Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қаржылық есеп 1 лекцилар курсы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
716.29 Кб
Скачать

9. 3. Қаржылық қорытынды есеп элементтерін бағалау

Капитал рыногына сенімді және тұнық даярланған қаржылық қорытын-ды есеп арқылы қатысу үшін компаниялар өз меншігіндегі активтерін аса сенімді және әділетті бағалауы керек. Сенімді және объективті бағаланған активтер жөніндегі көрсеткіштер нарықтық қатынастарға қатысушылар: сатушылар мен сатып алушылар, жалға алушылар мен берушілер, кепілдік алушылар мен берушілер, міндеттемелер алушылар мен тәуекелшілікке түсушілер үшін аса маңызды экономикалық категория.

Барлық ұлттық және экономикалық жүйедегі бухгалтерлік есепке тән объектілердің барлығы да бағаланады. Ұйымдар мен т.б. құрылымдар меншігіндегі активтердің барлық түрлерін бағалау, сондай-ақ капитал мен міндеттемелер қозғалысын тура көрсету, бұларды бағалау үшін бағалаудың әр түрлі әдістерін қолданады. Өз кезегінде тура қолданылған бағалау әдісі табыстарды, шығындарды және пайданы анықтауға тікелей әсер етеді.

Активтерді және басқадай қаржылық қорытынды есеп элементтерін тану мен өлшеу процесінде ақшалай өлшем және ақша массасы қолданы-лады. Ақша көлемінің артып отыруы кәсіпкерлік қызмет нәтижесі болып табылады. Есеп объектілерін ақшамен өлшеуді бағалау деп атаймыз. Ақша номиналымен есепке алынған объектілерді, осы объектілердің құны деп атаймыз.

Қандайда болмасын, ойланып атқарылған жұмыстар мен қызметтер нәтижелі мағынады аяқталуы керек. Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпкерліктің мақсаты – ақша қаражатын барынша тиімді және шапшаң жұмсау жолымен қаржылық нәтижеге жету, яғни бастапқыда салынған ақшамен жұмсалған ақшаның айырымы есептелініп отыруы керек. Салынған ақшаның тиімділігі арақатынастық өлшеммен рентабельдік көрсеткішін есептеу арқылы мына формуламен шығарылады.

П(з)

Р = Мұндағы: Р – ұйымның рентабельділігі,

ЖА

ЖА – жұмсалған ақшаның массасы (сомасы), П(з) – Пайда (зиян). Кәсіпкер инвестор сапасында, ал ұйым немесе компания ақша салушы көз сапасында танылады. Бухгалтерлік есеп тәжірибесінде (рентабельдік, ақшаның массасы, пайда (зиян)) көрсеткіштері бухгалтерлік қаржылық қоры-тынды есеп жүйесінде қалыптасады. Сондықтан қаржылық қорытынды есеп элементтерін бағалау, элементтердің базалық капитал сапасындағы құны анықталған жағдайдан басталады.

Ұлттық және халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарының барлығы да бір нүктеге–пайда түсіру мақсатына бағытталған. Алайда түскен пайданы бағалау әр елде әр түрлі әдістермен іске асырылады. Пайданың мөлшері активтерді бағалау және бұлардың құнын есептеу арқылы анықталады.

Өнім өндіру процесі, айналыс сыртындағы активтерді сатып алу мен құрау, өндірістік босалқылар, өнім өндірудегі өндірістік шығындар мен қызмет көрсету шығындары, өндірілген өнімдердің құны, тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатудан түскен табыс, осының барлығына жұмсалған шығындар құндық бағалау арқылы есепке алынады. Бағалау процесінің негізділігіне және дәлдігіне байланысты қаржылық қортындының шындығы немесе тұнықтығы есептеленіп шығарылады.

