Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekonomteor_1.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
171.2 Кб
Скачать

40. Экономикалық цикл және экономикалық дағдарыс

Экон-қ цикл дег-бұл экон-да қысқа және ұзақ мерзім аралығындағы өндіріс, жұмыспен қамту және табыс мөлшері деңгейінің үнемі ауытқып отыруы. Дамуының себептері: автономды инвестициялардың азаюы, ақша массасының ауытқуы, негізгі капиталдың жаңартылуы, мунтипликатор әсерінің әлсіреуі және тұтыну мен инвестиция арасындағы ауытқудың болуы. Экон-қ цикл теориясы, халық шаруашылығындағы қозғалысты анықтайтын экон-қ динамика теорияларына жатады. К.Маркс экон-қ цикл мәселесіне көп көңіл бөлген. Ол циклдың бірін-бірі кезектесе алмастырып отыратын негізгі төрт фазасын бөліп қарастырады:. Олар: құлдырау, тоқырау, жандану, өрлеу. Құлдырау тауарлардың артық өндірілуі, несиенің азаюы арқылы көрінеді. бұл жағдай пайданы азайтады және өндірісті төмендетеді; банктік берешектерді өсіреді, банктік құлдырауға және экон-ң басқа сфераларындағы кәсіпорын-ң банкрот болуына әкеледі. Құлдырау тоқыраумен алмасады. өндіріс төмендеуін қояды, бірақ өспейді. Артық тауарлар тарайды, бірақ сауданың жағдайы онша емес. Проценттік норма барынша төиендейді. Бірақ бірте-бірте өсу нүктелері пайда бола бастайды, жандану басталады. Нарықтың жаңа жағдайына бейімделген кәсіпорын тауардың өндірісін көбейтеді жаңа өндірістік құбылыс өседі, пайда, қарыз проценті , жалақы көтеріледі және өрлеу фазасы басталады. өсу құлдыраудың алдындағы ең жоғары нүктеден артады, өндіріс кеңейеді, жұмыспен қамту, тауарлық сұраныс, бағалар, процент нормасы өседі. Бірте-бірте өндіріс көлемі жаңадан төлемге қабілетті сұраныстан арта бастайды, нарық тауарлар және қызметтермен асыра толтырылады. Қазіргі жағдайда экон-қ циклдың мән-мазмұны өзгерді. Ол, біріншіден, экон-қ белсенділіктің ауытқуының азаюы, яғни құлдырау фазасының қысқарып, өрлеу сатысының неғұрлым ұзаруы және құлдыраудан кейін тоқырау фазасына тоқталмай, бірден жандану мен өрлеу фазаларына өтуі; екіншіден, жұмысбастылық деңгейі мен өндіріс көлемі ауытқуының диапазонының қысқаруы; үшіншіден экон-қ циклға рыноктың монополиялық құрылымының, Ғылыми техникалық процестің, өндірістің ғаламдануының, экономиканы мемлекеттік реттеудің әсерінің күшейе түсуінен көрінеді.

Экономикалық дағдарыс – дағдарысты, тоқырауды, жандануды және өрлеуді дәйекті түрде қамтитын ұдайы өндірістік цикл кезеңдерінің бірі. Нарықтық жағдаяттың күрт құлдырауымен, ұлттық экономиканың тұрақсыздануымен, қоғамдық ұдайы өндірістегі үйлесімсіздіктің күшеюімен сипатталады. Экономикалық дағдарыс тауар капиталын артық өндіруден (сатылмаған өнімдердің өсуі), өндірістік капиталдың артық қорлануынан (өндірістік қуаттардың толық қуатпен жұмыс істемеуінің көбеюі, жұмыссыздықтың өсуі), ақша капиталының артық қорлануынан (өндіріске жұмсалмаған ақша санының көбеюі) көрініс табады. Өндіріс шығындарының өсуі, баға мен пайданың, жалақының төмендеуі, халықтың қалың жіктерінің тұрмыс деңгейінің құлдырауы экономикалық дағдарыстың жалпы нәтижесі болып табылады. Дағдарыс – нарықтық экономиканың өзін-өзі реттеу тетігінің аса маңызды нышаны. Ол шет-шегін тауып қана қоймай, сонымен бірге ынталандыру міндетін де орындай отырып, экономиканы дамытуға серпін береді. Циклдік дағдарыс халық ш-ның барлық аясын қамтиды. Тұрақты сипаты жоқ дағдарысқа аралық, ішінара, салалық, құрылымдық дағдарыстар жатады. Дүниежүзіндегі алдыңгы катарлы елдердің езін әуре-сарсаңға салган каржылық және экономикалык дағдарыс Қазакстанды да айналып өткен жок. Біздің, еліміздегі дағдарыстың нақтылы көріністерге тоқталатын болсақ, инфляция ырык бермей барады. Қурылыс саласының қаркыны бәсеңсіді. Орта және шағын бизнесті қаржыландыру мәселесі қиындады. Тұтыну несиелерін алудың өзі оңай болмай кетті. Экономикалык дағдарыс міндетті түрде халыктың көңіл-күйне әсер ететіні белгілі. Саяси және элеуметтік зерттеумен айналысатын «Стратегия» қогамдык коры келтірген мәліметтерге сүйеніп айтар болсак, дәл қазір еліміздегі әлеуметтік жағдай тұрақты. Халыктың көңіл-күйінде аздаған өзгерістер болғанымен, көңілі ніндей бұзылып, наразылығы өpшіп отырғандар аз. Дегенмен, бұдан төрт-бес жыл бұрынғы зерттеулердің нәтижесімен салыстырғанда, халыктың epтеңгі күнге деген сеніміне аздап селкеу түскен.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]