Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_актуал.проблемы..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
399.87 Кб
Скачать

33.Әлеуметтік педагогиканың гуманистік ұстанымдары және оның негізгі талаптары.

Ізгілікті бағытталуы негізінде ғана тұлғаның сапалық тәрбиеленуі жүзеге асады. Бұл тұрғыда “гуманистік көзқарас” – адамдардың бір-біріне, қоғамға, табиғатқа, өзіне қарым-қатынасын бейнелейтін, тұлғалық қасиеттері кешенінің дамуын көрсететін сиапттама ретінде беріледі.Ізгілікке тәрбиеленудің тұлғаның өз келешегіне қатысты гуманистік көзқарасы мен дүниетанымдық ұстанысдары анықталынады, олар адамды табиғаттың ерекше құбылысы ретінде тану өзінің субъективті артықшылығын ескеруге мүмкіндік береді.Тәрбиелеу мақсатының былай құрылуы дамның өз өміріне ықпалын өзгерту, өз қабілеті мен шығармашылық әлуетін ашудағы құқықтары мен жауапкершілігін түсінуге мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар, өзіндік дамуы мен өзін-өзі жетілдіруде тұлғаның ішкі бостандығының таңдауы арасындағы ара-қатынас пен оған қоғамның ықпалын түсіндіреді. Демек, ізгілікке тәрбиелеу мақсатына жету арқылы адамның гуманистік көзқарасын қалыптастыру шаралары жүзеге асырылады. Осы тұрғыдан алғанда, ізгілікке тәрбиелеу мақсаты өзіне тиісті маңызды міндеттерді қояды:1.тұлғаның өмірдің мәніні ұғынуы, өзінің әлемдегі орны, өзінің бірегейлігі мен құндылығын түсінуі философиялық-дүниетанымдық бағдары;2.өзіндік, жандүниелік қабілеттері мен шығармашылық әлуетінің даму қарқыны мен шегін бейнелейтін, өмір сүру жауапкершілігін түсінуге мүмкіндік беретін, тұлғалық тұжырымдаманы құруға көмек беру;3.жалпы адами және ұлттық мәдениет байлығын бейнелейтін, мәдени құндылықтар жүйесіне тұлғаны араластыру, оларға деген өзіндік қарым-қатынасты белгілеу;4.ізгілік адамгершіліктің жалпы адами нормаларын, оның көлемі мен нақтылы мазмұнын (қайырымдылық, өзара түсіністік, жылы жүректілік және т.б.) ашу және тұлғалық маңызды көрсеткіш ретінде зиялылық мәдинеттендіру;5.тұлғаның зияткерлік-адамгершілік бостандығы мен теңдей өзіндік баға беру мен бағалау қабілеттілігі, іс-әрикет пен қызметті өзіндік реттеу, дүниетанымдық рефлекциясының дамуы;6.елдің материалдық қоры мен жандүниелік мен әлеуетін құрайтын, әлуеттік және тұлғалық сипат алатын қажеттілік пен мәжбүрлік ретіндегі көзқарасты өзгерту. Бұлардың бәрі өз кезіндегі тұлғалық өсу мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді;7.салауатты өмір салтына байланысты валеологиялық ережелерді дамыту тұлғалық сипат алатын қажеттілік пен мәжбүрлік ретіндегі көзқарасты өзгерту. Әлеуметтік ұмтылыстарды жүзеге асырумақсатындағы өмірлік жоспар ұғымдарын қалыптастыру.Бұл аталған міндеттерін орындалуы тұлағаның ізгіліктік тәрбиесі арқылы гуманистік көзқарасының қалыптасуының ірге тасын қалауға негізін салуға мүмкіндік береді. Ол өз негіздегі әлем, қоғам мен өзін қалыптастыруда өмірлік қажеттілікке ие болады және оны бағалау мүмкіндіктерін меңгереді.

34. Жас ерекшелігіне байланысты адамдардың әлеуметтенуі

Әлеуметтену үрдісі адамның дамып, қалыптасу кезеңдерінің барлығында жүзеге асады. Оларды шамамен атап өтсек: шарана - туған күннен бастап қырқынанан шыққан кезге дейін;бөбек- бір жасқа толғанға дейін; сәби- бір жастан үш жасқа дейін;балдырған- үш жастан бес жасқа дейін; мектепке дейінгі кезең- бестен- алты жеті жасқа дейін; кіші жастағы мектеп оқушысы – алты- он жасқа дейін; жетіншек он , он үш, он төрт жас; жасөспірім он үш, он төрт, он бес жас; бозбала мен бойжеткен он бес, он жеті, он сегіз жас немесе жасөспірім кезеңі; жастық шақ он сегіз, жиырма үштен - отыз жасқа дейін;қазіргі кезде «жас» деген санатқа қырық жасқа дейінгі кезеңді де жатқызады. Оның өзіндік себептері бар. Әлеуметтену қырық жасқа дейін жүреді. Себебі, осы жасқа дейінгілер көп жағдайда оқиды, ғылым біліді, техниканы меңгереді, тұрмысын реттейді; әлеуметтенудің осы мәселелеріне байланысты қырық елу жастағыларды ересек адамдар, қазақта қара сақал - қырық - елу бес, ақ сақал немесе жасы ұлғайған адам - қырық бес - алпыс бес жас , қартайған немесе жасамыс адам - алпыс бес сексен, одан соң қарт немесе ұзақ өмір сүретін адамдар сексен жастан асқандар. Осы аталғандар адамдардың жасерекшелітеріне байланысты әлеуметтенуі болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]