- •1.Әлеуметтік педагогиканың функциялары
- •3.Әлеуметтік педагог жұмысындағы негізгі нормативтік құжаттар базасына сипаттама беріңіз.
- •4.Әлеуметтік тәрбие мен діни тәрбиенің ерекшеліктері мен ұқсастықтарына сипаттап беріңіз.
- •6. Қазіргі кездегі тұлға әлеуметтенуі үдерісіндегі тәрбиелеу және білім беру ұйымдарының рөлі.
- •7.«Әлеуметтік бейімделу» және «әлеуметтік бейімделмеу» үрдістерінің көрсеткіштеріне сипаттама беріңіз.
- •8.Әлеметтендірудің құрылымдық үрдісінің ғылыми сипатттамасы.
- •9.Тұлғаны әлеуметтендіру үдерісіндегі мектептің ролі .Мектеппен қоғамның байланысы
- •10.Тұлға әлеуметтенуіндегі әлеуметтік педагог қызметінің маңызы
- •11.Әлеуметтік педагогика ғылымындағы тұлға теориялары
- •12.«Бала құқығын қорғау» тұжырымдамалары.
- •13.Әлеуметтік педагогика мен әлеуметтік жұмыс ұғымдарының өзара байланысын айқындаңыз.
- •14.Әлеуметтену және әлеуметтену кезеңдері жайлы түсінік.
- •15.Діни ұйымдардың тұлға әлеуметтенуіне әсері.
- •16.Отбасы және қазіргі отбасының тұлғаны әлеуметтендіру үдерісіндегі негізгі міндеттері.
- •17.Әлеуметтік педагогикалық үдеріске түсінік.
- •19.Микросоциумдағы әлеуметтік қарым – қатынас мәселесі.
- •20.Әлеуметтену тұжырымдамалары және тәрбие теорияларының ұқсастықтары мен айырмашылықтары на аналитикалық сипаттама беріңіз.
- •21.Тұлғаны әлеуметтендірудегі мектептің қызметі.
- •22.Балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлқындағы ауытқушылық.
- •23. Әлеуметтік тұлға қалыптастырудың жолдары мен механизімдері.
- •24.Тәрбиелеу кеңістігін педагогикалық құбылыс ретінде сипаттап оны қалыптастырудың түрлі нұсқауларын айқындаңыз.
- •25.Тұлға әлеуметтенуіне әсер ететін сыртқы факторларына сипаттама беріңіз.
- •27.Сіздің қалаңыздағы немесе микросоциумдағы витимогенді ерекшеліктерді атап көрсетіңіз.
- •28.Отбасының әлеуметтендіру қызметі.
- •29. Әлеуметтік педагогтың қиын балалармен жұмыс жасау технологиялары.
- •30.Әлеуметтендіру үрдісінде шешілетін әлеуметтік-мәдени міндеттер
- •31.Әлеуметтік педагогиканың зерттеу объектісі ретінде социумның рөлі
- •33.Әлеуметтік педагогиканың гуманистік ұстанымдары және оның негізгі талаптары.
- •34. Жас ерекшелігіне байланысты адамдардың әлеуметтенуі
- •35. Жас ерекшелігіне байланысты тұлға әлеуметтенуіне оң және теріс әсер ететін факторлар.
- •36.Бала әлеуметтенуіндегі ойын ісәрекетінің маңызы.
- •37.Қазіргі таңда ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар мен құқық бұзушы балалар проблемасы.
- •38.Әлеуметтік педагогтың жетім балалармен жұмыс жасау технологиялары
- •39. Әлеуметтік педагогтардың қызмет көрсету аймағы.
- •40.Қазіргі таңдағы әлеуметтік педагогиканың негізгі мәселелеріне қысқаша сипаттама беріңіз.
- •41.Микросоциумда түрлі жастағы топтарға тән әлеуметтік педагог шешуін қажет ететін мәселе құрастырып ол мәселені шешу механизмдерін тірек сызба арқылы түсіндіріңіз.
