылық белетінің құны сияқты шығындар жатады.
Осы ұйымда қызмет атқаратын жауапты тұлғаны іс-сапарға жөнелту, осы адамның қайда және қандай орындарға баратындығы, іс-сапар мерзімі мен мақсаты көрсетілген ұйым басшысының бұйрығымен бекітіледі.
Сапарға шығушы жауапты тұлғаға іс-сапар куәлігі беріледі. Іс-сапары куәлігіне кеткен және келген жерлердегі ұйымдар іс-сапар уақытын көрсетіп, тиісті адамдар өз қолдарын қойып, мөр басып растайды.
Іс-сапарға жұмсалған ақша қаражаттарының есебін және іс-сапарға шығушы жауапты тұлғаның аванстық есептілігіне байланысты бухгалтерлік есеп жазуларын іске асыру мақсатында мына төмендегі мысалмен дәлелдеуге болады.
Мысал. Іс-сапарға шығушының ұйым бухгалтериясына тапсырған аванстық есептілігі негізінде жол жүру белетімен расталған 47 000 теңге, үйде тұру шығыны 12 000 теңге, бекітілген тәуліктік шығын күніне 3 500 теңге, іс-сапар мерзімі үш күн (3 х 3 500) = 10 500 теңге. Осы мәліметтер негізінде ұйым бухгалтериасы жауапты тұлғаның тапсырған аванстық есптілігі бойынша жұмсалған барлық шығындарды тиісті счеттарға жазуы керек.
1) Іс-сапары шығындары сомасын әкімшілік шығындары құрамына жазу:
Дт «Әкімшілік шығындары» 69 500
Кт «Еңбеккерлердің және басқада тұлғалардың берешегі» 69 500.
2) Егер іс-спарға шығушының еңбек ақысынан табыс салығы ұсталынған жағдайда (Салық кодексінің 145 бабына сәйкес):
Дт «Еңбек ақы бойынша есеп айырысу»
Кт «Басқадай салықтар».
3) Егер есептелінген еңбек ақы сомасынан зейнетақы жарнасы шегерілген жағдайда:
Дт «Еңбек ақы бойынша есеп айырысу»
Кт «Зейнетақы қоры».
4) Бекітілген іс-сапар шығындары сомасын төлеу немесе бұрында кассадан берілген ақша сомасын түзету:
Дт «Еңбеккерлердің және басқада тұлғалардың берешегі» 69 500
Кт «Ақша қаражаттары» 69 500.
Өкілдік шығындар есебі. Мұндай шығындар өзара нарықтық қатынастарға түсу мақсатында келіссөз жүргізу, арнайы конференцияларға қатысу, директорлар кеңесі жұмысына қатысып, ұсыныстар енгізу, акционерлермен кездесулер өткізу, делегациялар қабылдау т.б. осындай маңыздағы шаралар жүргізу шығындарынан құралады. Сонымен қатар ресми тұлғаларды қабылдау, бұларды көлікпен қамтамасыз ету, тамақтандыру, сондай-ақ шетел делегаттарына аудармашылар тағайындау сияқты шығындар жатады.
Өкілдік шығындар сомасына шығын сметасы жасалынып, ұйым басшысы бекітеді. Бекітілген сметалық шығындар деңгейінде осы ұйымның жауапты адамының жауапкершілігіне ақша босатылады.
Ескерту: Берешектер қарызы есебін жүргізуші ұйым бухгалтері немесе осы тақырыпты оқып зерделеуші студент қауым, сіздер бухгалтерлік есептің осы объектісіне тән Қазақстан Республикасы заң актілері мазмұнын іс-тәжірибеде қолдана білулеріңіз қажет. Сондықтан жиі өзгеріске түсіп отыратын нормативтік материалдар мазмұнын есептің осы объектісіне бухгалтерлік есеп жүргізу тұрғысынан әр қайсысын жіктеп, сараптап жазуды артық деп санаймыз.
