Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_актуал.проблемы..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
399.87 Кб
Скачать

35. Жас ерекшелігіне байланысты тұлға әлеуметтенуіне оң және теріс әсер ететін факторлар.

Тұлғаның әлеуметтенуіне әсер ететін фаторларды өте көп. Соның ішінде негізгі атап кетсек болады. Олар: мегафаторлар, мезафакторлар, микрофакторлар, макрофаторлар.

Бірінші мегафаторлар «гректің өте зор, өте кең деген сөзі» космос, планета, әлем, дүние деген ұғымдар жатады. Олар бүкіл жер бетінде өмір сүріп жатқан халықтың барлығына басқа факторлармен қатар немесе солармен астарласа ықпал етеді.

Яғни бұған, жер шарында болған ең зор атом қауіпі әлеуметтенуге тікелей ықпал етеді. Әлеуметтік үдеріске ықпал ететін, соның ішінде жеке адамдарға әсері күшті фактор макорфактор болып табылады. Оған өлке, қоғам, мемлекет кіреді. Мезафакторға халық өмір сүретін аймақ, ауыл, қала, шағын қала, аудан, бұқаралық ақпарат құралдары. Теледидар, радио кіреді.

Микрофактор «кішкене » деген сөздің мағынасына үңілсек, ол адамға ең жақын орта дегенді білдіреді.

Адамдардың жасерекшеліктерінің әлеуметтендіруге тигізетін әсерін ғалым Маргарет Мид зерттеген. Қоғамның өзгеруіне қарай және жас ұрпақ пен ересе буындардың бір біріне тигізетін ықпалына байланысты Мид анықтаган.

36.Бала әлеуметтенуіндегі ойын ісәрекетінің маңызы.

Ойын – адамдар әрекеті мен өзара қатынастарының тектік әдістері, бекіген іс-әрекеттің ерекшеленген түрі; бала ойын барысында адамзат жинақтаған қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің ақыл-ес (ког- нитивті), тұлғалық және адамгершілікті дамуын қамтамасыз етеді. Бала үшін рольдік ойындар өте маңызды. Ойнай жүріп, сәби ересектер роліне еніп, заттарды өз мәніне сәйкестендіре қолданады. Әлеуметтік талаптарды рольдік ойындар арқылы меңгеруден бала тұлғасының әлеуметтенуі жеделдеседі, сеп-түрткілік және қажеттілік аймағы жетіле түседі Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мәселен, кез келген бала еш уақытта

жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды, ойын арқылы бір- бірімен өзара қарым-қатынас жасайды. Ал мұның өзі оның дамуы үшін ерекше маңызы бар фактор екендігі түсінікті. Ойын баланың түрлі қасиеттерін дамытатынын, мұнда да баланың қабілеті мен белсенділігі бір сыдырғы байқалатынын А.С.Макаренко өте жақсы атап көрсетті. «Үлкендер өмірі үшін жұмыс, қызмет істеу, әрекет ету қандай орын алып отыратын болса - ол - балалар өмірінде ойын да сондай үлкен маңызды. Ойында бала қандай болса, өскенен кейін жұмыста көбінесе сондай болады. Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу бәрінен бұрын ойын арқылы болады». Ойын адам әрекетінің бір түрі болғандықтан, оның да өзіне тән мотивтері болады. Мәселен, дәрігер ауру адамды емдегенде өзіне жүктелген міндетті сезінеді, осылай істеуді оның мамандығы қажет етеді. Ал, дәрігер болып ойнаған баланы алатын болсақ, ол да айналасындағыларды өзінше «емдейді». Бірақ бұл оның жай қызығуынан туған. Ойынның қозғаушы күші – баланың нақты тілегі мен қызығуы. Еңбек үстінде адамның мақсаты мен мотивінің арасында келіспеушілік болуы мүмкін. Ойында бұл жағы болмайды. Еңбектің қандай түрі болмасын одан қоғамдық пайдалы өнім шығуы қажет. Бұл айтылғандар ойында талап етілмейді. Бұдан ойынның ешқандай маңызы жоқ деген қорытынды тумайды. Ойын арқылы бала өз қажетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Кейбір шетел психологтары ойынды көбінесе санасыз инстинктерге балайды. Мәселен олардың бірі жануар төлі мен адам баласының ойынының арасындағы айырмашылықты жоққа шығарса (К.Гросс), екіншілері – ойын баланың артық энергиясын сыртқа шығаратын тәсіл дейді (Г.Спенсер), ал үшінші біреулері – ойынды жай рахат табудың бір көзі (К.Бюлер) деп қарайды да, оның негізгі мотиві көрсетілмейді, мұндағы қоғамдық фактордың рөлін еске алмайды. Орыс марксисі Г.В.Плеханов өз еңбектерінде ойын жөніндегі идеалистік теорияларды сынап, бала ойынының үлкендер еңбегімен байланысын, оның маңызы тарихи- әлеуметтік сипат алатынын дұрыс көрсетті.