- •42.Баланың әлеуметтенуі үдерісіндегі оның педагогикалық тұрғыдан кері кетуінің себептерін анықтаңыз.
- •44. Әлеуметтік педагогтың тұлғалық және кәсіби біліктілігінің үлгісін жасаңыз.
- •45. Әлеуметтік педагогиканы оқу пәні ретінде жүргізудегі ұсынысыңыз.
- •46.Әлеуметтік педагогтардың өздігінен білімін жетілдіру жолдарын анықтап, өзіңіздің ұсынысыңызды көрсетіңіз.
- •47.Әлеуметтік педагогтың жұмыс түрлеріне ұсыныс және сипаттама беріңіз.
- •48.«Мен танымал әлеуметтік педагогпын және бұл дәрежеге жетуіме...» тақырыбына қысқаша эссе жазыңыз.
- •49.Әлеуметтік педагогикалық іс-әрекетке байланысты жағдаят құрастырыңыз.
- •50.Әлеуметтік-педагогикалық қызметтің әдістемесі мен технологияларына сызба келтіріңіз.
- •51.Балалар мен жасөспірімдердің ауытқушылық жүріс-тұрыстарын әлеуметтік-педагогикалық мәселе ретінде дәлелдеңіз.
- •52 Мына педагогикалық жағдаятты шешіңіз: Мен ұлымды бір өзім тәрбиелеп отырмын.
- •54.«Әлеуметтік институттардың тұлғаны әлеуметтендірудегі рөлі» тақырыбына эссе жазыңыз.
- •55.Мектептегі әлеуметтік педагогтың жарты жылдық жоспарын құрастырыңыз.
- •56. Қайырымдылық акцияларды ұйымдастыру жолдарын ұсыныңыз.
- •57.Әлеуметтік педагогика мен педагогиканың негізгі категорияларына және өзара әрекеттесу ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау жасаңыз
- •59 Қазақстан Республикасында әлеуметтік педагогтардың атқаратын қызметін анықтап, өзіндік көзқарасыңызды ұсыныңыз
19.Микросоциумдағы әлеуметтік қарым – қатынас мәселесі.
Баланың дұрыс әлеуметтенуі үшін ең маңызды орын алатын ол микросоциум болып табылады. Микросоциум бұл адамның өмірі өтетін және оның дұрыс әлеуметтенуіне өзінің септігін тигізетін жақын кеңістік немесе әлеуметтік орта. Қарым-қатынас – адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады. Егер қарым-қатынас болмаса, бiздiң рухани, материалды даму деңгейiмiздiң қандай дәрежеге көтерiлгенiн бiлмес едiк. Бiздiң әрқайсымыз өзiмiздiң негiзгi қырларымызды жеке қарым-қатынас тәжiрбиелерiмiз арқылы жанұядағы, мектептегi, жұмыстағы, көшедегi тiкелей қатынастар арқылы игеремiз. Бұл микроорта. Микроортадағы қарым-қатынас арқылы әрқайсымыз әлеуметтiк әлемдi кеңiнен танимыз және қарым-қатынасқа түсемiз, яғни макроорта әсерiн сезiнемiз.
