Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қаржылық есеп 1 лекцилар курсы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
716.29 Кб
Скачать

5. 2. Материалды емес активтерді кіріске алудың есебі

Материалды емес активтер кіріске алынады, өндірістік процеске қатысады және есептен шығарылады.

МЕА есебі бұлардың жекелеген түрлері және объектілері бойынша жүргізіледі. Бұлардың бастапқы есебі негізгі құралдарға тән құжаттармен рәсімделеді (меа қабылдау актісі, босату (беру) актісі т.с.с.). МЕА қабылдау мен беру актісіне – бұлардың жекелеген түрлерінің аталуы, алынған және берілген күн (ұйымның өзінде құрылған), қысқаша сипаты, бастапқы құны, амортизациялық норма, басқа да қажетті мәліметтер жазылады. Бір типтегі бірнеше МЕА қабылдау немесе беру актілері жалпы жасалынған бір актімен рәсімделуі мүмкін. Толығымен рәсімделген актілер, барлық қосымша қосылған құжаттармен бірге (объектіні сипаттаушы, бұларды пайдаланудың тәртібі, мүліктік құқық) ұйым бухгалтериясына тапсырылады.

(МЕА қозғалысы есебінің бастапқы құжаттарына: №1 МЕА үлгідегі «Материалды емес активтерді қабылдау-беру актісі» және №2 МЕА үлгідегі «Материалды емес активтер есебінің карточкасы» белгіленген. Басқада құжаттардың арнаулы үлгілері ҚР Қаржы министрлігінің 19 шы наурыз 2004ж № 128 бұйрығымен бекітілген «Бастапқы құжаттардың типтік үлгісін» қолдана білуді ұсынамыз)

МЕА басқада ұйымдарға (сатқанда, ақысыз бергенде) берген кезде №1 типтік үлгі екі дана, бір данасы беруші жақта, ал екінші данасы алушы жаққа беріледі. МЕА аналитикалық жіктеу есебі № 2 типтік үлгіде жүргізіледі. МЕА тән бастапқы құжаттардың типтік үлгісі бухгалтериядағы компьютерлік бағдарламаларға жазылған деп қарау керек.

Қолда бар және қозғалыстағы МЕА бухгалтерлік есебі, бухгалтерлік есеп счеттары жоспарының «Материалды емес активтер» тармағындағы «Лицензиялық келісімдер», «Бағдарламалармен қамту», «Патенттер», «Ұйымдастыру шығындары», «Гудвилл», «Басқада материалды емес активтер» счеттарында жүргізіледі.

Жоғарыда келтірілген синтетикалық счеттарды қолдану МЕА ерекше-ліктеріне және ұйымның өндірістік, технологиялық, басқарушылық, сондай-ақ МЕА құру шығындары ерекшеліктеріне байланысты қолданы-лады.

Мысалы, құрылған МЕА бастапқы құны тікелей жұмсалған шығындар және осы объектіге таратылып жұмсалған үстеме шығындардан құралады.

МЕА құру және бұларды өз бағытына немесе мақсатына қарай пайдалану шығындары есебі қосымша ашуға болатын «Материалды емес активтерді құру шығындары» счетында жүргізілуі мүмкін.

МЕА құру шығындары:

МЕА құруға қатынасушы жұмысшылар мен қызметкерлер еңбек ақысынан;

тиісті заңмен қойылған дәрежеде еңбек ақыдан аударылатын аударымдардан;

жұмсалған материалдар және көрсетілген қызметтерден;

ұзақ мерзімде құрылатын МЕА үшін алынған несиелер бойынша несиелік пайыздар төлеуден;

МЕА құру мен пайдалануға даярлау мақсатында жұмсалған басқа да шығындардан;

үстеме шығындардан қалыптасады.

