- •1.Әлеуметтік педагогиканың функциялары
- •3.Әлеуметтік педагог жұмысындағы негізгі нормативтік құжаттар базасына сипаттама беріңіз.
- •4.Әлеуметтік тәрбие мен діни тәрбиенің ерекшеліктері мен ұқсастықтарына сипаттап беріңіз.
- •6. Қазіргі кездегі тұлға әлеуметтенуі үдерісіндегі тәрбиелеу және білім беру ұйымдарының рөлі.
- •7.«Әлеуметтік бейімделу» және «әлеуметтік бейімделмеу» үрдістерінің көрсеткіштеріне сипаттама беріңіз.
- •8.Әлеметтендірудің құрылымдық үрдісінің ғылыми сипатттамасы.
- •9.Тұлғаны әлеуметтендіру үдерісіндегі мектептің ролі .Мектеппен қоғамның байланысы
- •10.Тұлға әлеуметтенуіндегі әлеуметтік педагог қызметінің маңызы
- •11.Әлеуметтік педагогика ғылымындағы тұлға теориялары
- •12.«Бала құқығын қорғау» тұжырымдамалары.
- •13.Әлеуметтік педагогика мен әлеуметтік жұмыс ұғымдарының өзара байланысын айқындаңыз.
- •14.Әлеуметтену және әлеуметтену кезеңдері жайлы түсінік.
- •15.Діни ұйымдардың тұлға әлеуметтенуіне әсері.
- •16.Отбасы және қазіргі отбасының тұлғаны әлеуметтендіру үдерісіндегі негізгі міндеттері.
- •17.Әлеуметтік педагогикалық үдеріске түсінік.
- •19.Микросоциумдағы әлеуметтік қарым – қатынас мәселесі.
- •20.Әлеуметтену тұжырымдамалары және тәрбие теорияларының ұқсастықтары мен айырмашылықтары на аналитикалық сипаттама беріңіз.
- •21.Тұлғаны әлеуметтендірудегі мектептің қызметі.
- •22.Балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлқындағы ауытқушылық.
- •23. Әлеуметтік тұлға қалыптастырудың жолдары мен механизімдері.
- •24.Тәрбиелеу кеңістігін педагогикалық құбылыс ретінде сипаттап оны қалыптастырудың түрлі нұсқауларын айқындаңыз.
- •25.Тұлға әлеуметтенуіне әсер ететін сыртқы факторларына сипаттама беріңіз.
- •27.Сіздің қалаңыздағы немесе микросоциумдағы витимогенді ерекшеліктерді атап көрсетіңіз.
- •28.Отбасының әлеуметтендіру қызметі.
- •29. Әлеуметтік педагогтың қиын балалармен жұмыс жасау технологиялары.
- •30.Әлеуметтендіру үрдісінде шешілетін әлеуметтік-мәдени міндеттер
- •31.Әлеуметтік педагогиканың зерттеу объектісі ретінде социумның рөлі
- •33.Әлеуметтік педагогиканың гуманистік ұстанымдары және оның негізгі талаптары.
- •34. Жас ерекшелігіне байланысты адамдардың әлеуметтенуі
- •35. Жас ерекшелігіне байланысты тұлға әлеуметтенуіне оң және теріс әсер ететін факторлар.
- •36.Бала әлеуметтенуіндегі ойын ісәрекетінің маңызы.
- •37.Қазіргі таңда ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар мен құқық бұзушы балалар проблемасы.
- •38.Әлеуметтік педагогтың жетім балалармен жұмыс жасау технологиялары
- •39. Әлеуметтік педагогтардың қызмет көрсету аймағы.
- •40.Қазіргі таңдағы әлеуметтік педагогиканың негізгі мәселелеріне қысқаша сипаттама беріңіз.
- •41.Микросоциумда түрлі жастағы топтарға тән әлеуметтік педагог шешуін қажет ететін мәселе құрастырып ол мәселені шешу механизмдерін тірек сызба арқылы түсіндіріңіз.
- •42.Баланың әлеуметтенуі үдерісіндегі оның педагогикалық тұрғыдан кері кетуінің себептерін анықтаңыз.
- •44. Әлеуметтік педагогтың тұлғалық және кәсіби біліктілігінің үлгісін жасаңыз.
- •45. Әлеуметтік педагогиканы оқу пәні ретінде жүргізудегі ұсынысыңыз.