Активтерді, меншікті капитал және міндеттемелерді, қаржылық қоры-тындының басқа да элементтерін бағалау ақшалай өлшеммен өлшенетіндігін есте сақтаған жөн. Жоғарыда көрсетілген қаржылық қортынды есеп элементтерін бағалау мүмкіндігі, бұлардың базалық бастапқы құны дәлме-дәл қойылған жағдайда ғана дұрыс анықталып отырады. Біздер қаржылық есепке тән барлық объектілер әр түрлі дәрежеде және әр түрлі ауыстыруларға (комбинация) байланысты бағалаудың бірнеше әдістерін білеміз. Олар: бастапқы, қалдық, ағымдағы немесе әділетті, нарықтық (келісім-шарт), келтірілген (дисконттелеген), сату құны сияқты.

Ендігі жерде жоғарыда айтылған бағалау әдістерінің әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, бұлардың маңызын ашу керектігі туындайды.

Бастапқы құн деп тарихи немесе нақтылы өзіндік құнды айтамыз. Активтерді немесе осы және басқа да есеп объектілерін бағалаудағы нақтылы бағадағы өзіндік құнды бастапқы құн деп атаймыз. Нақтылы өзіндік құн активтерді сатып алуға немесе бұларды ұйымдардың өз күшімен дайындауға жұмсалған нақтылы ақша қаражаттары, бұлардың эквиваленттері сомасынан, сондай-ақ, бұларды тасымалдауға немесе басқадай жұмсалған шығындар сомасының жиынтығынан тұрады. Бастапқы құн негізінен қаржылық қорытынды есеп элементтерін (негізгі құралдарды және материалды емес активтерді) бағалау үшін қолданылады.

Бастапқы құн объективті құн. Мұның өзі бірдей құқықтағы серіктестіктердің немесе бәсекеге қатысушы жақтардың «сатушылар мен сатып алушылардың» өзара келіскен әрекетінің негізінде туындайды. Сатушы жақ сатуға түскен объектіге жұмсаған шығынының орнын толтырып, ең төмен сомада болсын пайда табуды мақсат тұтады. Сатып алушы жақ сатып алған есеп объектілері алдағы кезеңде табыс алуды қамтамасыз ететін бағадан жоғары бағаны қолданбауды мақсат тұтады. Сондықтан, есеп объектілерінің бастапқы құны сұраныс пен ұсыныстан теңестірілген сату әрекеттері орындалған сәттегі ағымдағы нарықтық құнға сәйкес келеді.

Активтерді бастапқы құнмен бағалау, бұлардың ұйымдарға қандай жолдармен түскендігіне байланысты болады. Бухгалтерлік есеп тәжірбиесінде активтерді кіріске алу әдістері төмендегіше ажыратылған:

ақшаға сатып алу;

ұйымдардың өзінде дайындау;

өсім малдарын негізгі табынға көшіру;

жарғылық капиталға үлес қосу есебінен;

сыйға тарту келісіміне сай ақша алмай тегін беру.

Ақша бірлігінің сатып алу қасиеті өзгермейтін тұрақты жағдайда активтерді сатып алудағы бастапқы құн – есеп ақпараттарын пайдаланушы-лар көзқарасы тұрғысынан қарағанда бағалаудың ең сенімді әдісі болып табылады.

Бұл жерде айта кететін мәселе – ол ұйымдардың үздіксіздік қызмет атқару принципі активтер мен міндеттемелерді бағалаудың жалпы ережелерінің туындауын қамтамасыз етіп отырады.

Ұйымдардың активтері жалпы ережеге байланысты екі рет бағаланады:

1) активтерді кіріске алған сәтте; 2) бұларды есептен шығарған кезде. Осы айтылғандарға сәйкес ұйымдар меншігіндегі активтер сатылып алынған және осы ұйымда құрылған кездегі бұлардың тарихи құнымен, яғни бастапқыдағы сатып алу немесе нақтылы өзіндік құнымен бағаланады.