Өкілдік шығындар нормасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.
-
Шығындардың аталуы
Айлық есепті көрсеткіш
Мырзаларды ресми қабылдау өткізу шығындары (1 адамға шаққанда 1 күнге)
8,0 ге дейін
Келіссөз жүргізу кезінде тамақтандыру, мәдени шараларға қатыстыру (1 адамға 1 күнде)
1,5 ға дейін
Штатта тұрмайтын аудармашының қызметін делегация қабылдау кезінде төлеу 1 сағатқа шаққанда
1,0 ге дейін
Автотасымалдау қызметін көрсету 1 сағатқа шаққанда
1,0 ге дейін
Өкілдік шығындар нормасы және айлық есепті көрсеткіш дәрежесі әр жылдары өзгертілуі мүмкін. Сондықтан осы объектінің есебін жүргізуші бухгалтер қолданбалы нормативтік актілерді қадағалап, өзгерістерді пайдалана білуі керек.
Алайда өкілдік шаралар өткізудің шығындары ұйымда бекітіліп, есеп саясатында қаралуы керек. Жұмсалған өкілдік шығындарды рәсімдеудің негізіне мына төмендегі құжаттар жатады:
- басқада заңды тұлғалар өкілдерін, басқарма мүшелерін, директорлар кеңесі мүшелерін, тексеру комиссиясын қабылдау жөніндегі ұйымның шығарған бұйрығы;
- іскерлік қабылдау өткізу бағдарламасы, өкілдердің кездесетін орыны, уақыты, қатысушылардың тізімі, күн тәртібінде қаралатын мәселелер;
- әрбір жұмсалатын шығындардың баптары көрсетілген шығындар сметасы.
Жоғарыдағыдай мазмұнда шығарылған бұйрыққа ұйым басшысының қолы қойылып, бекітілгеннен соң бекітілген сметадағы ақша, осы шараларды өткізуге жауапты болып тағайындалған тұлғаның жауапкершілігіне беріледі.
Өкілдермен өткізілген шаралардың барлығы орындалғаннан соң ақша жұмсаушы жауапты тұлға аванстық есептілік жасап, бастапқы құжаттарды тіркеп (кассалық ордер, кассалық чек, сатып алу актісі, белеттер, жалдау келісім-шарты т.б.) ұйым бухгалтериасына тапсырады.
Бекітілген аванстық есептілік және шығындар сметасының орындалуы жөніндегі актінің негізінде қабылданған сома жауапты тұлғаның есебінен
Дт «Әкімшілік шығындары» немесе «Сату шығындары»
Кт «Еңбеккерлердің және басқада тұлғалардың қарызы» счеттары бойынша жазылады.
Қойылған нормадан артық сомадағы өкілдік шығындар жылдық жиынтық табыс сомасынан шегерілмейді. Табыс салығы есептелінбейді.
Келтірілген материалдық зиянды жабу есебі. Түгендеу процесінде кем шыққан ақша қаражаттарын, тауарлы-материалды құндылықтар құнын жабу үшін «Еңбеккерлердің және басқада тұлғалардың қарызы» счеты қолданылады. Есептен кем шыққан объектілер құнын есептен шығару жөнінде шешім қабылдайды. Ұйымға келтірілген зиян сомасының (есептен кем шыққан, құндылықтардың бүлінуі, жоғалғаннан туындаған фактілер) құны, тиісті заңнамалар талабына қайшы келмеген жағдайда нарықтық бағамен бағаланып есептен шығарылады. Нарықтық құн жөніндегі мәліметтерді осындай құндылықтарды базарлы саудада қандай бағамен сатылатындығын салыстырып немесе статистикалық мәліметтерге сай алынады. Есептен кем шыққан, жетпей қалған, жоққа айналған, бүлінген құндылықтар сомасын жауапты тұлғаның есебіне жатқызған кезде,
Дт «Еңбеккерлердің және басқада тұлғалардың қарызы»
Кт «Берешектердің басқада қарыздары» счеттарына өзіндік құнымен жазылады.