- •46.Әлеуметтік педагогтардың өздігінен білімін жетілдіру жолдарын анықтап, өзіңіздің ұсынысыңызды көрсетіңіз.
- •47.Әлеуметтік педагогтың жұмыс түрлеріне ұсыныс және сипаттама беріңіз.
- •48.«Мен танымал әлеуметтік педагогпын және бұл дәрежеге жетуіме...» тақырыбына қысқаша эссе жазыңыз.
- •49.Әлеуметтік педагогикалық іс-әрекетке байланысты жағдаят құрастырыңыз.
- •50.Әлеуметтік-педагогикалық қызметтің әдістемесі мен технологияларына сызба келтіріңіз.
- •51.Балалар мен жасөспірімдердің ауытқушылық жүріс-тұрыстарын әлеуметтік-педагогикалық мәселе ретінде дәлелдеңіз.
- •52 Мына педагогикалық жағдаятты шешіңіз: Мен ұлымды бір өзім тәрбиелеп отырмын.
- •54.«Әлеуметтік институттардың тұлғаны әлеуметтендірудегі рөлі» тақырыбына эссе жазыңыз.
- •55.Мектептегі әлеуметтік педагогтың жарты жылдық жоспарын құрастырыңыз.
- •56. Қайырымдылық акцияларды ұйымдастыру жолдарын ұсыныңыз.
- •57.Әлеуметтік педагогика мен педагогиканың негізгі категорияларына және өзара әрекеттесу ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау жасаңыз
- •59 Қазақстан Республикасында әлеуметтік педагогтардың атқаратын қызметін анықтап, өзіндік көзқарасыңызды ұсыныңыз
51.Балалар мен жасөспірімдердің ауытқушылық жүріс-тұрыстарын әлеуметтік-педагогикалық мәселе ретінде дәлелдеңіз.
Қоғам өміріндегі қатынастардың жүйесі түбегейлі өзгеріп жатқан қазіргі заманда, өмірлік тәжірибесі жок, әлі толыққанды көзқарасы қалыптаса қоймаған жастар үшін қалыпты тіршілік ағымынан ауытқу өте оңай шаруа. Мұндай әрекеттердің белең алуынан бастап-ақ олардың алдын алмаса, қоғам үшін өте қауіп тудыруы ықтимал.Қоғамда қалыптасқан нормалардан ауытқуға жол ашатын мінез-құлық девианттық мінез-құлық деп аталатынын біз білеміз.Девианттық мінез-құлықтың түрлеріне қылмысты, ішкілікке салынуды, нашақорлық, жезөкшелік, гомосексуализм, құмар ойындарына қызығушылық, психопатиялық бұзылу және өзін-өзі өлтіруді жатқызуға болады.Жастардағы девианттық мінез-құлық әлеуметтік жүріс-тұрыс нормаларына қайшы келетін әр түрлі әрекеттердің салдары. Оған жасөспірімдердің мектептегі сабақтарын жіберуден бастап, үйден қашуы немесе біреудің меншігін тонау, не болмаса оны қасақана бүлдіруі жатады.Жастардың девианттық мінез-құлқы екі категорияға бөлінеді: біріншіден, бұл психологиялық нормаларынан ауытқуы анық немесе жасырын психопаталогиялық болып келетін мінез-құлық; екіншіден, қандай да бір әлеуметтік және мәдени нормаларды бұзатын әлеуметтік нормаларға қарсы мінез-құлық.Жасөспірімдердің ауытқушылық жүріс тұрыстарының алдын алу барысында келесідей жұмыстарды жүргізуге болады.Уақыты: Қыркүйек қараша: 1.Девиантты мінез-құлықты жеткіншектерді анықтау. А) сынып жетекшілермен әңгіме өткізу.Б)жеткіншектің мінез-құлқын анықтау. “Аяқталмаған сөйлем” әдістемесі.В) кәмелетке толмағандардың ісін қарайтын инспектормен біріккен жұмыс. Желтоқсан қаңтар. 2.Девиантты мінез-құлықтың алдын алу.А)ата-анамен жұмыс жүргізу.Б) пән мұғалімдері сынып жетекшілермен кеңес жүргізу.В)жеткіншектермен кеңес жұргізу.Г) ата-аналармен жиналысы мен сынып сағаттарына қатысу. Ақпан: 3.Девиантты мінез-құлықты жеткіншектерді диагностикалау.Өзіндік бағасын анықтау.Қақтығысқа арналған тест.“Әлемде жоқ жануар” проективті әдістемесі . Қобалжуды анықтаудың Басса Дарки сүрақнамасы. Наурыз: Тренингтер мен лекциялар өткізу.1.Өткізілетін тренингтердің тақырыбы.“Мен және қоғам”“Менің ішкі әлемім”“Мен өз болашағымды қалайкөремін”“Қақтығыс және одан шығудың жолы”Менің болашақ мамандығым”“Менің отбасым, менің достарым, біз бәріміз біргеміз”“Өзіңді жағымды тәрбиелеу”“Өзіңе-өзің көмектес”. Сәуір. Өткізілетін лекциялар тақырыбы.Қазіргі жастардың көңіл көтеруі: “Жыныстық қатынас мәдениеті”“Нашақорлық және болашақ”“Қ.Р. кейбір заң аспектілері”.Мамыр:Қорытынды. Жыл бойына жасалған жұмыстардың нәтижесімен таныстыру.
