Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekonomteor_1.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
171.2 Кб
Скачать

16.Рыноктың инфрақұрылымы.

Инфрақұрылым - (латынша Infra - төменгі, астыңғы, structura - құрылыс, орналасу) - экономиканың және адамдардың қызмет етуінің жалпы жағдайларын жасауды қамтамасыз ететін халық шаруашылығы салаларының жиынтығы (мысалы өндірістік инфрақұрылым - жолдар, көлік, байланыс, электрмен қамту желісі, қоймалар және т.б.; әлеуметтік- тұрмыстық инфрақұрылым - тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, сауда, жолаушылар көлігі және байланыс, білім беру, ғылым, мәдениет, денсаулық сақтау және т.б.; экологиялық инфрақұрылым - тазалаушы құрылымдар, бөгеттер, дренажды жүйелер, саябақтар және т.б.).Материалдық өндіріс пен қоғамның өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету үшін қажетті ғимараттар, жүйелер мен қызметтердің жиынтығы.[1] Дамыған нарықты инфрақұрылым кәсіпкерліктің барынша пайдалы бағыттары мен нысандарын іздеуді едәуір жеңілдетеді. Көтерме сауда-бұл бір фирманың екіншісіне тауарлардың ірі партиясын сатуы. Сауда және өнеркәсіп кәсіпкерлері мен сауда-коммерциялықтардың арасында,сондай-ақ мемлекеттік ұйымдарымен жүргізіледі.Әдетте бұл дәстүрлі көтерме сауда орталықтарында жүзеге асады: арнайы көтерме нарығында, жәрмеңке, аукцион және тауар биржаларында. АҚШ-да 420 мыңға жуық көтерме сауда орталықтары бар және олар жалпы көлемі екі триллион доллардан астам сауда көлемін жүргізеді. Көтерме қызметті ұйымдастырудың жалпы үш категориясы бар: өндірушілердің көтерме қызметі; өз бетінше іс-әрекеттегі коммерциялық ұйымдардың көтерме қызметі; өз бетінше іс-әрекеттегі коммерциялық ұйымдардың көтерме қызметі; агент пен брокерлер арқылы көтерме қызмет. Көтерме сауда-бұл тұтынушыға тікелей көтерме саудагерлердің тауарды саудагерлердің тауарды сатуы. Сауданың ең маңызды объектілеріне өз ассортиментті арнайы магазиндер, сондай-ақ универсам, универмаг, кең профилді универсамдар жатады. Соңғы аталған объекті қалыпты универсамның сауда көлемі мөлшерінен асып түседі және сатып алушыларды тамақ өнімдерімен толық қанағаттандыруға арналады. Сонымен қатар сауда кешендері бар, олар өздеріне универсам мен бөлшек қойма –магазиндерін ендіреді. Бөлшек сауда саласында дүкеннен басқа әртүрлі қызмет көрсететін бөлшек кәсіпорындар да жатады: клуб, мейманхана, асхана, шаштараз, киім тазарту мекемесі т.б.

17. Рынок (нарықтық) механизмдері, элементтері.

Рыноктық жүйе және оның элементтері. Нарықтық негізгі элементтері: 1. Өндіруші мен тұтынушы. 2. Сұраныс. 3. Ұсыныс. 4. Баға. 5. Бәсеке.

Нарық экономикасының қызмет етуі, нарықтың белгілі элементтерінің болуын талап етеді. Осылардың жиынтығы нарық жүйесін құрайды. Нарық экономикасының бірінші және өте маңызды элементі- өндірушілер мен тұтынушылар. Бұлар қоғамдық еңбек бөлінісі процесінде қалыптасады- біреулері тауарды өндіреді, екіншілері оны тұтынады. Тұтыну жеке тұтыну және өндірістік тұтыну болып бөлінеді. Жеке тұтынуда тауарлар өндіріс сферасынан шығып, адамдардың жеке қажеттіліктеріне пайдалынады. Өндірістік тұтыну өндіріс процесін әрі қарай жалғастырып жүргізу болып табылады. Бұнда тауарды басқа өндірушілер әрі қарай өңдеуге пайдалынады. Бұл жағдайда өндрушілер мен тұтынушылардың бір- бірімен байланысы, әрқайсысының әрекеттерінің нәтижелерін айырбастау арқылы жүріп отырады. Нарық шаруашылығында бұл байланыстар тұрақты болады, мамандануға негізделеді және көтерме нарықтық келісімдер формасында жүреді. Нарық экономикасының екінші элементін өндіріс орындарының корпоротивтік басқаруына негізделген, меншіктің жеке немесе аралас формаларымен болжанған экономикалық оңашалану құрайды. Нарық экономикасының үшінші маңызды элементі- баға. Бағаны жеке талдап танысайық. Бұл жерде тек екі мәселені ескертеміз. Бірінші, баға сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасады. Бұлардың сәйкестігі конъюнктураға байланысты өзгеріп отырады. Екінші—географиялық ауданда өндірілген тауарға нарықтық қатынастар әсерінің сферасын баға анықтайды. Осы сфераның шегін трансакциондық шығындар болжайды, яғни айырбаспен байланысты айналым шығындары болжайды. Нарық экономикасының төртінші, орталық буыны- екі құрылымнан, сұраныстан және ұсыныстан тұрады. Нарықта сұраныс тауарларға қажеттілік болып көрінеді. Осы тауарларды тұтынушылар қалыптасқан бағамен ақшалай табыстарына сатып алады. Сұраныс өндірудің ең тиімді әдісін қолданудың және ресурстарды тиімді пайдаланудың стимулы болып табылады. Сұраныс пен ұсыныс материалдық игіліктерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тұрақты байланыстарды қамтамасыз ететін, нарық механизмінің өте маңызды элементтері. Нарық механизмінің бесінші эементі- бәсеке. Бұл пайданың жоғары болуын және осының негізінде өндіріс масштабын кеңейтуді қамтамасыз етеді. Бәсеке нарық субъектерінің өзара әсерінің және пропорцияларды реттеу механизмінің формасы болып табылады. Бәсекенің басты қызметі экономиканың реттеушілерінің – бағаның, пайданың нормасының, проценттің, т.б. мөлшерін анықтау болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]