
- •Лекциялық кешен қаржылық есеп I пәнінен
- •1.1. Ақша қаражаттары мен оның эквиваленттерінің есебі
- •1.3 Ағымдағы есеп айырылсу счетындағы ақша қаражаттарының есебі
- •1.4. Жолдағы ақша қаражаттарының есебі
- •2.2. Алынатын счеттар және вексельдер бойынша есеп айырысу
- •2.3.Басқадай берешектер қарызының есебі
- •3.1.Тауарлы-материалды босалқылар жөніндегі ұғым.
- •3.2.Материалдар қозғалысы есебін құжаттау
- •3.3. Хқе 2 «Босалқылар» стандарттарының негізгі принциптерін сипаттау
- •4..2. Негізгі құралдарды сыныптау және бағалау
- •4. 3. Хқе 16 «Негізгі құралдар» стандартын қолданудағы талаптарды сипаттау
- •5.1. Материалды емес активтердің экономикалық маңызы, түрлері және бағалануы
- •5. 2. Материалды емес активтерді кіріске алудың есебі
- •6.1 Міндеттемелер жөніндегі жалпы ұғым.
- •6.2 Банктер қарызы және несиелер есебі
- •6. 3. Қарызға алынған ақша қаражаттарының есебі
- •6.4. Еншілес, тәуелді серіктестіктердің алашақ қарыздары
- •7.1 Табыстар мен шығындардың экономикалық сипаты
- •7. 2. Табыстарды тану және бұларды есепке алу принциптері
- •7. 3 Шығындарды тану және бұларды есепке алу принциптері
- •8.1. Жарғылық капитал есебі
- •8. 3. Резервтік капитал есебі
- •9.1. Нарықтық қатынастар жүйесіндегі қаржылық есеп тұжырымдамасының (концепцияларының) негіздері.
- •9.2. Қаржылық есеп жүйесінің сапалық принциптері
- •9. 3. Қаржылық қорытынды есеп элементтерін бағалау
9.2. Қаржылық есеп жүйесінің сапалық принциптері
Нарықтық экономика жағдайында қандай да болмасын ұйымдар экономикалық тиімділікпен қызмет атқарғысы келеді. Мұндай жағдай қаржылық ресурстар қалыптастыру және мұның қаржылық капиталын танып білуден туындайды. Өз мағынасына қарай, қаржылық қорытынды қаржы жөніндегі ұлттық заңнамаға және қаржылық капитал тұжырымдамасы (концепция) талабына сәйкес негізделген. Қаржылық қорытынды есеп жасау арқылы меншік иелерінің экономикалық мүддесін сипаттауға да болады. Осы айтылған мақсаттарға сай, ұйымдар қызметі өрісінде активтер көлемі мен бұлардың құрамында және меншікті капитал көлемі мен құрамында біршама өзгерістер болып отырады. Сонымен қатар, пайда болған міндеттемелер мен ақша шығындары және таза пайданы қалыптастыру мен бөлу жөніндегі процестер де осы қаржылық қорытынды есеп құрамында жүргізіледі.
Егер, өзара қатысушы жақтар арасында қаржылық баланс сақталмай бұзылған жағдайда, қызмет атқарушы ұйымдардың өміршеңдік қасиеті жоғалып, активтердің өтеушілік қабілеті төмендейді, несиелендірушілер мен қарыз берушілер алдындағы және салық жинау жөніндегі мемлекет алдындағы, сондай-ақ, еңбек ақы төлеу жөніндегі еңбеккерлер алдындағы ұйымдардың алған міндеттемелері орындалмайды. Яғни банкке берілетін пайыздар, акция мен облигация ұстаушыларға берілетін сыйақы, жалдау ақысы т.с.с. өз дәрежесінде орындалмайды.
Басқарушылық қырынан қарағанда бухгалтерлік есеп негізгі төрт бағыттағы талапты қанағаттандыруы керек:
ұйымның табыстылығын және таза пайда көлемінің өсу қарқынын, мұның болашағын бағалаудағы ақпараттық жүйелер;
ұйымның құзырындағы экономикалық ресурстарды, бұлардың өрісіндегі өзгерістерді және бұлардың тиімді пайдаланылуын бағалаушы ақпараттық жүйелер;
инвестициялық саясат өрісінде басқарушылық шешім қабылдауға негізделген ақпараттық жүйелер;
қаржыландыру көздерінің құрамы және құрылымы өрісінде басқарушылық шешім қабылдауға негізделген ақпараттық жүйелер.
