Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қаржылық есеп 1 лекцилар курсы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
716.29 Кб
Скачать

6. 3. Қарызға алынған ақша қаражаттарының есебі

Нарықтық қатынастар жағдайында ұйымдар басқада заңды және жеке тұлғалардан ақша қаражаттарын қарызға алуына болады. Алынатын қарыз келісім-шартына сай алынған қарыздар сомасы «Банк мекемесіне жатпайтын ұйымдардан алынған қарыздар» счетында жүргізіледі.

Мысал. Тауарлы материалды босалқылар сатып алуға 500 000 теңгенің несие қарызы дер кезінде қайтарылмағаны үшін 10% төлем қаралған жағдаймен коммерциялық несие алынды делік. Бұл операцияның мазмұны бухгалтерлік есеп счеттарына төмендегіше жазылады.

Коммерциялық несие алынған кезде: Дт «Қоюшылар және мердігерлер-мен есеп айырысу» счеты бойынша 500 000 теңге және пайыздық сомаға - Дт «Басқалай табыстар» счеты бойынша 50 000 теңге жазылады да, «Берілген вексельдер» счетының кредиті бойынша 550 000 теңге жазылады.

Қоюшылардың қарызы жабылған кезде:

Дт «Берілген вексельдер» счеты Кт «Ақша қаражаттары» счетымен корреспонденцияланады.

Бухгалтерлік есеп счеттарын компьютерлік технология әдісімен жүргізу барысында несиелердің түрлері, жабу мерзімі, т.б. жөніндегі ақпараттар негізінде бухгалтерлік баланс және басқада есептіліктерді жеңіл жасауға болады.

Сонымен қатар ұйымның есеп саясатында қарызға алынған қаражаттар құрамы және бұларды жабуға жұмсалған қосымша шығындар және қарыз міндеттемелеріне есептелінетін табыстарды есептеу мен тарату әдістері, сондай-ақ салынатын салықтарды төлеуге байланысты шаралар толығымен қаралуы керек.

Бухгалтерлік есептілікте қарызға алынған қаражаттардың қолда бары мен қозғалысы және бұларды жабу мерзімі, несиелер мен қарыздар жөніндегі шығындардың операциялық шығындарға қосылуы, сондай-ақ қарыздағы сомалардың инвестициялық активтер құнына қосылуы жөніндегі ақпараттар қалыптасады. Бухгалтерлік баланстағы «Банктердің ұзақ мерзімді несиелері», «Банктердің қысқа мерзімді несиелері» баптарындағы мәліметтер банк көшірмесі құжаттарымен расталуы керек.

Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) алу үшін берілген вексельдер, шығарылған облигациялар есебі Қазақстандық бухгалтерлік есеп счеттарының жоспары бойынша «Басқалай несиелік операциялар есебі» счетында жұргізіледі.

Қарыз алу келісім-шарты – облигациялар шығару мен сату жолдарымен анықталуы мүмкін. Қарыз беруші жақ (эмитент) сатылған облигациялардың номиналдық құнын алашақтар қарызы түрінде есепке алады. Бұлар бухгалтерлік есепте есепті жылдың соңында облигациялар бойынша төленетін жалпы сомаға пайыздық шығындарды қосу арқылы есепке алынады.

Мысал. Ұйым ақша қаражатын келтіру немесе қатыстыру мақсатында номиналдық құны 1 000 000 теңге, жабу мерзімі 3 жыл, облигацияны жабудағы төленетін пайыздық көлем 30%-дық мәліметтермен облигациялар шығарды. Облигациялар 1 072 000 теңгеге сатылды. Есеп саясатына сай облигациялар бойынша есептелінген пайыздық шығындар алдағы кезеңдер шығыны түрінде есепке алынады.

Бухгалтерлік есеп жазулары төмендегіше:

1. Сатылған облигациялар үшін алынған ақша

Дт «Ақша қаражаттары» 1 072 000

Кт «Несиелік басқадай қарыздар» 1 000 000

Кт «Алдағы кезеңдер табысы» 72 000.

2. Әр ай сайын облигациялардың номиналдық және сату құқығының айырымын есептен шығару

Дт «Алдағы кезеңдер табысы» 2 000 (72 000 : 36 айға)

Кт «Басқадай қарыздар» 2 000.

3. Облигациялар бойынша әр жылдағы есептелінген пайыздар

Дт «Алдағы кезеңдер шығындары» 300 000 (1 000 000 х 30 : 100)

Кт «Облигациялар жөніндегі пайыздар» 300 000.

