- •1.Әлеуметтік педагогиканың функциялары
- •3.Әлеуметтік педагог жұмысындағы негізгі нормативтік құжаттар базасына сипаттама беріңіз.
- •4.Әлеуметтік тәрбие мен діни тәрбиенің ерекшеліктері мен ұқсастықтарына сипаттап беріңіз.
- •6. Қазіргі кездегі тұлға әлеуметтенуі үдерісіндегі тәрбиелеу және білім беру ұйымдарының рөлі.
- •7.«Әлеуметтік бейімделу» және «әлеуметтік бейімделмеу» үрдістерінің көрсеткіштеріне сипаттама беріңіз.
- •8.Әлеметтендірудің құрылымдық үрдісінің ғылыми сипатттамасы.
- •9.Тұлғаны әлеуметтендіру үдерісіндегі мектептің ролі .Мектеппен қоғамның байланысы
- •10.Тұлға әлеуметтенуіндегі әлеуметтік педагог қызметінің маңызы
- •11.Әлеуметтік педагогика ғылымындағы тұлға теориялары
- •12.«Бала құқығын қорғау» тұжырымдамалары.
- •13.Әлеуметтік педагогика мен әлеуметтік жұмыс ұғымдарының өзара байланысын айқындаңыз.
- •14.Әлеуметтену және әлеуметтену кезеңдері жайлы түсінік.
- •15.Діни ұйымдардың тұлға әлеуметтенуіне әсері.
- •16.Отбасы және қазіргі отбасының тұлғаны әлеуметтендіру үдерісіндегі негізгі міндеттері.
- •17.Әлеуметтік педагогикалық үдеріске түсінік.
- •19.Микросоциумдағы әлеуметтік қарым – қатынас мәселесі.
- •20.Әлеуметтену тұжырымдамалары және тәрбие теорияларының ұқсастықтары мен айырмашылықтары на аналитикалық сипаттама беріңіз.
- •21.Тұлғаны әлеуметтендірудегі мектептің қызметі.
- •22.Балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлқындағы ауытқушылық.
- •23. Әлеуметтік тұлға қалыптастырудың жолдары мен механизімдері.
- •24.Тәрбиелеу кеңістігін педагогикалық құбылыс ретінде сипаттап оны қалыптастырудың түрлі нұсқауларын айқындаңыз.
- •25.Тұлға әлеуметтенуіне әсер ететін сыртқы факторларына сипаттама беріңіз.
- •27.Сіздің қалаңыздағы немесе микросоциумдағы витимогенді ерекшеліктерді атап көрсетіңіз.
- •28.Отбасының әлеуметтендіру қызметі.
- •29. Әлеуметтік педагогтың қиын балалармен жұмыс жасау технологиялары.
- •30.Әлеуметтендіру үрдісінде шешілетін әлеуметтік-мәдени міндеттер
- •31.Әлеуметтік педагогиканың зерттеу объектісі ретінде социумның рөлі
- •33.Әлеуметтік педагогиканың гуманистік ұстанымдары және оның негізгі талаптары.
- •34. Жас ерекшелігіне байланысты адамдардың әлеуметтенуі
- •35. Жас ерекшелігіне байланысты тұлға әлеуметтенуіне оң және теріс әсер ететін факторлар.
- •36.Бала әлеуметтенуіндегі ойын ісәрекетінің маңызы.
- •37.Қазіргі таңда ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар мен құқық бұзушы балалар проблемасы.
- •38.Әлеуметтік педагогтың жетім балалармен жұмыс жасау технологиялары
- •39. Әлеуметтік педагогтардың қызмет көрсету аймағы.
- •40.Қазіргі таңдағы әлеуметтік педагогиканың негізгі мәселелеріне қысқаша сипаттама беріңіз.
- •41.Микросоциумда түрлі жастағы топтарға тән әлеуметтік педагог шешуін қажет ететін мәселе құрастырып ол мәселені шешу механизмдерін тірек сызба арқылы түсіндіріңіз.