Қойылған осы талаптарды қамтамасыз ету бухгалтерлік қорытынды есеп жасау мен тапсырудағы енгізілген және талап етілетін ақпараттардың сәйкестігі принципіне негізделген. Бұл принциптердің мәні төмендегіше:
есеп жасаушы, қорытынды есеп үлгісін тиісті мәліметтермен толтырып дайындаушы бухгалтер өз қызметіне тән талдау мен басқаруға байланысты қажетті ақпараттарды сараптап, жинақтай білуге тиісті. Осы замандағы міндет атқарушы бухгалтер тек техникалық жұмыстар атқарып, тиісті цифрларды арнайы белгіленген үлгілерге салып қана қоймай, әрбір жазылған цифрды мәліметтердің маңызы мен мәнін сараптап мұның астарында қандай фактілердің орын алғандығын түсіне білуі керек;
дайындалып жасалған қорытынды есеп мәліметтері негізінде басқарушылық шешім қабылдаушы басшылар өзіне қажетті қандай да болмасын жекелеген ақпараттарды қорытынды есеп құрамынан алынатындығын естен шығармауы керек.
Сонымен, қаржылық қорытынды есеп беру және осы арқылы пайдаланушылар талабын қанағаттандыру жөніндегі қаржылық қорытынды есептің жалпы принциптеріне:
ұйымдардың қаржылық жағдайы, қаржы ресурстары, меншікті және қарызға алынған капиталдың жекелеген түрлері мен көлемін айналысқа түсіру;
есепті кезең ішіндегі ұйымдардың қаржылық нәтижесін шығару, экономикалық ұтымдылықтың түрі мен мөлшері;
ұйымдардың қаржылық жағдайының өзгерісі, қаржыландыру көзде-рінің өзгерісі, есепті кезең ішіндегі негізгі құралдардың, басқа да активтер-дің өзгерісі жатады.
Мұндай бағыт пен принциптер қаржылық қорытынды жөніндегі ақпараттар мазмұнын ашып көрсету жөніндегі ХҚЕС талабына сәйкес келеді.
Қаржылық қорытынды есеп дайындау мен тапсыру жөніндегі прин-циптер сыртқы пайдаланушылар үшін қаржылық қорытынды есеп дайындау мен тапсырудың негізін анықтайды.
Ендігі жерде Халықаралық қаржылық қорытынды есеп стандарттары жүйесіне тән принциптерді және Қазақстан Республикасында күні бүгінге дейін қабылданған қаржылық есеп жүйесіне тән ұлттық бухгалтерлік есеп принциптерін қарастырып, бұлардың мазмұнын ашып көрсету мәселелеріне тоқталамыз.
ХҚЕСна сай қаржылық қорытынды есеп дайындау принциптері екі топқа: - «негізін салушы жорамал» және қаржылық қорытынды есеп сапа-сын сипаттау болып бөлінеді. Қаржылық қорытынды есептің негізін салушы принциптер –есептеу және үздіксіздік принциптерінен тұрады.
Қаржылық қорытынды есептің сапалық сипаты ХҚЕС сай түсініктілік, орнықтылық, мәнділік, сенімділік және салыстырмалық болып анықталған. Қазақстандық «Қаржылық қорытынды есеп дайындау мен тапсыру жөніндегі тұжырымдамада» осы айтылған төрт принцип түгелімен қайталанған. Яғни ХҚЕС принциптер және қазақстандық принциптер арасында айырмашылықтардың болмауына байланысты, Қазақстандық бухгалтерлік есеп жүргізу тәжірибесі біртіндеп халықаралық тәжірибеге көшіп келеді деуге болады. Бухгалтерлік және қаржылық қорытынды есеп жүргізу процесіне қажет деп танылған шетелдік және отандық ғалымдардың жариялаған ғылыми еңбектерінде айтылған көптеген принциптер мазмұнын зерделей отырып, және бұларды еліміздің есеп тәжірбиесінде қолдану мүмкіндіктері мен мазмұнын талдай келе, біздер принциптер жүйесін негізгі үш топқа:
базистік әдіснамалық принциптер; 2) сапа-принциптері; 3) талап ету-принциптеріне топтадық. (1.3 кесте)
1.3. кесте
Бухгалтерлік және қаржылық қорытынды есеп принциптері
Базистік (әдіснамалық) принциптер |
Сапалық принциптер |
Талап-принциптері |
Екіжақтылық Ақшалай өлшеу Дербестік немесе мүліктік жекелік Үздіксіздік Өзіндік құн Сақтық пен ықтыймалдық Материалдық Сату немесе есептеу әдісі Сәйкестік |
Түсініктілік Орнықтылық Мәнділік Сенімділік Салыстырмалық |
Толықтылық Нысаннан мәнділіктің артықшылығы Бейтараптылық Сақтық Деркезділік Ұтымдылық пен жұмсалған шығындар арасындағы теңдік Сапалы сипаттар арасының теңдігі Шындық Объективті принцип. |
Жоғарыда айтылған, жекелеген әрбір принцип қаржылық қорытындының мақсаты мен мазмұнын терең түсінуге, мұның сапасын сипаттауға, қорытынды есеп ақпараттарының пайдалылығын анықтауға, қаржылық қорытынды есеп элементтерін өлшеу мен тану тәртібіне, капитал ұғымы мен мұны тұрақтандыру мәселелерін ашып көрсетуге арналған. Айта кететін мәселе, қаржылық қорытынды есеп принциптері бухгалтерлік есеп жүргізудегі стандарттарға жатпайды және ешбір нақтылы қолданбалы стандарттарды алмастырмайды. Қаржылық қорытынды есепке тән принциптер ХҚЕСның құрамдас бөлігіне жатады, сондай-ақ бұлар қаржылық қорытынды есеп дайындау мен тапсыру жөніндегі бірден-бір есеп ережелерін қолданудың тәртібін белгілеуге арналған.
