- •1.Әлеуметтік педагогиканың функциялары
- •3.Әлеуметтік педагог жұмысындағы негізгі нормативтік құжаттар базасына сипаттама беріңіз.
- •4.Әлеуметтік тәрбие мен діни тәрбиенің ерекшеліктері мен ұқсастықтарына сипаттап беріңіз.
- •6. Қазіргі кездегі тұлға әлеуметтенуі үдерісіндегі тәрбиелеу және білім беру ұйымдарының рөлі.
- •7.«Әлеуметтік бейімделу» және «әлеуметтік бейімделмеу» үрдістерінің көрсеткіштеріне сипаттама беріңіз.
- •8.Әлеметтендірудің құрылымдық үрдісінің ғылыми сипатттамасы.
- •9.Тұлғаны әлеуметтендіру үдерісіндегі мектептің ролі .Мектеппен қоғамның байланысы
- •10.Тұлға әлеуметтенуіндегі әлеуметтік педагог қызметінің маңызы
- •11.Әлеуметтік педагогика ғылымындағы тұлға теориялары
- •12.«Бала құқығын қорғау» тұжырымдамалары.
- •13.Әлеуметтік педагогика мен әлеуметтік жұмыс ұғымдарының өзара байланысын айқындаңыз.
- •14.Әлеуметтену және әлеуметтену кезеңдері жайлы түсінік.
- •15.Діни ұйымдардың тұлға әлеуметтенуіне әсері.
- •16.Отбасы және қазіргі отбасының тұлғаны әлеуметтендіру үдерісіндегі негізгі міндеттері.
- •17.Әлеуметтік педагогикалық үдеріске түсінік.
- •19.Микросоциумдағы әлеуметтік қарым – қатынас мәселесі.
- •20.Әлеуметтену тұжырымдамалары және тәрбие теорияларының ұқсастықтары мен айырмашылықтары на аналитикалық сипаттама беріңіз.
- •21.Тұлғаны әлеуметтендірудегі мектептің қызметі.
- •22.Балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлқындағы ауытқушылық.
- •23. Әлеуметтік тұлға қалыптастырудың жолдары мен механизімдері.
- •24.Тәрбиелеу кеңістігін педагогикалық құбылыс ретінде сипаттап оны қалыптастырудың түрлі нұсқауларын айқындаңыз.
- •25.Тұлға әлеуметтенуіне әсер ететін сыртқы факторларына сипаттама беріңіз.
- •27.Сіздің қалаңыздағы немесе микросоциумдағы витимогенді ерекшеліктерді атап көрсетіңіз.
- •28.Отбасының әлеуметтендіру қызметі.
- •29. Әлеуметтік педагогтың қиын балалармен жұмыс жасау технологиялары.
- •30.Әлеуметтендіру үрдісінде шешілетін әлеуметтік-мәдени міндеттер
- •31.Әлеуметтік педагогиканың зерттеу объектісі ретінде социумның рөлі
- •33.Әлеуметтік педагогиканың гуманистік ұстанымдары және оның негізгі талаптары.
- •34. Жас ерекшелігіне байланысты адамдардың әлеуметтенуі
- •35. Жас ерекшелігіне байланысты тұлға әлеуметтенуіне оң және теріс әсер ететін факторлар.
- •36.Бала әлеуметтенуіндегі ойын ісәрекетінің маңызы.
- •37.Қазіргі таңда ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар мен құқық бұзушы балалар проблемасы.
- •38.Әлеуметтік педагогтың жетім балалармен жұмыс жасау технологиялары
- •39. Әлеуметтік педагогтардың қызмет көрсету аймағы.
- •40.Қазіргі таңдағы әлеуметтік педагогиканың негізгі мәселелеріне қысқаша сипаттама беріңіз.
- •41.Микросоциумда түрлі жастағы топтарға тән әлеуметтік педагог шешуін қажет ететін мәселе құрастырып ол мәселені шешу механизмдерін тірек сызба арқылы түсіндіріңіз.
- •42.Баланың әлеуметтенуі үдерісіндегі оның педагогикалық тұрғыдан кері кетуінің себептерін анықтаңыз.
- •44. Әлеуметтік педагогтың тұлғалық және кәсіби біліктілігінің үлгісін жасаңыз.
- •45. Әлеуметтік педагогиканы оқу пәні ретінде жүргізудегі ұсынысыңыз.
- •46.Әлеуметтік педагогтардың өздігінен білімін жетілдіру жолдарын анықтап, өзіңіздің ұсынысыңызды көрсетіңіз.