Тарихи құн – бухгалтерлік бағалаудың негізі сипатында басқада бағалау-ларға қарағанда сенімді дәрежені көрсетеді.

Бухгалтерлік есеп өрісіндегі өзіндік құн принципінің талабына сай өзіндік құнды анықтау мейілінші объективтілікті, ал нарықтық құнмен бағалау субъективтілікті көрсетеді.

Сондықтан, объективтік тұрғыдағы нарықтық құн немесе нарықтық бағаны қолдану активтерді сату процесінде жиі қолданылады.

Міндеттемелерді бағалаудың жалпы ережесі үздіксіздік принципке негізделген. Міндеттемелер көздері активті қаражаттарға айырбасталған (айналған) кезде тарихи бағамен бағаланады. Айырбастау процесінде қолданылған тарихи баға қатысушы жақтардың келісіміне сай белгіленеді. Мысалға, құны келісім шартта көрсетілген тауарлы-материалды босалқы-ларды алған кезде алушы ұйым тауарлы-материалды босалқылар құнын төлеу жөнінде қоюшы (беруші) ұйым алдында міндеттеме қабылдайды. Осы операцияның негізінде қабылданған міндеттеменің мөлшері алынған ТМҚ сомасымен бірдей дәрежеде болады.

Сондықтан, ұйымға түскен активтер және міндеттемелердің сомасына сай тарихи құн қалыптасады. Яғни сатып алудағы нақтылы өзіндік құн сомасы активтер мен міндеттемелердің «тарихи» құнының бастапқы негізін құрайды.

Бастапқы құнмен (тарихи) бағалау әдісі көпшілік жағдайда басқа да бағалау әдістерімен қисынды түрде ұштастырылып қолданылады. Мысалға, ұзақ мерзімді сипаттағы активтер өз құнын амортизация есептеу арқылы төмендетіп (жойып) отырады. Амортизацияланған активтер (материалды емес активтер, негізгі құралдар) бухгалтерлік баланста қалдық құнымен, яғни бұлардың бастапқы құнынан есептелінген амортизациялық соманы шегергендегі қалған сомамен көрсетіледі.

Қалпына келтіру құн. Активтер жұмсалған ақша қаражаты сомасы немесе бұлардың эквивалентімен есепке алынып бағаланады. Бухгалтерлік есеп тәжірибесінде негізгі құралдарды қайта бағалау нәтижесінде қалпына келтіру құны (термині) қолданылынып, пайдаланудағы негізгі құралдар қалпына келтіру құнымен қайта бағаланып көрсетіледі.

Әр жылдағы құнсыздану (инфляция) процесінің пайда болуына байланысты негізгі құралдардың бастапқыда көрсетілген құны едәуір төмен-деп кетуі мүмкін. Сондықтан, негізгі құралдар әр кезеңде қайта бағаланып, бұлардың қайта бағаланғандығы құнын қалпына келтіру құны деп атап, бухгалтерлік балансқа жазып отыру керек. Қалпына келтіру құны қолданылынады, егер негізгі құралдар өздерінің бастапқыдағы өндіргіштік (өнім өндіруге қатысы) қасиетін сақтаған жағдайда.

Мысалы, өндірістік процесте А және Б станогы пайдаланылуда делік. Қазіргі уақыттағы бұлардың қалыпына келтіру және баланстық құны тиісін-ше 450 және 500 мың тенге. Ұйым жаңа типтегі басқа станокті 850 мың теңгеге сатып алып, бұған С-17 мүліктік нөмер берді. Ұйымның өнім өндіру көлемі өзгеріссіз жағдайда. Екі станоктың баланстық құны 950 мың теңгені құраса, бұл сома өнім өндіру мақсатында жаңадан алынған станок құнынан 100 мың теңге жоғары екендігін көруге болады. Яғни А және Б станогының қалпына келтіру құнына ешбір өнім өндірудің технологиялық факторлары-ның әсер етпегендігін көруге болады. Бұдан қалпына келтіру және орнын толтыру құнының айырымы бірдей номиналдықтағы активтердің өндіргіштік қасиеті әр түрлі жағдайда болғанда ғана анықталатындығын зерделеуге болады.