Осыған орай, қаржылық қорытынды есеп сыртқы есеп түрінде бухгалтерлік қорытынды есептің құрамдас бөлігіне жатады.
Қаржылық қорытынды есеп пен бухгалтерлік қорытынды есеп арасында ешқандайда қарама - қайшылықтар болмайды. Алайда, қаржылық қорытынды есептің мақсаты негізінен жекелеген принциптер мен қойылатын талаптар арқылы ұйымдардың қаржылық жағдайы жөнінде объективті түрде ақпараттар дайындап беру болып табылады.
Төменде қаржылық қорытынды есеп мазмұнын ашып көрсетуге арналған сапалық принциптердің мақсаты мен маңызына тоқталып, танысамыз.
Сапалық принциптер
Түсініктілік – ақпараттар сапасы. Ақпараттар кәсіпкерлік қызметпен айналысушылар үшін жеткілікті және қолайлы қалыптасуы керек. Егер кәсіпкерлік әрекеттермен айналысушылардың белгілі дәрежеде кәсіби білімі болмаса да, қаржылық қорытынды есепке тән жасалған ақпараттар пайдаланушылар үшін қолайлы және түсінікті болуы шарт.
Қазақстандық «қаржылық қорытынды есеп дайындау мен тапсыруға арналған тұжырымдамалық негіздің» 7-ші тарауының 25 тармағында, «Қаржылық қортынды есеп тапсырудағы ақпараттар түсінікті болуы керек делінген. Іскерлік пен экономикалық қызметі және бухгалтерлік есептегі ақпараттарды ыждағаттықпен зейін салып зерттеуі үшін пайдаланушылардың жеткілікті дәрежеде арнайы білімі болуы керек. Алайда, қаржылық қортынды есеп жөніндегі мәселелердің қажеттілігіне байланысты ақпарат пайдаланушылар экономикалық аса қажетті күрделі сұрақтарды шеше білуі қажет.
Осы айтылғандарға орай ақпараттардың түсініктілігі, мұны пайдаланушылардың білім сапасына тікелей байланысты екендігін айтуға болады. Сондықтан, қаржылық қортынды есеп өрісіндегі барлық ақпараттар түсінікті жасалып, нақтылы жағдайда қолдану және шешім қабылдау тұрғысында өте тұнық және анық болуы керек.
Орнықтылық. Ақпараттардың орнықтылық принципінің негізін нақтылы әрекеттерді қамтитын ақпараттар құрайды. Орнықты ақпараттар қаржылық шешім қабылдаушылардың алдына қойған мақсатына жетуіне тікелей әсер етеді. Орнықты ақпараттардың мысалына дивидендттер және еңбек ақы төлеуді, құнды қағаздар бағамының өзгеруін, сондай-ақ, ұйымдардың дер кезінде алған міндеттемелерін жабу жөніндегі мәліметтер жатады. Орнықты ақпараттар өткен шақтағы, қазіргі және алдағы оқиғаларды, және өткен оқиғаларды түзету мен бағалау үшін қажет. Орнықты ақпараттарды пайдалану мен талдау нәтижесінде өткен кезеңдердегі орын алған нәтижелерді бекіту алдағы кезеңдерді болжау процестерін шешуге болады. Болжау және бекіту жөніндегі ақпараттардың атқаратын ролі алдын ала болжау және кері байланыс категорияларын туындатады.
Алдын ала болжауға байланысты ақпараттар мына төмендегі жағдайларды:
ақша қаражаттары қозғалысы мен бұлардың ағынын болжауды;
алдағы кезеңде түсетін ақша ағынын болжау негізінде шешім қабылдауды қамтамасыз ету үшін өткен кезеңдердегі ақша ағыны мәліметтерін пайдалануды;
болжанатын алдағы кезеңдердегі оқиғаларды өзгерту жөніндегі мәліметтерді пайдалану, мысалға, қарызға алынған және меншікті активтердің ара қатынасының көбеюіне байланысты түсетін ақша қаражатының қозғалысы жөніндегі мәліметтерді пайдалануды;
басқада алдағы кезеңдердегі мәліметтерді болжау үшін қолданылатын есепті мәліметтерді, мысалға, мүліктерді пайдалану немесе сатудан түскен табыстардың көбеюі, яғни ақша қаражатының көбеюіне әсер етуші барлық факторлардың дұрыстығын қамтамасыз етеді.
