- •1.Әлеуметтік педагогиканың функциялары
- •3.Әлеуметтік педагог жұмысындағы негізгі нормативтік құжаттар базасына сипаттама беріңіз.
- •4.Әлеуметтік тәрбие мен діни тәрбиенің ерекшеліктері мен ұқсастықтарына сипаттап беріңіз.
- •6. Қазіргі кездегі тұлға әлеуметтенуі үдерісіндегі тәрбиелеу және білім беру ұйымдарының рөлі.
- •7.«Әлеуметтік бейімделу» және «әлеуметтік бейімделмеу» үрдістерінің көрсеткіштеріне сипаттама беріңіз.
- •8.Әлеметтендірудің құрылымдық үрдісінің ғылыми сипатттамасы.
- •9.Тұлғаны әлеуметтендіру үдерісіндегі мектептің ролі .Мектеппен қоғамның байланысы
- •10.Тұлға әлеуметтенуіндегі әлеуметтік педагог қызметінің маңызы
- •11.Әлеуметтік педагогика ғылымындағы тұлға теориялары
- •12.«Бала құқығын қорғау» тұжырымдамалары.
- •13.Әлеуметтік педагогика мен әлеуметтік жұмыс ұғымдарының өзара байланысын айқындаңыз.
- •14.Әлеуметтену және әлеуметтену кезеңдері жайлы түсінік.
- •15.Діни ұйымдардың тұлға әлеуметтенуіне әсері.
- •16.Отбасы және қазіргі отбасының тұлғаны әлеуметтендіру үдерісіндегі негізгі міндеттері.
- •17.Әлеуметтік педагогикалық үдеріске түсінік.
- •19.Микросоциумдағы әлеуметтік қарым – қатынас мәселесі.
- •20.Әлеуметтену тұжырымдамалары және тәрбие теорияларының ұқсастықтары мен айырмашылықтары на аналитикалық сипаттама беріңіз.
- •21.Тұлғаны әлеуметтендірудегі мектептің қызметі.
- •22.Балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлқындағы ауытқушылық.
- •23. Әлеуметтік тұлға қалыптастырудың жолдары мен механизімдері.
- •24.Тәрбиелеу кеңістігін педагогикалық құбылыс ретінде сипаттап оны қалыптастырудың түрлі нұсқауларын айқындаңыз.
- •25.Тұлға әлеуметтенуіне әсер ететін сыртқы факторларына сипаттама беріңіз.
- •27.Сіздің қалаңыздағы немесе микросоциумдағы витимогенді ерекшеліктерді атап көрсетіңіз.
- •28.Отбасының әлеуметтендіру қызметі.
- •29. Әлеуметтік педагогтың қиын балалармен жұмыс жасау технологиялары.
- •30.Әлеуметтендіру үрдісінде шешілетін әлеуметтік-мәдени міндеттер
- •31.Әлеуметтік педагогиканың зерттеу объектісі ретінде социумның рөлі
- •33.Әлеуметтік педагогиканың гуманистік ұстанымдары және оның негізгі талаптары.
- •34. Жас ерекшелігіне байланысты адамдардың әлеуметтенуі
- •35. Жас ерекшелігіне байланысты тұлға әлеуметтенуіне оң және теріс әсер ететін факторлар.
- •36.Бала әлеуметтенуіндегі ойын ісәрекетінің маңызы.
- •37.Қазіргі таңда ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар мен құқық бұзушы балалар проблемасы.
- •38.Әлеуметтік педагогтың жетім балалармен жұмыс жасау технологиялары
- •39. Әлеуметтік педагогтардың қызмет көрсету аймағы.
- •40.Қазіргі таңдағы әлеуметтік педагогиканың негізгі мәселелеріне қысқаша сипаттама беріңіз.
- •41.Микросоциумда түрлі жастағы топтарға тән әлеуметтік педагог шешуін қажет ететін мәселе құрастырып ол мәселені шешу механизмдерін тірек сызба арқылы түсіндіріңіз.
- •42.Баланың әлеуметтенуі үдерісіндегі оның педагогикалық тұрғыдан кері кетуінің себептерін анықтаңыз.
- •44. Әлеуметтік педагогтың тұлғалық және кәсіби біліктілігінің үлгісін жасаңыз.