Басқаша айтсақ, қалпына келтіру құнына өнім өндірудің технологиялық және операциялық тиімділік факторлары әсер етеді. Сондықтан, бизнестің әр түрлі салаларында, сонай-ақ, ұзақ мерзім аралығындағы барлық жағдайларда активтерді дәлме-дәл физикалық тұрғыда басқада активтерге айырбастау мүмкін емес. Номиналдық тұрғыдағы бірдей активтерді пайдаланғанның өзінде әр түрлі активтердің өндіргіштік дәрежесі әр түрлі деңгейде болады.

Бухгалтерлік есеп ережесіне тән, қайта бағаланғандағы негізгі құралдар объектілерінің құнына қосымша қосылған сомалар, ұйым активтерінің құрамында көрсетіліп жазылады, ал негізгі құралдар объектілерінің бастапқы құны төмендетілген жағдайдағы сомалар шығындар счетына жазылады. Міндеттемелерді бағалау, бұларды қабылдап алу кезіндегі уақытта жария-ланған Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің валюталық бағамына сай бағаланады.

Сатудағы мүмкін болатын баға немесе сатудың құны. Қалыпты жағдайда және қазіргі уақытта активтерді сатудан түсетін түсімдер ақшалай өлшеммен немесе бұлардың эквиваленттерінің сомасымен бағаланып, активтер құрамында көрсетіледі. «Сатудың құны» терминін қолдану арқылы орын алған ұтымдылықтың дәрежесін (егер көрсетілген объект сатылмай қалғанда) анықтауға да болады. Сатудың құнын анықтайтын сома материалды объектілерді жоюдың мерзімі келген кезде де анықталады. Басқаша айтқанда, активтерді мүмкіндігінше сатуда ұтымды бағамен сатқан кездегі түсетін соманы айтуға болады. Сату нәтижесіндегі таза сату құн (жоюдағы құн) барлық сатуға байланысты жұмсалған шығындарды бастапқы құн сомасынан шегергендегі қалған сома сатылған құн деп аталынады.

Нарықтық құн деп базарлы саудаға түскен активтерді сату нәтижесін-де алынған ақша қаражаттарының сомасын айтамыз. Бірқатар активтер мен міндеттемелер нарықтық бағамен немесе тарихи бағаның ең төменгі дәрежесімен және ағымдағы нарықтық бағамен бағалануы мүмкін. Нарықтық құн немесе осы кездегі базарлы саудаға түскен физикалық және технологиялық бірдей қасиеттегі ұқсас мүліктердің құны арнайы құжаттар рәсімдеу арқылы немесе сараптаушы эксперттердің бағалануымен анықталып бекітіледі.

Әділеттілік құн. Бұл термин ХҚЕС бір-біріне тәуелді емес, бірінің қаржылық жағдайын бірі жақсы түсінетін танымал жақтардың әрекетке түсуінің нәтижесінде қолданылады. Тұрақты рынок жағдайында әділеттілік құнмен активтер сатып алған кезде қолданылатын бағалаудың бұл түрін нарықтық құнмен ауыстыруға болады.

Айта кететін мәселе – орыс тіліне аударылған оқулықтар мен оқу құралдарында бағалаудың бұл түрі анық немесе шын қойылған баға (достоверная стоимость) деп аталынған. Қалай аталынғанына қарамастан әділеттілік құнды қолдану арқылы әрекетке түсуші жақтар ақша қаражаттарын немесе бұлардың эквиваленттерін активтерге айналдырып, бағалап отыруына болады.

