
- •Лекциялық кешен қаржылық есеп I пәнінен
- •1.1. Ақша қаражаттары мен оның эквиваленттерінің есебі
- •1.3 Ағымдағы есеп айырылсу счетындағы ақша қаражаттарының есебі
- •1.4. Жолдағы ақша қаражаттарының есебі
- •2.2. Алынатын счеттар және вексельдер бойынша есеп айырысу
- •2.3.Басқадай берешектер қарызының есебі
- •3.1.Тауарлы-материалды босалқылар жөніндегі ұғым.
- •3.2.Материалдар қозғалысы есебін құжаттау
- •3.3. Хқе 2 «Босалқылар» стандарттарының негізгі принциптерін сипаттау
- •4..2. Негізгі құралдарды сыныптау және бағалау
- •4. 3. Хқе 16 «Негізгі құралдар» стандартын қолданудағы талаптарды сипаттау
- •5.1. Материалды емес активтердің экономикалық маңызы, түрлері және бағалануы
- •5. 2. Материалды емес активтерді кіріске алудың есебі
- •6.1 Міндеттемелер жөніндегі жалпы ұғым.
- •6.2 Банктер қарызы және несиелер есебі
- •6. 3. Қарызға алынған ақша қаражаттарының есебі
- •6.4. Еншілес, тәуелді серіктестіктердің алашақ қарыздары
- •7.1 Табыстар мен шығындардың экономикалық сипаты
- •7. 2. Табыстарды тану және бұларды есепке алу принциптері
- •7. 3 Шығындарды тану және бұларды есепке алу принциптері
- •8.1. Жарғылық капитал есебі
- •8. 3. Резервтік капитал есебі
- •9.1. Нарықтық қатынастар жүйесіндегі қаржылық есеп тұжырымдамасының (концепцияларының) негіздері.
- •9.2. Қаржылық есеп жүйесінің сапалық принциптері
- •9. 3. Қаржылық қорытынды есеп элементтерін бағалау
7. 2. Табыстарды тану және бұларды есепке алу принциптері
Дайын өнімдер, тауарлар, жұмыстар, қызметтер және басқалай артық саналған құндылықтарды сатып алушыларға жеткізіліп берілген кезде, ақшаның түсуі немесе түспеуіне қарамастан түскен табыс сапасында есепке алынады.
Табыс акшалай өлшеммен өлшеніп, ұйымның ақша алу құқысына иелік етуін бекітеді. Табыстың ақшалай өлшемі екі жақты жасалған келісім-шартта көрсетіледі. Активтерді (тауарлы-материалды құндылықтар мен дайын өнімдер т.б.) сатқан жағдайда, бұлардың бастапқы құнына сатуға байланысты жұмсалған шығындар сомасының қосылатындығын есте сақтау керек.
Құндылықтардың сапасыздығынан болған шегерімді және сату шегерімін, басқа да шегерімдерді қабылдау жөніндегі сатып алушылардың қойған талабын, сатып беруші жақ қабылдаған жағдайда, мұндай шегерімдер табыс сомасының жалпы көлемін азайтады. Шегерілетін шегерім сомасы табыс көлемін азайтады. Табыстың жалпы көлемі пайда көлемін анықтайтын болғандықтан, табысты тану пайданы танудың ережесімен өзара тығыз байланыста болады. Сондықтан, пайда қашанда тиімді қызмет атқарудың нәтижесіндегі түскен пайда болып танылады. Шаруашылық қызметінің нәтижесінде түскен пайда экономикалык бағытпен қарағанда үзілмейтін үрдіс.
Енді табысты қай кезеңде және қандай жағдайда есептейтіндігіне тоқта-лалық.
Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына сай табыс: 1) сатып алушылардан ақшаның түскен кезеңімен бірге есептелінген табыс; 2) ақша түскенге дейінгі есептелінген табыс; 3) ақша түскеннен соң есептелінген табыс кезеңдері бойынша бөлініп қаралады.
Бірінші мысал. Жүк тасымалдаушы ұйым басқа ұйымға жүк жеткізіп беру қызметін атқарғандығы үшін осы күні 30,0 мың теңге ақша алды. Бұл операцияның негізінде жүк тасымалдаушы осы ұйымның кассадағы ақшасы 30,0 мың теңгеге көбейіп, табысы да артты. Яғни:
Дт «Ақша қаражаттары» 30 000
Кт «Сатудан түскен табыс» 30 000 счеттары бойынша жазылды.
Екі жақты жазу принципі орындалып, түскен табыс пен түскен ақша бірдей уақытта есепке алынғандығын көруге болады.
Екінші мысал. К дүкені қаңтар айында М атты сатып алушыға 120,0 мың теңгенің жиһазын сатып, осы айда бұл жиһазды М атты сатып алушыға жеткізіп берді.
Дт«Ақша қаражаттары» 120 000
Кт«Сатудан түскен табыс» 120 000 счеттарына жазылды.