- •45. Әлеуметтік педагогиканы оқу пәні ретінде жүргізудегі ұсынысыңыз.
- •46.Әлеуметтік педагогтардың өздігінен білімін жетілдіру жолдарын анықтап, өзіңіздің ұсынысыңызды көрсетіңіз.
- •47.Әлеуметтік педагогтың жұмыс түрлеріне ұсыныс және сипаттама беріңіз.
- •48.«Мен танымал әлеуметтік педагогпын және бұл дәрежеге жетуіме...» тақырыбына қысқаша эссе жазыңыз.
- •49.Әлеуметтік педагогикалық іс-әрекетке байланысты жағдаят құрастырыңыз.
- •50.Әлеуметтік-педагогикалық қызметтің әдістемесі мен технологияларына сызба келтіріңіз.
- •51.Балалар мен жасөспірімдердің ауытқушылық жүріс-тұрыстарын әлеуметтік-педагогикалық мәселе ретінде дәлелдеңіз.
- •52 Мына педагогикалық жағдаятты шешіңіз: Мен ұлымды бір өзім тәрбиелеп отырмын.
- •54.«Әлеуметтік институттардың тұлғаны әлеуметтендірудегі рөлі» тақырыбына эссе жазыңыз.
- •55.Мектептегі әлеуметтік педагогтың жарты жылдық жоспарын құрастырыңыз.
- •56. Қайырымдылық акцияларды ұйымдастыру жолдарын ұсыныңыз.
- •57.Әлеуметтік педагогика мен педагогиканың негізгі категорияларына және өзара әрекеттесу ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау жасаңыз
- •59 Қазақстан Республикасында әлеуметтік педагогтардың атқаратын қызметін анықтап, өзіндік көзқарасыңызды ұсыныңыз
44. Әлеуметтік педагогтың тұлғалық және кәсіби біліктілігінің үлгісін жасаңыз.
«Құзырлық» сөзі «құзыр» сөзінен алынған туынды сөз екендігіне баса назар аударамыз. Бұл туралы қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде: «құзыр (компетенция) – жалпы алғанда қайсыбір тапсырманы орындауға қабілеттілік немесе бір нәрсені жасау» деп берілген. Ал Қазақстан Ұлттық энциклопедиясында (6 том, 96 б.) «құзырет (компетенция)» – нақты органның не лауазымды тұлғаның заң жүзінде белгіленген өкілеттіліктерінің, құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы деп көрсетілген. Латын тілінен аударғанда «құзырлық – өз ісін жетік білу, танымы мол, тәжірибелі» деген мағынаны білдіреді. Белгілі бір саладағы құзырлықты меңгерген тұлға өз саласына сәйкес білім мен біліктілікпен қаруланған қандай да бір негізі бар ой-тұжырым жасайтын және тиімді әрекет ете алатын адамды есептеуге болады.
Біліктілік – адамның қандай да бір кәсіби- еңбек қызметін орындауға деген дайындық деңгейі немесе біліктілік – кәсіпті меңгеру деңгейі. Біліктілік мінездемесі – қандай да бір біліктілік деңгейі бар нақты бір кәсіп маманы оны игеруге қажет білім, білік және дағдыларға қойылған талаптар тізімі белгіленген мемлекеттік құжат
Кәсіби оқытушы педагогының құзырлығы жоғары, әлеуметтік тұрғыдан жетілген, әдіс-тәсілдерді меңгерген, шығармашылықпен жұмыс істейтін, өзін-өзі кәсіби жетілдіруге ұмтылған маман. Мұғалім, Педагог мамандығы, зиялылар ішіндегі көп топтасқан мамандықтардың ірі тобына жатады. Білім беру жүйесінде педагогтар мемлекеттік қызметкерлер болып табылады. Педагог өз мамандығының сапасын, біліктілігін арттыруды психологиялық тұрғыдан қамтамасыз етуі үлкен роль атқарады. Педагогтың іс-әрекеті көбінде оның кәсіби шеберлігінің кеңістігіне қатысты, педагогикалық қарым-қатынас механизмдеріне, оқушылардың (студенттердің) психологиялық ерекшеліктерінің табиғатына да байланысты. Педагогикалық іс-әрекеттің дамуының жоғары деңгейі мынада – педагог өзін-өзі дамыту механизмдерін қалыптастыруға мақсат қояды және оқушыларға (студенттерге) өз қабілет-қарымы бойынша даму бағыттарын ұштайды.
