Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekonomteor_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
171.2 Кб
Скачать

3.Экономикалық категориялармен заңдар.

Экономикалық категориялар тарихи сипатта болумен қатар, олар қоғамдық формацияның қалыптасу, даму процесін сипаттайды. Экономикалық категориялар қоғам өмірінің нақты жағдайларын теориялық тұрғыдан сипаттайтын логикалық түсініктер. Мысалы, тауар, құн, ақша, сұраныс, ұсыныс және т.б.

Экономикалық заңдар- адам қоғамы дамуының түрлі сатыларындағы материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну қатынастарын анықтайды. Экономикалық заңдар ерекше және жалпы болып бөлінеді.

Ерекше экономикалық заңдар- шаруашылық жүргізудің нақты тарихи нысандарының даму заңдары.

Жалпы экономикалық заңдар- барлық тарихи даму кезеңдеріне тән заңдар. Олар қоғамның экономикалық өмірінің аса маңызды, тұрақты құбылыстары мен процестерінің байланысын көрсетеді. Экономикалық заңдар объективті сипатта болады, яғни адамдардың еркі мен санасынан тәуелсіз туып, әрекет етеді. Бұл заңдар белгілі бір экономикалық жағдайлармен бірге өзгеріп, дамып отырады.

Экономикалық процестер күрделі және сан алуан. Олардың тұрақтылығы мен өзгергіштігі тарихи тұрғыдан бір-бірімен ұштасып жатады. Осыған сәйкес бұл процестердің ішкі байланыстары мен тәуелсіздіктерін бейнелейтін заңдар да барынша әртүрлі және әр типте болады.

Табиғат құбылыстары сияқты, адамзат қоғамының дамуы белгілі бір объективті заңдарға негізделеді. Құбылыстар мен процестердің мәніне үңіле отырып, олардың даму заңдарын ашамыз. Бір маңызды, ескеретін жағдай, заңдар кез келген байланыс пен қатынастарды емес, тек маңызды қатынастарды ғана сипаттайды, жоғарыда айтқанымыздай, заңдар адамдар санасынан туындамайды, ол объективті шындықтан туындайтын құбылыстар мен процестердің өзіне тән. Солай бола тұрғанымен, экономикалық заңдар табиғат заңдарынан өзгеше. Өйткені, табиғат заңдары оның өзіне тән құбылыстарынан туындап, көрініс алса, экономикалық заңдар адамдардың өндірістік экономикалық іс-әрекетінен туындайды.

Экономикалық заңдар мәңгі емес, олар тарихи сипатта белгілі бір кезеңде туып және өзгеріп немесе жойылып кетіп отырады. Олардың көпшілігі белгілі бір тарихи кезеңде әрекет етеді де, кейін жаңа экономикалық заңдарға орын береді. Әрдайым ескеретін бір нәрсе- ескі экономикалық заңдар адамдар еркімен жойылып кетпейді, тек жаңа экономикалық құбылыстардың туындауымен өз күшін жояды. Яғни, адам­дар өз еркімен, дербес шешімдер арқылы экономикалық заңды жоққа шығарып, оның орнына жаңа заңдарды жасай алмайды. Экономикалық заңдардың күшінің жойылуы адамдар сан­асынан тәуелсіз қоғамдағы объективті экономикалық хал-ахуалдың, процестердің өзгерісімен тікелей байланысты.

Алайда, экономикалық заңдар өздігінен, адамдардың шаруашылық қызметінен тыс және оған байланыссыз жүзеге аспайды. Керісінше, олар тек адамдардың іс-әрекеттері арқасында ғана қалыптасып, көрініс алады. Демек, экономикалық заңдар адамдардың санасынан тәуелсіз болғанымен олардың іс-әрекетінен тәуелсіз емес. Адамдар экономикалық заңдарды танып-біліп, олардың объективті талаптарына сай шешімдер қабылдап, санасатын болса ғана заң жүзеге аса алады. Бұл талап-тілектерге қайшы келетін кез-келген әрекет, сөзсіз, шаруашылық жүргізуде қиындықтарға, орынсыз шығындарға соқтырмай қоймайды. Рыноктық қатынасқа ену мен дамыту жолында осыны қатаң ескеру қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]