Кері байланыс – нәтижелі дәрежеде қабылданған осы кезеңнің ақпараттары келесі кезеңдерде шешім қабылдау үшін де қолданылады. Кері байланысқа тән ақпараттар өткен шақтағы оқиғалардың дұрыстығын дәлелдеуші ақпараттардан тұрады.
Мәнділік – нақтылы бәсекелестік жағдайда бағаланатын объектілердің көлемінен немесе жіберілген қателердің маңыздылық дәрежесінен туындайды. Ақпараттар сенімді болады, егер мәні жағынан маңызды қателер жіберілмесе. Яғни есеп ақпараттары ұйымдардың шаруашылық қызметінің шындықтан ауытқымайтын тұнықтылығын көрсетуі керек. Мәнділік принципінің мағыналығы шаруашылық опрацияларын құжаттау арқылы тексеріледі. Нақтылы орын алған шаруашылық операциялары әсерінен қаржылық қорытынды есептің белгілі бір бабында жіберілген қателер болса, онда ресми құжаттар жасамай-ақ, орындаушы бухгалтердің жазған анықтама түсінігіне сай жіберілген қателер түзетіліп отырады.
Сонымен қатар, мәнділік принципі активтерді т.б. есеп объектілерін бағалау мен қайта бағалау, өткен кезеңде жасалған қорытынды есепте жіберілген қателерді түзету, сондай-ақ сандық мәліметтерді әртүрлі әдістермен сомалық өлшемге айналдыру жұмыстарымен де байланысты болады. Тиісті шешім қабылдау түрғысынан қарағанда бухгалтерлік есеп мәліметтерінде өзгерістер мен жіберілген қателер сомалық көлемі жағынан едәуір маңызды болған жағдайда, және бұларды түзету аса қажетті болған жағдайда, мәнділік принцип қолданылынып, іске асырылады. Мәнділік принциптің негізгі мақсаты – қорытынды есеп ақпараттарын пайдаланушы-лардың, аудиторлардың т.б. шешім қабылдаушылардың тілек-талабын қанағаттандыру болып табылды.
Сондықтан, мәнділік принцип іс жүзінде ұйымдардың есеп жүргізу іс-тәжірибесінде қолдану арқылы қызмет атқарушы бухгалтерлер есеп ақпараттарын есеп объектісіне қарай классификациялау және орынсыз ақпараттарды болдырмау мәселелерін сақтай отырып, пайдаланушылар талабын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді. Яғни бухгалтерлік есеп ақпараттартарын пайдаланушылар үшін мәнділік принципінің қолданылынуы есеп жүйесіне деген сенімділікті сипаттайды. Мысалға, егер белгілі бір ұйымға салынған инвестицияның көлемі ұйымның барлық активтері сомасы көлемінің 1% -нан аспайтын болса, онда инвестициялық соманы бағалау үшін күрделі түрде қолданылатын әділетті құнмен бағалау әдісін қолданбай-ақ, салынған инвестициялық соманы басқа да активтер құрамында көрсетіп, бұларды (инвестицияны) алу үшін жұмсалған нақтылы шығындар сомасын қосып бағалауға болады.Ұйымдар өздерінің қаржылық қорытынды есебін жасау мен қалыптастыру барысында нақтылы орын алған жағдайлар мен оқиғаларға сай, осы және басқа да мәліметтердің мәнділік дәрежесін ұйымдардың өздері бағалауына болады.
Мәнділік принципінің талабына сай жекелеген активтер, міндеттемелер, табыстар, шығындар, маңызды шаруашылық операциялары, сондай-ақ капитал құраушы көздер жөніндегі сомалық көрсеткіштер, бұлардың мәнділік дәрежесінің маңыздылығына қарай қаржылық қорытынды есеп құрамында жеке-жеке көрсетіледі. Әрбір маңызы жағынан мәнді көрсеткіш бухгалтерлік қорытынды есеп үлгілерінде жеке көрсетіледі. Мәнділігі жағынан төменгі дәрежедегі сомалық көрсеткіштер біріктіріліп көрсетіледі.
Сенімділік принципі деп мәні жағынан маңызды және қатесіз жасалған ақпараттардың қасиетін сипаттауды айтамыз. Арнайы қабылданған есеп жүргізу жөніндегі ережелер мен стандарттар талабын сақтай отырып, қорытындыланатын қаржылық қорытынды есеп дайындау барысында осы ұйымның қызмет атқарушы бухгалтерлері ресми қойылған талаптарға сай ұйымның қаржылық жағдайы жөніндегі барлық ақпараттарды, сондай-ақ бухгалтерлік қорытынды есеп жөніндегі ақпараттарды аса бір шындық және сенімді жолдармен сапалы дайындауы керек.
Есеп ақпараттарын пайдаланушы жақтар және клиенттер фирмалар мен ұйымдардың т.б. заңды тұлғалардың қаржылық жағдайы жөніндегі ақпараттарына сенімділік туғызуы керек. Ақпараттар сенімді болады, егер қаржылық қорытынды есеп даярлау барысында мәні жағынан маңызды қателер мен ауытқушылықтар жіберілмеген жағдайда. Яғни, орын алған операциялар мен оқиғалар жөніндегі ақпараттар тек шындық фактілерді ғана сенімді тұрғыда көрсетуі керек.
