
- •1.Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері.
- •2.Экономикалық теорияның даму кезеңдеріне сипаттама.
- •3.Экономикалық категориялармен заңдар.
- •4.Өндіріс және оның қоғамдағы рөлі, ресурстар және өндіріс факторлары
- •5 Экономикалық жүйе түсінігі, оның жіктемесі
- •6.Өндіріс факторлары. Экономикадағы таңдау мәселесі
- •7. Қоғамдық шаруашылықтың формалары
- •9. Тауар өндірісі: сипаттамасы, пайда болу шарттары.
- •10 Тауар және оның қасиеттері
- •11.Ақшаның мәні және қызметтері
- •12.Ұлттық валютаның шығу тарихы және дамуы.
- •13 Құн теориялары
- •14. Рыноктың (нарықтың) мәні және қызметтері
- •15. Рыноктық қатынастардың тұлғалары мен нысандары, нарық құрылымы
- •16.Рыноктың инфрақұрылымы.
- •17. Рынок (нарықтық) механизмдері, элементтері.
- •18 Сұраныс, сұраныс заңы, сұраныстың өзгеруіне әсер ететін факторлар
- •19.Ұсыныс, ұсыныс заңы, ұсыныстың өзгеруіне әсер ететін факторлар.
- •20.Бәсеке-рыноктық экономиканың негізгі элементтерінің бірі.
- •22. Нарықтық тепе-теңдік, теңсіздікке ұшырау себептері.
- •Сұраныс пен ұсыныстың рыноктық тепе-теңдігі.
- •24. Кәсіпкерлік қызмет: мәні, белгілері және атқаратын қызметтері
- •25. Кәсіпкерлік қызметтің түрлері
- •26. Жеке кәсіпкерліктің құқықтық-ұйымдық формалары
- •27. Рыноктық (нарықтық) экономикадағы кіші, орта, ірі фирмалардың рөлі
- •28. Фирма шығындары, оның түсінігі.
- •29.Өндіріс шығындары,олардың түрлері және ерекшеліктері.
- •31. Пайда түсінігі, түрлері. Бухгалтерлік және экономикалық пайда.
- •32. Еңбек және жұмыспен қамту нарығы, еңбек нарығындағы тепе-теңдік
- •33 Жер нарығы, рента және ренталық қарым-қатынас, жер бағасы
- •34. Капитал нарығы, пайыздық табыс
- •35. Еңбек ақы формалары, мәні
- •36 Ұлттық экономика, мәні және нәтижелері
- •37. Макроэкономикалық көрсеткіштер. Жіө есептеу әдістері
- •38 Ұлттық байлық және ұлттық табыс, оларға түсініктер
- •39. Экономикалық өсудің мәні, түрлері
- •40. Экономикалық цикл және экономикалық дағдарыс
- •41 Экономиканы мемлекеттік реттеудің мақсаты және қажеттілігі.
- •42.Экономикалық өсудің факторлары мен типтері.
- •43 Жұмыссыздық мәні, негізгі түрлері
- •44.Инфляцияның мәні,түрлері,типтері,пайда болу себептері.
- •45.Жұмыспен қамту жүйесіндегі мемлекеттік саясат
- •47. Меншіктің экономикалық мазмұны, меншіктің объектілері мен субъектілері.
- •48. Нарықтың артықшылықтары мен кемшіліктері
- •49 Экономикалық цикл, оның фазалары
- •50. Аралас экономика түсінігі, ерекшеліктері
- •51. Қр меншік қатынастарының өзгеруі
- •52. Нарықтық жүйенің қазіргі кезеңдегі модельдері.
- •53.Мемлекеттің қаржы жүйесі және ақша-несие саясаты.
- •54.Мемлекеттік бюджет – қаржылық жүйенің орталық түйіні ретінде
- •55.Ақша жүйесі мен оның элементтері
- •56.Фискальды саясат, мәні, мазмұны
- •57.Салық, салық салудың қағидалары және түрлері
- •58.Банк жүйесі мен оның құрылымы, қызметтері
- •59.Мемлекеттің әлеуметтік саясаты
5 Экономикалық жүйе түсінігі, оның жіктемесі
Экономикалық жүйе – бұл экономикалық процестер элементтерінің жиынтығы (қоғамның өндіргіш күштері, технико-экономикалық қатынастар, әлеуметтік-экономикалық қатынастар, шаруашылық механизмі).
Экономикалық жүйе
Меншіктің әр түрлі формалары мен түрлерінің мәндік қасиеттері экономикалық жүйелерде байқалады. Экономикалық жүйе халықтың шаруашылық практикасының нақты жағдайында пайда болатын, қоғамның ерекше құрылымын бейнелеп көрсетеді. Бұнда халықтың шаруашылық дағдысы, дәстүр-салты, рухани қал-жағдайы, оны құрметтеп бағалайтын жәйттары және өмірге, дүниеге деген ерекшелік көзқарастары қамтылады. Міне осындай жағдайлардың өзі, жүйелердің біркелкі болуын мүмкін етпейді, олар қашан болмасын нақты болады, өздері бейнелейтін мәдениетке сай келеді.
Экономикалық жүйе – бұл экономикалық процестер жиынтығы, ол қалыптасқан мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде қоғамда жүзеге асады. Экономиканы ұйымдастыру бойынша экономикалық жүйені келесідей топтау болады.
Жабық экономика – барлық шаруашылық әрекеттер тек мемлекет шеңберінде жүргізіледі, ішкі тұтынумен шектеледі, шетелдермен қатынас болмайды.
Ашық экономикалық жүйе – халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне экономика белсенді түрде қатысады, ұлттық валюта мен қатар шетелдік валюта қолданылады.
