Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қаржылық есеп 1 лекцилар курсы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
716.29 Кб
Скачать

8.1. Жарғылық капитал есебі

Кәсіпорынның жарғылық капиталы қызметгі бастауды қамтамасыз ету үшін жанадан құрылған кәсіпорыннын, жасаған қаражаттарының сомасы болып саналады.

Ол акцияларды орналастырудың немесе сатудың, жеке капиталын салудың, мемлекеттің қаражаттарының, материалдық емес активтердің және баска да мүліктердің немесе мүліктік құкықтарының есебінен құрылады. Сонымен қоса, жарғылык капитал жаңадан құрылған занды тұлғалар өз қызметін бастау үшін бастапқы материалдық базасы болып та табылады, ол құрылтайшылардың (акционерлердің, катысушылардың) қатысу үлесін және кепілдік сипатын анықтайды.

Шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталына салынатын салымдары, ақ ша да, бағалы қағаздар да, мүлік те, мүліктік құқық та және басқа да мүліктер (интеллектуалдық қызметгің нәтижесіне берілген құқын да қоса алғанда) болуы мүмкін.

Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарлық капиталына натуралды нысанда салынатын салымдары немесе барлық құрылтайшалардың келісімі бойынша немесе барлық құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша мүліктік құқығы ақшалай нысанда бағаланады. Осындай салымдардың кұнының сомасы жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асып түсуі керек, бірақ сол бағалауды тәуелсіз эксперт (бағалаушы) қуаттауы керек.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер қайта тіркелген кезде қатысушылардың ақшалай салымдары бухгалтерлік кұжаттармен не болмаса аудиторлық есеп берулерімен қуатталып бағалануы мүмкін.

Осындай бағалау кезеңінен бастап, бес жыл бойы шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылтайшылары (қатысушылары) өздері қосқан сомаларының шегінен артық бағаланған салымдарына субъекті кредиторларының алдында бірлесіп жауап береді.

Егер де салым ретінде субъектіге мүлікті пайдалану құқы берілсе, онда бұл салым үшін төленетін төлемнің мөлшері, құрылтайшылардың құжаттарында көрсетілген барлық мерзімі үшін есептелген сомадан анықталады.

Мүліктік құқы жоқ және басқа да материалдық емес игіліктерді жеке салым ретінде жасауға рұқсат етілмейді, сондай-ақ қатысушылар серіктестікке бір-бірінің қарызын өзара есептесуге жаткызуына болмайды.

Жарғылык капитал — "жарғы" деген сөзден алынған — ұғымды анықтайтын ережелердің жиынтығы, белгілі бір ұйымнын атқаратын кызметінің тәртібі, немесе актив кұндарының екінші жағынан көрінуі, яғни жарғылық корға салынған активтердін жалған және номиналдык құны.

Қосымша және жауапкершілігі шектелген серіктестіктердің жарғылық капиталының бастапқы мөлшері құрылтайшылардың салым сомасына тең болады және құжаттарын мемлекеттік тіркеуден өту үшін берген күнінде, оның мөлшері жүз айлық есепті көрсеткіштен кем болмауы керек.

Аталған серіктестіктер тіркеуге дейін өздерінің жарғылық капиталының жалпы сомасының 25%-тей мөлшерінде соманы төлеуге міндетті. Бірақ ол жарғылық капиталының минималды сомасынан кем болмауы керек. Жалпы жиналыстың шешімімен бекітілген мерзімде серіктестіктің барлық қатысушылары жарғылық капиталына берешегін толығымен өтеуі тиіс.

Ол мезгіл серіктестіктің тіркелген күнінен бастап саналады және ол бір жылдан. аспауы керек. Егерде серіктестіктердің қатысушылары белгіленген мерзімде өз үлестері бойынша міндеттемесін орындамаса, онда қатысушылар өзінің есебінен бермеген үлесінің бір бөлігін қосуы керек, болмаса олардың жарғылық капиталы косатын үлесіне дейін азайтылады.

