Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_актуал.проблемы..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
399.87 Кб
Скачать

9.Тұлғаны әлеуметтендіру үдерісіндегі мектептің ролі .Мектеппен қоғамның байланысы

Әлеуметтену - қарым-қатынаста және іс-әрекетте жүзеге асырылатын, индивидтің әлеуметтік тәжірибені белсенді қайталаудың процесі және меңгеруінің нәтижесі.

Әлеуметтену - бұл тұлғаның қоғамда өмір қамын дұрыс тәсілмен іске асыруына мүмкіндік беретін білімдердің нормалары мен құндылықтардың белгілі бір жүйесін игеру үрдісі болып табылады.

«Тұлға болып туылмайды, тұлға болып қалыптасады» (А.Н Леонтьев).

Мұның басты мағынасы тұлғаны қоғамда қалыптастыруымыз керек. Әлеуметтену динамикалық сипатта болғандықтан тұлға бұл әр қашанда үдеріс, бұл үнемі қалыптасу.

Әлеуметтенудің мәні мына процестерінің қиылысуында ашып көрсетіледі: бейімделу, интеграция, өзін-өзі дамытуы, өзін - өзі жүзеге асыруы.Әлеуметтендірудің жетекші және анықтаушы бастауы – тәрбиелеу. Тұлғаны әлеуметтендірудің педагогикалық негіздері бала жасының психологиялық ерекшеліктеріментығызбайланыстыболуғатиіс.Оқушылардың дербестігімен белсенділігін балардың еңбекке, өздеріне, қоршаған ортаға деген құндылық қатынастарын дамыту, оқытументәрбиелеупроцесіндежүзегеасыруарқылықалыптастыруғаболады.

.

Әлеуметтендірудің сәттілігі тұлғаның қоғамға бейімделуін білдіреді. Сонымен бірге өзін-өзі дамытуға, өзін анықтауға, өзін жүзеге асыруға кедергі келтіретін өмірлік бұрылыстарға қарсы тұру қабілетінде байқатады

Жалпы білім беретін мектеп жағдайында жекетұлғаны әлеуметтендіру - мәдени элементтерді түсіндіру, әлеуметтік мұрағаттар мен құндылықтарды игеру негізінде жеке тұлға қасиеттерін қалыптастыру. Әлеуметтендіру қоғам талаптарынан жеке тұлғаның қалыптасу кезеңінде бірте – бірте игеруі, сана мен тәртіптің маңызды әлеуметтік даму барысында қоғамда адам өзін тұлға ретінде сезінеді. Бұл тәрбие, адам өздігінен алдында мақсат қойып, оған жетуде өзінің беделі мен сезімін түсінеді, қоғамдағы өз орнына сенімді. Әлеуметтендіру идеяларын іске асыру, жалпы алғанда, педагогикалық процесте оқу және оқудан тыс уақытты толыққанды пайдалануды, сондай-ақ, отбасымен, қосымша білім беру ұйымдарымен тығыз ынтымақтастықты талап етеді.

Тұлғаның әлеуметтенуінің әлеуметтік – психологиялық факторлары жалпы түрде екі үлкен топқа бірігуі мүмкін:

1) әлеуметтенудің әлеуметтік – мәдени жағын көрсететін және оның тарихи, мәдени, ұлттық ерекшеліктері мәселелерін қарастыратын әлеуметтік топ;

2) белгілі бір деңгейде тұлғаның өмір жолының кезеңдерімен анықталатын жеке тұлғалық топ.

В.Г.Крыська тұлғаның әлеуметтенуінің үш факторын (микрофакторлар, мезофакторлар, макрофакторлар), механизмдері мен құралдарын көрсетті.

Әлеуметтену – тұлғаның (барлық өмір сүру кезеңінде) дамуы, қалыптасу процестері және нәтижесі. Әлеуметтену – тұлға мен қоғамның өзара әрекет процесі мен нәтижесі.

Бүгінгітаңдаәлемдік білім кеңестігінетолығыменықпалдасужоғары білім беру жүйесінхалықаралықдеңгейгекөтеруді талап етеді. Әлемнің көптеген алдыңғы қатарлы елдерінің білім беру жүйесіжоғары білім берудіңқұрылымын, мақсатыменміндеттерін, мазмұныментәрбиетехнологиясынөзгертті. Білімді, білік - дағдыларды беру емес, ақпараттық-зияткерлікресурстарды өз бетіншетауып, талдапжәнепайдаланабілетін, адамгершілікидеялардыңқуаткөзіболатын, жеделөзгеріпотыратынәлемжағдайындадамитынжәнеөзін-өзіашыпкөрсетеалатынжекетұлғанытәрбиелеуқажеттігітуындапотыр.

Әрбір мұғалім оқушылардың сыныптағы іс - әрекетін ұйымдастыра отырып, тұжырымын ұғына отырып, мына төмендегі қасиеттерді басшылыққа алса, жас ұрпақты әлеуметтендіру мәселесінің шешімі нәтижелі болмақ:

• жеке тұлғаны әлеуметтік бейімділікке үйрету;

• жеке тұлғаны әлеуметтік өзін - өзі ұйымдастырушылыққа үйрету;

• жеке тұлғаны әлеуметтілік белсенділікке үйрету;

• жеке тұлғаны әлеуметтілік жауапкершілікке үйрету;

• жеке тұлғаны әлеуметтілік экономикалық еріктілікке үйрету;

• жеке тұлғаны ақпараттық біліктілікке үйрету;

• этномәдени, саяси әлеуметтік сәйкестілік, т.б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]