Өз кезегінде қаржылық қорытынды есептің сапалық сипатына тән сенімділік ұғымы ақпарат пайдаланушылардың да сенімділігін көрсетуге арналған.
Салыстыру принципі. Есеп ақпараттарын пайдаланушылырдың қабылдайтын шешімі көп варианттылыққа және бәсекелестікке байланысты. Мұның мысалына бәсекеге түсуші жақтар арасында көлемі жағынан шектеулі экономикалық ресурстарды инвестициялау жөнінде қабылданатын әр түрлі шешімді айтуға болады. Салыстыру принципі ұқсас екі компания арасындағы нәтижені немесе осы жыл ішіндегі нәтижені өткен жылдардағы нәтижелермен өзара салыстыру арқылы жүргізіледі. Салыстыруға келмейтін нәтижелер есеп жүргізудің әр түрлі қосымша әдістерін қолданумен түсіндіріледі. Қаржылық қорытынды есеп пайдалы және маңызды болуы үшін, мұның көрсеткіштері әрбір есепті жылдар бойынша экономикалық және қаржылық тұрғыда салыстырылып отыруы керек.
Қаржылық қорытынды есеп стандарттарын жасау жөніндегі Америкалық кеңес – «ақпараттардың пайдалылығы - бір экономикалық құбылысты екінші экономикалық құбылыспен немесе осы жылғы экономикалық құбылысты өткен жылдардағы құбылыстармен салыстыру нәтижесінде артып отырады» деп ұсынған.
Қорытынды есеп мәліметтерін салыстырудың нәтижесінде ұйым қызметінің болашақтағы тиімділігін анықтау, алдағы кезеңдер үшін қаржылық бағыттағы шешімдер қабылдау және несиелендіруші жақтар мен инвесторлардың банкротқа ұшырап, кедейленіп кетпеуін қамтамасыз етуге жататын шараларды белгілеуге болады. Алайда мұның үшін басқарудың ережелерін және бухгалтерлік есеп әдістерін бұрмалауға және шектеуге болмайды.
Өз кезегінде ақпараттардағы мәліметтерді өзара салыстыру, бұлардың біртектілігі мен сабақтастығына байланысты.
Біртекті ақпараттар деп бірдей мағынадағы оқиғалармен шаруашылық фактілерін, есепті кезеңде жинақтап есептеуді немесе ұқсас біртекті операциялар есебін жүргізу үшін бір мағынадағы есеп әдісін қолдануды айтамыз. Сабақтастық деп белгілі бір мерзім аралығында ыңғайлы түрдегі есеп жүргізу әдіснамасын жалғастырып қолдануды айтамыз.
Егер жекелеген есеп әдіснамасын қолдану ережесі бұзылған жағдайда, кезеңдік мәліметтер негізінде жүргізілетін жоспарлау мен болжау шаралары іске асырылмайды. Сондықтан, сабақтастықтың мақсаты сыртқы факторлар-дан туындайтын экономикалық факторлардың жағдайларын бағыты мен көлемін анықтауға, сондай-ақ ішкі және сыртқы факторларға байланысты экономикалық тербелістерді зерделеуге арналған. Осыған байланысты есептің біртекті объектісін әр кезеңдердегі қорытынды есепте қолданылынып кеткен бағамен қайталап бағалай беруге болмайды. Әр кезеңдердегі қолданылған бағаны қайталап қолдана берген жағдайда құндық өлшем тербелісі шатастырылып кетуі және бағаның динамикасы бұзылуы мүмкін.
Осы айтылғандарға байланысты есте сақтайтын нәрсе-ол өткен шақтардағы әрқашандағы белгілі бір объектінің нәтижесі сомалық өлшеммен өлшеніп, осы кезеңдегі нәтиже басқа кезеңге ауыстырылған кезде қайта бағаланып отыруы керек. Болжау немесе шешім қабылдау мақсатында анық және пайдалы ақпараттар алу үшін қолданылатын есептің әдіснамалық ережелерін сабақтастық жолдармен қолданып отыру қажет. Егер бастапқыдағы ақпараттар өрісінде өзгерістер орын алған жағдайда, онда мұндай түзетілген өзгерістер пайдаланушы жақтардың күмәнін туғызбауы қажет. Шешім қабылдау мақсатында өзгеріске ұшыраған ақпараттар анық және түсінікті орындалғаны жөн.
Осылайша қойылған талаптарға сәйкес қаржылық қортынды есептің әрбір жекелеген осы жылғы көрсеткіштеріне сәйкес келетін көрсеткіштер кем дегенде кейінгі екі жылғы көрсеткіштермен өзара салыстырылады. Мұндай бағыт орындалмаған жағдайда ұйым қызметенің динамикалық даму дәрежесі талданбайды.