- •42.Баланың әлеуметтенуі үдерісіндегі оның педагогикалық тұрғыдан кері кетуінің себептерін анықтаңыз.
- •44. Әлеуметтік педагогтың тұлғалық және кәсіби біліктілігінің үлгісін жасаңыз.
- •45. Әлеуметтік педагогиканы оқу пәні ретінде жүргізудегі ұсынысыңыз.
- •46.Әлеуметтік педагогтардың өздігінен білімін жетілдіру жолдарын анықтап, өзіңіздің ұсынысыңызды көрсетіңіз.
- •47.Әлеуметтік педагогтың жұмыс түрлеріне ұсыныс және сипаттама беріңіз.
- •48.«Мен танымал әлеуметтік педагогпын және бұл дәрежеге жетуіме...» тақырыбына қысқаша эссе жазыңыз.
- •49.Әлеуметтік педагогикалық іс-әрекетке байланысты жағдаят құрастырыңыз.
- •50.Әлеуметтік-педагогикалық қызметтің әдістемесі мен технологияларына сызба келтіріңіз.
- •51.Балалар мен жасөспірімдердің ауытқушылық жүріс-тұрыстарын әлеуметтік-педагогикалық мәселе ретінде дәлелдеңіз.
- •52 Мына педагогикалық жағдаятты шешіңіз: Мен ұлымды бір өзім тәрбиелеп отырмын.
- •54.«Әлеуметтік институттардың тұлғаны әлеуметтендірудегі рөлі» тақырыбына эссе жазыңыз.
- •55.Мектептегі әлеуметтік педагогтың жарты жылдық жоспарын құрастырыңыз.
- •56. Қайырымдылық акцияларды ұйымдастыру жолдарын ұсыныңыз.
- •57.Әлеуметтік педагогика мен педагогиканың негізгі категорияларына және өзара әрекеттесу ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау жасаңыз
- •59 Қазақстан Республикасында әлеуметтік педагогтардың атқаратын қызметін анықтап, өзіндік көзқарасыңызды ұсыныңыз
37.Қазіргі таңда ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар мен құқық бұзушы балалар проблемасы.
Жетім - ата-анасының екеуi де немесе жалғыз басты ата-анасы қайтыс болған бала болып табылады. Сондай - ата-ана құқықтарының шектелуiне немесе олардан айырылуына, ата-анасы хабар-ошарсыз кеттi деп танылуына, олар өлдi деп жариялануына, әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабiлетi шектеулi) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның iшiнде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерiнен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығынсыз қалған бала. Жетімдік – баланың психикалық дамуына қатты әсер етеді. Ата-анадан айрылған және интернат жағдайына түскен балалардың жалпы психикалық жағдайы төмендейді, өзін-өзі реттеп-бағыттауы бұзылады, көңіл күйі жабырқау болады. Балалардың басым көпшілігінің өмірге құштарлығы жоға-лады, өзіне-өзінің сенімсіздігі күшейіп, бойын үрей билей бастайды. Эмоционалдық-танымдық тал-пынысы төмендейді де, интеллектуалдық дамуы тежеледі. Ата-ана қамқорлығынан айырылған әрбір бала - отбасында тәрбиеленуге тиісті. Себебі: олар міндетті түрде ата-аналарының өмірін қайталап немесе қайталайтын болса болашақта олардың саны екі есе көп болмақ. Демек, біз жетім балаларға ұсынып отырған жобамыздың барысында жаңа мүмкіндіктер сыйлаймыз. Ол Отбасы үлгісіндегі балалар үйі, ондағы шиеленістерді реттейтін және әр балаға жаңа отбасын сыйлайтын делдалдық ұйым. Демек, асырап алғысы келген