Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
бухучет ЧИНА.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
187.89 Кб
Скачать

48.Қазақстандағы бух есептің даму тарихы

Бухгалтерлік есепзаңды тұлғалардың қорлары мен қор көздерін және қаржы айналысын, шаруашылық операцияларының мазмұнын нақты құжаттар негізінде үздіксіз және өзара байланысын сақтай отырып, арнайы өлшеу бірлігімен тіркеп отыру. Бухгалтерлік есеп жүргізу құжаттау мен түгелдеу, есепшоттар мен екіжақты жазу, бағалау мен өзіндік құн шығару, баланс пен қорытынды есеп әдістеріне негізделген. 1997 жылдан бастап Қазақстанда Бухгалтерлік есеп халықар. стандарт жүйесіне көшірілді. Бухгалтерлік стандарт — есеп көрсеткіштерін арнайы ережелерге сай бағалау, өлшеу және шаруашылық операцияларының маңызын анықтау мен ажырату тәртібі. Халықар. стандартқа сай, Бухгалтерлік есеп қаржы және басқарушы есеп салаларынан тұрады. Қаржы есебі қаржы салымшылары мен несие берушілер, заңды тұлғалардың дамуына үлес қосушылар, шетелдік инвесторлар, т.б. үшін жүргізіледі. Басқарушы есеп заңды тұлғалардың өз ішінде басқару жүйесін жетілдіру, ішкі резерв қорларын табу, оны іске қосу мақсатында жүргізіледі. Қазақстандағы заңды тұлғалар жыл сайын аталмыш есеп салаларына қосымша өз кәсіпорнының есеп саясатын, оны жүргізудің принциптерін, қолданылатын есепшоттар жүйесінің тізімін жасап, бекітіп, арнайы орындарға тапсырып отырады. Тиісті заң актілері мен нормативтік материалдардың және есеп стандарттарының талабына сай, Бухгалтерлік есеп объектілерінде қолданылатын бірнеше әдістер ішінен заңды тұлғалардың өзіне ыңғайлы жолын таңдап алуы есеп саясатын көрсетсе, кең көлемде қолданылатын Бухгалтерлік есепке тән ережелер жүйесі (екіжақтылық, консервативтік, автономиялық, сәйкестікке келтіру, сату, т.б.) есеп принципіне жатады. Бухгалтерлік есеп жүргізудегі басты құрал — есепшоттар жүйесі. Онда заңды тұлғалардың әрбір есепшоты нөмірленген. Бухгалтерлік есеп көрсеткіштері (мәліметтері) бухгалтерлік баланс жасау арқылы қорытындыланады.

49.Есептеу құралдарының пайда болуы және дамуы

Греция бірінші есептеу құралының отаны болып саналады. Мұнда абак ойлап табылды. Осының ең біріншісі монета түрінде ақшалар пайда бола бастады. Бұл құбылыс есептің дамуындағы ең елеулі ырғақ болды: ақша бастапқыда есепке алудың өз бетіндік құралы ретінде саналды, кейін есеп айырысу құралы ретінде және соңында құндық өлшем функциясын атқарды. Яғни, олар барлық мүлікті өлшейді.

Кейбір деректерге қарағанда санаққа, санауға түсетін нәрселер өнім түрінде сатылатын болған. Санау құралдары тауарлар түрінде пайдаланып, бухгалтерлік есептің алғашқы құралдыра тауарлар түрінде пайдаланып, бухгалтерлік есептің алғашқы құралдары болып танылған. Мысалы, май құйылған құмыралар саны, малдардың ұрғашысы мен еркегі, құралдардың саны тағы сол сияқты арнайы белгілер салу арқылы белгіленген. Арнайы жасалған белгілер мен таңбалар салу нәтижесінде жазулар, әріптер пайда болса керек. Жекелеген әріптерді ыңғайлы пайдаланудың нәтижесінде алфавиттік жазулар жазыла бастаған. Күні бүгінге дейін біздің пайдаланумыздағы әріптер нұсқасы ең әуелі сиқай жартыаралынан басталыпты. Біртіндеп алфавит алфавит Грецияға тараған. Біртіндеп келген осы алфавитті гректер өз алфавитіне айналдырған. Тіл құрылымын зерттеудің нәтижесінде гректер грамматика мен синтаксисті қалыптастырған.