Меншік қатынастарының формалары бойынша:
Дәстүрлі жүйе – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отырған дәстүр мен салт бойынша қатынастар қалыптасады.
Әкімшілік - әміршілік экономика орталықтанған жоспарлау арқылы барлық ресурстар мен өндіріс факторлары мемлекеттің қолында болып, мемлекеттік меншіктің үстемділігі жүргізіледі.
Нарықтық экономика - меншікке, бәсекеге негізделеді.
Аралас экономика – мемлекет пен нарық механизмдерінің араласуы арқылы экономиканы реттеу жүзеге асады.
Дәстүрлі экономиканық жүйенің сипаттамасы:
Өндіріс, бөлу және айырбас дәстүр, салтқа негізделеді.
Өндірістің дамуы мен әлеуметтік – экономикалық даму ең нашар деңгейде.
Техникалық прогресс шектеулі.
Халық санының дамуы өнеркәсіп өндірісінің өсуі деңгейінен тұрақты түрде артып отырады.
Сыртқы қаржылық қарыз өте күрделі.
Мемлекет пен қарулы күштердің ролі өте жоғары.
Әкімшілік - әміршілік экономиканың жүйенің сипаттамасы:
Әкімшілдік-әміршілдік жүйеге бұрынғы советтер одағы шығыс Европа елдері мен бірқатар мемлекеттер жатады. Бұл жүйенің ерекшелігі барлық экономикалық ресурстарға және өндірілген өнімдерге қоғамдық, шын мәнінде мемлекеттік меншіктін болуы.
Экономиканың жоғарыдан басқарылуы, яғни экономиканың монополиялануы мен әкімшілік түрде ұйымдастырылуы, халық шаруашылығының орталықтан жоспарлануы.
Ерекшеліктерін нақты төмендегідей бөлуге болады.
Өндіріс құралдарына мемлекеттік меншік.
Экономикада орталықтанған жоспарлау.
Өндірушілердің монополист ретінде көрінуі.
Орталықталынған ресурстар қоры.
Өндіріс нәтижесіне деген әрбір өндіріске қатысушының жеке ынталығының болмауы.
Таза нарықтық экономикалық жүйенің сипаттамасы:
Таза нарықтық экономика жүйесі – таза нарықтық экономика жағдайында шаруашылық механизмі айтарлықтай өзгереді. Басқа экономикалық жүйелерге қарағанда нарықты экономика өзінің икемділігімен ерекшеленеді. Ол ішкі және сыртқы жағдайлардың өзгеруіне байланысты қайта құрылып, оларға бейімделіп отырады.
Алайда таза нарықтық жүйеде мемлекеттін ролі шектеледі. Кейбір әлеуметтік маңызы бар мәселелер толық шешемін таба алмайды.
Нарықты экономиқаға тән қасиеттер:
Өндірістік өнімдер мен ресурстарға жеке меншіктін болуы.
Халық шаруашылығын (экономиканы) еркін бәсекеге негізделген
нарықтық механизм арқылы реттеу мен басқару.
Қоғамда өз өнімдерін еркін сата алатын дербес өндірушілер мен өнімдерді таңдау арқылы еркін сатып ала алатын тутынушылардың болуы.
Аралас экономикалық жүйенің сипаттамасы:
Қазіргі кезде көптеген елдерде аралас экономикалық жүйелі пайдалану дұрыс деп есептейді. Оның негізгі ерекшелігі:
Мұндай жүйеде мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік орын алады.
Халық шаруашылығын ұйымдастыру мен басқару әдісі тек таза нарықтық механизмге ғана негізделіп қоймай мемлекеттік реттеу мен толықтырылады.
Сондықтан нарықты экономика жағдайында мемлекеттін ұлттық және салалық бағдарламаларынан бас тартуға болмайды.
Экономикасы дамыған елдер осы уақытқа дейін дәстүрлі экономика жүйесі сақтануда. Дәстүрлі экономика артта қалған технологияға қол еңбегіне және ұлттық шаруашылықтың әртүрлілігіне негізделген. Кейбір елде қауымдық шаруашылық пен натуралды өндіріске негізделген натуралды қауымдық жүйе түрі сақталуда.
экономикалық жүйенің басты міндеті шектеулі өндірістік ресурстарды тиімді пайдалану жолдары мен әдістерін табу.
Экономикалық жүйе келесі белгілерге байланысты жіктеледі:
1 меншік нысаны мен экономикалық әрекетті басқару бағдарлау тәсіліне байланысты.:
-дәстүрлі экономикалық жүйе
-oрталықтан басқарылатын жоспарлы экономикалық жүйе
-pыноктық эконом жүйе
-aралас экон жүйе
2 Өркениет типтерінің даму дәрежелері ретінде экон жүйе:
-дәстүрлі қоғамдағы эконом қатынастар әдет ғұрып негіздері,өндіріс әдісі,мәдениет,көзқарастар ұрпақтан ұрпаққа мұраға қалып отырады.
-либералды қоғамның дамуы үшін тиімділікке жетуге ұмтылыс басым және жеке тұлғаның бастамасына ешқандай кедергілер жоқ
-аралас дәстүрлі және либералды типтердің элементтерінен құралады.
3 Сыртқы экономикалық байланыстың сипатына байланысты:
-жабық эконом жүйе шаруашылық іс әрекеттер белгілі бір шеңбер көлемінде,тұйықталған күйде жүзеге асырылады;
- ашық эконом жүйе басқа елдің өндірістік бірліктерімен экономикалық байланыстар үнемі ұлғайып отырады.