Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_актуал.проблемы..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
399.87 Кб
Скачать

7.«Әлеуметтік бейімделу» және «әлеуметтік бейімделмеу» үрдістерінің көрсеткіштеріне сипаттама беріңіз.

Қазіргі заманда әсіресе қарқынды өзгеруіне байланысты кез-келген жағдайда өзін жақсы сезіну, жағдайларға икемделе, бейімделе алу өте маңызды. Ғалымдар осы күрделі процестің түрлі шегін зерттеуге, бағалауға болатындығын көрсетуде.Бейімделу латын тілінен аударғанда - икемделу, үйлесу деген мағынаны береді. Нақты уақытқа дейін «бейімделу» түсінігінің анықтамасы жоқ. Ағылшын ғалымы Проссердің айтуынша, оның көп мәнділігі сонша, қанша зерттеушілер бар, соншама түрлі жауап қайтарылады және соның барлығыда дұрыс болып табылады.Адамның бейімделуінің төрт түрін көрсетуге болады: психологиялық, физиологиялық, биологиялық, әлеуметтік.Бейімделу процесі аса динамикалы болып табылады. Оның жетістігі көбінде обьективті, субьективті оқиғаға, функционалды жағдайға, әлеуметтік тәжірибеге, өмірлік бағдарға және т.б. байланысты. Әрбір адамға сол әсер еткен стимул әр түрлі адамдарда түрлі жауап реакциясын тудыруы мүмкін.Тұлғаның әлеуметтік – психологиялық бейімделу мәселесі психология ғылымындағы және психология ғылымының басқада аймағындағы күрделі мәселелердің бірі болып табылады Адамды қоғамға, әләуметтік топқа және ұжымға енгізудегі, адам мен әлеуметтік тәжірибені меңгеру механизімінде, қарым – қатынас және мәдени тәжірибелерде бейімделу және әлеуметтену процесі маңызды механизм болып табылады.Адамның бейімделу ерекшелігі «әлеуметтік әлемге бірте – бірте енуі мен» мінез – құлық, жүріс – тұрыстың әлеуметтік ережелерін менгеру процесі мен адамның әлеуметтенуі мен байланысты болады. Негізінде әлеуметтік бейімделу әлеуметтенудің маңызды механизімі болып табылады.Әлеуметтену және тұлғаның бейімделуі жақын түсініктер, қоғам мен тұлғаның өзара әрекеттесуінің бірыңғай процесін сипаттайды, сондай-ақ әлеуметтену түсінігі бейімделу түсінігінен аумақты болып табылады.Әлеуметтену – тек тұлға болуы мен жалпы дамуы мен ғана жиі байланысады, ал бейімделу – қалыптасып қойған тұлғаның икемделу процесі мен байланысады. «Бейімделу және әлеуметтену» түсінігінде мазмұнына байланысты мәнді айырмашылықтар бар. Бейімделу адамның жаңа заттық іс - әрекет жағдайына икемделуі, дағдылануы, әлеуметтенуі тұлғаның қалыптасу процесінен көрінеді Тұлғаның әлеуметтік бейімделу процесінің субьективті бағыттылығы А.М. Растова мен көрсетіледі: «Егер әлеуметтену процесінде индивид ең алдымен қоғамның әсер ету обьектісі, ал тұлғаның әлеуметтік бейімделу барысында қарым – қатынас және іс - әр екеттің субьектісі болып табылады».Бобнева М.И. әлеуметтену мен әлеуметтік – психологиялық бейімделу процесі тығыз өзара байланысқан деп көрсетеді. Психологиялық механизімдер, бейімделу процесінде тұлғаның әлеуметтік орта мен өзара әрекет етуін жеке алғанда, жанама түрде тұлғаның мотивациялық құрылымы, психикалық құрылымы, кейбір даралық ерекшеліктер индивидтің әлеуметтеу процесінде әлеуметтік жағдайдың әсері мен құрылады. Тұлғаның әлеуметтенуі, тұлғаның қоғамда, нақты бір ұжымда бейімделуі үшін қажетті жағдай болып табылады.Столяренко Л.Д. тұлғаның әлеуметтеу сатысын қарастырғанда, бірінші сатыны – біріншілік әлеуметтену немесе бейімделу сатысы деп көрсетеді. Адамның әлеуметтік бейімделуі жеке позицияны, әлеуметтік статусын түсінуін, сондай–ақ оны мен байланысты ролдік мінез–құлық түрі ретінде жалпы топтық міндеттерді шешу процесінде тұлғаның дара ерекшкліктерін жүзеге асыруды қарастырады Тұлғаның бейімделуі немесе бейімделе алмауының сипаты мен денгейі көбінесе адамның биологиялық, физиологиялық, психикалық қасиеттеріне және оның әлеуметтік дамуына байланыстыӘлеуметтік бейімделу процесінің негізі - әлеуметтік ортаның оған ұсынатын талаптарына тұлғаның мінез–қылық , жүріс–тұрысы және іс-әрекетінің сәйкестенуі, яғни әлеуметтік күтілімдер жүйесіне мінез – құлықтың сай болуы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]