МЕА құруға жұмсалған барлық шығындар, МЕА тану белгілеріне толығымен жауап берерлік дәрежеге келген соң, «Материалды емес активтер» счетының дебетіне, уақытша қолданылған «Материалды емес активтер құру шығындары» счетының кредитінен жазылады.

ХҚЕ 38 «Материалды емес активтер» стандарттарына сай МЕА мына төмендегі жолдармен кіріске алынады:

сатып алу жолымен;

бизнесті біріктіруден;

мемлекеттік жәрдем есебінен;

активтерді айырбастаудан.

Сатып алу жолымен МЕА кіріске алудың тәртібі мен мысалы. Ұйым өзінің жасаған бизнес-жоспарына сай "Беккер ж К" команиясының техно-логиясымен шұжық өндіріп сатумен айналысатын болды. Өндірістік жабдықтар 200 000теңге, шұжық өндіруге қажетті жартылай фабрикаттар мен қаптау материалдарының құны 50 000 теңге, "Беккер және К" технологиясын пайдалану құқығының құны – 100 000 теңге.

Осы операциялар бухгалтерлік есеп счеттарына төмендегіше жазыла-ды:

Дт «Материалды емес активтер» 100 000

Кт «Қоюшылармен есеп айырысу» 100 000

Дт «Жабдықтар» 200 000

Кт «Қоюшылармен есеп айырысу» 200 000

Дт «Шикізаттар мен материалдар» 50 000

Кт «Қоюшылармен есеп айырысу» 50 000

Бизнесті біріктіру жолымен МЕА кіріске алудың тәртібі мен мысалы. 31 желтоқсан күні "Бек" фирмасы 2 000 000 теңге "Дәулет" ұйымының 100 % капиталын сатып алу үшін ақша төледі. Сатып алынған күнгі "Дәулет" ұйымының балансындағы таза активтердің әділетті бағаланған құны 1 200 000 теңге болды. Салық салу сомасы есепке алынбады. Материалды емес активтерге жататын ұйымның іскерлік беделі (гудвилл) 800 000 теңгеге = (2 000 000 - 1 200 000) бағаланады. Сатылып алынған немесе біріктірілген ұйымның мүліктерін сатып алушы жақтың балансына есепке алуда, бастапқыда төленген (2 000 000 теңге) ақша тиісті счеттардың «Негізгі құралдар», «Материалдар» т.б. счеттардың дебетіне «Ақша қаражаттары» счетының кредитінен жазылады. Яғни, 2 000 000 теңге мүліктердің бастапқы кездегі бағаланған құны болып танылады. Бұдан соң ұйымды сатып алуға төленген нақты ақша мен ұйым мүліктерін бағалаудағы айырма:

Дт «Материалды емес активтер - "Гудвилл "» 800 000

Кт «Есеп айырысу» счеты 800 000 жазылады.

Анықталған осы айырым сома жиырма жыл бойы (фирманың қызметі тоқтайтын мерзімнен артық емес) әрбір есепті ай ішінде жұмсалған шығындар құрамында ашылған, «Шығындар» счетының дебетіне, «Материалды емес активтер» счеты құрамында ашылған «Мүліктерді сатып алудағы сатып алу мен бағаланған құн айырым» счетының кредитінен жазылып отырады.

Сатылып алынатын ұйымның бағаланған мүліктерінің құны сатып алу бағасынан артық дәрежеде болған жағдайдағы айырым сома жағымсыз "Гудвилл" түрінде «Алдағы кезеңдер табысы» счетына жазылады. Бұл үшін мына төмендегідей бухгалтерлік есеп счеттары рәсімделеді:

Дт «Негізгі құралдар», «Материалдар» т.б. счеттар

Кт «Есеп айырысу счеты» - мүліктерді сатып алудағы бағасы.

Дт «Негізгі құралдар», «Материалдар» т.б. счеттар

Кт «Алдағы кезеңдер табысы» - мүліктерді бағалаудағы бағаланған құнмен, бұларды сату бағасының айырымына.

