Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_актуал.проблемы..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
399.87 Кб
Скачать

3.Әлеуметтік педагог жұмысындағы негізгі нормативтік құжаттар базасына сипаттама беріңіз.

Мектеп әлеуметтік педагогының қызметі:

Мақсаты: Балалардың жанұядағы әлеуметтік жағдайын анықтау;• Сыныптың, жеке оқушы отбасының әлеуметтік жағдайын толық зерттеу;• Баланы әлеуметтік-педагогикалық қорғауға алу;• Жеке тұлғаның дамуына отбасында әлеуметтік қолдаумен қамтамасыз ету;• Әлеуметтік педагогикалық кеңес;• Әлеуметтік-педагогикалық алдын-алу, түзеу, реабелитация;

Әлеуметтік педагогтың нормативтік құжаттары:ҚРКонституциясыБілім туралы Заң

Бала құқығы туралы Конвенция

Бала құқығын қорғау Заңы

Неке және отбасы туралы Заң

Әдеп кодексі

Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық қолдау туралы нормативтік актілер

Әлеуметтік педагогикалық қызметтің негізгі мазмұны мен міндеттері.

Міндеті:

- балалардың толық тұлғалық жетілуіне әрбір жас ерекшелік кезеңінде ат салысу;

- оқу-тәрбиесінде және қарым-қатынасында қиыншылығы бар оқушыларды әлеуметтік-педагогикалық көмекпен қамтамасыз ету;

- оқушының отбасылық тәрбие жағдайын анықтау;

- жағдайы төмен, аз қамтылған отбасыларына патронаждық көмек көрсету;

- баланың жеке дамуындағы ауытқуларын түзету және алдын алу;

Әлеуметтік педагог мәртебесі (статусы)

1. Әлеуметтік педагог еңбекақысы, демалыс ұзақтығы және разрядтық құқығы мектептің педагогикалық қызметкерлерімен теңесетін арнайы білімді маман болып табылады;

2. Мектептің әлеуметтік педагог қызметінде арнайы курстық оөуда даярланған мамандар жұмыс жасай алады;

3. Әлеуметтік педагогтың жұмыс апталығы 36 сағаттан тұрады.

Әлеуметтік педагог құқығы

1. Баланың медициналық және педагогикалық құжаттарын қарауға;

2. Сабаққа қатысуға;

3. Мектеп әкімшілігі, медициналық жұмысшылыры, педагогтары мен басқа да әлеуметтік өкілдеріне бала денсаулығын сақтау жіне құқығын қорғау жөнінен мәселе /сұрақ/ қоюға;

4. Білім беру мекемелерінің медициналық-әлеуметтік мәселелер жөнінен шешім қабылдаудағы экспертизасына қатысуға;

5. Шиеленісті жағдаяттарда отбасы мен мектепте міндетті түрде отбасы мүшелігі құрамын куәландыратын мәселе /сұрақ/ қоюға;

6. Қажетті /ең соңғы/ жағдайларда ата-ана құқығынан айыру туралы ұсынысымен қажетті органдарға ұсыныс жасауға, сот кезінде бала қызығушылығы мен қажеттілігін қорғауға құқығы бар.

ІІІ. Мектептегі әлеуметтік педагог маманының іс-әрекеті

Әлеуметтік педагогтың негізгі функциялары:

Диагностика жүргізу, кеңес беру /консультация/, қорғау, қамқорлық көрсету, ұйымдастыру;

. Тәрбиелеу функциясы;

. Әлеуметтік – құқықтық функция;

. Әлеуметтік-реабилитациялық;

. Әлеуметтік-педагогикалық;

. Консультация /кеңес/ беру;

4.Әлеуметтік тәрбие мен діни тәрбиенің ерекшеліктері мен ұқсастықтарына сипаттап беріңіз.

