Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekonomteor_1.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
171.2 Кб
Скачать

50. Аралас экономика түсінігі, ерекшеліктері

Аралас экононмика XX ғасырдың соңғы ширегінде өнеркәсіпті шоғырландыру процесі нәтижесінде күрделі корпарациялар, монополистік ұйымдар арқылы пайда болды. Аралас экономиканың бірнеше белгілері бар. Бірінші мемелекеттік меншіктің экономикада белгілі үлес салмағының сақталуы. Екінші экономика құн және жоспарлық қатынастар арқылы реттеледі. Осы тұтқаларды қолдануды мемлекеттік жоспарлау орындары жүзеге асады. Аралас экономиканың елеулі сипаты макро және микроэкономикалық дәрежеде ұйымдастыру, басқарудағы экономикалық тұтқаларды кеңінен пайдалану. Аралас экономикада рынокты жарнама, маркетинг, жоспарлау тағы басқа ұйымдастыру шаралары арқылы күрделі, орташа және ұсақ кәсіпкерлік тиімділігін, жолдарын реттеуге болады. Бірақ аралас экононмикада өндірілетін өнім көлемін мемлекет жоспар арқылы белгілемейді, қайда қанша және қандай тауар өндіріп, қызмет көрсету қажеттілігін рынок өзі анықтайды. Аралас экононмиканың негізгі белгілері қоғамның қазіргі индустриялық даму дәрежесіне тән экононмикалық жүйенің ерекше заңдылықтарына бағынышты.

51. Қр меншік қатынастарының өзгеруі

Қазақстан жауапты таңдау жасады және бәсекелестікке, меншіктің әрқилы формаларын дамытуға негізделген экономикаға әлеуметтік бағдарлануды белгіледі.

Нарық экномикасына көшу мынадай компоненттердің: сұраныс пен ұсыныстың, табыстар мен шығындардың; ақша массасы, айналым қаражатты мен инвестициялық ресурстардың белгілі бір келісілуін білдіреді. Бұған мемлекет иелігінен алу және жекешелендіруді жүргізу, яғни жеке меншік институтынын енгізу жолымен ғана қол жеткізуге болатын еді. Мемлекет иелігінен алуға, жекешелендіруге, сондай-ақ инвестициялық саясатқа байланысты мәселерге жеке тоқталдық. Ақша масасының қысқаруы мен инфляцияны төмендетудің кері жағы да болды. Кәсіпорындар тоқтай бастады. Төлемеушілік дағдарысы ушықты. Өзара есептесудің негізі бартер болуы. Осы жылдарда атқарылғанның бәріне қатер төнді.

Қарапайым қисын мемлекеттік меншікті жекешелендірусіз нарыққа нақты кошудің мүмкін еместігін еске салып тұрды. Бұл адам, нарық субъектілерін құру тұрғыстан ғана емес, сонымен бірге халықтың бойында меншік иесі психологиясын қалыптастыру тұрғысынан да маңызды.

Жекешелендіру процесі нарыққа бет алған шаруашылық құрылымдардың дамуына қажет жағдайларды қамтамасыз етуді, тиімді және жауапты меншік иелерін қалыптастыруды, нақты бәсеке ортасын жасауды қамтамасыз етуге тиіс. Жекешелендірудің әр түрлі бағыты келемінде халықтың меншікке деген құқығы (жаппай жекешелендіру), инвестиция тарту, оның ішінде шет елдік инвестицияларды (жеке жобалар бойынша жекешелендіру), шағын және орта бизнестің пайда болып даму (шағын жекешелендіру) мүмкіндігі жүзеге асуына жағдай жасалады. 1995 жылдың басында 10 мыңнан астам кәсіпорын мемлекет иелігінен алынды және жекешелендірілді. Халыққа 2 миллиардтай (1846 миллион) инвестициялық жекешелендіру купоны тапсырылды. 1994 жылы мемлекеттік емес сектордың өндірген өнімінің үлес салмағы өнеркәсіпте 17,2 процентке, ауыл шаруашылығында — 46, сауда және қоғамдык, тамақтандыруда — 50, тұрмыстық қызмет көрсету саласында — 51 процентке жетті. Қазіргі кезде нарықтық экономиканың қызмет етуіне қажет институттар құрылуы аяқталуда, олардың құрамында тарамдалған банк жүйесі, қамсыздандыру компаниялары, тауар биржалары, брокерлік конторлар, аудиторлық фирмалар және басқадай инфрақұрылымдық объектілер бар, олар шаруашылық субъектілеріне қызмет етеді, өндірілген өнімдерді сатуға, шикізат алуға, кәсіпорындардың тиімді, сенімді жұмыс істеуіне көмектеседі. Тауар, еңбек және капитал нарықтарындағы қатынастарды реттейтін заңдар ауқымы кеңіп, олар жетіле түсуде. Жекешендіру процесі саяси- экономикалық үрдіс ретінде үш негізгі аспектілерден құрылады: 1)тиімділік; 2) бөлу; 3)тұрақтылық. Тиімділік дегеніміз жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті тиімді пайдаланудыюілдіреді. Бөлу- жекешендірудің жалпы табыстарды және қоғамдық байлықты бөлуіне әсерін бағалайды. Тұрақтылық -макроэкономикалық көрсеткіштеріне әсерін бағалау (мысалы, инфляцияға, жұмыссыздыққа).  Жекешелендіру(приватизация) дегеніміз - мемлекеттен азаматтар мен заңды тұлғаларының мемлекеттік меншік нысандарын сатып алуы және мемлекеттік акционерлік қоғамдарының акцияларына ие болуы. Негізінен алғанда жекешелендіру процесімен Қазақстан Республикасының экономикасындағы түбегейлі өзгерістер байланысты. Жекешелендіру процесінің жүруі аса ірі көлемде қаражаттарды талап етті. Уақыт өткен сайын сол кезде қабылданған шешімдердің дұрыстығы көрінуде. Жерді және мүлікті жекешелендіру процесі нәтижесінде экономикада макроэкономикалық көрсеткіштер жоғары деңгейге жетті. Жерді және мүлікті жекешелендіру процесі нәтижесінде мемлекеттік бюджетке үлкен көлемде ақшалай қаражаттар түсті. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]