4. Әр ай сайын облигациялар жөніндегі пайыздар сомасын операция-лық шығындар құрамына қосу

Дт «Сыйақыландыру шығындары» 25 000 теңге (300 000 : 12 айға)

Кт «Алдағы кезеңдер шығындары» 25 000.

5. Облигациялар құнын жабу және пайыздар жөніндегі қарыздар

Дт «Несиелік басқадай қарыздар» 1 000 000

Дт «Облигациялар жөніндегі пайыздар» 900 000

Кт «Ақша қаражаттары» 1 900 000 жазылады.

Егер облигациялар номиналдық құнынан төмен дәрежеде сатылатын болса, онда номиналдық құнмен сату бағасының айырымы облигациялардың айналысқа түскен мерзімінің ішінде бірқалыпты қосымша есептелінеді. Яғни,

Дт «Басқадай шығындар»

Кт «Төленетін сыйақылар» счеты бойынша корреспонденция-ланады.

Қарыз алушы ұйым қарыз берушінің қойған талабына сай тауарлар алу (жұмыстар, қызметтер) үшін алған қарызын вексельдер берумен қамтамасыз ете алады.

Вексель беруші жақ вексельдік соманы (вексельде көрсетілген) алашақтар қарызы түрінде көрсетеді.

Төленетін пайыздық соманы (дисконт) ай сайын вексельдік жалпы сомаға бірқалыпты қосып отыру үшін жұмсалатын шығындар, ең әуелі алдағы кезеңдер шығындары сапасында танылуы керек.

Мысал. А ұйымы Б ұйымынан 500 000 теңге қарыз алып, бұл соманы қамтамасыз ету үшін номиналдық құны 530 000 теңгенің вексельін вексель берілгеннен кейінгі үш айдан соң төлеу жөніндегі міндеттеме қабылдады. Есеп саясатына сай берілген вексельдер бойынша төленетін пайыздар (дисконт) алдағы кезеңдер шығындары түрінде есепке алынады.

А ұйымындағы бухгалтерлік есеп жазулары төмендегіше жазылады:

1. Б ұйымынан алынған қарыз

Дт «Ақша қаражаттары» 500 000

Кт «Несиелік басқадай қарыздар» 500 000.

2. Берілген вексельдерді көрсету

Дт «Баланс сыртындағы міндеттемелер» 530 000(баланс сыртындағы счет)

3. Вексельдер бойынша есептелінген пайыздар

Дт «Алдағы кезеңдер шығындары» 30 000

Кт «Төленетін сыйақылар» 30 000.

4. Әр ай сайын қарыздар жөніндегі шығындарды көрсету

Дт «Басқадай шығындар» 10 000

Кт «Алдағы кезеңдер шығындары» 10 000.

5. Үш айдан соң төленген вексельдік сома

Дт «Несиелік басқадай қарыздар» 500 000

Дт «Төленетін сыйақылар» 30 000

Кт «Ақша қаражаттары» 530 000.

6. Жабылған вексельді есептен шығару

Кт «Баланс сыртындағы міндеттемелер» 530 000(баланс сыртындағы счет).

Алдағы кезеңдер табыстарын қысқаша сипаттау. Есепті осы кезеңде алынған, алайда келесі есепті кезеңге жатқызылған табыстар. Бұлар-ға: алдын-ала алынған жал төлемдері, тұрғын үй қызметін көрсетудің төлемдері, абоненттік төлемдер т.с.с. жатады. Мұндай табыстарды алған кезде «Алдағы кезеңдер табысы» счеты қолданылады. Алдағы кезеңдер табысы

Дт «Ақша қаражаттары»

Кт «Алдағы кезеңдер табысы» счеттары бойынша жазылады.

Алдағы кезеңдер табысын есептеген кезде «Алынатын счеттар» - мүмкін: "Еншілес серіктестіктер қарызы", "Тәуелді серіктестіктер қарызы", "Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалар қарызы", "Есептелінген пайыздар" счеттары дебеттелініп, «Алдағы кезеңдер табысы» счеты кредиттеледі.

Бұрында алынған, осы есепті жылға жатқызылған табыстарды есептен шығарған кезде

Дт «Алдағы кезеңдер табысы»

Кт «Негізгі қызметке жатпайтын басқадай табыстар» счеттары бойынша жазылады. Қажет болған жағдайда осы айтылған «Негізгі қызметке жатпайтын басқадай табыстар» счетын түскен табыстардың түрлері мен мазмұнына қарай қосымша немесе жаңа аналитикалық счеттар ашып жүргізуге болады.