Әлеуметтік тәрбие – бұл адам- адам қатынастары желісінде жүргізілетін тәрбие, яғни тікелей адамаралық байланыстар және осы мақсатқа арнайы ұйымдастырылған қоғамдық мекемелер ( қайырымдылық қорлары, ұйымдар, бірлестіктер т. б тарапынан болатын істер. Қоғамдық тәрбие проблемаларын арнайы педагогика саласы зерттейді. Оның пәні- тұлға. Қалыптастырушы ықпал жасайтын қоршаған орта заңдылықтары. Дәлірек айтқанда, отбасы, ресми ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары. Әлеуметтік жұмыстар – адам мен адамның инабаттылық қатынастары қажеттігінен туындаған әлеуметтік іс-әрекет құбылысы. Қазіргі күнде әлеуметтік тәжірибе жұмыстары келесі салаларға бөлінген. Әлеуметтік тәрбие - адамның ең жақын өмірлік ортасымен және мақсатты тәрбиенің (отбасылық, рухани-адамгершілік, азаматтық, құқықтық, діни, т.б.) жағдайларымен өздігіненәрекеттесудің процесі және нәтижесі; адамның белгілі рөлдерге, нормативтік ұстанымдарға, әлеуметтік көріністер үлгілеріне белсенді бейімделу процесі; адамның әлеуметтену процесінде едәуір мақсатты дамуы үшін жоспарлы түрде жағдай жасау.

Баланы өз өмірінің жалғасы деп ұққан қазақ халқы, бала тәрбиесіне баса назар аударған. Бала тәрбиелеуде өзінде бар барлық асыл сөз, даналық ойларын балаларға арнады. Ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін баланың бойына сіңіруге тырысқан. Бала тәрбиесі жөнінде Абай: «Адамның жақсы болуы тегінде емес, тәрбиесінде, ақылында, өнер, білімінде. Адамға үш алуан адамнан мінез жұғады: ата-анадан, ұстазынан, құрбысынан. Әсіресе олардың қайсысын жақсы көрсе, содан көп жұғады», - деп, осы үшеуінен баланың болашағы шешілетінін ескерткен. Сол кезеңде осы қағида-ларды қатаң ұстаған қазақ баласын 7 жасынан бастап хат тануға, иманды да ибалы болуға үйрететін ұстазға оқуға берген. Қазақ әдебиетіндегі қай жазушы, ақын, ғалым, мемлекет қайраткерін алмаңыз, бәрі де алғашқы білімді Исламнан алған. Сондықтан да артында ғибратты сөз қалған, халқына барынша адал қызмет еткен. Қазіргі таңда өкініштісі - дін, мед-ресе десе күдіктене, жиырыла қалатын азаматтарымыз баршылық. Ол адам неден қорқып тұрғанын өзі де білмейді. «Адамнан қорқу азап, Алладан қорқу ләззат» екенін түсінбейді, сірә. Ал, осындай әуре-сарсаң өмір кешіп жүрген адамнан қандай тәрбие сұрайсың, баласын не өзі тәрбиелемейді, не біреудің тәрбиесіне беруге қорқады. Ертеңгі күні баласы селтеңдеп көше кезіп, темекі, наша тартып, арақ, сыра ішіп, зина, ұрлық жасап, адам зорлап, адамдық деген атаулыдан ауылы алыстап, санасы уланып, темір тордың ар жағынан бір-ақ шықса, немесе өзіне-өзі қол жұмсап өмірден түңіліп, имансыз өліп кетсе, ата-анасы басын тасқа да, жарға да ұрып, өзін емес, өзгені кінәлайды. Себеп, ата-ананың өзі имансыз. Тәрбие - отбасынан басталады. Халық айтса, қалып айтпайды: «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің». Яғни, отбасында нені көрсе, өскенде солай кетеді.