Әділеттілік құн тек қана ұйымдардың үздіксіздік принципі жағдайында ғана қолданылады. Яғни, ұйымдар банкротқа ұшырап, жойылмауы және өз қызметінің көлемін қысқартпауы керек.

Активтердің әрқайсысын бағалау. Ең әуелі активтер ағымдағы (өтеушілігі жоғары) және ұзақ мерзімді (өтеушілігі төмендеу) болып бөлінеді. Өтеушілігі жоғары активтерге ақшалар, нарықтық құнды қағаздар, депозиттер, алдағы кезең шығындары (мысалға жал төлемі), төленбеген счет-фактуралар, дайын өнімдер, аяқталмаған өндіріс, шикізаттар мен басқада материалды қаражаттар жатады. Есеп тәжірбиесінде ұйымның ақшалары валютаның ағымдағы құнымен бағаланады, нарықтық құнды қағаздар-бастапқы құнымен немесе сату бағасынан төмен бағамен, депозиттер және алдағы кезең шығындары бастапқы құнымен, төленбеген счеттардағы сомалар күмәнды қарыздар резервін шегергеннен кейін қалған құнымен, дайын өнімдер мен аяқталмаған өндіріс табиғи жағдайдан пайда болған кем шыққан сомаларды шегергенннен кейін қалған құн бойынша және ағымдағы нарықтық құнның төменгі дәрежесімен бағаланады.

Өтеушілігі төмендеу активтерге ғимараттар, құрылғылар мен жабдық-тар, аспаптар, орнатылған жабдықтар, тасымалдау құралдары т.б. ұзақ мерзімді активтер жатады. Өтеушілігі төмендеу активтер есептелінген амортизациялық тозу сомасын шегергеннен кейін қалған бастапқы құнымен бағаланады.

Біздер жоғарыда активтерге тән бірнеше типтік баптарды қарастырдық. Ендігі жерде пассивтерге тән жекеленген баптарды бағалауға тоқталамыз.

Өз қызметі үшін ұйымдар қаржыландыру көздерін көбейтуді мақсат тұтатыны белгілі. Қаржы көздері негізгі құралдар алуды, құрылыс салуды, басқа да ұзақ мерзімді активтер алу мүмкіндігін, сондай-ақ шикізаттар және материалды құндылықтар мен басқа да ағымдағы активтер алу мүмкіндігін қамтамасыз етуі керек. Біздер қаржы көздері (пассивтер), меншікті капитал, ұзақ және қысқа мерзімді міндеттемелерден тұратындығын білеміз. Меншікті капитал деп осы ұйымға заңды және құқылы тұлғалардың салған ақшасын айтамыз. Меншікті капитал үшін салынған ақша түптің түбінде акция ұстаушыларға дивиденд түрінде қайтарылады.

Ал меншікті капитал ұйымның алған жалпы міндеттемесінің белгілі бір бөлігі болып есептелінеді. Ұзақ мерзімге есептелініп алынған міндеттемелер ұзақ мерзімділік болып танылған. Қысқа мерзімді міндеттемелер есеп жүргізу ережесіне сәйкес біріші кезекте жабылады. Бухгалтерлік баланста сырттан алынған міндеттемелердің көлемін жеке көрсетеді. Ұйым қызметі-нің жақсы жағдайда өрістеуіне байланысты бухгалтерлік баланс мәліметтері негізінде ұйымның нетто-активтер құнын есептеп шығаруға да болады.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, біздер үздіксіздік принципіне тән активтер мен міндеттемелерді бағалаудың негізгі әдісі-тарихи құнмен бағалау екендігін, ал бағалаудың басқа да әдістері қосымша, көмекші әдістер екендігін және бұл әдістер ұйымдардың қаржылық қызметі жөніндегі ақпараттарды анықталып пайдалануды қамтамасыз ететіндігін түсіндік.

[Введите текст] ФУК 703-10-11. Дәрістік кешен. Екінші басылым: түзетілген және толықтырылған