Акционерлік қоғамның жарияланған жарғылық капиталының мөлшері бірыңғай валюта көрсетілген барлық шығарылған акцияның номиналды (атаулы) құнына тең болады. Қоғам өзінің шығады деп жариялап койған акцияларының барлығын немесе тек бір бөлігін ғана шығаруы және орналастыруы мүмкін. Ол жағдайда жабық акционерлік қоғамы мемлекеттік тіркеуден өтпес бұрын жарияланған жарғылық капиталының толық төленуін қарастырады. Ашық акционерлік қоғамы өзінің жарияланған жарғылық капиталының кем дегенде 25% тіркеместен бұрын төлеуі тиіс.

Жарияланған жарғылық капиталының минималды көлемі ашық акционерлік қоғам үшін — бес мын, минималды есептік керсеткішін, ал жабық қоғам үшін — жүз минималды есептік көрсеткішін кұрайды.

Акционерлердің жалпы жиналысында анықталған әрі жарияланған санының шегінде акцияны шығарудың жағдайы, мерзімі, саны директорлар Кеңесінің шешімімен белгіленеді.

Қоғамның шығарылған (төленгең) жарғылық капиталының деңгейі шығарылатын акцияның номиналдық (атаулы) құнына тең болады. Шығарылған (теленген) жарғылық капитал жаңадан шығарылған немесе сатып алынған және жойылған акцияларына сәйкес өзгеруі мүмкін. Бұл жерде шығарылған акцияның номиналды кұнының жиынтық сомасы әрбір коғам типіне белгіленген минималды деңгейден төмен болмауы керек.

Қоғамның жарияланған жарғылық капиталы түгелдей төленіп және орналастырылып біткен сон ғана, ұлғайтуға рұқсат беріледі; жарияланған капитал мен шығарылған капиталдың арасында айырмасы болса, онда сол сомаға жарғылық капитал азайтылады.

Жарияланған жарғылық капиталын ұлғайту және азайту туралы шешім акционерлердің жалпы жиналысында қабылданады, бірақ оларды минималды деңгейден төмендетуге рұқсат етілмейді.

Барлық кредиторларға кем дегеңде 30 күн бұрын хабарланған соң, жарияланған жарғылық капиталын азайтуға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда кредиторлар өзінің алашағын толык деңгейде, әрі тез арада талап етуге құқылы. Қоғам акциялары жай және айрықша болып келеді.

Заңға сәйкес акциялар акционерлердің келесі құқтарын қанағаттандырады:

дивидендтер алуын;

қоғамды басқаруына қатысуын;

қоғам жойылғаннан кейін одан қалған мүлікті бөлісуге қатыса алатындығын.

Қоғам тек иесі жазулы (атаулы) акцияны шығаруға құқы бар. Иесі жазулы (атаулы) акцияның қозғалысы, яғни акцияның өз ұстаушысын ауыстыру, қатаң тәртіпте арнайы құжатта - акционерлік қоғамның акционерлерінің тізімінде белгіленеді. Иесі жазулы (атаулы) акцияның кұқын, тек тізімге енгендер ғана пайдалана алады.

Жарғылық капиталдың қолда бары және қозғалысы "Жай акциялар", "Айрықшалығы бар акциялар", "Қоскдн үлестер мен жарналар" шотгары енетін "Жарғылық капиталы" деген шоттар бөлімшесінде жүргізіледі.

"Жарғылық капитал" бөлімшесінің шоттары бойынша қалдығы, оның құрылтай құжа ттарында көрсетілген жарғылық капиталының мөлшеріне сәйкес келуі керек. бөлімшенің шоттары бойынша жазу жарғылық капиталдың белгіленген тәртібі бойынша жүреді, олардың ұлғайған немесе азайған жағдайында құрылтай құжаттарында да тиісті өзгерістер енгізіледі.

"Жарғылық капитал" бөлімшесінің шоттары бойынша операцияларын қарастырайық.

"Жай акциялар "Айрықшалығы бар акциялар" шоттарының кредиті бойынша акционерлік коғамның жарғылық капиталына салынатын салымдары бойынша қатысушылардың қарыз сомасы көрініс табады, ал ол 511-ші "Төленбеген капитал" шотымен корреспонденцияланады.

