Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_актуал.проблемы..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
399.87 Кб
Скачать

41.Микросоциумда түрлі жастағы топтарға тән әлеуметтік педагог шешуін қажет ететін мәселе құрастырып ол мәселені шешу механизмдерін тірек сызба арқылы түсіндіріңіз.

Мәселе: жоғары сынып оқушыларының ҰБТ тапсыру кезіндегі қиындықтар.

Оқушыларға әлеуметтік педагогикалық көмек көрсету барысында мамандар үшін ең маңықды мәселе-оқушылардың психологиялық денсаулығын қамтамасыз ету, жағымсыз жағдаяттардан сақтау және болдырмау болып табылады. Әлеуметтік педагог келесідей тізбек бойынша жұмыс атұарады. диагностика (дер кезінде анықтау), түзету, кеңес беру, алдын алу шаралары, психологиялық-педагогикалық тәрбие, сауықтыру және дамыту және т.б.

Бұл қызметте балалардың психологиялық денсаулығына байланысты келесі міндеттері анықталған:

•жеке тұлғаның психикалық денсаулығы үшін қызмет көрсету, олардың психикасын дамытуға қолайлы жағдай құру

•жеке тұлғаның психикалық денсаулығы үшін салауатты өмір салтын қалыптастыру

•психологиялық қиын және қауіпті жағдайдағы оқушыларды дер кезінде анықтап, олармен жүргізуге арнайы шаралар құру

•жеке тұлғаның психикалық денсаулығына байланысты кеңес беру (керек жағдайда бағыттап отыру)

•Жеке тұлғаның психикалық денсаулығын сақтау, қорғау үшін ата-аналармен, педұжыммен, басқа да қажетті орталықтармен байланысу, бірлескен әрекетте жұмыс жасау және т.б.

Сонымен, қорыта келе, оқушылардың әлеуметтік-педагогикалық қиын және қауіпті жағдайларын ескере отырып, оларға мамандар тарапына арнайы іс-шаралар және мектептерде «Оқушыларды ҰБТ-ға психологиялық дайындау» жұмысы міндетті түрде ұйымдастырылуы қажет.

42.Баланың әлеуметтенуі үдерісіндегі оның педагогикалық тұрғыдан кері кетуінің себептерін анықтаңыз.

Әлеуметтену процесі, жеке тұлғаның қоғам мүшесі ретінде өмір сүруіне мүмкіндік тудыратын құндылықтар мен нормалар жүйелерінен игеруіне қажет бүкіл әлеуметтік процестерінің жиынтығы.

Әлеуметтенудің мәнісі, ол – екі жақты процесс екендігінде, біріншіден, әлеуметтік ортаға кірудің арқасында индивидтің әлеуметтік тәжірбиені игеруі, екіншіден, индивидтің осы әлеуметтік байланыстар әлеуметтік ортаға белсенді араласуының арқасында, сол әлеуметтік байланыстар жүйесін белсенді түрде қайта жасау процесі. Біріншісі - әлеуметтік тәжірбиені игеру ортаның адамға әсерін сипаттаса, екіншісі, адамның өз іс-әрекетінің арқасында ортаға әсер етуін көрсетеді.

Әлеуметтену процесінің мазмұны: тұлғаның қалыптасуы тұрғысынан қарағанда, негізінен үш сферада; іс-әрекетте, қарым-қатынаста, өзіңдік сананың қалыптасуында іске асырылады.

Э. Эриксон әлеуметтену процесін талдады. Ол «әлеуметтену, норма ережелерден тұрады» - деді.

Жас ерекшелік дағдарысы адам дамудында белгілі бір жас кезеңінен, екінші жас кезеңінде өтудегі күйзелісі немесе өтпелі кезеңі деп қарастырылады.Бұл дағдарыс екі жас кезеңінің қосылуы деп те қарастырылады, оның сипатына бірінде даму кезеңі бойынша аяқталу процесі болса, екінші кезеңнің басталу белгісі болып табылады. Жас ерекшелік дағдарыс кезеңінің айырмашылығы: адамның темпераментіне қатысты, мінез-құлқына, биологиялық және әлеуметтік қатынасына байланысты өзгерістердің көрінуі. Бала кезеңдегі дағдарысты төрт кезеңге бөлініп қарастырылады.Өткір дағдарыс кезеңі –үш жас болып табылады. Бала өзінің бейнесін айнадан көруге және өзгенің өзіне қалай назар аударатыны қызықтыратын болады. Үш жастағы баланы түзетудің қажеті болмайды себебі бұл дағдарыстағы нышан жеті негізгі элементтен тұрады:

Жағымсыз. Баланың үлкендер сөзіне қарсыласуы ол мазмұнына қарай емес, тек үлкендер айтқандықтан керісінше жасауды ұнатады.

Бір беткейлік. Өзіне қажет ету үшін емес, талап қойып сол бағытта өзін ұстануы.

Қыңырлық .Ол осы жасқа дейін қалыптасқан тәрбиеге қарсы шығуы.

Еріктік. Балада бәрін өзім істеймін қабілетін меңгеруі.

Бүлік-наразылық. Бала қоршаған орта мен жауласу деңгейінде.

Құнсыз ету . Бала өзінің жақынын, ата-анасын мазақтау, ызаландыру, ұрсу.

Қаталдық. Бала өзінің талабын ата-анасына орындатады. Қаталдық кіші сіңлі немесе ініге байланысты қызғаныштан туындайды.

Дағдарыс барысында бала өзіндік сананы әлеуметтік қатынаста қалыптастырады. Баланың көз-қарасында «Мен»,«Мен өзім», КЕРЕК және ТИІСТІ сөздерінің мағынасын түсініп қолданатын болады.

43.Әлеуметтік педагогтың өзін-өзі жетілдіру жұмыстарына әдістемелік нұсқаулар жүйесін құрастырыңыз. Өзін-өзі түзету өзін-өзі жетілдірудің тиімді тәсілдерінің бірі. Л.Н.Толстой «Өзін жетілдіруге деген ұмтылыстан басқа еш нәрсе адамның өз игілігі мен басқа адамдардың игілігіне септігін тигізе алмайды»- деп бекер айтпаған. «Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді» деген ойшыл, ғұлама Әб Насыр әл-Фараби.Әлеуметтік педагогтың өзін-өзі жетілдіруі үш компоненттен тұрады:1. Өзін және өз қоршаған ортасын саналы түрде жете түсінуі қажет.2. Өзінің ерікті әрекетін реттей алу қабілеті болу шарт.3. Өзін дамытуға, жетілдіруге деген талпынысы болуы керек. Жаңа формациядағы әлеуметтік педагог рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық – әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға. Қазіргі әлеуметтік педагог:Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын; Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін; Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын; Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын; Білімді, іскер, шебер болу керек;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]