Бақыт та, байлық та, береке де, бірлік те - иманда. Имансыз иба болмайтынын 7 жасар баладан 70 жастағы шалға дейін айтады, бірақ байыбына бармайды. Ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән беру адамгершілікке жетелейді. Қазақта «Бала қымбат болса, оның тәрбиесі одан да қымбат» деген нақыл сөз бар. Шынында да солай! Бала тәрбиесінде ата-анасы диетаға отырған адам секілді тәрбиенің өлшемдерін қатаң сақтауы керек. Бес жасқа дейін баланың санасы кез келген ақпаратты тез қабылдап алатын аса қабілетті кезеңі, сол себепті де осы аралықта балаға қолдан келгенше, жақсы үлгі көрсету қажет. Әрбір адамның болашағы балалық және жастық шағындағы көргендері мен алған әсеріне тікелей байланысты. Бүлдіршіндер мен жастар адамның рухын шыңдап, жігер беретін ортада ақыл-ойы ұшқыр, көргенді боп өседі. Адам - арам ниеттен қаншалықты алшақ тұрғанына қарай адам болмақ. Яғни, жастықтың қадірін білу дегеніміз - тізе, бел сырқаттанбай, зейін мықты болған кезде құлшылықты істеп қалуды айтады.

Сөзсіз жастың құлшылығы қарт кісінің құлшылығынан абзалырақ. Себебі, қарт адам денсаулығы жара-мағандықтан, күші келмегендіктен немесе баяғы істеген күнәләрін өтеу ретінде ғибадат етсе, ал жас болса, күнә істеуге қауқары, күші, денсаулығы жете тұра, өз нәпсісін тыйғаны үшін сауабы молырақ.

5.Қазіргі таңдағы әлеуметтік педагогиканың зерттеу әдістері мен технологиялары. Кез келген білім саласының ғылымилығы — оның зерттелуі, теориялық үғымдар мен түсініктерінің қалыптасуы, жалпы зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру формалары, заңдылықтары мен анықтамаларыньщ нақтылығынан байқалады. Ғылыми зерттеу, теориялық білімдерді жасау — ғалымдардың және басқа да зерттеуші-қызметкерлердің таньп-білу іс-әрекетінен тұрады.

Оның екі түрі-бар: тәжірибелік (практикалық) және теориялық. Тәжірибелік зерттеу жұмыс тәжірибесіне негізделеді. Ол - мұғалімдердің, әлеуметтік педагогтардың және басқа да қызметкерлердің тәжірибелік жұмысы. Ал теориялық зерттеуді ғалымдар, арнайы дайындығы бар зерітеушілер, ғылыми қызметкерлер, аспиранттар, мүғалімдер, жалпы педагогтар т.б. жүргізе алады.

Ғылыми зерттеудің бүл екі түрі өзіндік айырмашылықтарына қарамастан өзара тығыз байланыста. Себебі, теориялық білім практикада тексеріліп, нақтылану нәтижесінде пайда болады. Ал тәжірибелік жұмыста білім ­ғылымның жетістіктері қодданылып, зерттеуді одан әрі нәтижелі ұйымдастыруға негіз бола алады.

Әлеуметтік педагогика XX ғасырдың 80 жылдары пайда болып, практикаға ене бастаған. Бұл ілім біздің елімізде әлі жас болғандықтан, толық, жан-жақты зерттеліп, қорытындылар жасалған жоқ. Алайда оның адғашқы қарлығаштары да бар. Мысалы, Г.Уманов, Л.Керімовтың і! Қиқар бала" мөселесі, К.Қ.Құнантаеваның әйелдерге білім беру мен тәрбиелеу, мұғалімдердің әлеуметтік жағдайы, I. Р. Халитованың әлеуметтік педагогтарды даярлау мәселесі, Ж.Жаназарованың отбасымен әлеуметтік жұмыс туралы жекелеген еңбектері бар. Қазіргі кезде жалпы әлеуметтік мәселелерді зерттеуге белсенді қатысып жүрген ресейлік бірқатар ғалымдарды атауға болады: В.Г.Бочарова, И И.Загвязинскйй, А.В.Мудрик, Л.Я.Олиференко, Г.М.Филонов, М.АГалагузова ж.б. осы ғылымның қазіргі заман талаптарына сай дамуына үлес қосты.

Ғылыми негізде қалыптасып келе жатқан осы ілімнің пәнін, нысанын анықтап, қазіргі қоғамда болып жатқан өзгерістердің адамға тигізетін әсерін, көмекке мүқтаж адамдардың, жетім-жесір,қарт, қараусыз қалғандармен үй-күйсіз қалғандарға назар аударып, олардың адамша өмір ( сүруіне жағдай жасаудың, күйзеліске ұшырағандарды қатарға қосудың жолдарын зерттеу түбегейлі қолға алына бастады.

