Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekonomteor_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
171.2 Кб
Скачать

1.Экономикалық теория пәні мен әдістері

2. Экономикалық теорияның даму кезеңдері

3. Экономикалық категориялар және экономикалық заңдар, оларды қолдану

4. Өндіріс және оның қоғамдағы рөлі, ресурстар және өндіріс факторлары

5. Экономикалық жүйе түсінігі, оның жіктемесі

6. Өндіріс факторлары. Экономикадағы таңдау мәселесі

7. Қоғамдық шаруашылықтың формалары

8. Натуралды шаруашылық, оның белгілері және ерекшеліктері

9. Тауар өндірісі: пайда болу себептері, мәні, өзіндік белгілері

10. Тауар және оның қасиеттері

11. Ақшаның  мәні және қызметтері

12. Ұлттық валюта – теңгенің  пайда болуы

13. Құн теориялары

14. Рыноктың (нарықтың) мәні және қызметтері

15. Рыноктық қатынастардың тұлғалары мен нысандары, нарық құрылымы

16. Рыноктың (нарықтың) инфрақұрылымы

17. Рынок (нарықтық) механизмдері, элементтері

18. Сұраныс, сұраныс заңы, сұраныстың өзгеруіне әсер ететін факторлар

19 Ұсыныс, ұсыныс заңы, ұсыныстың өзгеруіне әсер ететін факторлар.

20. Бәсеке рыноктық (нарықтық) механизмінің негізгі элементтері

21. Бәсеке және оның типтері

22. Нарықтық  тепе-теңдік, теңсіздікке ұшырау себептері.

23. Фирма нарықтық экономикадағы кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізі ретінде

24. Кәсіпкерлік қызмет: мәні, белгілері және атқаратын қызметтері

25. Кәсіпкерлік қызметтің түрлері

26. Жеке кәсіпкерліктің құқықтық-ұйымдық формалары

27. Рыноктық (нарықтық) экономикадағы кіші, орта, ірі фирмалардың рөлі

28. Фирма шығындары, оның түсінігі.

29. Өндірістік шығындар жіктемесі

30. Табыс: мәні және оның түрлері, шекті табыс

31. Пайда түсінігі, түрлері. Бухгалтерлік және экономикалық пайда.

32. Еңбек және жұмыспен қамту нарығы, еңбек нарығындағы тепе-теңдік

33. Жер нарығы, рента және ренталық қарым-қатынас, жер бағасы.

34. Капитал нарығы, пайыздық табыс

35. Еңбек ақы формалары, мәні

36. Ұлттық экономика, мәні және нәтижелері.

37. Макроэкономикалық көрсеткіштер. ЖІӨ есептеу әдістері

38. Ұлттық байлық және ұлттық табыс, оларға түсініктер

39. Экономикалық өсудің мәні, түрлері

40. Экономикалық цикл және экономикалық дағдарыс

41. Экономиканы мемлекеттік реттеудің мақсаты және қажеттілігі.

42. Экономикалық өсу факторы

43.Жұмыссыздық мәні, негізгі түрлері

44. Инфляция,  оның түрлері

45.Жұмыспен қамту жүйесіндегі мемлекеттік саясат

46.Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдары. Инфляцияға қарсы саясат.

47.Меншіктің экономикалық мазмұны, меншіктің объектілері мен субъектілері.

48.Нарықтың артықшылықтары мен кемшіліктері

49.Экономикалық цикл, оның фазалары

50.Аралас экономика түсінігі, ерекшеліктері

51.ҚР меншік қатынастарының өзгеруі

52.Рыноктық (нарықтық) экономиканың модельдері

53.Қаржы жүйесі және ақша-несие саясаты.

54.Мемлекеттік бюджет – қаржылық жүйенің орталық түйіні ретінде

55.Ақша жүйесі мен оның элементтері

56.Фискальды саясат, мәні, мазмұны

57.Салық, салық салудың қағидалары және түрлері

58.Банк жүйесі мен оның құрылымы, қызметтері

59.ҚР әлеуметтік саясаты

60.«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты ҚР Президентінің халыққа жолдауындағы ұлттық экономиканы дамыту бағыттары

1.Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері.