Мұнда да екіжақтылык принцип орындалып, түскен табыс пен ақша бірдей уақытта есепке алынды.
Үшінші мысал. Қаңтар айында К дүкені О атты сатып алушыға құны 210 000 мың теңге тұратын жиһазды несиеге сатты. О атты сатып алушы 30 күн ішінде есептесуді өз міндетіне алды.
Дт «Алынуға тиісті счет» 210 000
Кт «Сатудан түскен табыс» 210 000 счеттарына жазылды.
Бір айдан соң сатып алушы клиент жиһаз сатушы дүкенмен несиеге алған құндылық үшін есеп айырысты.
Дт « Ақша қаражаттары» 210 000
Кт «Алынуға тиісті счет» 210 000 счеттарына жазылды.
Сату принципіне қарай ақша қаражаты түспес бұрын түскен табыс бір ай ерте есепке алынды. Яғни табыс ақша қаражаты түспес бұрын есепке алы-нып, ақша алушылық құқық бір айдан соң орындалғандығын көруге болады.
Ендігі жерде тауар және басқа да қызметтерді алушы жақ алдын ала аванс беріп, сатып беруші жақ тауарларды кейін жеткізіп беретін болып міндеттеме қабылдайды.
Мұның үшін Дт «Ақша қаражаттары» счеты дебеттеліп, Кт«Сатып алу-шылардың авансы» счеты кредиттеледі.
Егер сатып беруші жақ өз міндеттемесін орындап, сатып алушыға тауарлар жеткізіп берген жағдайда:
«Сатып алушылардың авансы» счеты дебеттеліп, «Сатудан түскен табыс» счеты кредиттеледі.
Жоғарыда көрсетілген операциялар мазмұнынан табыс сомасының сатылған тауарлар құнымен бірдей екендігін көруге болады. Сонымен қатар, сатып беруші үйым сатып алушы ұйымға тауарлар жеткізіп беріп, қызметтер көрсеткен жағдайда сатып беруші ұйым не ақша, не сатып алушылардың міндеттемесін қабылдайды. Түскен ақша немесе сатып алушының берген уәдесі ұйым табысына бірден жазылады. Мұндай жағдайда ұйымның активті қаражаттары көбейіп отырады.
Бухгалтерлік есеп тәжірибесінде активті қаражаттар (ақшалар) көбей-генімен, табыс көлеміне ешқандай да әсер етпейтін шаруашылық операция-лары іске асырылуы мүмкін. Мысалға, банктен алынған несие есеп айырысу счетындағы ақша қаражатын және алынған міндеттемені (пассивті) бірдей сәтте көбейтіп, түсетін табысқа ешқандай да әсер етпейді. Қаржы салым-шылар мен меншік иелері қосымша каражат салған жағдайда ұйым табысы сомасына ұйымның капиталы көбейіп, табысқа ешқандай да әсер етпейді.
Сонымен, ұйымдардың табысын қалыптастыру өнім өндіруге, тауарлар мен көрсетілген қызметке жүмсалған шығындарға тікелей байланысты. Немесе жұмсалынған шығындар табыстың қарама-қайшылығын көрсетуші нәтижелі өлшем болып табылады. Өз кезегінде шығындар сомасы активті қаражаттарды азайтып, пассивті көбейтеді. Бухгалтерлік есеп тәжірибесінде ақша төлеу жөніндегі кейбір операциялар шығынға жатпайтындығын ескер-ген жөн. Мысалға, меншік иесі мен акционерлер өзіне тиеселі қаражатын алған жағдайда капитал сомасы азайып, бұл сома жұмсалған (азайған) шығындарға ешқандай да әсер етпейді.
Табыс алу арқылы капиталдың өзгеріске түсіп отыруын есептеу, бухгалтерлік есепте біршама қиындықтар туғызады. Алайда, шығындар мен табыстар өрісінде болатын шаруашылық операцияларын жинақтап отыру үшін табыстар мен шығындардың жекелеген түрлеріне арнап аналитикалық счеттар жүргізілуі керек (Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарында аналитикалық счеттарды уақытша немесе номиналдық счеттар деп атайды).
Уақытша ашылған счеттарда белгілі бір кезеңдегі табыстар мен шығын-дар жағдайының мәліметтері тіркеледі. Бұдан соң табыстар мен шығындар счетында уақытша жинақталған сомалар пайда немесе зиян счетына көшіріледі. Активтер мен пассивтер және капитал есебін жүргізуші счеттар-дың қалдығы міндетті түрде баланста көрсетіледі. Қалдығы балансқа түсірілетін счеттарды - түрақты счеттар деп атайды.
Қорыта келгенде, табыстар мен шығындардың бухгалтерлік есебін бірдей кезеңде жүргізу, сату принципін жүзеге асырудың ең алғашқы негізін қалыптастырады.