Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekonomteor_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
171.2 Кб
Скачать

4.Өндіріс және оның қоғамдағы рөлі, ресурстар және өндіріс факторлары

Өндіріс - бұл қоғам дамуына қажет материалдық игіліктер мен қызметтер жасау мақсатымен табиғат заттарына адамның ықпал ету процесі. Бұл процестің дамуы ұзақ мерзімді қамтиды жабайы өнімдер өндіруден өте күрделі техникалық жүйелер, өзгерістерге икемді кешендер, есептеу машиналар өндірісіне дайын. Қандай жүйеде болмасын өндіріс қоғамының табиғатпен қатынасы, байланысы болып табылады. Осы қатынастар өндірістік ресурстар арқылы білінеді. Экономикалық теорияда «ресурс» деген түсінік өндірістің әр түрлі элементтерінің жиынтығы болып табылады, бұлар материалдық және рухани игіліктер мен қызметтер жасауға қолдануы мүмкін Табиғи ресурстар – дегеніміз бұлар адамның өмір сүруінің табиғаттық шарттарының жиынтығының бөлшегі, өндіріс процесінде қолдануға болатын қоршаған ортаның өте маңызды компоненттері. Мысалы, күн қуаты, су ресурстары, пайдалы қазбалар. Материалдық ресурстар - дегеніміз өздері өндірістің (еңбек құралдары және заттары) нәтижесі болып табылатын, құрал – жабдықтардың барлығы жатады. Қоғамның қандайында болмасын табиғи, материалдық және еңбек ресурстары тән және қажет болып табылады. Нарық экономикасында бұлардың қатарына қаржы ресурстары қосылады. Осыған адамның өндіргіш күштерін бағыттау қажет.

Өндіргіш күштер - бұл адам өзінің өндірісіне және тұтынуына бейімдеп қызмет етуге жұмылдырған күштер. Ал адамсыз өндірістің және тұтынудың болуы мүмкін емес. Сондықтан өндіру және тұтыну үшін қолданылатын табиғат күштері, адамның өндіргіш күштер болып табылады. Өндіргіш күштердің ішкі құрылымы болады. Олардың ішінен алдымен өндіріс құралдарын және жұмысшы күшін бөліп атап айту қажет.

Өндіріс құралдары екі бөлшектен құралады:

1. Еңбек заттары – ол адамның еңбегіне бағытталған зат.

2. Еңбек құралдары – ол адамның еңбек затына ықпалын жүргізетін құрал.

Тұтыну тауарларын жасау үшін инвестициялық игіліктер немесе экономикалық қорлар қажет. Экономикалық ресурстар – экономикалық игіліктерді өндіру үшін пайдаланылатын элементтер, бұнда өндіріс факторы табиғаттан пайда болады және оны адам өндіреді. Өндіріс ресурстары бұл шаруашылық әрекетте қолданылатын өндірістің әртүрлі құралдарының жиынтығы. Ресурстарға жататындар: табиғи ресурстар, адам ресурстары, қаржылық, ақпараттық және т.б. Осы замандағы индустриалдық нарықтық экономика ақпарат ресурстарсыз болмайды, бұлар ғылыми-техникалық революция кезеңінде өте маңызды рөл атқарады. Қазіргі кезде өндіріс факторлары ретінде ақпарат үлкен рөль атқарады. Ақпарат бұл сақтау өндеу және жеткізу объектісі болып табылатын мәліметтер. Экономикалық тұрғыдан алғанда ақпарат бұл экономикалық процеске қатысушылардың баға, тауармен қызмет туралы толық мағұмылаттардың болуы.

Қазіргі кезде экономикалық теорияда төрт өндірістік факторлар көрсетіледі: жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілет.

1. Өндірістік факторлар ретінде жер екі жағынан қаралады:

жер беті ретінде

экономикалық мақсатта пайдалануға қажетті табиғи игілік ретінде Егер қажетті миниралды және органикалық тынайтқыштарды әсіресе жаңа технологияны қолдаса жердің құнарлығы сақталып қана қоймайды одан сайын жақсаруы мүмкін. Адам саны артқан сайын адам басына шаққандағы жер көлемі жылдан жылға қысқаруда.

2. Капитал:

Өндіріс факторы ретінде және қаржы ретінде пайдалануға болады.

Өндіріс факторы ретінде капитал өндіріс құралдарын сипаттайды. Мұнда ұзақ уақыт пайдаланылатын өндіріс құралдары (машина, құралдар) жер қысқа мерзім пайдаланылатын өндіріс құралдары (шикізат, энергия қуаты, жол байланыс қызметі). Нақты капитал пайда болу үшін өндіріс құралдарын сатып алуға қаржы қажет. Осы қаржы ақша капиталы болып табылады. Өндіріс құралдарын сатып алуға капиталдың жұмсалуы қаржыландыру, ал ақша капиталын нақты капиталға айналдыру- инвестициялау деп аталады.

