Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_актуал.проблемы..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
399.87 Кб
Скачать

46.Әлеуметтік педагогтардың өздігінен білімін жетілдіру жолдарын анықтап, өзіңіздің ұсынысыңызды көрсетіңіз.

Өздігінен білім жетілдіру – бұл адамның барлық рухани және физикалық күштері қатысқан тұлғаның ең жоғарғы өзін-өзі жетілдіретін көрсеткіші; бұл шығармашылық іс-әрекеттің түрі.Оның үдерісінде адам өзін-өзі дамыта және өзін-өзі өзгерте тұрып рухани және материалды объектті және субъектті қоғамдық мәні бар құндылықты қана құрып қоймайд А.Г. Мысливченко. Педагогтың өзін-өзі жетілдірудің жұмыс жүйесі ағымды және алдын ала жоспарлауды бағыттайды; рационалды формалар мен ақпаратты меңгеру және сақтау құралдарын жинақтайды; өзінің және ұжымдық педагогикалық тәжірибесінің жалпылау тәсілдері және талдау әдістемесін меңгереді; зерттеу және эксперименталды әрекетінің әдістерін біртіндеп меңгереді.Мұғалімнің өздігінен жетілдіру жоспарына оқитын әдебиеттер тізімі, өздігінен жетілдірудің формасы, жұмысты аяқтау мерзімі; күтілетін нәтиже (баяндама дайындау, ӘБ отырысында сөз сөйлеу, күнделікті жоспар, жұмыс тәжірибесін жазу, нәтижесін есеп түрінде рәсімдеу және т. б.) кіргізіледі.Өздігінен білім жетілдіру барысында жиналған материалды бөлек тақырыптарға бөліп және карточкалар, арнайы дәптерлер, тақырыптық папка, мұғалімнің педагогикалық күнделігі түрінде орынды қолдану қажет. Өздігінен білім жетілдіру не үшін қажет?Өздігінен білім жетілдірудің керектігі біріншіден, мұғалімнің іс әрекетінің спецификасы, оның әлеуметтік рөлі, екіншіден, үздіксіз білім беру беталыстар және шынайылығымен байланысты. Бұлар: үнемі өзгерілетін педагогтардың еңбек жағдайы, қоғамның сұраныстары, ғылым мен практиканың эволюциясы , адамға деген талаптардың өсуі, оның қоғам үдерісі мен жағдайларына тез және парапар қабілеті, өзінің іс әрекетін өзгертуге дайындығы, жаңа және күрделі міндеттерді шеше білуі.Өздігінен білім жетілдірудің мағынасы танымдық белсенділікті қанағаттаныру, педагогтың өзін-өзі үздіксіз білім алуындағы сұранысын білдіріледі.Өздігінен білім жетілдіру негізгі принциптері үздіксіздік, мақсаттылық интегративтік, жалпы және мамандық мәдениеті, қарым-қатынасы мен төменгі баспалдақтан жоғарыға өтетін перманенттік, нұсқалылық және т.б.Өздігінен білім жетілдіру кезінде педагогтар әр түрлі формаларды қолданады:

1) арнайы білім дайындығы (жоғары білім алуы немесе екінші мамандығы)

2) квалификациясын көтеру (курстарға бару)

3) өздігінен білім жетілдірудегі жеке жұмысқа қажетті көмек:

- ақпараттық құралдар

- есептік техника

- кітапханалар

- музейлер, көрмелер, театрлар, клубтар

- экскурсиялар

- ғылыми, техникалық, көркем және спорттық қоғамдар

- зерттеулер, эксперименттер, шығармашылық іс және тапсырмалар

- ғалымдар мен атақты адамдармен кездесу

-алдыңғы тәжірибе және өзінің практикалық әрекетінің жалпылауын ұғыну және т.б.

Педагогтың өздігінен білім жетілдіру үдерісіндегі әрекеттері:

- Өзін-өзі өзгертудің қажеттілігі туралы шешім алуы;

- Жетілдіру бағдарламасын жасау;

- Бағдарламаны жүзеге асыру жұмысы;

- Бағдарламаны немесе барысына керек болса, коррекция жасау;

- Бағдарламаорындау туралы өзін-өзі талдау;

- Өз алдына жаңа мақсат пен міндеттер қою;

- Өзін жетілдіру мен өзінің өсу бағдарламасын жасау - педагог әрекетінің негізгі кезеңі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]