азаматтарға жағдай жасаймыз. Баланың өзін қоршаған объективті нақтылықта өзін-өзі танытуы үшін тек отбасылық орта ғана мүмкіндік бере алады. Сондықтанда бұл мәселе өте өзекті. Басқа балалар қалай отбасында тұрса, жетім, тастанды балаларымызда отбасы үлгісіндегі үйлерінде тұруы қажет, сонымен қатар өздерінің отбасы махабатын сезіне алмаған жетім балаларымызға сол ыстық отбасы махабатын сезіндіру. Онысыз да тағдырдың тәлкегіне ұшыраған, ата-анасының безбүйрек, қатыкез болғаны үшін, өз отаны бұйыртпаған махаббатты жат елдерден тауып жатқандар да бар. Жат елге барып Қазақстанды қорғау үшін тәрбие алмайды. Қазақстанымыздың атын шығаратын да сөндіретін де осы балаларымыз. Ұлттық рухымызды қалыптастыратын да, ұлттық мүддемізді көтеретін де осы асыл қазыналарымыз. Тәрбиені бала тұлғасының әлеуметтенуінің психологиялық-педагогикалық құрамдас бөлігі ретінде санау тұжырымдамасы (О.С.Гребенюк, А.В.Мудрик, М.И.Рожков); әлеуметтік ортаны баланың тұлғалық қалыптасуындағы өте маңызды детерминант ретінде қабылдауға бағытталған педагогикадағы әлеуметтік-рөлдік тұжырымдама (Н.М.Таланчук, В.П.Созонов); жетім балаларды өмірге бейімдеуде қолданылатын әлеуметтік-психо-логиялық қолдауды ұйымдастырудың басты психологиялық жағдайларының әдістемелік негіздерінде әзірленген әлеуметтік-психологиялық қолдау мен жәрдем теориясы (Л.И.Аксенова, А.В.Мудрик, Х.Т.Шерьязданова, Ю.Н.Галагузова, Б.А.Расчетина, А.А.Тынышбаева), интегративті тұлғалық құры-лым ретінде көрінетін әлеуметтік-психологиялық жұмысқа ұстаздардың кәсіби жеке дайындығы тұ-жырымдамасы (Г.Ж.Меңлібекова) мазмұндап отыр.. Ресми ақпараттарға сүйенсек Республикамызда 75000 жетім бала ар екен, олардң 660 интернат ұйымдарында тәрбиеленуде, олардың ішінде: жалпы және санаторий түріндегі мектеп-интернаттарда - 37 541 бала, мектеп жанындағы интернаттарда - 15 096 бала, балалар үйлері мен жетім балаларға және ата анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп–интернаттарда - 12 574 бала, кемтар балаларға арналған түзеу мекемелерінде - 12 599 бала, ерекше тәрбиелену жағдайларына мұқтаж балалар мен жасөспірімдерге, мінез құлқы девиантты балаларға арналған мектеп-интернаттарда - 884 бала, отбасы үлгісіндегі балалар ауылдарында – 281 бала, отбасы үлгісіндегі балалар үйлерде тәрбиеленуде. Жетім қалған балалардың негізгі бөлігі білім беру және әлеуметтік қорғау органдарының интернат мекемелерінде тәрбиеленуде. Мұндай мекемелерде бала, бірінші кезекте, ата-анасының қамқорлығына зәру, бұл оның табиғи дамуына кері әсер етіп, нәтижесінде ауыр психологиялық салдарларға әкелуі мүмкін. Балалар еркін қоғамдағы жауапты өмірге дайын болуға тиіс. Ал жетім бала балалар үйінен түлек болып шыққаннан кейін күн сайын ересектердің көмегінсіз бастан кешіруіне тура келетін түрлі проблемаларды шешуге қауқары жоқ. Балалар үйлері түлектерінің ішінде олардың қатарластарына қарағанда, қылмысқа қатысушылар немесе қылмыс құрбандары неғұрлым жиі