Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_актуал.проблемы..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
399.87 Кб
Скачать

23. Әлеуметтік тұлға қалыптастырудың жолдары мен механизімдері.

Жеке адам болу үшін психикалық дамудық белгілі бір дәрежесіне өтіп, басқа адамдарға қарағанда ерекшелігі бар екенін білетіндей біртұтас тұлға болуы тиіс. Өмір бойы даму мен тәрбиенің нәтижесінде жеке адамның орнығып, жетілуін қалыптасу деп атайды. Жеке адамның қалыптасуы - күрделі, ағзаның өсуі мен жетілуін, стихиялы әсерлерді, мақсатты, ұйымдасқан тәрбиені қамтитын қарама-қайшылықты процесс. Жеке адамның қалыптасуы өмірге келген сәтінен басталады, жеткіншек және жасөспірім шақта жедел жүреді, ересек шақта өзінің біршама аяқталу кезеңіне жетеді. Сондай-ақ жеке адамның дамуы деген ұғымды анықталық. Даму ұғымына ағзаның өсуі мен пісіп жетілу процесін жатқызады. Бұл процестер психикалық дамумен өзара тығыз байланыста өтеді, оған ықпал жасайды, бірақ адамның жеке адам ретінде қалыптасуын белгілеп бере алмайды. Жеке адамның дамуы - бұл оның рухани өсуінің, жетілуінің процесі жеке адам үшін елеулі болып табылатын барлық сфераларды іс-әрекетте, өзін қоршаған құбылыстарға, адамдарға деген қарым-қатынасқа, танымдық процестерінде болатын сапалық өзгерістер процесі. Жеке адамның әсіресе балалың және жасөспірім шақтарында дамып, жетілуі ең алдымен тәрбиенің ықпалы арқылы жүріп отырады. Бірақ тәрбие әсерінің дәрежесі мен сипаты көп жағдайда тәрбиенің даму заңдылықтарын қаншалықты ескергеніне байланысты болады. Сөйтіп, тәрбие мен дамудық арасында екі жақты байланысы болады. Әлеуметтену - бұл тұлғаның қоғамда өмір қамын дұрыс тәсілмен іске асыруына мүмкіндік беретін білімдердің нормалары мен құндылықтардың белгілі бір жүйесін игеру үрдісі болып табылады. «Тұлға болып туылмайды, тұлға болып қалыптасады» (А.Н Леонтьев).

Мұның басты мағынасы тұлғаны қоғамда қалыптастыруымыз керек. Әлеуметтену динамикалық сипатта болғандықтан тұлға бұл әр қашанда үдеріс, бұл үнемі қалыптасу.

Жалпы білім беретін мектеп жағдайында жекетұлғаны әлеуметтендіру - мәдени элементтерді түсіндіру, әлеуметтік мұрағаттар мен құндылықтарды игеру негізінде жеке тұлға қасиеттерін қалыптастыру. Әлеуметтендіру қоғам талаптарынан жеке тұлғаның қалыптасу кезеңінде бірте – бірте игеруі, сана мен тәртіптің маңызды әлеуметтік даму барысында қоғамда адам өзін тұлға ретінде сезінеді. Бұл тәрбие, адам өздігінен алдында мақсат қойып, оған жетуде өзінің беделі мен сезімін түсінеді, қоғамдағы өз орнына сенімді. Әлеуметтендіру идеяларын іске асыру, жалпы алғанда, педагогикалық процесте оқу және оқудан тыс уақытты толыққанды пайдалануды, сондай-ақ, отбасымен, қосымша білім беру ұйымдарымен тығыз ынтымақтастықты талап етеді.

Тұлғаның әлеуметтенуінің әлеуметтік – психологиялық факторлары жалпы түрде екі үлкен топқа бірігуі мүмкін:

1) әлеуметтенудің әлеуметтік – мәдени жағын көрсететін және оның тарихи, мәдени, ұлттық ерекшеліктері мәселелерін қарастыратын әлеуметтік топ;

2) белгілі бір деңгейде тұлғаның өмір жолының кезеңдерімен анықталатын жеке тұлғалық топ.

24.Тәрбиелеу кеңістігін педагогикалық құбылыс ретінде сипаттап оны қалыптастырудың түрлі нұсқауларын айқындаңыз.

