
- •Лекциялық кешен қаржылық есеп I пәнінен
- •1.1. Ақша қаражаттары мен оның эквиваленттерінің есебі
- •1.3 Ағымдағы есеп айырылсу счетындағы ақша қаражаттарының есебі
- •1.4. Жолдағы ақша қаражаттарының есебі
- •2.2. Алынатын счеттар және вексельдер бойынша есеп айырысу
- •2.3.Басқадай берешектер қарызының есебі
- •3.1.Тауарлы-материалды босалқылар жөніндегі ұғым.
- •3.2.Материалдар қозғалысы есебін құжаттау
- •3.3. Хқе 2 «Босалқылар» стандарттарының негізгі принциптерін сипаттау
- •4..2. Негізгі құралдарды сыныптау және бағалау
- •4. 3. Хқе 16 «Негізгі құралдар» стандартын қолданудағы талаптарды сипаттау
- •5.1. Материалды емес активтердің экономикалық маңызы, түрлері және бағалануы
- •5. 2. Материалды емес активтерді кіріске алудың есебі
- •6.1 Міндеттемелер жөніндегі жалпы ұғым.
- •6.2 Банктер қарызы және несиелер есебі
- •6. 3. Қарызға алынған ақша қаражаттарының есебі
- •6.4. Еншілес, тәуелді серіктестіктердің алашақ қарыздары
- •7.1 Табыстар мен шығындардың экономикалық сипаты
- •7. 2. Табыстарды тану және бұларды есепке алу принциптері
- •7. 3 Шығындарды тану және бұларды есепке алу принциптері
- •8.1. Жарғылық капитал есебі
- •8. 3. Резервтік капитал есебі
- •9.1. Нарықтық қатынастар жүйесіндегі қаржылық есеп тұжырымдамасының (концепцияларының) негіздері.
- •9.2. Қаржылық есеп жүйесінің сапалық принциптері
- •9. 3. Қаржылық қорытынды есеп элементтерін бағалау
2.2. Алынатын счеттар және вексельдер бойынша есеп айырысу
Сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысу операцияларын жүргізуде маңызы жағынан күрделі болып танылатын, берешектер қарызы есебін жүргізуге арналған «Алынатын счеттар» счетың атқаратын міндеттері ауқымды. Осы счетта сатып алушылардың және тапсырыс берушілердің өнімдер, тауарлар, қызметтер сомасын төлеу жөніндегі төлеуге қабылдап алған счет-фактуралары, басқада есеп айырысуға жататын құжаттардағы сомалардың есебі жүргізіледі. Алынатын счеттарға жазылған сомалар берешектер қарызын көрсетеді. Берешектер қарызы – дайын өнімдерді, материалдық босалқыларды, артық негізгі құралдарды, басқада активтерді сатудан пайда болады.
Халықаралық бухгалтерлік есеп талаптарына сай өнімдер, тауарлар мен көрсетілген қызмет және орындалған жұмыстар үшін сатып алушылардан осы ұйымға түсуге тиісті ақшаны немесе бұларға қойылған талапты сату немесе есептеу принципі деп атайды. Сатып алушыларға қойылған талап деп – бұлардан түсетін ақша қаражаттарын төлеуге, сондай-ақ сатып алушыларға қойылған төлеу счеттарын айтады.
Сатылған өнімдер, тауарлар және көрсетілген қызметтер құны әрқашанда ұйымның активті қаражаттарын азайтып отырады. Егер сатылған өнімдер, тауарлар және басқадай активтер сатып алушының меншігіне өткен кезде, ақшаның түсуі немесе түсуіне қарамастан сатушы ұйымның нақтылы алынған табыстары сапасында танылады.
Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары талабына сай табыс:
1) сатып алушылардан ақшаның түскен кезінде есепке алынған табыс; 2) ақшаның түскеніне дейінгі есепке алынған табыс; 3) ақша түскеннен кейін есепке алынған табыс сапасында танылып, осындай кезеңдерге бөлініп қаралады.
Осы тақырыпқа тән біздің мақсатымыз – сатып алушылар және тапсырыс берушілерден қазірше түспей тұрған ақша қаражаттары, мүмкін ешқашанда түспейтін берешектер қарызын әр түрлі себептермен орын алған фактілер бойынша төмендегі әдістермен көрсету болып табылады.