- •47.Әлеуметтік педагогтың жұмыс түрлеріне ұсыныс және сипаттама беріңіз.
- •48.«Мен танымал әлеуметтік педагогпын және бұл дәрежеге жетуіме...» тақырыбына қысқаша эссе жазыңыз.
- •49.Әлеуметтік педагогикалық іс-әрекетке байланысты жағдаят құрастырыңыз.
- •50.Әлеуметтік-педагогикалық қызметтің әдістемесі мен технологияларына сызба келтіріңіз.
- •51.Балалар мен жасөспірімдердің ауытқушылық жүріс-тұрыстарын әлеуметтік-педагогикалық мәселе ретінде дәлелдеңіз.
- •52 Мына педагогикалық жағдаятты шешіңіз: Мен ұлымды бір өзім тәрбиелеп отырмын.
- •54.«Әлеуметтік институттардың тұлғаны әлеуметтендірудегі рөлі» тақырыбына эссе жазыңыз.
- •55.Мектептегі әлеуметтік педагогтың жарты жылдық жоспарын құрастырыңыз.
- •56. Қайырымдылық акцияларды ұйымдастыру жолдарын ұсыныңыз.
- •57.Әлеуметтік педагогика мен педагогиканың негізгі категорияларына және өзара әрекеттесу ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау жасаңыз
- •59 Қазақстан Республикасында әлеуметтік педагогтардың атқаратын қызметін анықтап, өзіндік көзқарасыңызды ұсыныңыз
25.Тұлға әлеуметтенуіне әсер ететін сыртқы факторларына сипаттама беріңіз.
тұлға дегеніміз, жоғары шарықтап дамыған, жан-жақты, терең жетілген адам. «Тұлға» ұғымы адамның әлеуметтік дамуының сапалық көрсеткіші. Бұл адамның биологиялық табиғи қасиеті емес. Ол тек қана адамның әлеуметтік орта жағдайында ғана пайда болады, яғни ол белгілі бір топта, бірлікте өмір сүреді, мұнсыз болмайды, сөйтіп ол адам қоғамдағы барлық қатынастарды, тәжірибені, құнды бағалы нысандарды, бағыттарды өз бойына сіңіріп, меңгеріп, өмірде қолданады. Сөйтіп қоғамды одан әрі жетілдіріп, дамыта отырып, өзі жаңа сапа, қасиетке, яғни тұлғалыққа ие болады. Индивидті тұлғаға айналдыру процесін әлеуметтендіру дейміз. Тұлғаның қалыптасуы белсенді іс-әрекет, қызмет істеуде және басқа адамдармен қарым-қатынас жасауда іске асады. Тұлға – белгілі тарихи-мәдени ортада өмір сүретін, қалыптасқан әлеуметтік-психологиялық және моральдық (яғни адамгершілік) қасиеттерді бойына сіңірген, шынайы өмірді тануға және өзгертуге бағытталған жасампаз іс-әрекет субъектісі. Басқаша айтқанда, тұлға қоғамның өмір тәжірибесін бойына сіңіріп, жан-жақты жетілген адам. Тұлғаның әлеуметтену факторлары.1микрофакторларжанұя,икро әлеумет,тәрбие институттары,діни ұйымдар.2мезофактор этнос,аймақтық шарттар,елді мекен типі,жаппай қарымқатынас құралдары.3.макрофактормемлекет,қоғам,ел,мәдениет,Әлеуметтік ұғымының мазмұнын «индивидтің әлеуметтік ортаға енуі», «әлеуметтік әсерлерді игеруі», «әлеуметтік байланыстар жүйесіне араласуы», т.с.с. процестерден түсінуге болады. Әлеуметтену процесі, жеке тұлғаның қоғам мүшесі ретінде өмір сүруіне мүмкіндік тудыратын құндылықтар мен нормалар жүйелерінен игеруіне қажет бүкіл әлеуметтік процестерінің жиынтығы.Жеке адамның қалыптасуы, индивидтің әлеуметтік-мәдени күйге түсуі – бұл өте күрделі процесс. Оған көптеген қозғаушы күштер, факторлар қатысады. Әлеуметтану ғылымы жеке адамның әлеуметтену процесін, әлеуметтік қасиеттердің, құндылықтардың, мұрат-мақсаттардың, ережелердің және әлеуметтік мінез-құлық, білім алу, іскерлік пен дағды принцитерінің қалыптасу процесін талдауға мүмкіндік беретін негізгі қатарды белгілеуге тырысады. Сол арқылы адам әлеуметтік байланыстардың және қауымдастықтардың әрекет ететін мүшесі болады. Ал қоғам өз өмірін сабақтастық арқылы жаңартып отырады. Сонымен бірге, әлеуметтену процесінің түрі және үлгісі қоғамның қандай кұндылыктарға бағынуына, әлеуметтік әрекеттестіктердің қандай түрінің туындауына байланысты екенін ескеру қажет.