
- •Лекциялық кешен қаржылық есеп I пәнінен
- •1.1. Ақша қаражаттары мен оның эквиваленттерінің есебі
- •1.3 Ағымдағы есеп айырылсу счетындағы ақша қаражаттарының есебі
- •1.4. Жолдағы ақша қаражаттарының есебі
- •2.2. Алынатын счеттар және вексельдер бойынша есеп айырысу
- •2.3.Басқадай берешектер қарызының есебі
- •3.1.Тауарлы-материалды босалқылар жөніндегі ұғым.
- •3.2.Материалдар қозғалысы есебін құжаттау
- •3.3. Хқе 2 «Босалқылар» стандарттарының негізгі принциптерін сипаттау
- •4..2. Негізгі құралдарды сыныптау және бағалау
- •4. 3. Хқе 16 «Негізгі құралдар» стандартын қолданудағы талаптарды сипаттау
- •5.1. Материалды емес активтердің экономикалық маңызы, түрлері және бағалануы
- •5. 2. Материалды емес активтерді кіріске алудың есебі
- •6.1 Міндеттемелер жөніндегі жалпы ұғым.
- •6.2 Банктер қарызы және несиелер есебі
- •6. 3. Қарызға алынған ақша қаражаттарының есебі
- •6.4. Еншілес, тәуелді серіктестіктердің алашақ қарыздары
- •7.1 Табыстар мен шығындардың экономикалық сипаты
- •7. 2. Табыстарды тану және бұларды есепке алу принциптері
- •7. 3 Шығындарды тану және бұларды есепке алу принциптері
- •8.1. Жарғылық капитал есебі
- •8. 3. Резервтік капитал есебі
- •9.1. Нарықтық қатынастар жүйесіндегі қаржылық есеп тұжырымдамасының (концепцияларының) негіздері.
- •9.2. Қаржылық есеп жүйесінің сапалық принциптері
- •9. 3. Қаржылық қорытынды есеп элементтерін бағалау
1.4. Жолдағы ақша қаражаттарының есебі
Бұл счетта ұйымдар кассасынан немесе есеп айырысу счеттарының басқа ұйымдарға жіберілген, әлі де болса олардың есеп айырысу счетына немесе кассасына түсе қоймаған ақша қаражаттарының есебі жүргізіледі. Жолдағы ақша қаражаттарына: банктегі счетқа есепке алынғанға дейін ақша тасымалдаушы инкассаторларға берілген ақшалай түсімдер, тиісті банкке аудару үшін байланыс мекемесіне өткізілген түсімдер, тұп нұсқадағы ақша қозғалысына тән құжаттарды банктерге тапсырғанға дейін ақша алушылар счетына аударылған ақша қаражаттары, сатуға арналған шетелдік валюта сатып алу үшін аударылған отандық ақша, тауарлар құнын, жұмыстар мен қызметтер құнын төлеу үшін несиелік карточкалардағы ақшалар жатады. Жолдағы ақша қаражаттары счетына ақша аудару үшін банктік және кассалық құжаттар: ақша тасымалдаушы инкассаторларға берілген ведомостар; байланыс мекемесіне немесе телеграфқа аударылған соманың пошта квитанциясы; шетелдік валюталарды сатып алу және сату жөніндегі құжаттарды растайтын жеделхат немесе электронды хабарлау т.б. қосымша құжаттар тіркелген банк көшірмесі, несиелік карточка мен төленген ақшаны растайтын электронды чектер қолданылады. Аударылған ақшаларды есептен шығару банк көшірмесі және кассалық кіріс ордерлер арқылы орындалады.
Жолдағы ақша қаражаттарының бухгалтерлік есебі «Жолдағы ақша қаражаттары» счетында жүргізіледі. Бұл счеттың дебеті, «Теңге түріндегі кассадағы ақша қаражаттары», «Валюта түріндегі кассадағы ақша қаражаттары» счеттарымен корреспонденцияланады.
Мысалға, ақша тасымалдаушы инкассаторларға немесе байланыс бөліміне берілген ақшалар «Жолдағы ақша қаражаттары» счетының дебетіне, «Теңге, валюта түріндегі кассадағы ақша қаражаттары» счеттарының кредитінен жазылады. Банктегі счеттар бойынша банк көшірмесі құжаты алынғаннан соң, жолдағы ақша қаражаттарының есепке алынғандығы, «Жолдағы ақша қаражаттары» счетының кредитіне, «Банктегі ағымдағы, счеттардағы теңге (валюта) түріндегі ақша қаражаттары» счеттарының дебетінен жазылады.