Ұйым өз қызметінің өркендеу бағытын кең мағынада зерделеуі үшін өткен кезеңдердегі бірнеше жылдардың көрсеткіш мәліметтерін бухгалтерлік қорытынды есеп үлгілерінің тиісті бағаналарына жазып, салыстырмалы бірлікке келтіруіне болады. Бухгалтерлік қорытынды есеп жасау процесін салыстырмалы бірлікке келтіру негізінде қызметі жағынан ұқсас ұйымдардың мәліметтерін де пайдаланып, талдау жұмыстарын жүргізу негізінде арнайы шешім қабылдауға болады.
Салыстырмалы принцип - қаржылық қорытынды есеп мәліметтері мен көрсеткіштерін талдау мен шешім қабылдау мақсатын іске асыру жөніндегі негізгі принцип болып табылады. Сондықтан, экономикалық тиімді шешім қабылдау мақсатын іске асыру үшін, осы ұйымның қаржылық жағдайына тән бухгалтерлік есептің көптеген мәліметтерін әр кезеңдер бойынша салыс-тырып, теңестіріп, зерделеп, бұлардың негізінде арнайы шешімдер қабылдап отыруға болады.
Талап қою принциптері
Толықтылық. Қазақстандық тұжырымдамалық (концептуалды) негізде «Қаржылық қортынды есептің сенімділігін қамтамасыз ету үшін ақпараттар мәнділігі мен бұларды алу шығындарының аз жұмсалуын қадағалай отырып, толық жасалынуы керек. Есепке алынбай қалған ақпараттар қате немесе бұрмалаушылық жолмен тапсырылған қорытынды есеп және мұндай фактілер орнықтылық жағынан сенімсіз және жетілмеген болып табылады» делінген.
Осыған байланысты талап қою принципі тұрғысындағы толықтылық принцип ұйымдардың қабылдаған есеп жүргізу әдіснамаларына байланысты шаруашылық фактілерін топтастыру, құжаттама жүргізуді ұйымдастыру, түгендеу, бухгалтерлік есеп счеттарын жүргізу, ақпараттарды өңдеу өрісін-дегі бухгалтерлік есепке тән тиісті әдістерді қолдана отырып, қаржылық қорытынды есеп құрудың толықтылығы қамтамасыз етіледі. Бухгалтерлік қорытынды есептегі барлық есеп объектілерін жаппай және үздіксіз есепке алу арқылы пайдалы ақпараттар даярлау процесі толықтылық принципке жатады.
Нысаннан мәнділіктің артықшылығы. Егер шаруашылық фактілері мен басқа да операциялар шындық бағытпен жасалынса, онда экономикалық қатынастар мазмұны тек қана құқықтық тұрғыда ғана емес, экономикалық жағынан да тиімді бағаланады. Мысалға, осы компания басқа ұйымның активті қаражатын сатты делік. Мұндай жағдайда рәсімделген бухгалтерлік есеп құжаты негізінде заңды түрдегі құқық бір ұйымнан екінші ұйымға өтеді. Алайда, жоғарыдағы активті қаражат сатушы компания активтер сату жөніндегі жасалған келісімге сай өзінің экономикалық пайда түсіру мақсатын сақтап қалады. Басқаша айтқанда, бұл принцип қорытынды есепте көрсетіле-тін операцияларды тек құқықтық жағынан ғана танып қоймай, мұндай операцияларды экономикалық маңызы және шаруашылық жүргізу ерекшеліктері жағынан да тануға бағытталған принцип болып табылады.
Бейтараптық. Қаржылық қорытынды есепте берілетін ақпараттар сенімді болуы үшін, ақпараттар алдын-ала ойланған фактілерден бейтарап-тық жағдайда болуы керек. Егер ақпараттар бейтараптық жолмен дербес жасалынса, онда ақпарат пайдаланушы жақтар да сенімді болады. Алдын-ала ойланып жасалған факторлар құрамындағы жағымды факторларды көрсету үшін, ақпараттар объективті тұрғыда зерттеліп, есепке алынатын объектілер қатесіз өлшенуі керек.
Алдын-ала ойланған факторлар есеп объектілерін бағалау процесінде қолданылады. Кері факторлардың сомалық орта көлемі алдын-ала қаралып, бекітілген орта көлем дәрежесін анықтау арқылы есептеледі. Егер есеп объектісінің шындық дәрежесін анықтау барысында қатысушы жақтар арасында талас туындап, сенімсіздік білдірілсе, онда алдын-ала бекітілген шамамен нақтылы шама арасындағы айырымды анықтау үшін сарапшы эксперттер қатыстырылып анықталады. Бейтараптық принцип есеп процесі ағынына ешқандайда факторлардың кері әсер етпеуін қамтамасыз етуге арналған. Бейтараптық принципті қолдану арқылы айырықша экономикалық жағдай туындату мақсатында бухгалтерлік есеп счеттарын және басқа да мәліметтерді қалай болса солай қызмет атқарушы бухгалтерлердің өз қалауы бойынша қолдана беруге болмайды.