Анықталған айырым сома жиырма жыл бойы (фирманың қызметі тоқтайтын мерзімнен артық емес) әрбір есепті ай ішінде бірқалыпты қаржылық нәтижеге көшіріліп отырады:

Дт «Алдағы кезеңдер табысы»

Кт «Басқалай табыстар».

Мемлекттік жәрдем (субсидий) есебінен МЕА кіріске алудың тәртібі мен мысалы.

Егер МЕА тегін немесе мемлекеттік жәрдем есебінен номиналдық құнын жабу жолдарымен кіріске алынатын болса, бұлар бастапқы кезеңде не номиналдық құнымен, не активтерді бағалаудың әділетті құны бойынша мемлекеттік жәрдем алынған күні бағаланады. МЕА әділетті құны активті рыноктағы бағамен өлшенеді. Егер МЕА тән активті рынок болмаған жағдайда, бұлардың бастапқы құны, МЕА дайындау және өз бағыты бойынша жұмсау шығындарын қосып есептегендегі номиналдық құны бойынша бағаланады.

Мысалы, екі жақты келісім негізінде Қазақстан Республикасындағы "Денсаулық" фирмасына дәрілер өндірудің лицензиялық келісімі шетелдік ұйымнан берілді. Үкімет шешіміне сай лицензиялық келісім "Фармацевт" ұйымына тегін берілді. Лицензияның осы түрі бойынша активтік рынок жоқ. "Фармацевт" ұйымы осы алынған лицензиялық келісімді номинал-дық 1 теңгемен бағалады. Осы номиналдық баға бойынша лицензиялық келісім (бұлардың құнын сенімді бағалау мүмкіндігі және активті рыноктың жоқтығына байланысты) есепке алынды.

Осы операция бухгалтерлік есеп счеттарына төмендегіше:

Дт «Материалды емес активтер»

Кт «Мемлекеттік жәрдем» жазылады.

Айырбастау нәтижесінде МЕА кіріске алудың тәртібі мен мысалы.

Материалды емес активтерді, бұларға ұқсамайтын басқада активтерге айырбастау немесе жартылай айырбастау нәтижесінде кіріске алынатын МЕА әділетті құн дәрежесімен бірдей дәрежедегі нақтылы құнмен кіріске алынады. Нақтылы құн айырбысқа берілген активтердің әділетті құнымен теңестіріледі.

Анықталған жаңа материалды емес активтердің нақтылы құнымен айырбасқа берілген активтердің баланстық құнының айырмасы, айырбас операциясының нәтижесіндегі түскен табыс немесе шеккен зиянға жатқызылады. Яғни айырбас нәтижесінде алынған МЕА есептен шығарылған активтердің баланстық құнымен бағаланады. Мысал. " Фарма ж К" ұйымы "Фармацевт" ұйымымен баланстық құны 2 000 теңге тұратын дәрілер өн-діру патенті және әділетті құны 2 500 теңге тұратын лицензиялық келісім жөнінде айырбас операцияларын жүргізу үшін келісім-шартқа отырады. "Фарма ж К" ұйымының бухгалтерлік есебінде мына төмендегідей жазулар:

Дт «МЕА сату шығындары» 2 000

Кт «Патент» 2 000

Дт «Алынуға тиісті счет» 2 500

Кт «Табыс» 2 500

Дт «Лицензия» 2 500

Кт «Төленетін счет» 2 500

Дт «Төленетін счет» 2 500

Кт «Алынуға тиісті счет» 2 500 жазылады

6 -тақырып. Міндеттемелердің есебі (ХҚЕС 19, ХҚЕС 23, ХҚЕС 37)

6.1. Міндеттемелер жөніндегі жалпы ұғым.

6.2. Банктер қарызы және несиелер есебі

6.3. Қарызға алынған ақша қаражаттарының есебі

6.4. Еншілес, тәуелді серіктестіктердің алашақ қарыздары