
- •Лекциялық кешен қаржылық есеп I пәнінен
- •1.1. Ақша қаражаттары мен оның эквиваленттерінің есебі
- •1.3 Ағымдағы есеп айырылсу счетындағы ақша қаражаттарының есебі
- •1.4. Жолдағы ақша қаражаттарының есебі
- •2.2. Алынатын счеттар және вексельдер бойынша есеп айырысу
- •2.3.Басқадай берешектер қарызының есебі
- •3.1.Тауарлы-материалды босалқылар жөніндегі ұғым.
- •3.2.Материалдар қозғалысы есебін құжаттау
- •3.3. Хқе 2 «Босалқылар» стандарттарының негізгі принциптерін сипаттау
- •4..2. Негізгі құралдарды сыныптау және бағалау
- •4. 3. Хқе 16 «Негізгі құралдар» стандартын қолданудағы талаптарды сипаттау
- •5.1. Материалды емес активтердің экономикалық маңызы, түрлері және бағалануы
- •5. 2. Материалды емес активтерді кіріске алудың есебі
- •6.1 Міндеттемелер жөніндегі жалпы ұғым.
- •6.2 Банктер қарызы және несиелер есебі
- •6. 3. Қарызға алынған ақша қаражаттарының есебі
- •6.4. Еншілес, тәуелді серіктестіктердің алашақ қарыздары
- •7.1 Табыстар мен шығындардың экономикалық сипаты
- •7. 2. Табыстарды тану және бұларды есепке алу принциптері
- •7. 3 Шығындарды тану және бұларды есепке алу принциптері
- •8.1. Жарғылық капитал есебі
- •8. 3. Резервтік капитал есебі
- •9.1. Нарықтық қатынастар жүйесіндегі қаржылық есеп тұжырымдамасының (концепцияларының) негіздері.
- •9.2. Қаржылық есеп жүйесінің сапалық принциптері
- •9. 3. Қаржылық қорытынды есеп элементтерін бағалау
6.1 Міндеттемелер жөніндегі жалпы ұғым.
Міндеттемелер деп – мақсатты шараларды қаржыландыру үшін заңды және жеке тұлғалардан, ірі компаниялардан алынған қарыздарды осы ұйымның кіріске алып, түбінде қайтарып беруі жөніндегі алған міндеттемесін айтады. Бұларға: ұлттық және шетелдік валюта түрінде банктерден және банктерге жатпайтын тұлғалардан (Қазақстан Республикасының резиденті немесе резиденті емес) ұзақ және қысқа мерзімге алынған займдар, облигациялар, вексельдер жатады. Алынған міндеттемелердің барлығы да осы күнгі ағымдағы бағамен кіріске алынады. Міндеттемелер алу нәтижесінде ұйымдардың активті қаражаттары көбейеді. Міндеттеме алушы жақ, міндеттеме беруші немесе тәуекелшілікке түсуші жаққа ақша мен мүліктерді қандай сомада қайтаратындығы жөніндегі операциялар орындалады. Міндеттемеге алынған негізгі сомаларға алынған міндеттемелер үшін қосымша төленетін пайыздық сомалар қосылады. Мұның нәтижесінде міндеттеме алушы жақтардағы табыс көлемі азайтылады. Міндеттемелер құрамына ұйымдардың несиеге сатып алған тауарлары, қызметтері, сондай-ақ берілген вексельдер бойынша алған қарыз ақшалары, төленбеген еңбек ақы, төленбеген салықтар жөніндегі сомаларда жатады. Егер алынған тауарлар құны төленбесе, алашақтар қарызы қайтарылмаса, есептелінген еңбек ақы төленбесе, мұндай жағдайларда осы ұйымның алашақтарға беретін қарыздары өсіп отырады. Нарықтық қатынастар жағдайында ұйымның берешек қарыз сомалары осы ұйымның қабылдаған міндеттемелерінің орындалмауының нәтижесінде туындап отырады.