Шығарылған акциялардың (салымдардың) немесе жарналардың номиналдық құны төленсе, онда ол: Егер де шығарылған акциялардың номиналдық кұны негізгі құралдармен, материалдық құндылықтармен және басқа да активтермен төленсе, онда мына шоттар дебеттеліп: Жоғарыда атап өткеніміздей, жауапкершілігі шектелген серіктестіктердің жарлық капиталын қалыптастыру процесі бір жылдан аспауы керек, егер де бұл мерзім сақталмаса, онда ол бойынша есептелген пайыз сомасының белігі немеесе оның бір бөлімі, яғни жарғылық капиталына жетіспей тұрған сомасы "Есептелген пайыз" шотынын дебеті бойынша және "Акция бойынша дивидендтер мен пайыз түріндегі табыс" шотының кредиті бойынша керсетіледі.

Егер де аталған жағдай орындалмаса, онда жарғылық капиталына жетіспей тұрған сомаға тиісті түзетулер жасалынады, ол кезде шоты дебеттелген және шоты кредиттелген - қызыл жазылады.

Серіктестіктердің қатысушысы мүшеліктен шығып кетсе, онда оның үлесін үшінші тұлға сатып алуы мүмкін, ол кезде жарғылық капиталдың сомасы өзгермейді, тек қатысушылардын құрамында ғана өзгерістер болады.

Егер де катысушылар шығып кетсе, онда соған байланысты жарғылық капитал да азаяды, демек: шоты дебеттеледіде, Егер де акционерлік қоғамның мүшелері өз акцияларын қайтып алса, шоттары дебеттеледі де, - "Қайтып алынған капитал" шоты кредиттеледі.

8.2. Акционерлік (жарғылық) капитал есебі

Ұйымдарды бастапқы кезеңде құру және бұлардың атқаратын қызметін бастау процесіне меншік иелерінің, сондай-ақ басқа да тұлғалардың осы ұйымға салған қаражат көздерін – жарғылық капитал немесе акционерлік капитал деп атаймыз.

Қазақстан Республикасының заңнамаларына сай үлес қосушылардың бастапқыда қалыптастыратын жарғылық капиталдың сомалық көлемі бір жүз айлық есепті көрсеткіштен кем болмау керек.

Өз қызметін жүргізуші ұйымдардың меншікті түрде белгілі бір сомада капиталы болуы керек. Капитал материлады құндылықтардан, негізгі құралдардан, материалды емес активтерден, ақша қаражаттарынан, қаржылық салымдардан және кәсіпкерлік әрекеттер жүргізу мақсатында құқықтық және үстемдік алу шығындарынан қалыптасады.

Бухгалтерлік есепте өз міндетін атқарушы капиталды баланстың активінде, ал активті капиталдың қаржыланған көздері мен төленуі баланстың пассивінде көрсетіледі.

Активті капитал немесе өз міндетін атқарушы капитал негізгі және ағымдағы (айналыстағы) капитал болып бөлінеді.

Негізгі капитал – негізгі құралдардан, материалды емес активтерден, ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялардан және аяқталмаған құрылыстардан қалыптасады. Бұлардың бухгалтерлік есебі оқулықтың тиісті тарауларында қаралды.

Активті (өз міндетін атқарушы) капиталдың қаржылық көздері (әсіресе ашық акционерлік қоғамдарға тән) меншікті және қарыз капиталынан қалыптасады. Бұлардың есебін жүргізудің әдіснамалық тәртібі осы тарауда енді қаралады.

Ашық акционерлік қоғамға тән өз міндетін атқарушы активті капитал қалыптастырудың көздері төмендегі сүлбеде берілді.

Капитал қалыитастыру көздері

Қ арыздағы капитал

М еншікті капитал


Ж арғылық капитал

Қ осылған капитал

Ұ зақ мерзімді капитал

Қ ысқа мерзімді капитал

Несиелер

Зайымдар

Несиелер

Зайымдар

Р езервтік капитал

Резервтік қорлар

Бөлінбеген пайда

Ұйымдық құрылым үлгісіне қарай ұйым капиталы:

жарғылық (акционерлік) капитал;

үлестік сапада салынған капитал;

пай жарнасындағы капитал сапасында ажыратылып жазылады.