Макроорта – бұл өз ғылымы, мәдениетi, идеалогиясы, заңы, қоғамдық өлшемдерi бар қоғам.Микро және макроортаның кездесетiн жерi, олардың өзара әрекеттесетiн шек – бұл кiшi топ, онда бiздiң әрқайсымыздың өмiрiмiз өтедi.Қарым-қатынас тарихи алғашқы форма болып табылады оның негiзiнде өркениет дамуының кейiнгi кезеңдерiнде қарым-қатынастың басқа түрлерi пайда болды. Мысалы; жазбаша қарм-қатынас жазбашалықтың құралуынан кейiн ғана пайда бола бастады. Бiздiң әрқайсымыз адамдар арасында өмiр сүрiп және жұмыс iстегендiктен кез-келген жағдайда өз тiлектерiмiзге тәуелсiз түрде адамдармен қарым-қатынасқа түсемiз.Егер бiз өз өмiрiмiздi бақыласақ онда мынаны байқаймыз:басқа адамдармен өзара әрекеттесiп оларды қабылдаймыз және бағалаймыз;Жиi түрлi естiгендерiмiздi қызығушылықпен қабылдаймыз;Таныстарымызбен немесе кездейсоқ адамдармен өмiрлiк тәжiрбиелерiмiзбен алмасамыз;Басқа адамдардың әсерiн сезiнiп оларға елiктеп өз мiнез-құлқымызды өзгертемiз;Шешiм қабылдағанда көп жағдайда қасыңдағы адамдардың пiкiрiн есепке аламыз.
20.Әлеуметтену тұжырымдамалары және тәрбие теорияларының ұқсастықтары мен айырмашылықтары на аналитикалық сипаттама беріңіз.
Әлеуметтену — жеке адамдарға қоғам мен оның құрылымдары тарапынан үнемі (жинақы, бақылаулы, шашыраңқы түрде) әсер ету процесі. Соның нәтижесінде адамдар белгілі бір білімдерді, құндылықтар мен нормаларды игеріп, нақты қоғамда, әлеуметтік топтар мен ұйымдарда өмір сүру тәжірибесін жинақтайды әрі тұлғаға, сол қоғамның тең құқылы мүшесіне айналады. Социология ғылымы “ұрының баласы — қашан да ұры, ал текті ата-анадан тек бейкүнә әрі тәртіпті бала туады” деген сыңаржақ тәмсілмен келісе алмайды. Өйткені, адам анасынан бірден мәдениетті болып жаралмайды, тәрбиелеу, білім алу және қоғамда ғұмыр кешу процестерінде ғана қалыптасады. Әлеуметтік-мәдени қасиеттер мен құндылықтарды мұралау өзгеше, биологиялық емес әдіппен, яки ұрпақтан ұрпаққа тарау тетігі арқылы әлеум. жолмен жүзеге асады; әрбір жеке адам (индивид), әр жаңа ұрпақ өздері туып, өмір сүріп жатқан әлеуметтік жүйенің мәдени мұрасын игерудің өзіне тән ерекше жолынан жүріп өтеді. Осынау маңызды процесті ғылымда “жеке адамның әлеуметтенуі” деп атайды. Әлеуметтену тура мәнінде, жарық дүниеге келген, адамзат мәдениетін игеруге бағдарланған саналы биологиялық организмді, яки адам баласын дамытып, өзінің тұлғалық-психологиялық ерекше қасиеттерін, сондай-ақ, қоғамдық өмірге араласуына мүмкіндік беретін әлеуметтік тұрпаттық, әлеуметтік маңызды қасиеттерді, білім мен білікті бойына жинақтаған тең құқылы жеке тұлғаға айналдыру жолы. Сондықтан, әлеуметтену дегеніміз жеке адамның әлеуметтік ортамен диалектикалық (өзара) әрекеттесу процесі, оның барысында, бір жағынан — адам бойындағы табиғи, психологиялық өскін жетіліп, өркендей түседі, екінші жағынан — қоғам жеке тұлғаны тәрбиелеу, білім беру, мәдениетке ұмтылдыру арқылы оған адами тұлғаға тән әлеуметтік мәні мол қасиеттерді сіңіреді. Әлеуметтену — қысқа мерзімді, бір мәртелік емес, іс жүзінде жеке адамның бүкіл ғұмырын қамтитын ұзаққа созылатын көп қырлы құбылыс. Соның арқасында жеке адам қоғамдық өмірге