Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қаржылық есеп 1 лекцилар курсы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
716.29 Кб
Скачать

7.1 Табыстар мен шығындардың экономикалық сипаты

Ұйымдардың шаруашылық қызметтерінің нәтижесі – алынғын табыс-тар мен жұмсалынған шығындардан қалыптасады. Табыстар мен шығындар ұйымның қаржылық нәтижесін өзгертіп отырады.

Экономикалық тұрғыдан қарағанда – табыс ұйымның меншігіне түсетін қаражаттар сапасында танылады.Қаражаттар активтердің көбеюін көрсетеді. Ұйымның құрылған күніндегі құрылтайшылардың салған қаража-ты табыс болып танылады. Нарықтық қатынастар жағдайында бастапқы кезеңде банктерден немесе басқада заңды тұлғалардан уақытша алынған қаражаттарда табыс сипатында болады.

Экономикалық маңызына сай – шығындар табыс алу мақсатында ұйымның меншігінен нақтылы жұмсалынған қаражаттар сапасында таныла-ды. Жұмсалынған қаражаттар активтердің азаюын көрсетеді.

Сатылған өнімдер, тауарлар, жұмыстар мен қызметтер құны төленгенге дейін жұмсалған шығындар активті қаражаттар түрінде қаралады. Яғни, (өнімдер немесе тауарлар берілді) шығындар жұмсалады, ал табыстар (ақша түспеді) алынбады деп те түсінуге болады.

Бухгалтерлік есеп мазмұны тұрғысынан қарағанда табыстар түскен активтердің нәтижесінде (ақша қаражаттары, басқада құндылықтар) экономикалық пайда әкелетін және осы ұйым капиталын көбейтуші міндеттемелердің жабылуын қамтамасыз етуші категория.

Шығындар жұмсалған активтердің нәтижесінде (ақша қаражаттары, басқада құндылықтар) экономикалық пайданың азаюын және осы ұйымның капиталын азайтушы міндеттемелердің алынуын көрсетуші категория сапасында да танылады..

Шаруашылық қызметінің фактілері нәтижесінде капиталдың өзгеруі табыстар мен шығындар арқылы есептелініп, пайда немесе зиян сомасының (табыстар мен шығындар айырымы) есебін көрсетеді. Осыдан табыстар мен шығындардың бухгалтерлік есебі қаржылық қорытынды нәтижесін шығару пайда немесе зиян процесіне бағындырылған деп те қарауға болады. «Табыстар мен шығындар» термині қатар қолданылатын капитал мен пайданы анықтаушы бухгалтерлік есептің маңызды категорияларына жатады. Табыстың бухгалтерлік есебін жүргізу қарапайым, ал шығындар есебін жүргізу біршама күрделі жолдармен орындалады.

Табыстар деп – есепті жылдағы түскен табыстар сомасының жұмсалған шығындар сомасынан артық дәрежесін айтамыз. Егер шығындар сомасы табыстар сомасынан көп сомада болса, онда ұйымдар зиян шегеді. Негізінен табыстар есепті жыл ішіндегі өнімдерді, тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді және басқалай құндылықтарды сатудан алынған түсіммен (выручка) анықталады. Түскен түсім деп – осы ұйымның ақша қаражатының көбеюін айтады.

Сатудан түскен түсім сомасы өндірілген өнімдердің өзіндік құнын, сатуға байланысты операциялық шығындар сомасын жабуды және міндетті түрде табыс алуды қамтамасыз етуі керек. Сатылған өнімдердің өзіндік құнымен сатудан түскен артық айырманы жалпы табыс деп атаймыз.

Егер ұйымдар жеткілікті жағдайда жалпы табыс алмаса, онда мұндай ұйымдар таза пайда таба алмайды және алдағы кезеңдерде өндірістік процеске жұмсалынатын активтерді қаржыландыра алмайды.

Халықаралық бухгалтерлік есеп принциптеріне тән шығындар категориясының үш түсінігі берілген: 1)ақша жұмсау шығындары (издержки) құндылықтар (шикізат, материалдар) жұмсау шығындары (затраты); жұмсал-ған шығындар (расходы). Басқа жақтардан активтік ресурстар сатып алуға жұмсалған ақша қаражаттарын ақша төлеу арқылы алынған шығындары деп атаймыз. Ұйымдардың тауарлар, материалдар, негізгі құралдар т.б. активті қаражаттар сатып алуға жұмсаған ақшаларын қаржылық шығындар жұмсау дейміз. Ұйымдар активінің көбеюі жұмсалған ақшаның сомасымен байла-нысты. Қаржылық шығындар алдағы кезеңдерде шаруашылық процесіне жұмсалынатын қаражаттарды қалыптастырады. Бұдан, ақшаның қаражатқа айналып, қаражаттар бухгалтерлік есеп балансына алынатындығын және қаражаттардың алдағы кезеңдердің бірінің ішінде шаруашылық процесіне жұмсалатындығын – «жұмсалынғын шығындардың» пайда болғандығын түсінеміз. Яғни активтерді сатып алып, кіріске алған күнмен (сатып алу сәті), осы активтерді өндірістік т.б прцестерге жұмсалған күнге дейінгі активтерді қаражаттар деп атаймыз.

Егер баланста тұрған қаражаттардың белгілі бір бөлігі есепті жыл ішінде өндірістік процеске т.б. мұқтаждықтар мен мақсаттарға жұмсалған жағдайда (әбден мүмкін) жұмсалған шығындар сапасында танылады. Сон-дықтан есепті жыл ішінде табыс алу мақсатында жұмсалған ресурстарды шығындар деп атаймыз. Ресурстарды тиімді жұмсау табыстар түсіреді және пайда табуды қамтамасыз етеді. Алынған табыс көлемі соңғы нәтижелі көрсеткіш және таза пайда түсірудің ең маңызды қадамы болып табылады. Қандайда болмасын заңды тұлғалардың экономикалық өмірінде табыстар мен шығындар арасында өзара үздіксіз байланыс болуы керек.