
- •Лекциялық кешен қаржылық есеп I пәнінен
- •1.1. Ақша қаражаттары мен оның эквиваленттерінің есебі
- •1.3 Ағымдағы есеп айырылсу счетындағы ақша қаражаттарының есебі
- •1.4. Жолдағы ақша қаражаттарының есебі
- •2.2. Алынатын счеттар және вексельдер бойынша есеп айырысу
- •2.3.Басқадай берешектер қарызының есебі
- •3.1.Тауарлы-материалды босалқылар жөніндегі ұғым.
- •3.2.Материалдар қозғалысы есебін құжаттау
- •3.3. Хқе 2 «Босалқылар» стандарттарының негізгі принциптерін сипаттау
- •4..2. Негізгі құралдарды сыныптау және бағалау
- •4. 3. Хқе 16 «Негізгі құралдар» стандартын қолданудағы талаптарды сипаттау
- •5.1. Материалды емес активтердің экономикалық маңызы, түрлері және бағалануы
- •5. 2. Материалды емес активтерді кіріске алудың есебі
- •6.1 Міндеттемелер жөніндегі жалпы ұғым.
- •6.2 Банктер қарызы және несиелер есебі
- •6. 3. Қарызға алынған ақша қаражаттарының есебі
- •6.4. Еншілес, тәуелді серіктестіктердің алашақ қарыздары
- •7.1 Табыстар мен шығындардың экономикалық сипаты
- •7. 2. Табыстарды тану және бұларды есепке алу принциптері
- •7. 3 Шығындарды тану және бұларды есепке алу принциптері
- •8.1. Жарғылық капитал есебі
- •8. 3. Резервтік капитал есебі
- •9.1. Нарықтық қатынастар жүйесіндегі қаржылық есеп тұжырымдамасының (концепцияларының) негіздері.
- •9.2. Қаржылық есеп жүйесінің сапалық принциптері
- •9. 3. Қаржылық қорытынды есеп элементтерін бағалау
6.4. Еншілес, тәуелді серіктестіктердің алашақ қарыздары
Аналық компанияның бақылауындағы еншілес, тәуелді серіктестіктердің алашақ қарыздары жөніндегі негізгі қағидалар ХҚЕ 24 «Байланыстағы жақтар жөніндегі ақпараттарды ашу» стандартында айтылған. Байланысқа түсуші жақтар өрісіндегі операциялар негізінен ресурстар және міндеттемелер алмасудан туындайды.
Егер аналық компанияның бақылауындағы және дербес баланстағы еншілес, тәуелді серіктестіктерден алынған тауарлы-материалды босалқылар, сату үшін алынған тауарлар, басқадай активтер алу, қызмет көрсету, жалдау келісімі, лицензиялық келісім, басқару процесіне жасалынған келісім т.б. бойынша аналық компания өз бақылауындағы еншілес, тәуелді серіктестіктерге берешек болған жағдайда, мұндай қарыздар алашақтар қарызы болып танылады. Аналық компаниямен еншілес ұйымдар арасында кәдімгі коммерциялық қатынастар туындайды. Нарықтық қатынастар жағдайында көптеген компаниялар өз қызметін еншілес ұйымдар арқылы іске асырып, көптеген операциялар жүргізеді.
Қазақстандық бухгалтерлік есеп счеттарының жоспарында еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын ұйымдардың алашақ қарыздарының бухгалтерлік есесбі мына төмендегіше корреспонденцияланады:
1. Аналық компаниядан алынған материалдар мен тауарлар операциясы бойынша алашақтар қарызы
Дт «Материалдар»
Кт «Еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын серіктестіктер» - бұлардың жекелеген ұйымдық түрлері бойынша жазылады.
2. Негізгі серіктестіктерден (басқа категория түрінде) алынған жұмыстар мен қызметтер бойынша
Дт «Шығындар» - бұлардың сыныптық топтары бойынша
Кт «Еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын серіктестіктер» жазылады.
3. Еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын серіктестіктердің алашақ қарыздарын жабу
Дт «Еншілес .... »
Кт «Ақша қаражаттары» счеты бойынша жазылады.
Алынған аванстар
Егер сатып алушылар осы ұйымға кейіннен алынатын тауарлар үшін аванстық төлем қаражатын берсе, онда осы ұйым тауарлар қою жөнінде міндеттеме қабылдайды. Алынған аванс «Ақша қаражаттары» счетының дебетіне, «Алынған аванстар» счетының кредитінен жазылады.
Мысал. 1) Наурыз айында ұйым 30 000 теңге жарнама жариялау үшін ақша қаражатын басқа ұйымнан алды. Бұл операция:
Дт «Ақша қаражаттары» 30 000
Кт «Алынған аванстар» 30 000 счеттары бойынша жазылды.
2) Жарнама жариялау қызметі маусым айында орындалды
Дт «Алынған аванстар» 30 000
Кт «Табыстар» 30 000 счеттары бойынша жазылды.
Егер алдағы кезеңдерде қойылатын тауарлар немесе орындалған жұмыстар мен қызметтер үшін алынған аванстық сома қоюшылар тарапынан толығымен немесе жартылай жұмсалынбаған жағдайда, мұндай сомалар сатып алушыға қайтарылады
Дт «Алынған аванстар»
Кт «Ақша қаражаттары» счеттары қолданылады.
7-тақырып. Табыстар мен шығыстарды тану (ХҚЕС 18)
7.1. Табыстар мен шығындардың экономикалық сипаты
7.2. Табыстарды тану және бұларды есепке алу принциптері
7.3. Шығындарды тану және бұларды тану