1) Сатып алушыларға немесе тапсырыс берушілерге берілген немесе жөнелтілген дайын өнімдер, сатылып алынған тауарларды сату және орын-далған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің нақтылы өзіндік құнына;
Дт «Сатылған дайын өнімдердің (тауарлар, жұмыстар, қызметтер өзіндік құны)»
Кт «Дайын өнімдер»;
Кт «Сатылып алынған тауарлар»;
Кт «Негізгі өндіріс»;
Кт «Өз өндірісіндегі жартылай фабрикаттар» т.б. счеттар сатылған объектілер бойынша кредиттеледі.
2) Жөнелтілген, сатылған дайын өнімдер, тауарлар, жұмыстар, қызметтердің келісім-шартта көрсетілген құнына;
Дт «Алынатын счеттар»
Кт «Дайын өнімдерді (тауарлар, жұмыстар, қызметтер) сатудан түскен табыс» немесе «Сатылып алынған тауарларды сату», сондай-ақ негізгі құралдарды, материалды емес активтерді, құнды қағаздарды сатудағы тиісті счеттар кредиттеледі.
3) Счет-фактураға қосылып жазылған қосымша құн салығы сомасына
Дт «Алынатын счеттар»
Кт «Қосымша құн салығы» жазылады.
4) Төлеуге қойылған есеп-айырысу төлеу құжаттарындағы сомаларды сатып алушылар және тапсырыс берушілер төлеген кезде
Дт «Ақша қаражаттары - валюталардың түрлері бойынша»
Кт «Алынатын счеттар» бойынша жазылады.
Сатып алушылар және тапсырыс берушілерге жөнелтілген өнімдер т.б. үшін есеп айырысу құжатында көрсетілген сомалар қоюшылардың ақша қаражаты счетына түскен кезде тиісті берешектер қарызы азайтылады.
Жасалған келісім-шартта қаралған есеп айырысу жағдайларына қарай өнімдер жөнелтуші, тауарлар қоюшы ұйымның сатып алушы ұйымдардан алдынала алған аванстық қаражаты
Дт «Ақша қаражаттары»
Кт «Тауарлы-материалды босалқылар қоюдағы алынған аванс» счеттары бойынша жазылады.
Бухгалтерлік есепте алынған аванстар ұйым активтері құрамында есепке алынып, уақытша алынған көздер сапасында қаралып, келісм-шартта көрсетілген әрекеттердің алдағы мерзімде нақтылы орындалатындығын көрсетеді.
Қоюшылар сатып алушы жақтарға алдын-ала алынған аванс есебіне жатқызып, тауалы-материалды босалқылар жөнелткен кезде
Дт «Тауарлы-материалды босалқылар қоюдағы алынған аванс» немесе Дт «Орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтер үшін алынған аванс»
Кт «Алынатын счеттар» бойынша жазылады.
Егер алынатын счеттағы ақша қаражаты бастапқы кезде шетелдік валютамен көрсетілсе, онда операцияның орындалған күніндегі бағаммен шетелдік валюта теңгеге айналдырылып жазылады. Ал есептілік мерзім аяқталған кезде шетелдік валютамен «Алынатын счетта» көрсетілген сома есептілік жасалған күнгі бағаммен қайта бағаланады. Осы операцияға байланысты жағымды бағамдық айырым сомасы
Дт «Алынатын счеттар»
Кт «Бағамдық айырымнан түскен табыс» счеттарымен корреспонденцияланып, сатып алушылар және тапсырыс берушілердің шетелдік валютадағы қарыздары жазылады.
Жағымсыз бағамдық айырым сомасы
Дт «Бағамдық айырым шығындары»
Кт «Алынатын счеттар» счеттарымен корреспонденцияланып, сатып алушылар және тапсырыс берушілердің шетелдік валютадағы қарыздары жазылады.
Берешектер қарызын есепке алған кезде берешектер қарызына байланысты түскен табыстар сомасынан сатуға және сату бағасына қойылған жеңілдіктер және сатылған тауарларды қайтару сомаларын табыс сомасынан шегеру арқылы бағаланады.
