Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_актуал.проблемы..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
399.87 Кб
Скачать

10.Тұлға әлеуметтенуіндегі әлеуметтік педагог қызметінің маңызы

11.Әлеуметтік педагогика ғылымындағы тұлға теориялары

Болашақ тұлғаның әлеуметтенуі әсіресе интенсивті түрде болашақ және жас өспірімділік кезеңде дамиды, ал тұлға дамуы жалпы егде жасқа дейін созылады Қоғам дамуы тұлғаның индивидуалды дамуына жол сілтейді, ал жалпы әлеуметтенуге әр әлеуметтенуші өз үлесін қосады. Тейяр бойынша, адамзаттың болашағының тарихының маңыздылығын казіргі қоғам дамуына тәуелді болып табылады . Тұлғаның әлеуметтенуі индивидуалды дәрежеде бірнеше үрдістен тұрады: 1 Адамдардың тұлғалықтары өзара әсерлесу арқылы қалыптасады. Бірақ олардың өзара әсерлесу мінездемесі жас, интеллектуалды дәреже, жыныс тағы сол сияқты факторларға өз әсерін тигізді. 2 Қоршаған орта да баланың тұлға болып дамуына септігін тигізеді. 3 Тұлғалық жеке бас индивидуалды тәжірибе арқылы қалыптасады. 4 Тұлғаның құрылуына әсер ететін аспект болып мәдениет саналады. Негізгі әлеуметтену феноминдеріне мінез-құлық стереотиптерін игеру, істегі әлеуметтік нормаларды игеру, дәстүр - қызығушылықтарды, құндылықтарды, бағыттарды т.с.с. игеру жатқызылады. А. Н. Леонтьевтің пайымдауынша, адам әлеуметтенудің бүкіл үрдісінде көптеген іс-әрекет түрлерімен айналысады. Мұнда үш негізгі маңызды үрдіс өтіледі. Біріншіден. бұл әр іс-әрекет түрінде болатын және оның түрлері арасындағы байланыс жүйесінде бағдар болады. Ол әр тұлға үшін маңызды іс-әрекет аспектісін анықтауы, игеруі болып табылады. Осындай бағдардың жемісі ретінде іс-әрекетті тұлғалық таңдау деп атауға болады. Оның негізінде екінші үрдіс туындайды, яғни - негізгі таңдалған іс-әрекет төңірегінде орталықтану және басқаларды оған бағынышты ету. Үшіншіден, іс-әрекетті жүзеге асыру барысында тұлға жаңа рольдерді игеріп, олардың мәнділігін игереді. Тұлғаның «Мен - концепциясы адамның өмір үрдісіндегі өз психологиялық қоршағанының өзара әрекеттестігі негізінде пайда болған. Американ психологы У.Джемс «Психология принциптері» кітабында алғашқы болып «Мен Концепциясы» идеясын ұсынып, оның дамуына үлес қосқан. У.Джемс бойынша «Ауқымды Мен» құрамында екі аспект бар: эмпирикалық объект және танымдық субъективті бағалаушы сана. «Мен» объект ретінде 4 аспектіден тұрады: - рухани «Мен» - материалды «Мен» - әлеуметтік «Мен» - денелік «Мен» Шутц, Нюттен зерттеулерінде эксперименттік түрде адамның әлеуметтік мінез-құлқына «Мен - бейнесінің» «өткені» мен «болашақ» бейнелерінің әсері зор екендігі дәлелденген. Дәстүрлі түрде адамның психикалық саулығының негізгі көрсеткіші болып табылатын барлық психотерапевтикалық практикаларда негізінен колданылатын «Мен үғымының» уақытша ұғым идеялы, әсіресе олардың өзара сәйкес келмеушіліктеріне баса назар аударылады. «Мен - өткен шақ», «Мен- болашақ», «Мен - қазіргі» арасындағы белгілі бір дәрежеге дейін жеткен қайшылықтар әлеуметтік-психологиялық дезадапциясының негізгі фаткоры негізінде (К.Хорни) немесе алғашқы тұлғалық ауытқушылықтары ретінде (К.Роджерс) немесе тұлғаның өзіндік актуализациясының төменгі көрсеткішті дәрежесінің бір ретінде (А.Маслоу) немесе нақты психикалық ауытқушылықтар, яғни депрессия мен мазасыздық бастауы ретінде (Т.Хиггинс) қарастырылады. К.Роджерс, З.Фрейд, А.Адлер, Э,Эриксон т.б. ғалымдар сияқты «Мен - Концепциясының» құрылу үрдісіне байланысты белгілі бір арнайы кезеңдер кестесін көрсетпеген. К.Рождерс бойынша адам өміріндегі басқарушы мотив - актуализация тенденциясы, яғни өзін сақтап дамыту, өзінің жақсы жақтарын ашу, осы фундаменталды тенденция негізгі мотивациялық тенденция болып табылады. Л.Хьелл, Д.Зиглердің оқулығында осы мәселеге байланысты мынадай мысалдар келтіріледі: «Егер де жас әйел өзін ер азаматтармен қарым-қатынасқа түсе алмаймын деп есептесе, онда ол өткен шақ қиыншылығынан емес, болашақта болар сәтсіздіктен корқады. Ол бұл жағдайда өзінің ер адамды қызықтырмаймын деген өз-өзіне қойған болжауына бағынып тұр. Осындай теріс көзқарастан құтылу арқылы ол болашақта сексуалды сәттілікке қол жеткізер еді

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]