Қазіргі педагогикалық теорияда «Тәрбие әдісі» ұғымы әлі де жете зсрттелмеген мәселелердің бірі. Өйткені бұл жөнінде әр түрлі көзқарастардың бар екені байқалуда. Бұған көптеген авторлардың тәрбие әдісіне берген анықтамаларының өзі-ақ дәлел бола алады. Т.Е.Конникованың анықтамасы бойынша — бұл педагогикалық жұмыстың тәсілдері мен жолдары арқылы тәрбие мақсатына жету. И.С.Марьенконың анықтамасы бойынша, тәрбие әдісі — бұл жеке адамға тікелей және жанама түрде ықпал жасау. В.А.Сластенин тәрбие әдісін тәрбиешілері мен тәрбиеленушілердің іс-әрекетінің өзара байланыс тәсілдері деп тұжырымдайды. Тәрбиелеуді қалыптастыру үшін көптеген әдістер қолданылады. Осы әдістерді іске асыру барысында тәрбиеші оқушыларға педагогикалық ықпал жасайтын тәрбиенің тәсілдері мен құралда рын да қолданады. Тәсіл әдістің құрамды бөліктері, әрбір әдістің тәсілдері болады. Мысалы, үйрету мен жаттықтыру әдістерінің тәсілді нұсқау, көрсету, машықтандыру, тапсырма т.б. Нақты тәрбие барысында әдістер мен тәсілдер арасында нақты шекара жоқ, ол құбылмалы (өзгергіш), жылжымалы болады. Тәрбие құралдарына іс-әрекеттерінің түрлері, көрнекі құралдар, көптеген коммуникация құралдары, педагогикалық ықпал жасау құралдары (мұғалім, ата-ана, ересек адамдардың сөзі, олардың өнегесі т. б.) жатады. Тәрбие мақсаты жемісті болу үшін осы құралдарды тиімді пайдалану қажет. Оқушы тұлғасы қалыптасуының басқарылуын қамтамасыз ету — тәрбиенің негізі құралдарын толық және тиімді пайдална білу. А.С.Макаренко өз тәжірибесінде тәрбиедегі шешуші роль атқаратын нәрсе оқшауланған құралдар емес, керісінші олардың үйлесімді құрылған жүйесі екенін дұрыс көрсеткен-ді.Адам еңбектің, танымның, қарым-қатынастың субъектісі ретінді іс-әрекет барысында қалыптасады. Педагогикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылса, тұлғасы қалыптасып келе жатқан адамның негізгі іс-әрекет түрлері құралдары болып табылады.Үйрету әдісі баланың орындағыштық, сыпайылық (инабаттылық), мұқияттылық, табандылық сияқты қасиеттерін қалыптастырады. Балалардың өмір тәжірибесі кеңейіп, санасы дамыған сайын, үйрету әдісі өзінің алғашқы маңызын жойып, басқа әдістермен бірігеді. Мысалы, бұл әдіске өте жақын жаттықтыру әдісі.Жаттықтыру әдісі—бұл әр түрлі ситуацияда оқушылардың моральдық тапсырмаларды орындауы. Жаттықтыру әдісінің, ұжымының мүддесімен, талаптарымен қабысуы қажет. Мысалы, кез-келген тәрбиелік шараларды мезгілінде бастау оқушыларды тәртіптілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Оқушылардың өндірістік бригадалары, шефке алу жұмыстары оқушыларды борыштық сезімге, жауапкершілікке жаттықтырады.Герцен атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік педагогикалық институтының ғалымдары (Т.Е.Конникова, Г.И.Щукина) жасаған тәрбие әдістері мынандай;Үйрету және жаттықтыру әдістерінің тәсілдері: нұсқау көрсету, машықтандыру, тапсырма.Тәрбиелеуші ситуация жеке адамның жағымды әрекеттерінің және қылықтарының қалыптасуына ықпал етеді. Бұл әдіс тәрбиешілер және тәрбиеленушілер арасындағы қарым-қатынасқа қолайлы жағдай жасайды. Сынып, мектеп біріншілігіне жарыс ұйымдастыру топқа, ұжымға және оқушыға (мектепті көгалдандыру, сыныпты, дем алатын орындарды дайындау, яғни безендіру т.б.) тапсырма беру тәрбиелеуші ситуацияда іске асырылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]