Қазіргі кезде әлеуметтік педагогтардың алдына қойылатын талап— теориялық және практикалық жұмыстармен кеңінен танысып, әлеуметтік ортада тиімді жұмыс істеу болып табылады. Бұл үшін, әрине, әлеуметтік-педагогикалық зерттеулерқажет.

Әлеуметтік педагогаканы зерттеу жұмыстарының тиімділігі мен табыстылығы — оны танып-білуде қолданған теориялық көздері, ой~пікірлері, өдістері мен тәсілдері, технологиясын колдануына байланысты.

()сыған орай Загвязинский мынадай бес негізгі теориялық көздерді бслгілейді:

1. Қоғамның әлеуметтік тапсырмасы мен жалпы адамзаттық ізгілікті ой-пікірлердің сәйкестігі;

2. Адам туралы ілім-білімнің барлық жетістіктерінің кешенді түрде қолданылуы (мысалы, педагогика, психология, әлеуметтану, медицина, психиатирия т.б.);

3. Отандық және шетелдік теориялық тұжырымдар мен ұстанымдар;

4. Бала өмір сүрген әлеуметтік ортаның педагогикалық ету әлеуеті.

Міне, осы көрсетілген зерттеу көздеріне сүйеніп, әлеуметтік педагогиканы зерттеу өдістері, тәсілдері мен технологиясын іріктеп алудың маңызы зор.

Әдіс - бір істі жүзеге асырудың жолы, тәсілі. Педагогика ғылымында (метод - гректің "methodos") алдыга қойған мақсатқа қол жеткізу, мәселелерді шешудің тәсілдері, құралдары мен түрлерін қамтиды. Олар жалпы ғылыми әдістер, эмпирикалық - байқау, диагаостикалау, эксперимент, сауалнама тағы басқалар; теориялық ~ дерексіз (абстрак-циялы) моделдер түзу және бүлардан басқа талдау, жіктеу, жалпылау, топтастыру, салыстыру, жалпыдан жалқыға, жалқыдан жалпыға, қорытындылар шығару т.б. болып болінеді.

Осындай жалпы ғылыми әдістерден басқа да тәсілдер мен әдістер бар. Әлеуметтік педагогика салыстырмалы жас гылымдардың бірі болғандықтан және бірқатар ғылым салаларының басын біріктіргендіктен, оның зерттеу әдістері де оған жақьн ғылымдардан алдымен педагогикадан, әлеуметтік психологиядан, әлеуметтану, психиатрия, физиология т.б. алынған.

Қандай да бір ғылымды зерттеу алдымен ғылыми-теориялық әдебиеттер мен практикалық іс-тәжірибелерін танып-білуден басталады. Демек, әлеуметтік педагогиканың ең негізгі әдістері әдебиеттерді,ғылыми-теориялық зерттеулер мен тұжырымдарды және басқа да шыгармаларды таңдап алған нысанаға байланысты танып-білуден басталады.

Екінші бір аса маңызды әдіс - байқау. Ол белгіленген мақсатқа сәйкес жүргізіледі: жеке бір баланы не балалар тобын тікелей зерттеу немесе фотосурет, кинотаспаға жазуды қолдану, табиғи ахуалды өзгертіп және сол жағдайда байқау. Мұндай байқауларды зерттеудің мақсаты мен міндеті, болжамына қарай құпия (балаларға білдірмей) жүргізуге де болады. Бірақ бұл жағдайда белгілі бір құқықтық нормалардан шығып кетуге де болмайды.

Сауалнама әдісі ~ анкета. Мақсатқа сәйкес, алдын-ала даярланған сауалдарды жазба түрінде оқушыларға таратып, онда алынатын жауаптар да қысқаша жазылады. Оқушылар ондағы "жоқ, иә, кейде, ешқашан" секілді басқа да жауаптарды белгілейді. Сауалнама әдісі екі түрлі формада - ашық, (оқушылардың аты-жөні көрсетілген) не болмаса құпия түрде (анонимді, аты-жөні көрсетілмеген) өткізіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]