Есептен кем шыққан объектілердің нарықтық құнымен нақтылы өзіндік құны айырымы,
Дт «Еңбеккерлердің және басқада тұлғалардың қарызы»
Кт «Негізгі қызметке жатпайтын басқада табыстар» счетына жазылады. Егер ҚҚС есептелген жағдайда «Қосымша құн салығының құны» счетының кредиті қолданылады.
Есептен кем шыққан келтірілген материалдық зиянды жауапты тұлғаның еңбек ақысынан ұстап қалу арқылы,
Дт «Еңбек ақы бойынша еңбеккерлермен есеп айырысу» немесе кассаға тікелей құю арқылы Дт «Касса» счеттары дебеттеліп, «Еңбеккер-лердің және басқада тұлғалардың қарызы» счеты кредиттеледі.
Берешектердің басқалай қарыздары. Бұларға:
жарамсыз материалдардың қайтарылуы;
банктегі счеттардан кеткен қате сомалар;
бюджетке артық аударылып кеткен сомалар;
норматив деңгейінен артық жоғалған, кем шыққан және талапқа сай келмейтін тауарлы-материалды құндылықтар үшін қоюшыларға, мердігерлерге, тасымалдау ұйымдарына, басқада ұйымдарға қойылған талап ету арыздарының (құжаттар) сомасына;
ағымдық жалдағы мүліктер т.б. үшін түсетін жал төлеміне;
қаржылық жалдау, лизингтер бойынша түсетін жал міндеттемелері бойынша негізгі қарыз сомасына;
төтенше жағдайлардан шеккен зиянды (сақтандыру келісім шарты бойынша) қайтарып алу;
айыппұлдар, өсімдар, тұрақсыздықтар;
басқаруды сеніп тапсырған операцияларға байланысты басқада берешектер қарызы жатады.
Төменде берешектердің басқадай қарызы есебі бойынша счеттардың корреспонденциялары берілген:
- жарамсызға ұшыраған материалдарды қайтаруда пайда болған берешек қарыздар және төменде көрсетілген басқада операциялардың барлығы бойынша «Берешектердің басқадай қарыздары» счеты дебеттеліп:
- банктегі счеттарда кеткен қате сомаларды есептен шығару
Кт «Ақша қаражаттары»;
- акцептелген, құны төленген ТМҚ және айналыс сыртындағы активтерді кіріске алуда фактурадағы сома мен санға сәйкес келмеушіліктен кем шыққан объектілер және табиғи нормадан тыс кем шыққан ТМҚ, бағаға сай келмеушілік фактілерінің сомасы, арифметикалық қателерді түзету сомалары
Кт «Төленетін счеттар»;
- активтерді қаржылық жалға беруге байланысты келісім бағадан туындаған айырым сомалар
Кт «Негізгі құралдарды есептен шығару табысы»;
- алынуға тиісті жал төлемі, шеккен айып-пұлдар, өсімдер, тұрақсыздық сомалары
Кт «Негізгі қызметке жатпайтын басқада табыстар»;
- төтенше жағдайлардан шеккен зиянды (сақтандыру келісім-шарты бойынша) қайтарудан пайда болған берешектер қарызы сомасына
Кт «Төтенше жағдайлардан түскен табыс» счеттары кредиттеледі.
Берешектердің басқадай қарыздарын жабу мақсатында түскен қаражаттар сомасына
Дт «Ақша қаражаттары»
Кт «Берешектердің басқадай қарыздары» счеты бойынша жазылады.
3-тақырып. Қорлар есебі (ХҚЕС 2)
1 Тауарлы-материалды босалқылар жөніндегі ұғым
2 Материалдар қозғалысы есебін құжаттау
3 ХҚЕС 2 «Босалқылар» стандарттарының негізі принциптерін сипаттау