Кез келген, қандай ұйымдық үлгіде болмасын меншікті капитал үш көзден:

кәсіпкерлік әрекеттерді бастау мен қалыптастыру және пайда табу мақсатында меншк иелерінің, акционерлердің және серіктестік мүшелерінің құрылған осы ұйымға, өздерінің жинақтаған ақшаларын және ақша қаражаттарына тән мүліктер мен құндылықтар құнын жарна түрінде салудан;

ұйымның қаржы-шаруашылықтық айналысына қалдырылған, дивиденттер төлеуге жұмсалмаған, жаңа активтер (мүліктер) құру үшін капиталданған пайдадан;

мақсатты қаржыландыру мақсатында мемлекттен, қоғамдық және жеке тұлғалардан жәрдем көрсету (субсидий) сапасында тегін алынған мүліктер немесе ақша қаражаттарынан қалыптасады.

Бухгалтерлік есепте меншікті капитал бірнеше құрамдас элементтерге: акционерлік (жарғылық) капиталға; қосылған капиталға; резервтік капиталға және бөлінбеген пайдаға бөлініп қаралады.

Жарғылық капиталдың мөлшері – акциялардың түрлері мен атқаратын міндетіне қарай белгіленген акциялардың саны, бір акцияның номиналдық құны, артықшылығы бар акциялардың саны сияқты мәліметтер акционерлік қоғамның жарғысында анықталып көрсетіледі. Жарғылық капиталдың мөлшері акционерлердің жалпы жиналысында бекітіледі.

Акционерлік капитал – құрылған заңды тұлғадағы акционерлік қоғамның меншігі түрінде үздіксіз жылдар үшін қалыптасады. Сондықтан, қабылданған тәртіпке сай акционерлік қоғам таратылғанға дейін акционерлік қоғамға салған өзінің акциясын акция салушы тұлғалар қайтарып ала алмайды. Алайда акционерлер өз акциясын қор биржасында (рынокта) қайта сатып алып, ақша эквивалентін қайтарып алу мүмкіндігі қарастырылады. Мұндай жағдайда акционерлік қоғамда акционерлердің құқығы басқа меншік иесіне – акция ұстаушыларға өтеді.

Ұйым меншігіне немесе меншіктегі ұйымға үлес қосушыларды акционерлер деп атаймыз. Акционерлердің екі категориясы: қарапайым және артықшылықтағы акция ұстаушы заңды және жеке тұлғалар болып ажыратылған. Бұл категорияға сай меншіктегі акциялар, қарапайым және артықшылықтағы акциялар деп аталынады.

Енді қарапайым акциялардың есебіне тоқталамыз.

Қарапайым акциялар есебі. Әр акцияның бетіне белгілі бір соманы жазып, шығарылған акцияларды номиналдық құндағы акциялар деп атаймыз.

Барлық акциялардың номиналдық құнының жалпы жинағы мен акционерлік капитал сомасының жалпы жинағының айырмасы төленген акционерлік капитал деп аталынады.

Мысал. «Арна» компаниясына Мағжан мырза 100 000 теңге ақша құйып, қарапайым бір акцияның номиналдық құны 10 теңге тұратын акцияларды 10 000 теңгеге сатып алды делік.

Сонда: Дт «Ақша қаражаттары» - 100 000

Кт «Қарапайым акциялар» - 10 000

Кт «Төленген акционерлік капитал» (90 000)

Акционерлік капитал 100 000

Меншік түріндегі ұйымды құрған кезде акционерлер директорларының кеңесінде:

а) белгілі сандағы акциялар шығару;

б) шығарылған акциялардың белгілі бір бөлігін инвесторларға сату жөнінде шешім қабылданады. Сондықтан шығарылған акциялардың жалпы құны сатылған акциялардың жалпы құнынан әрқашанда көп көлемде болуы керек.

Егер компания өзінің бұрында шығарған және сатылған акцияларын өзі сатып алатын болса, онда мұндай акциялар «қоржындағы (портфельдегі) меншікті акциялар» деп аталынады. Шығарылған акциялардың жалпы құнымен қоржындағы меншікті акциялар құнының жалпы сомасының айырымын айналыстағы акциялар деп атайды.

