Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
бухучет ЧИНА.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
187.89 Кб
Скачать

58.Капиталистік мемлекеттердегі шығындарды есептеу тәсілі

59.Капиталистік мемлекеттердегі бух есептің дамуы

• Жеке мүлікке негізделген процесстерді реттеп, оларды көрсетеді.

• Бұл жерде бухгалтерия сол реттелетін ұйымның шектеуімен жүреді.

• Есеп бұл жеке кәсіпкерлердің қатаң, құпия жұмыс нәтижесі болып табылады.

• Есептің негізігі мақсаты мен міндеті ол кіріс пен шығыстарды есептеп шығару.

• Бухгалтерлік есеп бұл коммерциялық құпия болып табылады. Сондықтан оны қатаң құпияда жасалынып, өзгертілуі мүмкін.

Дамыған капиталистік мемлекеттердің жетістіктерінен біз байқаймыз, бухгалтерлік есепті екі бағытқа бөлу: жалпы немесе қаржылық және калькуляциялық. Солардың есебінен мемлекет экономикасы дамып, шығындарды азайту жолы пйда болды. АҚШ та шешім қабылдау теориясы мен бухгалтерлік есеп өте тығыз байланысқан. Себебі бұл жүйе бойынша жеке кәсіпкер көре алады: шешім қабылдағаннан кейін ол фирмаға жақсы немесе зиян әсерін тигізу ықтималдығын.

Мұндай бухгалтерлік есеп жүйесі дамыған, мысалға АҚШ та, Жапонияда, Англияда және т.б елдерде қолданылады.

60.Ресейдегі алғашқы журнал счетоводства және оның шығу тарихы

XIX ғасырдың аяғында Россияда профессионалды бухгалтерлік журналдар шыға бастады. Олардың айналасында жаңадан жас бухгалтер ғалымдар топтала бастайды. Сол журналдардың ішінен «Счетоводства» журналын (1888 — 1904) атаған жөн. Журналдың төрағасы керемет бухгалтер, халықаралық әйгілі ғалым, Болондық академияның шоттар бөлімінің мүшесі, итальяндық шоттар ұлтаралық қоғамшың мүшесі, Нидерландыдағы шоттар институтының корреспондент мүшесі Адольф Маркович Вольф (1854 — 1920) болды. Ол және сол журналдың қызметкерлері бір ғана мақсатты көздеді. Ол -Россиядағы екіжақты бухгалтерлік есепті дамыту. Теорияны дамыту облысында Вольфтің көмекшісі Василий Дмитриевич Беловтың қосқан үлесін айтуға болады. Ол бухгалтерияны басқа дисциплиналармен байланыстыра отырып, олардан бухгалтерияның артықшылығын, кемшілігін бөліп көрсетті. Еңбегі сіңген ғалымдардың бірі - Семен Моисеевич Барац

(1850 — 1913). Ол хронологиялық жазуды қолдады, оның себебін былай түсіндірді: шаруашылық операциядағы есептеу формуласын бір жерде көргісі келетіндігі; кез келген күнде жүргізілген операцияларды тез табуға мүмкіндік; системалық жазуларды бақылау, қадағалау. Барац бухгалтерлік есепке уақыт енгізуді ұсынған және енгізген ғалым. «Счетоводства» журналындағы ең талантты ғалым Лев Иванович Гомберг (1866 — 1935) болды. Ол бойынша кредиттік жазу ол әрқашан себеп болса, ал дебеттік жазу оның салдары деген. Гомбергтің арқасында орыс бухгалтериясы әлемдік аренаға шығып, европа елдерінің интеллектуалдарына әсерін тигізді. «Счетоводства» журналының тағы көптеген авторлары болған: К.Г.Щетинин-Какуев (Москва) – текстильдік шот жүргізудің негізін қалаушысы; М. Я. Батеньков (Н.-Новгород) – жаңа учеттық дисциплинаны (ревизияны) енгізген; А. А. Беретти (Владимир); А.З. Попов (Харьков). Журналдың шығуы қаржы министрлігінің субсидиясымен шығып отырған. Бірақ, 1904ж. япония мен ресей арасындағы соғысқа байланысты мемлекеттің жылдық субсидиясы (2 мың руб.) алынып тасталды. Сол себепті журнал жабылып, өз қызметін тоқтатты.