Егер ұйымдар өзінің банктегі счетына телеграф немесе электрондық жүйе арқылы ақша қаражатын алса, онда осы ақша қаражаттары жөніндегі құжаттар толығымен банкке түскенге дейін, ұйымдар түскен ақшаны банктегі счетынан алуына және жұмсауына болмайды. Сондықтан, телеграф немесе электрондық пошта арқылы түскен ақша есеп айырысу (теңге немесе валюта) счеттарындағы қалдық сомаларға қосылғанға дейін «Жолдағы ақша қаражаттары» счетының дебетінде көрсетіліп, ақша төлеушілер счетының кредитінде, мысалға « Сатып алушылар және тапсырыс берушілер» счетында көрсетіледі.
Банк көшірмесі, барлық төлеу құжаттарымен бірге алынған кезде «Жолдағы ақша қаражаттары» счеты кредиттеліп, «Банктегі ағымдағы счеттардағы теңге (валюта) түріндегі ақша қаражаттары» счеты дебеттеледі.
Сатуға арналған шетелдік валюта «Банктегі ағымдағы счеттардағы теңге (валюта) түріндегі ақша қаражаттары» счетының кредитінен «Жолдағы ақша қаражаттары» счетының дебетіне, теңгелік эквиваленті ақша «Банктегі ағымдағы счеттардағы теңге түріндегі ақша қаражаттары» счетының дебетіне «Жолдағы ақша қаражаттары» счетының кредитінен жазылады.
Жолдағы ақша қаражаттарына тән бағамдық айырым, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісі қойған ресми бағам айырымынан туындаған шетелдік валюта сатудағы пайда болған айырым сомасы табыс әкелсе «Бағамдық айырымынан түскен табыстар» счетының кредитіне, ал зиян шеккен жағдайда «Бағам айырымының шығындары» счетының дебетіне «Жолдағы ақша қаражаттары» счеты не дебеттеледі, не кредиттеледі.
Шетелдік валюталарды сатып алған жағдайда аударылған ақша қаражаттары «Банктегі ағымдағы счеттардағы теңге түріндегі ақша қаражаттары» счетының кредитіне «Жолдағы ақша қаражаттары» счетының дебетінен жазылады. Сатып алынған валютаны валюталық счетқа кіріске алуда «Жолдағы ақша қаражаттары» счеты кредиттеліп, «Банктегі ағымдағы, счеттардағы теңге (валюта) түріндегі ақша қаражаттары» счеты дебеттеледі.
Пайда болған бағамдық айырым сомалары шетелдік валюталарды сатуға байланысты бағамдық айырым сомалары операциялары сияқты не табыстар, не шығындар счетына жазылады.
2-тақырып. Дебиторлық борыштардың есебі
2.1. Берешектер қарызының жалпы сипаты
2.2. Алынатын счеттар және вексельдер бойынша есеп айырысу
2.3. Басқадай берешектер қарызының есебі
2.1. Берешектер қарызының жалпы сипаты
Берешектер қарызы – деп заңды және жеке тұлғалардың осы ұйымға берешегін айтамыз. Берешектер қарызы шартты түрде екіге: әдетті жағдай-дағы және сенімсіз (қисынсыз) жағдайдағы болып бөлінеді. Әдетті жағдайда берешектер қарызы деп сатылған өнімдер, тауарлар, қызметтер және жұмыстар үшін екі жақты жасалған келісім-шарт негізінде, тиісті есеп айырысу үлгілерін қолдану арқылы қалыпты жағдайдағы екі жақтың өзара есеп айырысуын айтады. Сонымен қатар, осы ұйымда қызмет атқарушы жауапты тұлғалардың жауапкершілігіне әртүрлі мақсатты операциялар орындау үшін берілген қаражаттарды және басқада ұйымға қойылған талап-тар да берешектер қарызына жатады. Сенімсіз немесе қисынсыз жағдайдағы берешектер қарызы ұйым қызметтері мен жұмыстарын дұрыс ұйымдастырып, бақыламаған жағдайда тауарлы-материалды құнды-лықтарды түгендеу барысында мысалға, есептен кем шығушылықтан, ысырап жасалғандықтан, ұрлық-қарлық сияқты жағымсыз факторлардан пайда болады.
