- •1.Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері.
- •2.Экономикалық теорияның даму кезеңдеріне сипаттама.
- •3.Экономикалық категориялармен заңдар.
- •4.Өндіріс және оның қоғамдағы рөлі, ресурстар және өндіріс факторлары
- •5 Экономикалық жүйе түсінігі, оның жіктемесі
- •6.Өндіріс факторлары. Экономикадағы таңдау мәселесі
- •7. Қоғамдық шаруашылықтың формалары
- •9. Тауар өндірісі: сипаттамасы, пайда болу шарттары.
- •10 Тауар және оның қасиеттері
- •11.Ақшаның мәні және қызметтері
- •12.Ұлттық валютаның шығу тарихы және дамуы.
- •13 Құн теориялары
- •14. Рыноктың (нарықтың) мәні және қызметтері
- •15. Рыноктық қатынастардың тұлғалары мен нысандары, нарық құрылымы
- •16.Рыноктың инфрақұрылымы.
- •17. Рынок (нарықтық) механизмдері, элементтері.
- •18 Сұраныс, сұраныс заңы, сұраныстың өзгеруіне әсер ететін факторлар
- •19.Ұсыныс, ұсыныс заңы, ұсыныстың өзгеруіне әсер ететін факторлар.
- •20.Бәсеке-рыноктық экономиканың негізгі элементтерінің бірі.
- •22. Нарықтық тепе-теңдік, теңсіздікке ұшырау себептері.
- •Сұраныс пен ұсыныстың рыноктық тепе-теңдігі.
- •24. Кәсіпкерлік қызмет: мәні, белгілері және атқаратын қызметтері
- •25. Кәсіпкерлік қызметтің түрлері
- •26. Жеке кәсіпкерліктің құқықтық-ұйымдық формалары
- •27. Рыноктық (нарықтық) экономикадағы кіші, орта, ірі фирмалардың рөлі
- •28. Фирма шығындары, оның түсінігі.
- •29.Өндіріс шығындары,олардың түрлері және ерекшеліктері.
- •31. Пайда түсінігі, түрлері. Бухгалтерлік және экономикалық пайда.
- •32. Еңбек және жұмыспен қамту нарығы, еңбек нарығындағы тепе-теңдік
- •33 Жер нарығы, рента және ренталық қарым-қатынас, жер бағасы
- •34. Капитал нарығы, пайыздық табыс
- •35. Еңбек ақы формалары, мәні
- •36 Ұлттық экономика, мәні және нәтижелері
- •37. Макроэкономикалық көрсеткіштер. Жіө есептеу әдістері
- •38 Ұлттық байлық және ұлттық табыс, оларға түсініктер
- •39. Экономикалық өсудің мәні, түрлері
- •40. Экономикалық цикл және экономикалық дағдарыс
- •41 Экономиканы мемлекеттік реттеудің мақсаты және қажеттілігі.
- •42.Экономикалық өсудің факторлары мен типтері.
- •43 Жұмыссыздық мәні, негізгі түрлері
- •44.Инфляцияның мәні,түрлері,типтері,пайда болу себептері.
- •45.Жұмыспен қамту жүйесіндегі мемлекеттік саясат
- •47. Меншіктің экономикалық мазмұны, меншіктің объектілері мен субъектілері.
- •48. Нарықтың артықшылықтары мен кемшіліктері
- •49 Экономикалық цикл, оның фазалары
- •50. Аралас экономика түсінігі, ерекшеліктері
- •51. Қр меншік қатынастарының өзгеруі
- •52. Нарықтық жүйенің қазіргі кезеңдегі модельдері.
- •53.Мемлекеттің қаржы жүйесі және ақша-несие саясаты.
- •54.Мемлекеттік бюджет – қаржылық жүйенің орталық түйіні ретінде
- •55.Ақша жүйесі мен оның элементтері
- •56.Фискальды саясат, мәні, мазмұны
- •57.Салық, салық салудың қағидалары және түрлері
- •58.Банк жүйесі мен оның құрылымы, қызметтері
- •59.Мемлекеттің әлеуметтік саясаты
12.Ұлттық валютаның шығу тарихы және дамуы.