Әлеуметтену процесінің бір маңызды ерекшелігі – бұл әлеуметтенудің тек балалық шақпен жастық шақта ғана қалыптасуы, оның жаңа статустар мен рөльдерді және қажетті әлеуметтік касиеттерді есейген адамның бүкіл өмір бойы игеруі. Әлеуметтенудің мәнісі, ол – екі жақты процесс екендігінде, біріншіден, әлеуметтік ортаға кірудің арқасында индивидтің әлеуметтік тәжірбиені игеруі, екіншіден, индивидтің осы әлеуметтік байланыстар әлеуметтік ортаға белсенді араласуының арқасында, сол әлеуметтік байланыстар жүйесін белсенді түрде қайта жасау процесі. Біріншісі — әлеуметтік тәжірбиені игеру ортаның адамға әсерін сипаттаса, екіншісі, адамның өз іс-әрекетінің арқасында ортаға әсер етуін көрсетеді.Әлеуметтену процесінің мазмұны: жеке тұлғаның қалыптасуы тұрғысынан қарағанда, негізінен үш сферада; Іс-әрекетте, қарым-қатынаста, өзіңдік сананың қалыптасуында іске асырылады.
26.Адамның виктимизациялануына қандай субъективті ерекшеліктері әсер етеді? Виктимизация (лат. Viktima - құрбан) – дене құрылысы, не болмаса психикасы ж.е адам үшін мәні бар құбылыстарын, қоғамның теріс ықпал ететін көріністерін зерттеп, танып білу арқылы әрбір адам ға бағытталған көмекберу, әртүрлі келеңсіздіктердің алдын алу, түзету н.е сондай шарттарды қысқарту, не жою, әл.к пед.қ жұмыстардың осы бағытын тың әрі пайдалы әдістермен байытуды көздейді.Виктимизацияны виктимология мен криминалогия ғылымдары саласында зерттейді. Әл.к пед.қ виктимология мынандай мәселелерді шешеді:
Әр жас кезеңіндегі дене кемістігі бар, психикасы күйзелген, әл.к күрделі ахуалдарға душар болған адамдардың қоғамға бейімделуін, қайта тәрбиеленуін, не даму шарттарын зерттеп, оларға жәрдем беру мақсатында жүзеге асыруды көздейді;
Қоғамның теріс ықпал ететін тұстарын зерттеп, тінып білу арқылы оларды жою, азайту не болдырмау, қалпына келтіру мүмкіндіктерін іздеу, олардың жолдарын, әдіс, тәсілдерін т.б. анықтау:
Құрбандыққа бейімді не оны жылдам қабылдап алатын сезімтал адамдардың типтерін, психикасын зерттеп, кімге қандай және қайтіп көмектесуге болатынын, соның жолдарын іздеп тауып, ақыл кеңестер мен пед – псих.қ нұсқаулар беру:
Басқа мемлекеттен жұмыс іздеп көшіп келгендер бізде көптеп кездеседі. Олардың әл.к құрбандық ахуалына душар болуы – белгілі бір мекенге тұрақтануына, киім, тамақ секілді керекті нәрселермен қамсыздануына , жұмысқа орналасуяна, тұрғын үйге ие болуына байланысты. Аталған көріністер қоғамдық тұрмыстық ахуалдарды жеке адамның ғана субъективті қабылдауы емес , жас ерекшеліктері , жеке психикалық өзгешелігімен жақын араласқан дос жаран, құрбы құрдастарымен де болып жатқан жағдайларды қабылдауы болып табылады. Өйткені, жас балалар дене кемістігін дереу сезіне алмайды, бірақ өсе келе қолайсыздықты жан жақты түсінгендіктен қайғыға батады. Кейбір кезде ойлаған мақсатына қол жеткізе алмаи қалған адамдар , әсіресе жеткіншектер мен жасөспірімдер өзін өмірге сай емес, жарамсыз, бақытсыз деп с езініп, дүнйенің құрбандығы болатын жағдайларға итермелеиді.