ұшырасады, жұмысынан немесе тұрғын үйінен неғұрлым жиі айрылады, ал өз отбасын әрең құрса, оның нашақорлық немесе маскүнемдік жолға түсуі тіпті оңай, сонымен қатар олардың арасында суицид құрбандары да жиі кездеседі. Бұл - олардың жеке-дара өмірге енуінің үлкен қиындықтармен ұштасып, әр уақытта табысты жүрмейтінінің белгісі. Қадағалаусыз жəне панасыз балалар – отбасының қажетті бақылауынан, назарынан жəне қамқорлығынан шет қалған, өз кезегінде девианттық мінез-құлығымен ерекшеленетін, ішімдік, есірткі пайдаланатын, құқық бұзушылық əрекеттер жасайтын кəмелетке толмағандар «Қадағалаусыз» жəне «панасыз» сөздерінің өзіндік айырмашылықтары бар. Қадағалаусыз балалар іс жүзінде өз от- басымен бірге өмір сүреді. Алайда баланың тəрбиеленуіне, білім алуына жəне дамуына ата-анасы мен оқу орны тиісті деңгейде бақылау жасай алмайды. Балалардың мұндай санатына «тəрбиесі қиынбалалар» дегенайдартағылған. Бұлар «қауіптобындағы» ба- лалар саналады. Панасыздық – қадағалаусыздық санатынан да қауіптірек. Па- насыз балалар іс жүзінде отбасынан кетіп қалып, онымен қарым- қатынасын түбегейлі үзеді. Мұндай балалардың тұрақты мекені де, тұрақтыжүретінаймағыда болмайды. Олар көбінесе көшемен вокзалдарды мекен етеді. Мұндай орындар қылмыстың көп орын алатын, жезөкшелік пен қайыршылық етек жайған жерлерге жатады. Қазақстанда қадағалаусыз жəне панасыз қалған балалардың нақты санын айғақтайтын статистикалық деректер жоқтың қасы. Ресми деректер тек қана ішкі істер органдарының қолына түсіп, тіркеуіне ілікккен немесе панасыз жəне қадағалаусыз балаларға арналған білім беру ұйымдарының тізіміне енген қадағалаусыз жəне панасыз қалған балаларды ғана қамтиды. Ресми дерек- терге сəйкес, Кəмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу жəне оңалту орталықтарына (қазіргі таңда Кəмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына) жыл сайын 10 мыңғажуық қадағалаусызжəне панасыз балалар келіп түсетін. Балалардың қадағалаусыздығы мен панасыздығының етек жаюының негізгі себептерінің бірі – ата-аналары мен оларды ал- мастыратын кісілердің қажетті бақылауының болмауыдеуге бола- ды. Сондай-ақ, зерттеу материалдары көрсеткендей, кедейшілік, жұмыссыздық, отбасы жағдайының нашарлығы, отбасындағы8 қолайсыз ахуал (ата-аналардың ішімдікке салынуы, олардың ата- ана құқықтарынан айырылуы, ата-аналардың өз балаларын асы- раудан бас тартуы, шектен шыққан қатыгездік, бақылаусыздық) елдегі қадағалаусыз жəне панасыз қалған балалардың санын артыруда. Осыаталғанфакторларөз кезегінде қадағалаусызжəнепанасыз балалардың пайда болуына алып келетін айтарлықтай жағымсыз əлеуметтікжағдайға себепболады. Балалардыңқадағалаусыздығы мен панасыздығы – Қазақстандағы қазіргі таңда қалыптасқан əлеуметтік-экономикалық жəне рухани-тəрбиелік жағдайдың келеңсізжемісі. Соның салдарынан, елімізде əлеуметтік теңсіздік, отбасылардың əлеуметтік жайсыздығы, олардың өмір сүру мүмкіндігінің қиындауы, жасөспірімдер