Қазақ ұлысы Жібек Жолымен керуен тартып келген саудагердің әр теңін бір теңгеге балап, ақша шығаруға бел байлады. Теңгенің тарихы ХV ғасырдың екінші жартысынан басталады.
Теңге- қазақтың «тең» деген сөзінің есімше түріне айналған баламасы. Кейінгі тарих беттерін ақтарсақ: теңге дүниеге келгелі халқымыздың әр кезеңдегі тұрмыс жағдайының айнасына айналған. Хақназар хан тұсында бір жылқының құны бір теңге (Хасан Бек Румпу "Ахсан аттаварих" ), Тәукел хан тұсында бес теңгеге бір жылқы, бес қой (Антони Джениксон бойынша), Шығай сұлтан тұсында теңгенің құны төмендей түскен. Тарихшылар мұның мәнісін Мәуреннахр алқабындағы үзіліссіз ұрыс-жанжалдан деп түсіндіреді. Тәуке хан заманында теңгенің тегеуріні екі ғасырды араға салып барып Тұрсын - Мұхаммед, Қасым, Абылай уақытында қайта көтерілді. Бұл кезеңде теңге құрамына күміс қосып, қазіргі "нейзильбер" қоспасына жақындай түскен ғажайып зергерлік өнер бұйымына ұқсатып соғылды.
Жібек жолының бойымен жосылып жатқан керуенге тең-тең асыл жиһаз артқан саудагерлер әуелі қолына ұстаған ақшаның айрықша белгілерін іздеген. Ол белгілер күміс аз қосылса теңге тотыққыш келеді. Мұны саудагерлер тотияйын ерітіндісіне салып я болмаса тіске басып анықтаған. Егер жеңіл болуы үшін қалайы қосылса, онда теңгенің аумағы- диаметрі көлемдірек келеді де аса қатты болады. Бұл теңгелер шетел саудасына лайықталып жасалған.
Қазіргі таңдағы ұлттық валютаны енгізетін уақыт жайында пікірталас көп болды. Ресей біздің республиканы сом аймағынан шығуға мәжбүр ететін саясат жүргізді.
Оның бірі 1993ж. маусымда Ресейдің жаңа рублінің енгізілуі, 1993ж. шілде - тамызда Ресейде ақша реформасының жүзеге асуы еді. Қазақстанға басқа республикадан ескі ақша бақылаусыз ағылды да, елдің қаржы жүйесі қожырап , инфляция күн санап өсті, халықтың тұрмыс деңгейі барынша нашарлап кетті. Өзіміздің ұлттық валюта – теңге айналысқа 1993 жылдың 15 қарашасынан бастап енген.
Біздің ел үшін ұлттық валюта айналысқа енгеннен кейінгі алғашқы екі жыл өте ауыр болды. Қазақстан үкіметі бағаны ырқына жібергендіктен және өндірістің құлдырауына байланысты ( ішкі жалпы өнімнің 1993 жылғы төмендеуі - 9,2 пайыз , 1994ж. -12,6 пайыз) инфляция бой бермей кетті ( 1993 жылы - 2165 пайыз, 1994 жылы - 1158 пайыз). Мемлекет тарапынан берілетін дотация мен субсидия тоқтатылды.
Қазақстан Республикасының үкіметі мен Ұлттық банк экономикаға тиетін соққыны жұмсартуға қажетті барлық шараларды қолданды (халық тұтынатын тауарлардың импортын шектеу және басқадай), осының бәрі кейіннен қаржы секторын және азаматтардың әл-ауқатын төмендетпей сақтап қалуға мүмкіндік берді.
