Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_актуал.проблемы..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
399.87 Кб
Скачать

30.Әлеуметтендіру үрдісінде шешілетін әлеуметтік-мәдени міндеттер

Біріншіден, оқу үрдісінде оқушылардың іс-әрекетердің қай аймағында өздерінің бейімділігі мен қабілеттілігін саналы түрде танып білуге жаңа жағдаяттар жасауды ұйымдастыру.

Екіншіден, психологиялық қызмет әрекеттерін күшейту: оқушылардың қызметтік ынтасын, белсенділігін яғни олардың өзін-өзі тұлғалық айқындауын көрсетуін дамытуға бағытталған арнайы дайындығы; мектептерде ақпараттық-кеңестік орталықтарды ұйымдастыру: оқушылардың өз іс-әрекеттеріне өз бетімен мақсат қою, өзі үшін негізгі және жалпы пәндерді айқындалуына мүмкіншіліктер туғызу.

1908 жылы қаңтарда Бостон қаласында жасөспірімдерге көмек көрету үшін, олардың өмірдегі еңбек жолын айқындауда жастарды профориентациялаудың бірінші бюросы өз жұмысын бастады. Осы бюроның іс-әрекетін кәсіби бағдарлаудың басталуы деп есептеуге болады. Содан кейін Нью-Йоркте осындай бюро ұйымдастырылды. Оның міндеттеріне әртүрлі кәсіптегі адамдарға, мектеп оқушыларының ұшқыр танымына қойылатын талаптарды зерделеу кірді. Бюро өзінің жұмысын тестілер мен анкеталарды пайдалана отырып, мұғаліммен байланыста жүргізді. Бұл бюролардың іс-әрекет тәжірибесі Америка, Испания, Финляндия, Швейцария, Чехословакия және т.б. елдерде кеңінен таратылды.

Америка Құрама Штатында кәсіп таңдауға ерекше көңіл бөлінді. Кәсіп таңдау мәселесіне Гарвард университетінің профессоры, психология лабораториясының директоры Г.Мюнстберг аса қатты назар аударды. Оны «психологиялық техниканың атасы» деуге де болады.

Г.Мюнстберг телеком компаниясының сұранысы бойынша ол телефонистка мамандығы кандидаттығына жарамдылықты зерделеді. Ол кезде телефонистка сағатына адамдардың сөйлесуі үшін 150 клиентті бірмезгілде қосуы,яғни әрбір 10 секундта абоненттерді бір-бірімен қосуы қажет болды, ал ол үшін 14 жеке психофизиологиялық актілер қажет болатын. Көптеген телефонистер мұндай жүктемені көтере алмады, жұмыстан шығып кетті. Бұл кәсіпкерге жұмыс беру шараларын іске асыруына қолайсыз болды. Сондықтан да телефонистік жұмысына кандиданттыққа кәсіби таңдау бойынша кепілдеме, мінездеме, ұсыныстар жасау қажеттілігі пайда болды .

31.Әлеуметтік педагогиканың зерттеу объектісі ретінде социумның рөлі

32.БАҚ-әлеуметтендіру факторы

Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) - арнайы құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік мекемелер болып табылады. Жалпы алғанда БАҚ әлеуметтендірудің факторы деп есептеледі екен. Білім беру мекемелерінің алдына қойылып отырған қазіргі басты талап – жеткіншектерге заманға лайықталған білім, тәрбие берумен қатар, олардың өздігінен білім алып, өзін-өзі тәрбиелеуге дағдыландыру, сонымен қатар оларды танып-білуге бейімдеу болса, бұқаралық ақпарат құралдары өздігінен білім алудың негізгі көзі, әрі басты құралы. Бұқаралық ақпарат құралдары – баспасөз, радио, теледидар сияқты құралдардың біртұтастығы, олар журналистика мен аудиторияның арасындағы байланыстырушы болып табылады және журналистиканың басты құралы ақпарат беруді пайдалана отырып білім беру, дамыту, тәрбие беру мәселелерін шешуге қатысатындықтан, бүгінгі күні бұл мәселеге кеңінен мән беріліп отыр. Ертеден бері қалыптасқан кейбір рухани құндылықтар, атап айтқанда еңбекқорлық, отаншылдық, кәсіби біліктілікті жетілдіру, парасаттылық, адалдық сияқты ұғымдардың қадірі кете бастады. Шетелдік әдепсіз телебағдарламалар, фильмдер, кейбір газет-журналдар мен кітаптар, музыкалар зорлық-зомбылықты, қатыгездікті өмір сүру салты ретінде көрсетіліп, жастардың санасына сіңіріп жатыр. Спирттік ішімдіктерге бой алдыру, шылым шегу, нашақорлық сияқты жағымсыз әдеттер қоғамға дендеп ене бас-тады. Парақорлық, сыбайлас жемқорлық фактілерге де кейбір жастардың қатысы бар екені анықталып жүр. Түрлі дәстүрлі емес діни бірлестіктер мен экстремистік ұйымдар олардың санасын улауда.

Осындай проблемаларды шешу үшін ең алдымен, отандық бұқаралық ақпарат құралдарының жауапкершілігін күшейте түсу керек. Жастарға тәрбие берудің тиімді тетіктерін қарастырған абзал.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]