Мысал. Компания 300 000 акция шығарып, акцияның 500 данасын өзі сатып алатын болса, онда осы компанияның қоржынындағы меншікті акциясы 50 000 дана санында есепке алынады да, айналыстағы акциялар саны 250 000 акцияға тең болады.

Компанияның бухгалтерлік балансындағы қарапайым акциялардың мөлшері – компанияның айналыстағы акцияларының санымен көрсетіледі. Егер «Арна» компаниясының шығарған акциясының саны 100 000 акция болса, осы компания 1 акцияны есепті жыл ішінде сату үшін қойылған бағамен 90 теңгемен, 60 000 акция сатты делік. Сонымен қатар «Арна» компа-ниясы 31 желтоқсан 200х жылы өзі шығарған акцияның 10 000 санын 100 теңгемен сатып алды. Сатылып алынған акциялар саны компанияның қоржынындағы акцияларға қосылады. Сонда «қарапайым акциялар» сомасы: 60 000 х 90= 5 400 000

10 000 х 100=1 000 000

4 400 000 болады.

Компанияның балансында көрсетілген қарапайым акциялардың және компанияның қоржынындағы меншікті акцияларының сомасы төмендегідей дәрежеде болады:

Қоржындағы меншікті акциялар 5 400 000

"азайту" 100 000

Акционерлік капитал 4 400 000 теңге.

Акционерлер өз акцияларын басқадай инвесторларға сатқан кезде бұлар, нарық жағдайына сай немесе биржадағы нарықтық бағамен сатады. Нарықтық баға міндетті түрде акциялардың номиналдық құнымен немесе акционерлік капитал мөлшерімен бірдей болуы мүмкін емес. Егер акцияның номиналдық құны 100 теңге болса, акцияның нарықтық құны не жоғары, не төмен болуы мүмкін.

Біздер, ұйым меншігіндегі активті капитал сомасы осы ұйымдағы міндеттемелер сомасының айырымынан туындайтындығын білеміз. Активті капитал мен міндеттемелер айырым сомасы компанияның айналыстағы акцияларының нарықтық жалпы құнымен бірдей болуы да мүмкін емес. Сондықтан бухгалтерлік есепте акционерлердің қойған капиталының нарық-тық құнын анықтау қиындықтар туғызады.

Артықшылықтағы акциялар есебі. Кейбір корпорациялар мен компаниялар қарапайым акция ұстаушыларға қарағанда акция ұстаушылар-дың артықшылығын (жеңілдігі, үстемдігі, терминдері қолданылуы мүмкін) көрсететін акциялар шығарады. Мұндай акцияларды артықшылықтағы акциялар деп атайды.

Егер корпорация жойыла қалған немесе таратылған жағдайда артық-шылықтағы акция ұстаушылар қарапайым акция ұстаушыларға қарағанда акцияның номиналдық құнын бірінші кезекте алуға құқылы болады. Корпорация таратылған кезде 500 артықшылықтағы әр акцияның құны 100 теңге тұратын акциясы бар тұлға қандай жағдайда болмасын 50 000 (500 х 100) теңге ақшаны қарапайым акция ұстаушыларға қарағанда бірінші кезекте алады. Артықшылықтағы акциясы бар тұлғалар корпорацияның төлейтін жылдық дивидендтік сомасын алу үшін де өз үстемдігін пайдаланады.

Егер, "Х" корпорациясы 100 000 теңгедегі шығарған акциясын міндетті түрде 9% мөлшерінде жылдық дивиденд сомасын төлейтін болса, онда артықшылықтағы акциялар бойынша төленетін дивидендтік сома 9 000 теңге көлемінде есепке алынады.

Әдетте артықшылықтағы акциялар шығару жарғылық капиталдың 25% нан аспауы керек. Акциялар шығару және дивиденд төлеу мәселелері акционерлік қоғамның жалпы жиналысында қаралып шешілуі керек.