Егер ұйым төлем өтеушілік қабілетінен айырылып, банкротқа ұшырап жойылса немесе таратылған жағдайда несие берушілердің, несиелендіруші банктердің тәуекелшілік талабы бірінші кезекте қанағаттандырылады. Несиелендіруші жақтардың тәуекелшілікке түскендегі талап еткен сомасы, осы ұйымның қарыз алғандығы міндетті сомасының көлемінен көп немесе аз болмауы керек. Яғни банктердің осы ұйымға берген несиесі жөніндегі қойған талабы осы ұйымның активті қаражаттарын сатудан түскен ақшаны алу жөніндегі талабы бірінші кезекте қанағаттандырады. Егер қарыз алып, міндеттеме қабылдаған ұйым өз қарызын қайтармаған жағдайда, мұндай мәселе заң орындарының шешіміне қарай орындалады. Өз еркімен қаржы салған инвесторлар талабы немесе бұлардың тәуекелшілігі банктер қойған талап орындалғаннан соң, қалған қалдық сома көлемінде ғана қанағаттандырылады. Міндеттемелер көлемінде қойылған талаптардың дәрежесі өте жоғары болады да, басқа қаражаттар көлемінде қойылған талаптар мүмкін болған жағдайда ғана орындалады.
6.2 Банктер қарызы және несиелер есебі
Басқалай заңды және жеке тұлғалардан келісім шартқа сай алынған 12 айдан жоғары мерзімде жабуға жататын, әліде жабыла қоймаған банктер қарызы (займдар) мен несиелер сомасын ұзақ мерзімді міндеттемелер, ал 12 ай ішінде жабылуға тиісті банктер қарызы мен несиелер сомасын қысқа мерзімді міндеттемелер деп атаймыз.
«Қарыздар» және «несиелер» терминін қалай түсінеміз, бұлардың арасында қандай айырмашылықтар бар?
Қарыз жөнінде жасалынған келісім-шартқа сай қарыз беруші жақ қарыз алушы жақтың меншігіне ақша немесе басқада мүліктер береді, ал қарыз алушы жақ осындай сомадағы ақшаны немесе мүліктерді қайтаруды өз міндетіне алады.
Несиелік келісім-шартқа сай несие беруші банк немесе басқа несиелендіруші ұйымдар ақша қаражаттарын беруді өз міндетіне алады, ал несие алушы жақ алынған ақша қаражаттарын келісім-шартта қаралған пайыздық өсімімен (ставка) қайтаруды өз міндетіне алады.
Қарыз және несие ұғымының негізгі айырмашылығы төмендегіше:
Біріншіден, қарыз жөніндегі келісім-шарт ақшамен және мүліктермен, ал несие жөніндегі келісім-шарт тек қана ақша қаражаты өлшемімен орын-далады.
Екіншіден, қандайда болмасын ұйым осы компанияға қарыз бере алады, ал несиені тек арнаулы банктер мен несиелендіруші ұйымдар ғана береді.
Үшіншіден, қарыз пайыздық және пайыздық емес тұрғыда беріледі, ал несие тек несиені пайдаланғаны үшін қосымша пайыздық ставкамен ғана беріледі.
Сонымен қатар, бухгалтерлік есеп тәжірибесінде коммерциялық несие немесе тауарлы "кредит" дейтін де ұғым бар. Коммерциялық несие деп – алдын ала аванс түрінде, алдын –ала тауарлар құнын төлеу, кейіннен төлеу жөніндегі несиелерді айтуға болады. Коммерциялық несие сатып алушының сатушы жаққа берген несиесі, керісінше сатушы жақтың сатып алушы жаққа берген несиелері болыпта ажыратылуы мүмкін. Егер коммерциялық несие сатушы жақтан сатып алушы жаққа берілсе, онда тауарлар құнын кейіннен төлеу немесе бөліп-бөліп төлеу жөніндегі коммерциялық несие түрінде танылады.
Егер коммерциялық несие сатып алушы жақтан сатушы жаққа берілсе, онда алынатын тауарлар құнын аванстап төлеу немесе алдын-ала төлеу түрінде танылады.