Теңгенің бірінші шығарылған қатары мынандай номиналдардан тұрды:1,3,5,10,20,50 және 100 теңге. Бір теңге құны 1,3,5,10,20,50 тиын болатын 100 тиыннан тұрды. Жеті банкнота жасау үшін Т.Сүлейменовтың басшылығымен суретші дизайнерлер командасы қүрылды. Оған М.Әлин, А.Дүзелханов кірді. Біріншіден, банкноталар тарихи тұжырымдама тұрғысынан алғанда шын мәнінде қандай болуы керек екенін шешу қажет болды. Екіншіден, оларда бейнеленген тарихи тұлғалардың бет-әлпетін барынша дәл түсіру керек-тін. Осы тұлғалардың көпшілігінің бейнелерінің бұрын болмағандығы қиындық келтірді. Мәселен, шын мәнінде әл-Фарабидің қандай болғанын ешкім білмейді. Біздің банкноталардан көріп жүрген және көзіміз әбден үйренген оның суретін кезінде Кеңес Одағының Ғылым Академиясы бір ізге түсірген, яғни стандарт ретінде қабылданған болатын. Алайда оны архивтерде сақталған ғалымдардың еңбегінен іздеп табу үшін көп еңбек ету қажет болды. Әбілхайыр ханның суреті ағылшын жиһанкезі Аткинсонның жұмыстарынан табылса, ал Абылай ханның суреті-орыс деректерінен табылды.Сүйінбай бейнесі Қазақстан көркемөнерінің негізін салушы Ә.Қастеевтің жұмысынан көшіріліп салынды. Бірыңғай стильде жасалған 200, 500, 1000, 5000 теңгелік банкноталар шыңдалған шеберліктің көрсеткіштері болып табылады. Бұл банкноталардың бәріне Әл-Фарабидің суреті салынған.
1994 жылы ұсақ қағаз тиындардың орнына құны 2;3;5;10 және 50 тиындық латунь металл ақшалар шығарылды. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының аумағында «нейзильбер» қоспасынан жасалған 1993 жылдың үлгісіндегі құны 1;3;5;10 және 20 теңгелік, 1997 жылдың үлгісіндегі «нибрасс» қоспасынан жасалған құны 1; 5; 10 теңгелік және «нейзильбер» қоспасынан жасалған 20,50 теңгелік металл ақшалар айналыста жүр. 1997 жылғы үлгідегі (жаңа металл ақша қатары) металл ақшаларды айналымға қосу оларды халықтың пайдалануы үшін барынша қолайлы етіп шығаруға, металлды аз жұмсауға деген ұмтылысқа, сондай-ақ металл ақшаның 50 теңгелік қосымша құнының енгізілуіне байланысты болды.
Республикада ақша айналымында металл ақшамен қатар, мерейтойлық және ескерткіш металл ақшалар да қолданылуда. Мерейтойлық және ескерткіш металл ақшалар белгіленген құнға сәйкес төлем қабілетіне ие, бірақ олар негізінен мәдени-ағарту мақсатында шығарылған.
2001 жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы құрметіне мерейтойлық үш металл ақша: «Сәулет және тарихи ескерткіштер» металл ақша сериясынан «Алтын адам» бір алтын ақшасы, «Қолданбалы өнер» сериясынан «Нарқобыз», «Қазақстанның Петроглифтері» сериясынан «Ұмай», «Қазақстанның Қызыл кітабы» сериясынан «Сайғақ» күміс ақшалары шығарылған.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің жанынан 1997 жылы ақша мұражайы ашылды. Осы шаңырақта әлемнің көптеген елдерінің ақша, валюта үлгілері жиналған. Арнайы көрмеде қазақ сахарасының Жібек Жолы бойынан табылған, он бес ғасырға жуық саудагерлерге қызмет еткен, қолдан қолға өткен мыс, жез, алтын, күміс, қола ақшалардың ғажайып үлгілері қойылған. Олар Атыраудан Алтайға дейінгі аралықта сауданың қаншалықты қарқын алып, дамығанын дәлелдейтін асыл белгілер. Басылымның 1-томында: б.з.д. 704-766 ж. Таразда құйылып, айналымға енген теңгелердің бетінде «түргеш қаған теңгесі» немесе «Түркінің көк ханының теңгесі» деген анықтама жазулар бар.