3. Еңбекті де екі жақты түсіндіруге болады:

адамның ойлау қабілетімен қимылдау қабілеті.

өндіріс процесінде пайдалануға болатын қоғамдағы барлық еңбек ресурстары. Еңбек қызмет ретінде қарағанда оны басым ойлау қабілетті қажеттілік немесе интелектуалды және басым қимылдау қабілетін қажет ететін деп бөледі. Білім деңгейіне қарай:

көп дайындықты қажет ететін еңбек,

көп дайындықты қажет етпейтін еңбек,

ешқандай дайындықты қажет етпейтін еңбекдеп бөлінеді.

4. Соңғы жылдары көптеген елдердің экономистер өндіріс факторына кәсіпкерлік қаблетті де жатқызды. Кәсіпкерлік қабілет - бұл барлық өндірісі факторларын тиімді пайдалануға қабілеті бар адам ресурстарының ерекшк түрі. Оған мынадай қасиеттер тән болуға тиіс.

1). Өндіріс факторларын дұрыс үйлестіру мен келістіру үшін оның білім деңгейі жоғары болуы керек.

2). Дұрыс шешімдер қабылдай білуі керек.

3). Жаңамалдыққа ұмтыла білуі керек.

4). Тәуекелшіл болуы тиіс.

Қазіргі қоғамдық өндіріс құрылымын материалдық және материалдық емес өндіріс деп бөлуге болады. Адам қоғамының даму негізі - материалдық өндіріс болып табылады. Материалдық өндіріс саласы өмір сүру, жұмыс істеу үшін қажетті игіліктерді өндіреді. Материалдық емес өндіріске ерекше материалдық емес (рухани құндылықтар) игіліктер өндіру, қызмет көрсету саласы жатады.