ХҚЕ 23 «Қарыздар жөніндегі шығындар» стандарты алынған қарыздарға жұмсалған шығындар мысалы, пайыздық шығындар, қарыздар алуға байланысты басқалай шығындар есебін жүргізу үшін қолданылады. Алынған қарыздар активтер алу, құрылыс салу, кейбір активтерді өндіру жұмыстары ұзақ мерзім ішінде орындалатын болса, мұндай күрделі жұмыстар мақсатты алынған қарыздар көзінен қаржыланған жағдайда, алынған қарыздар бойынша едәуір көлемде шығындар жұмсалады. Алынған қарыздарға жататын жұмсалған шығындар сомасы алынған активтер немесе құрылысы салынған активтер үшін жұмсалған шығындар құрамына қосылады.
Жоғарыда аталған стандарт талабына сай алынған қарыздарға жұмсалған шығындар осы кезеңнің шығындары сапасында танылады.
Банктер несиесінің есебі.
Ұйымның банктерден алатын несиелері ҚР Ұлттық банкісінің арнайы шешімімен белгіленген ресми заңды тұлғалар және банктік операцияларын нормативтік актілері негізінде жүргізуші банктерден алынады.
Несие алушы ұйымдар несие беруші банктердің қойған талаптарына сай көптеген екі жақты құжаттар рәсімдеу арқылы несие алуына болады. Банк несиелері тек несие өтеушілік қабілеті бар ұйымдарға ғана беріледі. Несие өтеушілік қабілеті бар ұйымдар өзінің қабылдаған міндеттемесіне сай алынған несиені белгілі бір мерзімде банкке қайтаратындай толық мүмкіндігі болуы керек. Банк несиелері негізінен арнайы мақсаттық шараларға, өндірістің тиімділігін арттыруға, ғылыми-техникалық процесті жетілдіруге, жаңа технологиялық негізде өнім өндіруді ынталандыру, тұрғын халыққа сапалы қызметтер көрсетуге, экспортқа шығарылатын тауарлар сапасын жақсарту мақсаттары үшін алынады.
Банк несиелері жасалынған келісім-шарт негізіне сай мерзімдік, қайтару, пайыздық төлеу жағдайларының барлығы толығымен көрсетілгенде немесе зерттелгенде ғана беріледі.
Алынатын несиенің мақсатына және банктердің қойатын талаптарына сай несие алушы ұйымдар мына төмендегі құжаттар рәсімдеуі керек:
- алынатын несиенің мақсаты, көлемі, түрі, мерзімі, несиені жабу мүмкіндігі, экономикалық тиімділігі жазылған тапсырыс құжаты немесе несие беруші банктің атына жазылған арыз;
- құрылтайшылық құжаттың көшірмесі, жалдау келісімі жөніндегі ереже, заңды тұлғаның тіркеуден өтуі, статистикалық карта, салық төлеушінің куәлігі, салық органымен жасалынған салыстырмалы тексеру актісі;
- баланстық баптар бойынша жіктелген мәліметтер, тиімділік деңгейі,
- басқалай банктен алынған несиелер жөніндегі келісім-шарт көшірмесі;
- кепілдікке (залогқа) қойылған мүліктер жөніндегі келісім-шарт көшірмесі, т.б. банктер талап еткен құжаттар рәсімделіп, несие беруші банктерге тапсырылады.
Банктегі несиелендіру жөніндегі бөлім немесе басқарма несие алушылардың тапсырған құжаттарының барлығын мұқият тексеріп, талдағаннан соң ұйымның несие алуы жөнінде шешім қабылдайды. Банк несиесін алушы ұйым банк алдында қабылдаған негізгі міндеттемені жабу немесе алынған несиені толығымен қайтарудың шараларын белгілеп, несиелік пайыздар шығынын төлейтін көздерді анықтауға міндетті.
Банк несиесін ұйым өзінің есеп айырысу счетына кіріске алған кезде «Ақша қаражаттары» счеты; ұйымның алған несиесі есебінен қоюшылар және мердігерлер счетын төлеу және еншілес, тәуелді серіктестіктер несиесін төлеу кезінде «Қоюшылар және мердігерлермен есеп айырысу» счеты, «Еншілес, тәуелді серіктестіктердегі алашақтар қарызы» счеттары дебеттеліп, «Банктер несиесі» счеты кредиттеледі. Банк несиесін жабуда «Банктер несиесі» счеты дебеттеліп, «Ақша қаражаттары счеты» кредиттеледі.