Бухгалтерлік есеп тәжірибесінде басқадай заңды және жеке тұлғалармен есеп айырысу жөніндегі берешектер қарызының есебі бухгал-терлік баланстың активі мен пассивінде жекелеген аналитикалық счеттар негізінде жүргізіледі. Егер берешектер қарызы счеттың дебеті бойынша жекелеген аналитикалық счеттардан жинақталған дебеттік қалдық қалса, онда дебеттік қалдық соманы баланстың активіне жазып, мұндай қарыздарды берешектер қарызы деп атаймыз. Ал берешектер счетының кредиті бойынша жекелеген аналитикалық счеттардан жинақталған кредиттік қалдық қалса, онда қалдық соманы баланстың пассивіне жазып, мұндай қарыздарды алашақтар қарызы деп атаймыз. Сондықтан есеп айырысу счеттарына жекелеген аналитикалық счеттар негізінде есептелінген қалдықтар жинақталмайды. Есеп айырысу операцияларының жинағы берешектер және алашақтар қарызы түрінде жеке көрсетіледі.
Берешектер қарызының жағдайын тексеру бухгалтерлік есептің ең күрделі объектісіне жатады. Кеңінен қарағанда берешектер қарызы – ұйым-ның басқалардан өндіре алмай отырған ақша қаражаты. Берешектер қарызы осы ұйымның шаруашылық қызметі айналысына түспей тұрған қаражаттары. Аса көп мөлшердегі берешектер қарызын - ұйымның қаржылық жағдайына кері әсер етуші жағымсыз фактор деп, ал берешектер қарызының өсуі динамикасын ұйым қызметінің төмендеуі деп қарау керек.
Есепке алынған күннен кейінгі 12 ай ішінде алынатын берешектер қарызы жөніндегі мәліметтер және есепке алынған күннен кейінгі 12 айдан ұзақ мерзімде алынатын берешектер қарызы жөніндегі мәліметтер жеке көрсетіледі. Яғни, 12 ай ішінде жабылатын берешектер қарызы – қысқа мерзімді, ал 12 айдан артық мерзімде жабылатын берешектер қарызы – ұзақ мерзімді болып анықталады.
Бухгалтерлік баланста ұзақ мерзімді берешектер қарызы сапасында қаралған және есепті жыл ішінде жабылатын берешек қарыздар, есепті жылдың басында қысқа мерзімді берешек қарыздар сапасында көрсетіледі. Бұрында ұзақ мерзімді берешектер қарызы сапасында қаралған, ендігі есепті жыл ішінде қысқа мерзімді берешектер қарызы сапасында алынуға тиісті қарыздар мазмұны бухгалтерлік қорытынды есептегі түйіндемеге (есеп саясатына) жазылуы керек.
Жөнелтілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер құнын заңды және жеке тұлғалардың осы ұйымға күні бүгінге дейін төлемей отырған ақшаларын берешектер қарызы немесе борышы деп атаймыз. Заңды және жеке тұлғалармен қатар берешектер категориясына тапсырыс беруші-лердің, еншілес, тәуелді ұйымдардың, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалар-дың берешек қарыздары да жатады.
Берешектер қарызының есебі бухгалтерлік баланстың активінде қаралады. Берешектер қарызы белгілі бір уақытта алынып, ақша қаражатта-рына немесе түскен ақшаға айналуы керек.
Нарықтық экономика жағдайында сатып алушылардың алған дайын өнімдері, тауарлар т.б. үшін қарыз болып қалуы жиі кездесетін фактор. Бере-шектермен есеп айырысудың есебі қатысушы жақтардың әр қайсысының бухгалтерлік есебінде танылған (қойылған) ереже – тәсілдермен жүргізіледі. Яғни осы ұйымға қарыз болып тұрған басқа ұйымның берешегі активтер құрамын-да, ал осы ұйымның басқа ұйымға берешек қарыздарының есебі пассивтер құрамында қаралады. Заңды және жеке тұлғалармен есеп айырысу операция-лары әр уақытта өзара салыстырылып тексерілуі қажет. Өткен кезеңдерде құндылықтар алушы жақтардың дер кезінде берешектер қарызын өтемегені үшін алынатын берешек қарыздар сомасына пайыздық айып сомалары қосылып есептелуі мүмкін.
Берешектер қарызының бухгалтерлік есебі «Сатып алушылар және тапсырыс берушілердің қарызы» счеты құрамында жүргізілетін «Алынатын счеттар», «Алынған вексельдер», «Сатып алушылар және тапсырыс беруші-лердің басқадай қарыздары» счеттарында және «Күмәнды қарыздар резерві», счетында жүргізіледі.