Сатуға және сату бағасына қойылған жеңілдіктер «Бағаны арзандату», «Сату шегерімі» счеттарының дебетінде «Алынатын счеттар» счетының кредитінен жазылады. Сатылған тауарларды қайтару «Сатылған тауарларды қайтару» счетының дебетіне «Алынатын счеттар» счетының кредитінен жазылады.
Қазақстанның салық жөніндегі заңнамасына сәйкес қоюшылар өнімдер, тауарлар т.б. сатып алушыларға қою барысында қосымша құн салығы салынатын тауарлы-материалды босалқылар объектілеріндегі сомаларды түзетіп (корректура) отыруы керек.
«Алынатын счеттар» счетының аналитикалық жіктеу есебі төлеуге қойылған счеттар немесе жекелеген сатып алушылар (тапсырыс) бойынша жүргізілетін бет есебі кітабын жүргізу арқылы тексеріліп отырады.
Алынған вексельдер есебі
Алынған вексельдер негізінен жөнелтілген тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша есеп айырысу үшін қолданылады. Вексель ұстаушылардың алған вексельдеріндегі сомалар берешектер қарызын жабу мақсатында қолданылады.
Алынған вексельдер «Алынған вексельдер» счетының дебетіне «Алынатын счеттар» кредитінен көрсетіледі.
Алынған вексельдер бойынша есеп айырысу операциялары төмендегідей тәртіппен жүргізіледі.
1) Дт «Алынған вексельдер» 1) субсчет «Алынған пайыздық вексель»
Кт «Алынған вексельдер». Осы операцияға қарағанда вексельдер пайыздық және пайыздық емес болып бөлінетіндігін көруге болады.
2) Пайыздық вексельдер бойынша бастапқыда сыйақы төлеу алдағы кезеңдер табысына
Дт «Берешектер қарызы» немесе «Есептелінген пайыздар»
Кт «Алдағы кезеңдер табысы» жазылады.
3) Пайыздық емес вексельдер бойынша бастапқыда сыйақы төлеу сомасы да алдағы кезеңдер табысына
Дт «Алынған вексельдер» субсчет - «Вексель бойынша сыйа-қыландыру (дисконт) сомасы»
Кт «Алдағы кезеңдер табысы» жазылады.
4) Бұдан соң есепті кезең ішінде бірдей үлеспен есептелінген пайыз-дық сома пайыздық вексельдер және пайыздық емес векселдер бойынша
Дт «Алдағы кезеңдер табысы»
Кт «Пайыздық табыстар» жазылады.
Осы операциялар мазмұнына қарағанда және алынған вексельдердің номиналдық құнымен көрсетілетіндігіне байланысты қосымша субсчеттар,
2) "Сыйақыландыру сомасын (дисконт) шегергендегі алынған вексельдер сомасы", 3) "Вексель бойынша сыйақыландыру (дисконт) сомасы" счетын ашу қажет екендігін көруге болады.
Енді халықаралық қаржылық есеп стандарттарына сай алынған қара-пайым вексельдер өрісіне тән операциялар мазмұнын зерделеп көрсету қа-жеттігі туындайды.
Қарапайым вексель – қойылған талап немесе көрсетілген мерзімде белгілі бір соманы төлеу жөніндегі міндеттеме. Вексельде көрсетілген сома-ны төлеуді міндетіне алып, өз қолын қоюшыны – вексель беруші деп айтуға болады. Вексель бойынша төленетін төлем сомасын алушы жақты вексель алушы (ремитент) деп айтамыз. Егер вексельде көрсетілген сомамен есеп айырысу мерзімі бір жылдан төмен болса, вексель алушы жақ (ремитент) өзінің бухгалтерлік есебінде өтімділігі тез активтер немесе қысқа мерзімді активтер құрамында көрсетеді. Ал вексель беруші жақ берілген вексельдерді өзінің ағымдағы міндеттемелерінің құрамында көрсетеді.
Осы тақырыпта негізінен сатып алушыларға берілген вексельдер есебі қарастырылады.
Қарапайым вексельдер құжатының міндетті реквизиттеріне:
вексельмен есеп айырысу мерзімінің басталуы;
номиналдық құн;
вексель алушының (ремитент) толық аталуы;
қосылатын жылдық пайыздық шама;
вексельді жабудың (жойылатын) күні;
вексель берушінің аталуы сияқты реквизиттер жатады.