араласып қана қоймайды, сондай-ақ өзінің әлеуметтік статусы мен рөлін иелене және өзгерте алады. өйткені, әрбір жеке тұлға тиісті құқылар мен міндеттерді иелене отырып, қоғамдағы өзіне лайықты орынды еншілейді және нақты қызмет міндеттерін атқарады, яғни әлдебір әлеуметтік статусқа ие болады. Ол жеке тұлғаның жағдайын жан-жақты, әрі жинақтай бейнелейтін сипаттамаларды: мамандығын, кәсіби білігін, атқарып жүрген жұмыстарының сипатын, лауазымын, материалдық әл-ахуалын, саяси ықпалын, партияға және кәсіподаққа мүшелілігін, іскерлік байланыстарын, туыстық тарамдарын т.б. қамтиды. Бұлардың барлығын белгілі социолог Р. Мертон (1910 жылы туылған) “статустық жиым” деп атаған. Оның өзі туа бітті (немесе маңдайға жазылған), яки субъектіге тәуелсіз күйде, көбінесе жаратылысынан дамитын (мысалы, жынысы, жасы, ұлты, туыстары) статустар және қол жеткен (немесе қолы жететін), яғни жеке тұлғаның өзінің күш-жігерін жұмсауы арқылы алған статустары болып бөлінеді. Кей реттерде осы аталған екеуінің қасиеттерін тоғыстыратын аралас әлеуметтік статустар да (мысалы, өз еркінен тыс жұмыссыз қалғандардың, мүгедектікке ұшырағандардың, босқыншылыққа ұшырағандардың, т.б. статусы), кездеседі. Әлеуметтік статус пен жеке бастың статусты ажырата білу қажет. Мәселен, әлеуметтік статусты, яғни жеке тұлғаның бүкіл қоғам ауқымындағы не ірі әлеум. топ ішіндегі жай-жағдайын айқындар сәтте, алдымен оның қызмет істейтін саласы, лауазымы не ғыл. атақ-дәрежесі т.б. ауызға ілігеді. Былайша айтқанда, кез келген адамның әлдебір әлеуметтік топқа (әлеум.-топтық, әлеум.-кәсіби, әлеум.-этникалық, т.б.) жататындығы дәйектеледі. Ал жеке тұлғаның шағын (бастауыш) әлеуметтік топтағы (отбасындағы, бригададағы, студенттік топтағы т.б.) беделі, көбінесе, оның мәртебелік басымдығына емес, жеке бастың, даралық қасиеттеріне, оған ағайын-туыстарының, жұмыстас не курстас жора-жолдастарының, таныстарының, көршілерінің т.б. субъективті қарым-қатынастарына байланысты қалыптасады. Әлеуметтік және жеке бастық статустар бір-бірімен сәйкес келмеуі де мүмкін. Жеке тұлғаға сипаттама беру үшін, сондай-ақ, әлеуметтік рөл ұғымын пайдаланудың да маңызы ерекше. Ол белгілі бір әлеуметтік статус иеленетін адамнан және нақты қоғамдағы осы статустар тән адамдар тобынан үміт етілетін мінез-құлықтар болып саналады. Әлеуметтік статус та, әлеуметтік рөл де ресми түрде (мысалы, заңмен не басқалай құқықтық актімен) бекітілуі немесе бейресми сипат (мінез-құлықтың моральдық нормалары) иеленуі мүмкін. Әлеуметтанушылар (Р. Линтон, Дж. Мид, Т. Шибутани т.б.) әлеуметтік рөл проблемаларын әлеуметтік статус мәселелерімен байланыстыра отырып, оны әлеуметтік статустың қозғаушы күші ретінде түсіндіреді. Әсіресе, П. Парсонс (1902 — 1979) рөлдердің құндылықтармен ажырамас байланысын айрықша атап көрсетіп, әлеуметтік рөлді жалпыға бірдей құндылықтарға негізделген әрі әлеуметтік жүйеге қажетті құрылымдық элемент құрайтын, нормативті түрде реттелетін мінез-құлық ретінде қарастырады. Яғни, әлеуметтік рөл әлеуметтік құндылықтарды жеке тұлғаның нақты әлеуметтік іс-әрекеттеріне ұластырудың құралы қызметін атқарады.
Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдыдтарихи өмірде жинаңталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді.
Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш - жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардық өмір сүру тәртібін меңгереді.
Педагогика баланы оқыту, тәрбиелеу тәжірибелерін қорытып, тәрбие және даму үшін қажетті жағдайларды анықтайды.
Қорыта айтқанда, тәрбие - қоғамның тарихи әлеуметтік-экономикалық жағдайларынан туатын объективтік процесс.
Тәрбие процесінде бала өзінің дамуына қажетті жағдайларды пайдалануға тиіс. Табиғи және әлеуметтік орта оның көзқарасын дамытады.
Я.А. Коменский "Тәрбие мақсаты және міндеттері, маңызы, жүзеге асыру жолдары адамның қоғамда алатын орнымен анықталу керек", "Келесі ғасырдық қандай болатындығы сол ғасыр үшін тәрбиеленген азаматтарға байланысты. Дүние - даналар-дық көптігімен баңытты" - деген ойлар айтты. Осы ойларын "Ана мектебінің" кіріспесінде өрбітеді.
"Тәрбие - адамды қалыптастыратын және жетілдіретін үйлесімді процесс" - деп Коменский тәрбие мақсатын төмендегі-дей негізгі элементтерге бөлді:
• адамға барлық заттарды білгізу - "ғылыми білім";
• заттардың және өзінің қожасы ету - "адамгершілік";
• құдайға, заттарға құлшылық ету - "діни тәрбие";
• тән саулығы - "дене тәрбиесі".
И.Г. Песталоцци тәрбиенің мақсаты балаға бастауыш білім, еңбек, ақыл-ой, дене тәрбиесін беріп, жан-жақты және үйлесімді дамыту деген.
Неміс педагогы А. Дистервег педагогикалық мәселелерді шешудегі сословиелік және шовинистік саясатқа қарсы күресіп, "Мектептің міндеті - адамзатты және өз халқын сүйетін саналы азаматтарды тәрбиелеу" - деген.
К.Д. Ушинский тәрбиенің мақсаты қоғамға пайдалы, адамшылығы бар адамды тәрбиелеу деген. Ол адамгершілік тәрбиесін ақыл-ой, еңбек тәрбиесімен тығыз байланысты қарастырады.
П.П.Блонский тәрбие мақсаты балаға жалпы адамзаттың және ұлттың мәдениетті меңгеруге көмектесу, жеке тұлғаның жалпы адамзаттық идеалдарын қалыптастыру деген.
1941-1990 жылдардағы педагогикалық әдебиеттерде "жан-жақты даму" ұғымына ақыл-ой, политехникалық оқу және өндірістік еңбек, адамгершілік тәрбиесі, дене және эстетикалық тәрбие салалары енгізілді.
А.С.Макаренко тәрбиенің мемлекеттік міндеті негізінде педагогикалық міндет қойып, педагогтардың жұмысын бақылауға алуға болатындығын атап көрсетті. Ол "Тәрбиенің негізгі мақсаты баланы жан-жақты дамыту" - деген ұсынысты қолдады, В.А.Сухомлинский оны жүзеге асырды.
Тәрбие мақсаты қазақ тәлім-тәрбие тағылымына да қойылды. Ұлы ұстаз Әбу Насыр әл-Фараби "Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие берілуі керек. Онсыз берілген білім - адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі" - деді.
Ы.Алтынсарин "өмірдің негізгі мәні — еңбек, ол адамның адамгершілік қасиетін мәртебелендіреді, өмірдің шын қадірін тек еңбексүйгіш адам ғана түсіне алады. Мәнсіз еңбек, мағынасыз бейнетқорлық адамның жігерін мұқалтады, өз еңбегінің қызығын, рақат-ләззатын көре білу - кісіліктің басты белгісі" - деген.