Кәсіби оқытушы педагогтың іскерлігінің негізгі бағыты болашақ мамандардың кәсіби білімін (теориялық және тәжірибелік) жетілдіру болып табылады. Кәсіби білім педагогы педагогикалық іскерлікке даярлықтан басқа кәсіби оқыту мекемесінде кадрларды дайындауға арналған халық шаруашылығының маманы болып табылады.
Кәсіби оқыту педагогының кәсіби іскерлігінің мазмұны оның еңбегінің педагогикалық және инженерлік интегралмен анықталады.
Оқушылардың кәсіби дайындығының мақсаты — ғылыми-педагогикалық тапсырмаларды орындауға және кәсіби оқыту педагогы мен еңбек технологиялары мұғалімінің кәсіптік қызметінің қажетті функциялары мен түрлерін орындауға бейім маманды қалыптастыру болып табылады. маман оқыту үрдісінің білім беру саласы, мәні, мағынасы және құрылымы туралы білім жүйесін білуі керек сондықтан осы бағытта педагогтың субъективтілік қасиеттерін құрылымдық көрсетілуімен тұлғалық сапалары қарастырылады.
Алғаш рет педагогтың субъективтілік қасиеттерін құрылымдық көрсетуге әрекет жасаушының бірі П.Ф. Каптерев деп санауға болады. Ол объективті және субъективті қасиеттерді, факторларды бөліп, олардың жоғарыдан төмен дамуын (иерархиясын) ұйғарды (Кесте 1). Жалпы алғанда, келесі түрде көрсетілуі мүмкін:
Кесте 1-Педагогтың жалпы қасиеттері
Арнайы |
Объективтік (мұғалімнің ғылыми дайындығы) |
Субъективтік (жеке мұғалімдік талант) |
|
Тұлғалық |
(адамгершілік — еріктік қасиеттер) |
Л.М. Митина өңдеп, дамытып отырған, «іс-әрекет- қарым-қатынас — тұлға» схемасының контексіндегі мұғалім тұлғасының моделі [5,19-22 б.] бес кәсіби маңызды сапаларға бөлінеді, олар педагогикалық қабілеттердің екі тобын айқындайды
Кесте 4 -Мұғалім тұлғасының моделі
ЖОРАМАЛДАУШЫ- ГНОСТИКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕР |
Педагогикалық мақсатты ұйғару |
Педагогикалық ойлау |
|
РЕФЛЕКСИВТІ-ПЕРЦЕПТИВТІ ҚАБІЛЕТТЕР |
Педагогикалық рефлексия |
Педагогикалық әдеп |
|
Педагогикалық бағыттылық |
Өзіне назар аудартатын жағдай, біріншіден, қабілеттердің өздері де тікелей іс-әрекет тиімділігін анықтаушы субъектілік факторлар ретінде бола алмайды, екіншіден, бағыттылық басқа да тұлғалық сапалармен қатар қойылған.
П.Ф. Каптерев көрсеткендей, педагогикалық іс-әрекеттің табысты болуының маңызды факторларының бірі мұғалімнің «тұлғалық сапалары» болып табылады. Мақсатқа ұмтылу, табандылық, еңбек сүйгіштік, қарапайымдылық, бақылампаздық сияқты сапалардың міндетті болуы аталынып өтіледі. Әсіресе, эмпатияға әзір болу маңызды, яғни оқушылардың психикалық күйлерін түсінуге, көңіл-күйге ортақтасуға әзір болу және әлеуметтік өзара әрекеттесуге қажеттілік маңызды.
Сондықтан, кәсіптік парыздылықты меңгерген педагог қана оқушылардың психикалық күйлерін жете түсініп, жәрдем көрсете алады. Осыған байланысты зерттеушілер тарапынан педагогикалық деонтологияға үлкен мән беріледі, оның көрінісінен мұғалімнің жалпы мәдениеті мен іс-әрекетінен жоғары кәсіпқойлығы байқалады.
Кәсіби оқытушы педагогтың міндеті – оқушыны (студентті) өз бетімен білім алуға бағыттау, тұлғалық қасеттерін өз бетінше дамытуына жағдай жасап, көмек көрсету.