Несиені пайдаланғаны үшін банк несие алушы ұйым үшін пайыздар есептейді. Есептелінген пайыздық сомалар шығыны «Пайыздық шығындар» счетының дебетіне «Төленетін пайыздар» счетының кредиті бойынша жазылады. Төленген пайыздық шығындар «Төленетін пайыздар» счетының дебетіне «Ақша қаражаттары» счетының кредитінен төленеді.
Мысал. Ұйым 1 наурыз күні жаңа өнім өндіру үшін 17 млн. теңгенің несиесін үш айға 20% төлеммен қайтаратын болып міндеттеме қабылдады. Несиелендіру келісім-шартына сай пайыздық сома әр ай сайын төленеді. 5 наурыз күні алынған несиенің есебінен 17 млн. теңге жаңа жабдықтар алу үшін алдын-ала қоюшыларға төленді. Жабдықтар 1 мамыр күні алынды. Алынған немесе 30 май күні толығымен жабылды.
1) Алынған банк несиесінің сомасына
Дт «Ақша қаражаттары» 17 млн. теңге
Кт «Банктер несиесі» 17 млн. теңге
2) Алынған жабдықтар үшін алдын-ала төленген ақша қаражаттарына
Дт «Қоюшылар және мердігерлермен есеп айырысу» 17 млн. теңге
Кт «Ақша қаражаттары» 17 млн. теңге
3) Наурыз және сәуір айында төленген пайыздық шығындар сомасына (30 049 + 31 050) = 61 099 теңгеге
Дт «Қоюшылар және мердігерлермен есеп айырысу» 61 099 теңге
Кт «Банктер несиесі» 61 099 теңге.
4) Наурыз және сәуір айында төленген пайыздық шығындар сомасы банкке аударылды.
Дт «Банктер несиесі» 61 099 теңге
Кт «Ақша қаражаттары» 61 099 теңге
5) Қоюшылардан алынған жабдықтар құнына
Дт «Негізгі құралдар» 17 млн. теңге
Кт «Қоюшылар және мердігерлермен есеп айырысу» 17 млн. теңге
6) «Негізгі құралдар» счетында сатып алуға жұмсалған шығындар сомасын қосу
Дт «Негізгі құралдар»
Кт «Қоюшылар және мердігерлермен есеп айырысу»
7) Мамыр айында есептелінген пайыздар сомасына
Дт «Басқалай табыстар» 30 049 теңге
Кт «Банктер несиесі» 30 049 теңге жазылады.
Банкке аударылған ақша қаражаттары:
мамыр айындағы пайыздық сомаға
Дт «Банктер несиесі» 30 049 теңге
Кт «Ақша қаражаттары» 30 049 теңге
несиені жабу үшін аударылған ақша қаражаттарының сомасына
Дт «Банктер несиесі» 17 млн. теңге
Кт «Ақша қаражаттары» 17 млн.теңге
Банк несиесін пайдаланудың пайыздық сомасы төмендегіше есептелін-ді:
Наурыз айы үшін 17 000 000 х 20% : 365 х 31 = 30 049 теңге;
Сәуір айы үшін 17 000 000 х 20% : 365 х 30 = 31 050теңге;
Мамыр айы үшін 17 000 000 х 20% : 365 х 30 = 30 049 теңге.
Ұзақ мерзімді банк несиелері есебінің ерекшеліктері
Алынған ұзақ мерзімді несиелер есебі «Ақша қаражаттары» счетына кіріске «Банктер несиесі» счетын кредиттеу арқылы жазылады.
Мысал. Негізгі құралдар сатып алу үшін ұзақ мерзімді банк несиесі 5 600 000 теңге екі жылдық мерзімге алынды. Бұл сома екі тәсілмен жабылуы мүмкін.
Бірінші тәсіл бойынша:
Дт «Ақша қаражаттары» 5 600 000
Кт «Банктер несиесі – ұзақ мерзімді» 5 600 000
Екінші тәсіл. Ұзақ мерзімді несиелер екі жыл ішінде келісім-шартқа сай әр тоқсанда бір рет жабылуы керек. Мұндай жағдайда бухгалтерлік есеп счеттары әр тоқсан сайын төмендегіше:
Дт «Банктер несиесі – ұзақ мерзімді» 700 000
Кт «Ақша қаражаттары» 700 000 жазылады.