Сақтық. Қаржылық қорытынды есеп даярлаушылар қандай дәрежеде болмасын белгісіз және түсініксіз факторларды болдырмау бағытында қызмет атқаруы керек. Түсініксіз факторлар көптеген оқиғалар мен жағдай-лардан, мысалға, сатып алушылар мен берешектерден күмәнды қарыздарды өндіріп алу, машиналармен жабдықтарды пайдаланудың ықтималды мерзімін анықтау, мүмкін болатын тәуекелшілік пен кепілді талаптардың орындалуы т.с.с. туындайды.
Сақтық – орын алған белгісіздік жағдай жөніндегі фактілерді бағалау мен анықтау үшін сақтық таныту болып табылады. Мысалға, активтер мен нақтылы түсетін пайда сомалары жоғарылап, ал міндеттемелер мен шығындар сомасы төмендеп кетпеуі үшін атқарушы бухгалтерлер аса бір сақтық танытып отыруы керек.
Деркезділік деп ақпараттардың пайдаланушыларға қажетті уақытта жеткізілуін айтады. Дер кезінде жасалған ақпараттар өткен шақтағы мәліметтер мен операцияларды бекіту мен түзету үшін де қолданылады. Егер қорытынды есеп ақпараттары пайдаланушыларға дер кезінде жеткізілмеген жағдайда, онда ақпараттар өзінің орнықтылық пен сенімділік принципін жоғалтуы мүмкін. Деркезділік принципі жарияланатын, немесе жарияланған қаржылық қорытынды есептің құрамдас немесе бөлінбейтін қасиетін сипаттауға арналған.
Бизнестік әрекеттердің күрделі жағдайларын жеңілдетіп шешу мен ары қарай қалыптасып кетуіне әсер етуші өткен шақтағы немесе болашақтағы орын алған, орындалатын фактілер мен объектілердің өзара байланыс-тылығын бағалаудың күрделілігіне байланысты шешім қабылдаудың бағыты мен нормативті моделін жасау деркезділік принципті қолдану арқылы шешіледі. Сондықтан, жинақталатын, саналып қорытындыланатын, бұдан соң жарияланатын есеп ақпараттары дер кезінде жасалынып, шешім қабыл-даушы тұлғалардың шешім қабылдауы үшін дер кезінде жеткізіліп берілуі керек.
Деркезділік принципті қолдану арқылы қысқа мерзім ішінде қорытындыланып жасалынған қаржылық есеп ақпараттарының мәліметтерін өз уақытында пайдалану арқылы фирмалар мен т.б. құрылымдар қызметіне тиімді өзгерістер енгізіп, бизнес-жоспарының орындалу бағытын тиянақтап отыруға да болады.
Дер кезінде қаржылық шешім қабылдау мақсатында пайдаланылатын шаруашылық операцияларының мәліметтері және осы операциялар жөніндегі мәліметтердің барлық аспектілері белгілі болғанға дейін алдын-ала зерделенгені жөн. Жоғарыда айтылған деркезділік принципке тән қойылған талаптар дер кезінде орындалған жағдайда ақпараттардың сенімділігі мен орнықтылығы арасында қолайлы (оптималды) баланс қалыптасады.
Ұтымдылық пен жұмсалған шығындар арсындағы теңдік принципі. Сапалы ақпараттар даярлаудан түскен пайданың ұтымдылық дәрежесі ақпараттар даярлауға жұмсалған шығындар көлемінен артық болуы керек. Яғни ұтымдылық пен жұмсалған шығындар арасында жағымды баланс сақталғаны жөн. Егер ақпараттар даярлауға жұмсалған шығындар пайда келтірмейтіндей орынсыз жұмсалса, онда ақпараттар қажетсіз болып танылады. Ақпараттар ұтымды дәрежеде жасалып жақсы қалыптасқан жағдайда сыртқы және ішкі ақпарат пайдаланушы жақтар сенімді болады.
Сапалы сипаттар арасының өзара теңдігін сақтау.
Қаржылық қортынды есептің негізгі қызметі мен орындайтын мақсатын іске асыру үшін қаржылық қорытындының жекелеген сапалық сипаттары арасында қолайлы дәрежеде жағымды баланстық теңдік сақталуы керек. Әртүрлі жағдайда орын алған сапалық сипатқа тән принциптердің қажеттілігі мен іске асырылғандығы атқарушы бухгалтердің іскерлігі мен кәсіби білімділігіне байланысты іске асырылады.
Қаржылық қортынды есеп ақпараттарындағы мәліметтер талап етілген сапалы сипатқа жауап беретіндей мүмкіндікте болып, мұның өзі бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес келген жағдайда бухгалтерлік есептің жан-жақты объективтілігі мен сенімділік қасиеттері сипатталынады.
