Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_актуал.проблемы..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
399.87 Кб
Скачать

39. Әлеуметтік педагогтардың қызмет көрсету аймағы.

Әлеуметтік педагогика-әр түрлі келеңсіз,тосын жағдайларға душар болған адам немесе адамдар тобы мен бүкіл бір қоғамды осындай қиындықтардан шығару және олардың жүйке жүйесін қалыбына келтіруге арналған тәрбиелік жұмыстардан теориялық және практикалық қосындысынан туындаған ілім.Әлеуметтік педагог маман көптеген салада қызмет атқара алады.«Әлеуметтік педагог» маманның кәсби іс-әрекет объекттері болып мемлекеттік құрылымдар (ҚР Б және ҒМ балалар құқығын қорғау Комитеті), әлеуметтік бағыттағы мекемелер (әлеуметтік қамтамасыздандыру, жұмыссыздарға, жағдайы жоқтарға, еңбекке жарамсыздарға, еңбек ету мүмкіндігі шектеулілерге, қарт-қарияларға қолдау көрсету мен көмектесу органдары); мемлекеттік және мемлекеттік емес білім беру мекемелері (мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, мектептер, балалар үйі, интернаттар, арнайы білім беру мекемелері); қоғамдық ортада өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен дамыту проблемаларымен айналысатын мекемелер (түземе және ақтау орталықтары, арнайы мектептер, колониялар); балалардың бос уақыттарын ұйымдастырумен және балалар шығармашылығын қолдаумен, өскелең ұрпақтың толыққанды әлеуметтенуімен және тұлғалық дамуымен айналысатын мекемелер (қоғамдық ұйымдар, балалар клубы, студиялар, сауықтыру лагері).

40.Қазіргі таңдағы әлеуметтік педагогиканың негізгі мәселелеріне қысқаша сипаттама беріңіз.

Әлеуметтік-педагогикалық қызмет – баланың, жасөспірімнің отбасында, мектепте, қоғамда т.б. орталармен қалыпты қарым-қатынасқа түсуі үшін, өзін-өзі ұйымдастыра білуі. Ал әлеуметтік педагог болса, төмендегідей негізгі бағыттарда жұмыс жасауы қажет: диагностикалық қызметі; өз құзырлығы шеңбері бойынша көмекті қажет ететін балаларды әлеуметтік қорғау; кәмелетке толмағандардың, кәмелет жасындағы, тәрбиешілердің құқықтық тәрбиесін ұйымдастыру; «Ерекше назардағы» балалар мен «Ерекше назардағы» тәрбие субъектілерімен жұмыс; тәрбиешілер, медициналық қызметкерлері, басқа да қызметкерлермен, балалар комитетімен, құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесімен, балалардың өзін-өзі басқару органымен, құқықтық оперативті топпен, кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссиямен, қоғамдық ұйымдармен өзара қарым-қатынасты үйлестіру. Әрбір бала өзінің ерік-жігеріне және бітіміне қарай өзіндік адамгершілік-имандылық іс-әрекеттерімен танылады. Ол қоғамның бір мүшесі бола отырып, жеке қарым-қатынастан, өз ұстаздарының айтқан ережелеріне сүйенеді, сонымен бірге, өздеріне ұнаған тәжірибелерді мұра етіп ала отырып, сол негізде өзінің жеке басын қалыптастырады.. Жетім балаларды жан-жақты әлеуметтендірудің негізгі мақсаты етіп енді ғана қалыптасып келе жатқан мемлекеттік құрылыстың демократиялық прин-циптеріне берілген, білімді меңгерген, келер ғасыр талабына жауап бере алатын, жоғары рухани ұлттық сезімі оянған, өз бетімен ғылыми тұрғыдан ойлауға қабілетті, адам құқығын құрметтеудің маңызын түсінетін, өздігінен денсаулығын нығайтуға, эстетикалық талғамын қалыптастыруға, әрдайым әлеуметтік белсенділік танытуға дайын, нарықтық қатынастар жағдайындағы әр қилы өмірде өз бетімен іс істеуге мүмкіндігі мол интеллекті, мақсат-мұраты және мүдделері, адамгершілік пен мінез-құлық мәдениеті толық жетілген дүниеге берік көзқарастағы өзін де, өзгені де құрметтейтін, өзіне-өзі сенімді жеке тұлға үлгісіндегі жаңа ұрпақты даярлау мақсаты қойылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]