Акционерлік қоғамдар қор рыногында сату үшін акциялар шығарып, эмиссиялық операциялар жүргізеді. Сатылған акциялардың номиналдық құны акционерлік қоғамның жарғылық капиталына жазылып, акцияның номиналдық құны мен салыстырғандағы нақтылы сатылған құнының артық дәрежесі эмиссиялық табыс сапасында танылып, қосымша капитал счетына жазылады.

Қазақстан Республикасының есеп жүргізу тәжірибесінде тіркелген барлық жарғылық капитал сомасы ең әуелі «Төленбеген капитал» счетының дебетіне акциялар жөніндегі «Қарапайым» және «Артықшылықтағы» счет-тардың кредитінен жазылады.

«Жарғылық капитал» счетындағы қалдық әлі де сатылмаған және акцияға осы компанияның шығарған акцияларына жазылу жөніндегі құжат рәсімделе қоймаған кездегі акциялардың номиналдық құнымен бірдей немесе аз мөлшерде болуы мүмкін.

Алдын ала акцияға жазылу құжаты рәсімделмей тұрғандағы сатылған акциялардан түскен ақшалар Дт «Ақша қаражаттары», Кт «Жарғылық капитал» және Кт «Қосымша капитал» счеттары бойынша жазылады.

Акциялар сатып алу жөнінде акцияға жазылу келісім-шартында көрсетілген сомада акционерлік қоғамның бухгалтерлік есебінде, ақшаның немесе мүліктердің түскен-түспегендігіне қарамастан жарғылық капитал және қосымша капитал қалыптасады. Акцияға алдын-ала жазылу сомасы берешектер қарызы сапасында «Қатысушылар табысы бойынша есеп айырысу» счеты дебеттеліп, «Жарғылық капитал», «Қосымша капитал» счеттары кредиттеледі.

Акцияға жазылу жөніндегі келісім-шартқа акцияны сатудың бағасы, қарыздарды жабу мерзімі, төлеудің түрлері (теңге, доллар) және мүліктер құны, төлеуге қабылданған акциялар саны жазылуы керек. Акцияға иелік ету құқығын акцияға жазылушылар акциялар құнын келісім-шартқа сай толығы-мен төлегеннен соң ғана ала алады.

Акцияға жазылу жөніндегі келісім-шарт бойынша акционерлік қоғамға берілетін мүліктер: материалды емес активтер, негізгі құралдар, инвестициялар, материалдар, тауарлар счеттарының дебетіне «Қатысушылар табысы бойынша есеп айырысу» счетының кредитінен жазылады.

Салымдар мен пай жарналарының есебі. Бірлесіп кәсіпкерлік атқару үшін өндірістік кооператив түрінде құрылған ұйымға салынған мүліктер сомасын пай қоры деп атаймыз. Пай қоры кооператив мүшелерінің салған жарналарынан қалыптасады.

Кооператив жарғысында бекітілген жағдайларға сай капитал жинақтауға арналған қаражаттар пай қорына қосылып, кооператив мүшелерінің салған пай жарнасының сомасына қарай кооператив мүшелеріне пропорционалды әдіспен төленіп отырады.

Өндірістік кооперативтің тапқан таза пайдасы осы кооперативтің жарғысына сай кооператив мүшелеріне (жұмыс күні саны, тапқан еңбек ақысы, өндірген өнімнің сомасы т.б.) сай таратылады.

Өз мүшелігін тоқтатқан кооператив мүшелері өздері салған пай жарналарын ақшалай немесе натуралды түрде алуына болады. Кооператив мүшелігінен шығып кетушіге пай жарнасының сомасы жылдық есеп бекітілгеннен соң беріледі.

Пай қорының есебі кооператив мүшелерінің бет есебінде: кооператив мүшелерінің ақша және мүлік түрінде салған жарнасы; кооператив мүшелерінің тапқан пайдасының белгілі бір бөлігін пай қорына аударуы жөніндегі операциялар есебі жүргізіледі.

Пай қоры құрылғанда және басқада көздерден көбейтілгенде

Дт «Ақша қаражаттары»

Кт «Пай қоры немесе пай салымы» счеттары бойынша жазылады жазылады.

Пай қорының азаюы кооператив мүшелеріне пайлық төлемдер төленгенде немесе берілгенде, жұмсалынған шығындар есебінен азайтылып отырады.

