Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_актуал.проблемы..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
399.87 Кб
Скачать

12.«Бала құқығын қорғау» тұжырымдамалары.

Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңы

Осы Заң балаларды қоғамдағы толымды өмiрге даярлау, олардың қоғамдық мәнi бар және шығармашылық белсендiлiгiн дамыту, әлемдiк өркениеттiң жалпы адамзатқа тән құндылықтары негiзiнде оларды жоғары имандылық қасиеттерге, елжандылық пен азаматтыққа тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық сана-сезiмдi қалыптастыру принциптерiнiң басымдығына сүйенiп, баланың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепiлдiк берiлген негiзгi құқықтары мен мүдделерiн iске асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттейдi.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

2-тарау. БАЛАЛАР МҮДДЕСIН КӨЗДЕЙТIН МЕМЛЕКЕТТIК САЯСАТ

3-тарау. БАЛАНЫҢ НЕГIЗГI ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI

4-тарау. БАЛА ЖӘНЕ ОТБАСЫ

5-тарау. АТА-АНАСЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ

6-тарау. МҮГЕДЕК БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ

7-тарау. БАЛА ЖӘНЕ ҚОҒАМ

8-тарау. БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ЖӘНЕ ЗАҢМЕН ҚОРҒАЛАТЫН МYДДЕЛЕРIН ҚОРҒАУ

9-тарау. БАЛА ЖАУАПКЕРШIЛIГIНIҢ ЖӘНЕ ОНЫҢ МIНЕЗ-ҚҰЛҚЫНА ӘСЕР ЕТУДЕН ЕРЕКШЕЛIКТЕРI

10-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Баланың құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметiн үйлестiрудi Қазақстан Республикасының Yкiметi жүзеге асырады.

13.Әлеуметтік педагогика мен әлеуметтік жұмыс ұғымдарының өзара байланысын айқындаңыз.

Әлеуметтік педагогика жеке тұлғаның өзгешеліктері мен ол өмір сүретін мемлекеттің, қоғамның әлеуметтік мәдениетін ескере отырып әл. тұрғыда жағдай жасауы қалыптасуына қажет. Әлеуметтік педагогика әлеуметтік мәдени ортаның жеке тұлғаға және топқа жасайтын ықпалын зерделеуге және ол ықпалдың оң және теріс салдарын анықтауға көмектеседі. Қазiргi таңда әлеуметтiк педагог отбасымен, соның iшiнде сәттi-сәтсiз отбасымен, аз қамтылған, көп балалы, толық емес отбасымен және тұлдыр жетiм, жартылай жетiм, мүгедек балалармен, сол сияқты қамқоршылармен де тығыз байланыста жұмыс жүргiзедi. Осы орайда бүгiнде әлеуметтiк педагогтарға үлкен мiндет жүктелiп отыр. Мектепте баламен жұмыс жүргiзсе, отбасымен, ата-анамен тығыз байланыс жасалады. Мектептiң әлеуметтiк педагогтары тұрмысы төмен отбасына көмек берумен шектелмейдi. Бұл ретте оқушылармен тренингтер өткiзiп, сауалнама жүргiзiп, кiрiктiрiлген ашық тәрбие сағаттары, сынып сағаттарына қатысып, әңгiме, кеңестер жүргiзiледi. Тұрмысы төмен отбасыларға барып акт жасап, жағдайларын бiледi. Сонымен қатар ықшамаудан бойынша акт жасап, кәмелеттiк жасқа толмаған жасөспiрiмдердiң соттарына қатысады. Қоғам алдында олардың құқығын қорғайды.

Әлеуметтік жұмыс - жеке адамдардың әлеуметтік мәселелерін, ең алдымен әлеуметтік жәбір шеккен жеке тұлғалар мен коғамдық топтардың әлеуметтік мәселелерін шешуге, азаматтардың әлеуметтік кепілдігі бар құқықтары мен қажеттіліктерін қамтамасыз етуге, әлеуметтік қызметін атқару қабілетін қалпына келтіруге немесе көтеруге қолайлық туғызатын жағдайлар жасауға бағытталған кәсіптік іс-әрекеттің ерекше, бірлестірілген, пәнаралық түрі. Әлеуметтік жұмыс — әлеуметтік ауыспалықты қамтитын, халыққа белгілі бір уәкілеттілік пен еркіндікті ұсынатын, олардың әлеуметтік игілігін күшейтетін әлеуметтік жұмыс саласындағы мамандықтар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]