2версия

Қоғамдық өндірістің негізгі факторлары. Материалдық игіліктерді жасап шығаратын процесс өндіріс деп аталады. Өнім өндірісінде адам табиғат объектеріне әсер етеді, оларға өзінің материалдық қажеттерін қанағаттандыратындай форма береді. Айтқандай, өндіріс дегеніміз тікелей тұтыну үшін, немесе, өндірісті әрі қарай жүргізу үшін, табиғат заттарын өндеу болып табылады. Өндірістің осы қызметі онын әлеуметтік формасы қандай болмасын сақталады. Игіліктерді дайындауға қатысатын факторларды аныктап білу маңызды мәселе болып табылады. Экономмкалық теорияда өндірістін, мүмкіндігі мен нәтижелілігіне шешуші әсер ететін ерекше маңызды элементті, немесе объекті, өндіріс факторлары деп атайды. Өнім өндіруде пайдаланатын осындай факторлар өте коп болады. Және әр жекелеген өнімді өндіруге икемделген өзіндік факторлар болады. Сондықтан оларды біріктіріп, топтастыру қажет. Факторларды бөліп, топтастырудың көптеген әдістері бар.Марксистік теория факторларға жұмыс күшін, еңбек заттарын, еңбек құралдарын жатқызады. Бұлар екі ірі топ құрады: өндірістің жеке факторы— жұмыс күші және өндірістің заттық факторы — еңбек заттары және еңбек құралдары болып бөлінеді қашан болсын, өндірістің жеке факторына жұмысшы күші яғни адамның еңбекке деген физикалық және интеллектуалдық қабілетінің жиынтығы жатады. Өндірістің заттық факторына барлық құрал-жабдықтардың жиынтығы жатады. Жеке және заттық факторлар өзара байланыстың күрделі жүйе құрайды. Онын тиімділігін технология мен өндірістің ұйымдастырылуы анықтайды. Өндірістің басты факторларының арасындағы әрекеттерді технология көрсетеді. Ол өндеудің әр түрлі әдістерін пайдалануды, еңбек заттарының қасиеттерін, формаларын, құрылуын өзгертуді талап етеді. Өндірісті ұйымдастыру өндіріс факторларының келісімді қызмет етуін, олардың сан жағынан сәйкес болуын, т.б. көздейді.Маржиналистік теория өндіріс факторларын төрт топқа бөледі: жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қызмет.Жер табиғи фактор деп қаралады. Ол адамның іс-әрекетінің нәтижесіне жатпайды. Өндіріс факторларының осы тобына өндіріс процесінде қолдануға болатын, табиғат байлықтары мен пайдалы кендер жатады. Осы категорияға егістік жер, ормандар қосылады. Өндіріс факторларының қатарына тауар мен қызметтер өндіруде пайдаланатын мүліктердің жиынтығы — капитал жатады: машиналар, жабдықтар, қойма ғимараттары, көлік және байланыс коммуникациялары. т.б. Олардың техникалық күйі үздіксіз жақсартылып отырады және олар өндіріс процесіне, оның тиімділігіне шешуші әсер етеді.Еңбек — игіліктер дайындауға және қызметтер көрсетуге бағытталған интеллектуалдық немесе физикалық әрекеттер болыптабылады. Жеке адамның біліміне, кәсіби дайындығына, төжірибесіне, денсаулығына сәйкестенген қабілеттерінің жиынтығы адам капиталын құрайды. Адамның еңбегінің шеберлігі, өнегелілігі жоғары болған сайын, оның капиталы өсе түседі, ал осыған сай табысы (еңбек ақысы) кобейеді. Осы күнгі адам капиталына жұмсалған инвестициялар қоғам үшін ең тиімді болып және тез арада өзін-өзі ақтап отыр.Кәсіпкерлік іс-әрекет - бұл өндірістің ерекше факторы. Осы фактор өндірісті ұйымдастырып жүргізуде белсенділікті, іскерлікті, саналылықты, жауапкершілікті, тәуекелдікті кең пайдалануды талап етеді.Кәсіпкерлік қабілет — адам капиталының ерекше түрі. Бұл игіліктер мен қызметтерді жасауға қолданылатын, өндірістің барлық факторларының бір бірімен келісімді, сәйкес түрде қызмет етуін көздейтін іс-әрекет. Адам ресурстарының осы түрінің ерекшелігі мынада: олар қауіп-қатерлікке, шығынға үшырау мүмкіндіктерінің болуына тәуекелдік етіп, өндіріс процесіне, коммерциялық негізге сүйене отырып, өндірілетін онімнің жаңа түрін, алдыңғы қатарлы технологияларды, бизнесті ұйымдастырудың тиімді формаларын кіргізу болып табылады. Кәсіпкерлік қызмет шама жағынан және нәтижелілік жағынан квалификациясы өте жоғары еңбек жұмсаумен пара-пар келеді. Кәсіпорынның өнім шығарудағы әлеуетті мүмкіндіктері олардың өндірістік қуаттарын тұлғалайды. Кәсіпорындардың қабілеттілігі және олардың бөлімшелерінің өнімді ең көп мөлшерде дайындауды , олардың жарақаттандырылуы тікелей сапасына , жетілдіру жіне еңбек құралдарының іс ірекетке қабілеттілігінен тұрады. Еңбек құралдары ең алдымен актив бөлігі еңбек құралын кәсіпорының өндірістік қуатын қалыптастырудың негізгі факторы деп есептеуге болады. Алайда бұдан өндірістік қуатты еңбек ңұралдарының өндірістік техникалық параметірлер негізінде кәсіпорынның осы уақыт аралығындағы нақтылы жағдайын еспке алмай ақ анықтауға болады деген қортындыға келісуге болмайды. Сонымен, өндірістік қуат эконоикалық санат ретінде ен көп өнімді шығару мақсатында еңбек құралдарының активті түрлері - машиналар және жабдықтардың ұйымдасқан жиынтықтарын пайдаланудағы өндірістік қатынастарын қамтиды . Қндірістік қуаттың мәні толық ашылады егерде оны еңбек құралдарының ұйымдасқан жиынтығының берсені ретінде қаралатын болса.Барлық жағдайларды бірдей кәсіпорындарда өндірістік қуатты пайдаланудың экономикалық тиімділігін арттырудың негізгі жолдары мыналар:нақты жағдайларда ең жоғары экономикалық тиімділік қамтамасыз ететін машиналар , техникалар және жабдықтарды таңдап алу;қажетті құрал жабдықтардың қолайлы құрамын табу.Қазырғы кезде қандай болмасын жұмыстардсы өнімділігі жоғары техниканың жаңа түрлерін қолданбайынша сапалы орындауға болмайды . сондықтан

белгіленген жұмыс бағдарламасы әрі сапалы , әрі өз уақытысында орындалуын қамтамасыз еткен жөн.Кәсіпорынның өндірістік қуаттарын пайдалануды ұйымдстыру және ықпалдастыру процестері күрделі және көптеген фактроларға тәуелді. Өндірістің өсу ауқымы және оның тиімділігінің артуы резервтерді көбейту және қолданыстағы кәсіпорындардың өндірістік қуатын пайдалануды жақсартуды іздестіру міндетін қояды . Сондықтанда , қолданыстағы кәсіпорынның өндірістік қуатын және оны пайдаланудың мөлшер деңгейін анықтауға негіз болатын факторлар шеңберін анықтауды қажет етеді. Бұл шарттасқан екі фактор ықпал ететін бірынғай объект – кәсіпорынның өндірістік қуатын ( бөлімшелер ). Бұлардың арасындағы айырмашылық - факторлардың бір бқлігі өндірістік қуаттың өсу резервін, ал екінші өлігі - оны пайдалануды жақсарту резервін анықтайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]