Шындық принципі. Бұл принцип Қазақстандық тұжырымдамалық (концептуалды) негізде мынандай мазмұнда - «Ақпараттар шындық болады, егер бұлардың құрамында маңызы жағынан елеулі қателер жіберілмей, ақпараттардың шындығына мұны пайдаланушы жақтар сенімділік танытса», деп – жазылған. Шындық принципті тұрақты түрде сақтау арқылы даярланатын ақпараттарды ешбір қатесіз және бұрмалаусыз даярлауға болады.
Бухгалтерлік есеп объектілері бойынша шындық көзқарас қалыптастыру үшін шынайы және тексеруге жататын, сондай-ақ бейтарап ақпараттар жасалынуы қажет. Осы тұрғыда есеп объектілері өрісінде қолданылатын көптеген көрсеткіштердің экономикалық маңызы анық және сенімді бола бермейтіндігін айта кеткен жөн. Мысалға, негізгі құралдардың кейбір түрлері толығымен жойылғаннан кейін есеп счетында қалған амортизациялық тозу сомасының қалдығы жөніндегі мәліметтің ешқандай пайдалы экономикалық маңызы болмайды.
Біздер есеп жүргізудің әр түрлі әдістерін қолдану барысында қателер жіберіліп кететіндігін, дұрыс түсініп, кеткен қателерді дер кезінде түзетіп отыру керектігін есте сақтауымыз керек. Сондықтан, қандайда болмасын анық жасалынған ақпараттар ұдайы тексеріліп отырғаны дұрыс. Бухгалтерлік есеп мәліметтерін тексерудің мақсаты-тексерілген объектінің шындық дәрежесін анықтау мен бағалау болып табылады.
Осы айтылғандарға орай, есеп объектілерін субъективтік тұрғыда өз бетімен бағалау және басқа жолдарға бұрмалау сияқты шындыққа жанаспай-тын фактілер атқарушы бухгалтерлер тарапынан есепке алынбағаны жөн. Бағаланған немесе түзетілген процес дәлелді болуы керек. Кейбір жағдайда дәлелді бағаланған есеп объектісі бұрмаланып кетуі де мүмкін. Мұндай жағдайда қызмет атқарушы бухгалтерлер жинақы болуы керек. Есеп ақпараттары тексерілетін болып есептелінеді, ал ақпараттардың анықтығы бірінен бірі тәуелді емес кәсіби эксперттердің анықтаған қорытындысымен дәлелденеді.
Қаржылық қортынды есеп мәліметтерінің шындығы мен анықтығы –қатысушы жақтардың келісімі тұрақтаған жағдайда белгілі болады. Қатысу-шы жақтардың келісіміне сай қатесіз, бұрмалаусыз және тексеру жұмыста-рын жүргізіп отыру үшін даярланған ақпараттар қолданбалы есеп әдістерінің дұрыс қолданылғанын дәлелдейді.
Шындық принцип бірдей немесе ұқсас әдістерді қолдану арқылы бірнеше сараптаушы эксперттердің қатысып, бағалауының нәтижесінде бекітілуі де мүмкін.
Шындық принцип есеп ережелері мен процедураларды шын мәнінде сенімді қолдану, операциялардың нақтылығы және бұлардың мөлшері, оқиғалар мен орын алған жағдайлар жөніндегі атқарушы бухгалтерлердің кәсіби біліміне де байланысты болады. Яғни, бухгалтерлік есеп объектіле-рінің ағымдағы күнделікті есебін жүргізуші жауапты адамдар таза және тұнық, сенімді қызметтер атқаруы керек. Шындық принцип тек қана есеп құжаттарын рәсімдеу өрісіне ғана тән болмай, құжаттар жасаушы адамдардың тікелей жауапкершілігіне де байланысты екендігін есте сақтаған жөн.
Сонымен қатар, шындық ұғымы есеп мәліметтерін ұдайы тексеріп отыру арқылы да дәлелденеді. Есеп ақпараттары тексеруге жатады, егер бұлардың шындығын анықтайтын және бекітетін сенімді фактілер туындаған жағдайда. Өз кезегінде тексеру принципі бухгалтерлік есепке тән маңызды екі бағытта: қарама-қарсы тексеру және түгендеу әдістерін қолдану арқылы іске асырыла-ды. Тексеру жұмыстары сарапатаушы эксперттер және тәуелсіз аудиторлар-дың қатысуымен дәлелденіп, бұлар тексерудің әр түрлі жолдарын қолдану арқылы есеп объектілерінің қатесіздік дәрежесін анықтайды.
Объективтік принцип- қаржылық қорытынды есеп мүмкіндігіне қарай мейлінше жан-жақты объективті мәліметтерге негізделуі керек. Нарықтық немесе бизнестік қатынастар мен әрекеттер жөніндегі ресми құжаттар жасаушы бухгалтерлер объективтік принциптен ауытқумауы керек. Қаржы-лық қорытынды есеп мәліметтері ресми және тексерілген құжаттарға негізделген. Бұл принцип жекелеген көзқарастарды қолдану немесе шектеу және шамалау, сондай-ақ өз бетімен зерделеу сияқты ұғымдарды барынша болдырмауға арналған.