Дт «Пай қоры немесе пай салымы»

Кт «Кооператив мүшелерімен есеп айырысу» жылдың аяғында «Жиынтық табыс (зиян)» счеты бойынша жазылады.

Өз меншігіндегі акциясын сатып алу немесе капиталды азайтудың есебі. Акционерлік қоғам акционерлер жиналысының шешіміне сай өздері шығарған акцияларын қайта тарату, акциялар құнын жою т.б. мақсаттар үшін өз акцияларын сатып алу құқысы болады. Айналысқа түсірілген акцияларды акционерлік қоғамның сатып алуы жөніндегі операциялар нақтылы сатып алу бағасымен «Ақша құжаттары – сатылып алынған акциялар» счетына кіріске алынады. Мұндай акцияларды акционерлік қоғам өз балансында ұстап, қор биржасында қайта сатуы мүмкін. Акционерлер шешіміне сай сатылып алынған акциялар сомасына қоғамның жарғылық капиталы азайтылып, акциялардың саны мен сомасы жойылады. Сатылып алынған акцияларды бухгалтерлік баланста ұстау мерзімі әр елде әр түрлі болуы мүмкін. Баланста тұрған акциялардың ұстау мерзімі аяқталған кезде акцияларды не сату немесе жою керек. Мұның нәтижесінде жарғылық капитал сомасы азайтылады.

Өз акциясын сатып алған жағдайдағы айналыстағы акцияларға диви-денд есептелінбейді және төленбейді. Акционерлік қоғам жойылған кезде мұның мүліктерін таратып алу жөніндегі операциялар меншікті акциялар қозғалысына ешқандай қатысты болмайды.

Егер, меншіктегі акциялар сатып алу құнынан жоғары бағамен сатылса, онда артық алынған сома акционерлік капитал құрамындағы төленген капитал счетының кредитіне, яғни «Қосымша капитал» счетының кредитінде көрсетіледі, ал меншіктегі акцияның сату бағасы акцияның құнынан аз сомада сатылса, онда кем дәрежедегі сома акционерлік капитал құрамындағы «Қосымша капитал» счетының дебеті арқылы шегеріледі.

Мысал. 15 000 қарапайым акция 2 000 теңге номиналдық құнымен сатылып алынды – 30 000 мың теңге (15 000 х 2 000); Акциялардың нарықтық құны 4 000 теңге болғанда – 60 000 мың теңге (15 000 х 4 000). Артықшылықтағы 4 000 акция 5 000 теңге номиналдық құнмен сатылып алынды – 20 000 мың теңге (4 000 х 5 000). 7 000 акция нарықтық құнмен – 37 100 мың теңге (7 000 х 5 300) сатылды. Бұларды сатып алудағы құны – 28 000 мың теңге (7 000 х 4 000).

Осы мәліметтерге сай бухгалтерлік есепте мынандай жазулар жазылуы керек.

1. Қарапайым және артықшылықтағы сатылып алынған акциялардың жалпы сомасына 80 000 мың теңге (60 000 + 20 000); Бұл операция төмен-дегіше:

Дт «Ақша қаражаттары – сатылып алынған акциялар» 80 000

Кт «Есеп айырысу счеты» 80 000 бойынша жазылады.

2. Артықшылықтағы 4 000 акцияны жою есебінен жарғылық капитал сомасы азайтылды:

Дт «Жарғылық капитал» 20 000

Кт «Қосымша капитал – сатылып алынған акциялар» 20 000.

3. Акционерлік қоғамның бұрында сатып алған 7 000 акциясы сатылды:

Дт «Қосымша капитал» 28 000

Кт «Ақша қаражаттары» 28 000.

Дт «Есеп айырысу счеты» немесе «Берешектер қарызы» 37 100

Кт «Қосымша капитал». 37 100.

Қазақстандық бухгалтерлік есеп жүргізу тәжірибесінде акционерлік капиталға салынған негізгі құралдар, инвестициялар, материалды емес активтер, таза инвестицияларды қайта бағалау процесінде туындаған не көп, не аз дәрежеде анықталған айырым операциялары есебін жүргізуге «Қосымша төленбеген капита» счеты арналған.