Экономика сөзін грек тілінен аударғанда, oikonomia - үй шаруашылығын басқару дегенді білдіреді. Бірақ та, қазіргі кезде ол көп мағыналы болғандықтан мына үш негізгі анықтамаларды атаған жөн

- ең біріншіден, экономика бұл- өндіріспен байланысты барлық адамзат шаруашылығының қызметін анықтайтын қоғамдық қатынастар жиынтығы ретінде қарастырылады;

- екіншіден, экономика бұл - жеке аймақтың, мемлекеттердің, мемлекеттік топтың және барлық дүниежүзінің шаруашылық іс-әрекеті болып табылады;

- үшіншіден, экономика бұл - қоғамдық өмірдің шаруашылық саласын қарастыратын, зерттейтін ғылыми пән деп айтуға болады. Экономиканы ғылым ретінде зерттеп-тану кезінде экономика жайындағы кешенді, жалпы теориялық ғылым – экономика теориясы екендігін есте ұстаған жөн.

Экономикалық теория басқа ғылымдар сияқты танымның әр түрлі формаларын қолданады. Олардың барлығы шаруашылық өмірді зерттеу әдістерінен тұратын ғылыми методологияны құрайды. Ол әдістер жалпы ғылыми және жеке болып бөлінеді.

Жалпы ғылыми әдістер – бұл көне грек философтары негізін салған және кейінгі буын ғалымдары дамытқан диалектикалық материалистік қағидалар. Олар бір-біріне тәуелді, қайшылықты түрде дамытып, ұдайы қозғалыста болады.

Бұл процестерді зерттеу барысында тарихи және логикалық тәсілдер қолданылады.

Тарихи әдіс құбылыстардың пайда болып, дамып және бірінің орнын бірі басқанын тізбекті талдауға жағдай жасайды.

Логикалық (теориялық) тәсіл тарихи құбылыстардың тарихи дәлме-дәл даму жолы емес. Ол зерттеліп отырған құбылыстың мәнін ұғыну мен асбтракциялауды, яғни олардың болмысы мен қасиеттерін жорамал түрде таза зерттеуді көздейді. Осының негізінде бұл құбылыс жайында ғылыми түсінік пайда болады, яғни логикалық түсінік немесе тауар, баға, ақша, акция, бәсеке т.б.сияқты экономикалық категориялар қалыптасады. Зерттеудің осындай әдісін ғылыми абстракция деп атайды.

Ғылыми-техникалық жекелеген әдістерге: байқау, синтездеу мен анализдің көмегімен алынған материалды өңдеу, индукция мен дедукция, заңдар мен категориялар жүйесін құру, оларды тексеру, тәжірибе-сынақтар жүргізу, модельдер құрастыру, олардың математикалық формализациясы және т.б. жатады

Талдау – біртұтас бүтіннің бөлшектерін жекелеп қарау.

Синтез – қаралатын біртұтас бүтін құбылыстың жеке бөлшектерден құралуы.

Индукция – фактілерден бастап жинақтауға дейін жеткізетін қозғалысты тұжырымдау.

Дедукция – жалпыдан нақтылы экономикалық фактіге жеткізетін қозғалысты тұжырымдау.

Экономикалық теорияның пайдаланатын зерттеу әдістерінің ең маңыздысы- ғылыми абстракция әдісі болып табылады. «Абстракция» терминін нақты түсіндірер болсақ, жекеше тыс ойлау деген ұғымды  білдіреді. Күнделікті өмірде « абстракция» көбінесе нақты болымыстан тыс және тек ойда, елес ретінде түсіндіріледі.Ал нақты  нәрсе- бұл күнделікті өмірде көрінетін құбылыс шындығы. Ғылыми абстракция дегеніміз зерттеліп  отырған құбылыстардың мардымсыз, өткінші жақтарын дерексіздендіру, олардағы тұрақты қасиеттерді тауып көрсету процесі. Мысалы, баға қозғалысын алсақ, бір қарағанда ол түсініксіз, шегі жоқ, шым-шытырық процесс тәрізді, бірақта баға динамикасын (өрісі) нақтылы факторлар: сұраныс пен ұсыныс, сондай-ақ өндіріс және тасымал шығындары, т. б. Белгілейді

Анализ және синтез әдістері әлеуметтік – экономикалық құбылыстарды жеке бөліктер бойынша немесе біртұтас зерттейді. Мысалы, өндірістің бір күндегі табыс мөлшерін анықтайтын бұл – анализ, ал ай сайынғы табыс мөлшерінің жиынтығын анықтайтын бұл – синтез Экономиканың микро- және макроэкономикаға бөлінуі анализ және синтез әдісінің бөлінуімен байланысты, яғни шаруашылық жүйесіндегі екі әр түрлі деңгейді қарастырады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]