Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_актуал.проблемы..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
399.87 Кб
Скачать

22.Балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлқындағы ауытқушылық.

Аутодеструктивті мінез-құлық – қазіргі таңда кең таралып кеткен күрделі де қауіпті феномен. Бұл адамның қалыпты дамуына, дене бітімі мен психологиялық денсаулығына қауіп төндіретін мінез-құлық. Қазіргі таңда бұл мінез-құлықтың төмендегідей түрлері кең тараған. 1). Аутоагрессивті мінез-құлық (суицидалды және парасуицидалды). Суицидтілік аутодеструктивті мінез-құлықтың ең қауіпті түрі болып саналады. А.Е. Личко демонстративті, аффективті және шын суицидалды мінез – құлық түрлерін бөліп көрсетті. Бұлардан басқа «ситуативті» суицид деп аталатын (кенеттен пайда болған дағдарысқа жауап ретінде төтеп бере алмай, өз-өзін өлтіру) түрі де болады. Сол себепті өмірдің дағдарыс кезеңдерінде жағдайдан шыға білуге үйрету мақсатындағы алдын-алу шараларын өткізудің маңызы зор. Парасуицидалды мінез-құлық – өз-өзіне көңілі толмау салдарынан, психологиялық соққы кезіндегі жан жарасын жеңілдету мақсатында өмірін қию мақсатынсыз өткір, ұшты заттармен денесіне дене жарақаттарын салу 2. Тағам қабылдауға тәуелділік (булимия және анорексия) – адам мінезінің ерекшелігіне байланысты тағам қабылдау мінез-құлқының бұзылуы.3. Аддитивті мінез-құлық – химиялық (психоактивті заттарды шектен тыс қабылдау–алкоголизм, наркомания, токсикомания, шылым шегу) және химиясыз заттарға тәуелділік. А.В. Котляров (2006) химиясыз аддикцияға экзистенциалды тәуелділікті жатқызады

(метафизикалық уланудан өмірдің мәнін іздеу, соның ішінде психотерапияға тәуелділік), сыртқы келбетіне тәуелділік, жалғыздыққа тәуелділік, өзіне ерекше мәні бар адамды бақылауға тәуелділік, баспасөз жаңалықтарына, жарнамаларға тәуелділік, бір нәрсеге ие болуға тәуелділік (хобби, үй жануарларына үйірлік, коллекциялау), шектеу сенімдеріне тәуелділік, сараңдық синдромы, алған түрлі жарақаттарына, ауруларына тәуелділік, графомания, «бас алмай» оқу. Якимова Т.В. (2009) химиясыз аддикцияны «танымдық аддикция» деп атаған дұрыс деп санайды.4 Фанатикалық мінез-құлық ( деструктивті-религиоздық табыну, спорттың немесе музыканың қандай да бір түрімен шамадан тыс айналысу). фанатикалық мінез-құлық түрінің ең қауіптісі деструктивті табыну. Если увлеченность егер спортпен айналысу немесе музыкаға қызығушылық таныту адамның ішкі қайшылықтарын көрсетіп отыратын индикатор болып табылатын болса, ал деструктивті табыну және религиялық секталар адамның жан және тән саулығына қауіп, ерік бостандығына қауіп төндіреді. 5 Аутистік мінез-құлық – шынайы өмірге бейімделе алмаудан, қиял әлеміне кетуден (эскапизм), адамдармен араласудан бас тартып, жалғыздықты таңдаудан көрінетін мінез-құлық. Аутистік мінез-құлықты аутизмнен ажырата білу керек. Аутизм – әлеуметтік өзара қарым-қатынасты қабылдаудың және қарым-қатынас қызметінің бұзылуына байланысты психиканың бірқалыпты дамымауы. Аутистік мінез-құлық кезінде психикалық дамудың жүруі қалыпты, бірақ адам әлеуметтік байланыста жолы болмай, басқа адамдармен араласуды құнсыздандырып, өз-өзімен «араласуды» дұрыс санайды. Егер аутизмді практикалық тұрғыдан психологиялық түзету мүмкін емес болса, не поддается психологической коррекции, ал аутистік мінез-құлықта қауіпсіз жағдайда қарым-қатынас дағдыларын жаттықтыруда психологиялық топ пайдалы ресурс болуы мүмкін.6 Виктимді мінез-құлық (ағылш. victim – құрбан) –адамның басқа біреудің өзіне аморальды, заңға қайшы әрекетіне көнуі. Мұндай мінез-құлықтың психологиялық негізі өз-өзін төмен бағалау, қарым-қатынастың үзілуінен қорқу болып табылады. Психологиялық түзету немесе психотерапияның нәтижесінде «құрбандар» бойынан деструктивті қарым-қатынасты үзуге шешім қабылдауға ерлік табылады. Жеке құндылығы туралы елестете білуді меңгеріп, өз құнын түсіне білетін болады.7) Өмірге қауіп төндіретін іс-әрекетке бару- бұл экстремалды спорт түрі, жоғары жылдамдықта машина айдау, т.б. Мұндай іс-әрекеттер әлеуметтік тұрғыдан қолдау тауып, мұндай «қызығушылықтардың» өмір мен денсаулығына қауіп төндіретініне қарамастан, айналадағылар олардың «батырлығы» мен «ерлігіне» таңғалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]