52 Мына педагогикалық жағдаятты шешіңіз: Мен ұлымды бір өзім тәрбиелеп отырмын.
Бала тәрбиесі – әке де, ана да бірдей деңгейде қанаттаса айналысуы тиіс күрделі міндет. Балалар есейген сайын ата-ана мойнындағы жауапкершіліктің жүгі ауырлай түспек. Есі кіріп қалған жеткіншектер енді сөзіңе ғана емес, ісіңе де мән беріп қарайды. Егер айтуың бір басқа, атқаруың мүлде бөлек болса, бала ондай жалғандықты, көлгірсуді бірден байқайды. Яғни, оларға айтар ақыл-кеңесімізбен ғана емес, ұқыпты тындырылған тірлігімізбен де үлгі көрсеткеніміз жөн. “Баланы ұлша тәрбиелесең – ұл болмақшы. Құлша тәрбиелесең – құл болмақшы” (А.Байтұрсынов). Еркексіз үйде өскен балалардың көпшілігі жасөспірім шақтарында қажетті-қажетсіз өз-өздерін қорғауға даяр тұрады. Жас кездерінде қорғауды жеткілікті дәрежеде көрмеген балалардың бәрінің бойларында қорғанысқа деген қажеттілік байқалған.
Жасөспірім балаға әке үлкен досы ретінде қажет. Бірақ бұл кезде ол паналайтын жер емес, арқа сүйейтін тірек ретінде қажетсінеді.
53 Мына педагогикалық жағдаятты шешіңіз: Менің көңілсіз оқиғам жаздың аяғында-тағдыр мені өте тартымды «С» - атты жас жігітпен табыстырған кезден басталған. Бізді таныстырған менің «Т» - есімді 14 жастар досым болатын. Сөйтіп, мен «С» - пен, «Т» - «С» - ның досы – «П» -мен кездесіп жүрді. Алғашында бәрі сәтті басталған. Менің туған күнімде «С» маған қымбат сыйлық жасады, мен оны шын сүйгенінің дәлелі деп қабылдадым. Содан соң біздің арамыз тым жақын болып кетті... «Т» мен «П» көп ұзамай бір ұсақ–түйекке бола ренжісіп–кездеспей қалды. Бірақ араларында еш нәрсе болмағандықтан, қайта татуласып, дос болып қала берді. Ал біздің бақытымыз ұзаққа бармады... «С» мені тастап кеткеннен 1 ай кейін мен өзімнің аяғымның ауыр екенін білдім. «С» - ға бұл жайында айтайын деп оқталсам, ол тыңдағысы келмеді. Жақында мен оны басқа қызбен көрдім. Енді не істерімді білмеймін. Анама айтқым келмейді, себебі ол мені бәрі - бір түсінбейді. Баламды алдырып тастауға қимаймын, себебі ол менің сүйетін адамымнан болған перзент. Маған көмектесулеріңді сұраймын! Менің қателігім: жігітке сеніп қалғаным, ал ол болса мені пайдаланып, артынан аяусыз тастап кетті. Мен өмір сүргім келмейді.
- Бұл жас қызға нң алдымен қандай көмек көрсету керек?
- Сіздің ойыңызша, бұндай жағдайда қандай әдістер тиімді болуы мүмкін?