арасында қылмыстың етек жаюы байқалуда. Балалардың қадағалаусыздығы мен панасыздығының нақты жағдайын анықтау мақсатында жұртшылық арасында əлеуметтік сауалнама жүргізіліп, Кəмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында (бұдан əрі – Жасөспірімдер қылмыстылығының себептерін жəне өсу жағдайын зерттеудің нəтижесінде қазіргі таңдағы кəмелетке толмағандар жасайтын құқық бұзушылықтар мен қылмыстар үшін негіз қалыптастыратын келесі қылмыстық жайлар елеулі рөл атқаратынын анықтау мүмкін болды: 1) отбасындағыжайсыздықтың теріс əсері (ішімдікке салыну, қаталдық пен қатыгездік, адамгершіліккежат өмір сүру). 2) дағдарысжағдайында ата-аналарда балалардың ең аз деген қажетті сұраныстарын қамтамасыз етуге мүмкіндіктің жоқтығы, нəтижесінде мұндай отбасыларда ауыр материалдық жағдайдың кесірінен үмітсіздік, əлеуметтік қызғаныштық пенызаланғандық көңіл-күйі туады. Əлеуметтік көмек жоқ болған кезде бұл жай- лар қылмыстарды – тонауды, бұзақылықтытудырады. 3) жақын ортаның – құрбылары мен үлкендердің, оқу ортасының кері əсері. 4) ер жеткен құқық бұзушылар тарапынан айдап салушылық, оның алдында мыналар болады: - маскүнемдікке тарту; - қылмыскерлер өмірінің «артықшылықтарын» насихаттау..
38.Әлеуметтік педагогтың жетім балалармен жұмыс жасау технологиялары.
Жетім – ата-анасы немесе шешесі (әкесі) қайтыс болған 18 жасқа толмаған, белгілі бір себептермен ата-ана құқығынан айрылғандардың балалары мен тастанды балаларды атаймыз. Жетімдік баланың психикалық дамуына қатты әсер етеді. Ғалымдардың пайымдауынша, ата-анадан айрылған және жетім балалар үйіне түскен кезде балалардың жалпы психологиялық ахуалы төмендейді, өзін-өзі реттеп-бағыттауы бұзылады, көңіл күйі жабырқау болады. Балалардың басым көпшілігінің өмірге құштарлығы жоғалады, өзіне-өзінің сенімсіздігі күшейіп, бойын үрей билей бастайды. Эмоционалдық-танымдық талпынысы төмендейді де, интеллектуалдық дамуы тежеледі. Оларға тән қасиеттер: агрессия, алаңдаушылық, мінездегі жат қылықтар. Балалар үйі жағдайындағы тәрбиеленушілердің дамуында психологиялық ерекшеліктер байқалады. Олар:Психикалық процестердің дамуындағы ерекшеліктер: қабылдауының төмендігі, түйсінудің әлсіздігі, есте сақтаудың, қиялдың баяу дамыуы, көрнекілік-бейнелік ойдың толық жетілмеуі, зейіннің тұрақсыздығы,т.б;Мінез-құлық дағдыларында ерекшеліктер: көңіл-күйдің жиі өзгеруі мен ашушаңдық, өзін – өзі ұстай алмаушылық, сабырсыздық, ызақорлық, қатыгездік, ұқыпсыздық секілді жағымсыз мінез-құлық дағдылардың басымдылығы.Қарым – қатынастағы ерекшеліктер: құрдастарымен жиі келіспеушілік, бірігіп ойнай білмеуі,үлкендермен сөйлесе алмауы, оқшаулануы.Жетім балалармен жұмыс жасауда әлеуметтік педагогтар төмендегідей технологияларды қолданады:балаларда қажетті қоғамдық пайдалы еңбекке баулу,тәрбиенің түрлі тәсілдері сендіру,ынталандыру,іс-әрекетін белсендіру ,баланың өзін-өзі жетілдіруіне жағдай жасау;балалардың тәртібіндегі ауытқушылықтарды жою т.б