Баланың жасы өсумен қатар, ойнайтын ойынның мазмұны да өзгеріп отыратыны белгілі. Мәселен, бір жастағы бөбектердің ойыны манипуляциялық сыртынан ұстап көріп, тарсылдату деген мағынада) сипатта болса, балалар бақшасындағы балалар сюжеттік ойындармен айналысады. Бала ойын үстінде дүниетанудағы өз мүмкіншілігін сезінумен қатар, айналасындағы адамдар мен олардың әрекетіне көңіл аударады, заттың ішкі ерекшелігін білгісі келеді. Балалардың қиялын, ойлауын, сөйлеуін дамыту үшін түрлі ережелер мен ойнайтын ойындардың да үлкен дидактикалық мәні бар. Сондықтан, тәрбиешілер мен ата-аналар бұл ойындарды белгілі талапқа сәйкес ұйымдастырып отырулары қажет. Балалардың ойындарына үлкендер тарапынан жетекшілік болмайынша, олардың әрекеттік мазмұны өзінің негізгі мақсатына жете қоймайды. Мәселен, бала әкесіне еліктеп, түрлі заттарды шегелеуді үлкен дәреже көреді. Баланың осы тілегін демеу қажет. Осындай ойын арқылы бала еңбек дағдысына үйрене бастайды. Бұл өзінше «ойын» саналғанымен, баланың барлық күш-жігерін, зейінін өзіне аударып отыр. Балалар ойынына үнемі дұрыс басшылық етіп отыру – ой-өрісінің, өмір

тәжірибесінің жан-жақты қалыптасуына байланысты жүргізілетін жұмыстардың басты бір бөлігі. Мектепке келгеннен кейін бала ойынының мазмұны кеңейе бастайды. Мәселен мектепке дейін тұрмыстық ойындарды (отбасы, дүкен, дәрігер, шаштараз т.б.) көбірек ойнайтын болса, енді қоғамдық-саяси мәні бар, еңбек процесінің сан алуан жақтарын көрсететін сюжеттік ойындарды ойнауға ауысады. Мәселен, бірінші сыныптағылар қуыршақтарына, үйдегі кішкентай балаларға сабақ үйрете бастайды, олардың бірі мұғалімнің, қалғандары оқушының рөлін атқарады. Ойында мектеп өмірінің бейнеленуі екінші сынып балаларында біртіндеп кеми бастайды, оның орнын шығармашылық ойындар басады. Адамдардың жай қимыл-қозғалысын көрсетуден гөрі бала олардың бір- бірімен қатынасын, сезімдері мен көңіл-күйлерін көрсетуге талаптанады. Енді оқыған кітаптары, көрген кинолары, үлкендерден естіген әңгімелері баланың ойын мазмұнына кіреді. Мектепке дейінгі жаста балалар ойындарының басты ерекшелігі – оның ұжымдық сипатта болатындығында. Әрине, балалардың ойында ұжымы әлде де тұрақсыз болады. Өйткені, бұлар ұжымдық өмір сүруге әлде де жөнді дағдыланбаған, мұндай ұжымның құрамы екі-үш баладан аспайды. Ойынның ұжымдық сипаты өз тарапынан жоғарыда аталған ұйымдардың жұмыстары нәтижелі болуына себін тигізеді. Ұжымдық ойындарда бала жолдастықтың мәні неде екенін түсіне бастайды. Өзінің басындағы мінез-құлықтың кейбір теріс бітістерін (тартыншақтық, менмендік, өкпешілдік, қыңырлық т.б.) ұялып, одан арылғысы келеді. Бірақ бұған шамасы жете қоймайды. Осындай ойындарда баланың қабілеттері жақсы жетіле бастайды. Мәселен, бір бала өзінің ұйымдастырғыштығын байқатса, екінші бала табанды, жігерлі екендігін аңғартады. Ұжымдық ойындар баланың моральдық, эстетикалық сезімдерінің қалыптасуына да әсер етеді. Мәселен, орман ішінде ойналған ойын туған өлкесінің табиғатын сүйе білуге, ондағы өзен, көлдер мен өсімдіктердің, жан- жануарлардың өміріне қызығушылықты қалыптастырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]