- •1.Әлеуметтік педагогиканың функциялары
- •3.Әлеуметтік педагог жұмысындағы негізгі нормативтік құжаттар базасына сипаттама беріңіз.
- •4.Әлеуметтік тәрбие мен діни тәрбиенің ерекшеліктері мен ұқсастықтарына сипаттап беріңіз.
- •6. Қазіргі кездегі тұлға әлеуметтенуі үдерісіндегі тәрбиелеу және білім беру ұйымдарының рөлі.
- •7.«Әлеуметтік бейімделу» және «әлеуметтік бейімделмеу» үрдістерінің көрсеткіштеріне сипаттама беріңіз.
- •8.Әлеметтендірудің құрылымдық үрдісінің ғылыми сипатттамасы.
- •9.Тұлғаны әлеуметтендіру үдерісіндегі мектептің ролі .Мектеппен қоғамның байланысы
- •10.Тұлға әлеуметтенуіндегі әлеуметтік педагог қызметінің маңызы
- •11.Әлеуметтік педагогика ғылымындағы тұлға теориялары
- •12.«Бала құқығын қорғау» тұжырымдамалары.
- •13.Әлеуметтік педагогика мен әлеуметтік жұмыс ұғымдарының өзара байланысын айқындаңыз.
- •14.Әлеуметтену және әлеуметтену кезеңдері жайлы түсінік.
- •15.Діни ұйымдардың тұлға әлеуметтенуіне әсері.
- •16.Отбасы және қазіргі отбасының тұлғаны әлеуметтендіру үдерісіндегі негізгі міндеттері.
- •17.Әлеуметтік педагогикалық үдеріске түсінік.
- •19.Микросоциумдағы әлеуметтік қарым – қатынас мәселесі.
- •20.Әлеуметтену тұжырымдамалары және тәрбие теорияларының ұқсастықтары мен айырмашылықтары на аналитикалық сипаттама беріңіз.
- •21.Тұлғаны әлеуметтендірудегі мектептің қызметі.
- •22.Балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлқындағы ауытқушылық.
- •23. Әлеуметтік тұлға қалыптастырудың жолдары мен механизімдері.
- •24.Тәрбиелеу кеңістігін педагогикалық құбылыс ретінде сипаттап оны қалыптастырудың түрлі нұсқауларын айқындаңыз.
- •25.Тұлға әлеуметтенуіне әсер ететін сыртқы факторларына сипаттама беріңіз.
- •27.Сіздің қалаңыздағы немесе микросоциумдағы витимогенді ерекшеліктерді атап көрсетіңіз.
- •28.Отбасының әлеуметтендіру қызметі.
- •29. Әлеуметтік педагогтың қиын балалармен жұмыс жасау технологиялары.
- •30.Әлеуметтендіру үрдісінде шешілетін әлеуметтік-мәдени міндеттер
- •31.Әлеуметтік педагогиканың зерттеу объектісі ретінде социумның рөлі
- •33.Әлеуметтік педагогиканың гуманистік ұстанымдары және оның негізгі талаптары.
- •34. Жас ерекшелігіне байланысты адамдардың әлеуметтенуі
- •35. Жас ерекшелігіне байланысты тұлға әлеуметтенуіне оң және теріс әсер ететін факторлар.
- •36.Бала әлеуметтенуіндегі ойын ісәрекетінің маңызы.
- •37.Қазіргі таңда ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар мен құқық бұзушы балалар проблемасы.
- •38.Әлеуметтік педагогтың жетім балалармен жұмыс жасау технологиялары
- •39. Әлеуметтік педагогтардың қызмет көрсету аймағы.
- •40.Қазіргі таңдағы әлеуметтік педагогиканың негізгі мәселелеріне қысқаша сипаттама беріңіз.
- •41.Микросоциумда түрлі жастағы топтарға тән әлеуметтік педагог шешуін қажет ететін мәселе құрастырып ол мәселені шешу механизмдерін тірек сызба арқылы түсіндіріңіз.
- •42.Баланың әлеуметтенуі үдерісіндегі оның педагогикалық тұрғыдан кері кетуінің себептерін анықтаңыз.
- •44. Әлеуметтік педагогтың тұлғалық және кәсіби біліктілігінің үлгісін жасаңыз.
- •45. Әлеуметтік педагогиканы оқу пәні ретінде жүргізудегі ұсынысыңыз.
- •46.Әлеуметтік педагогтардың өздігінен білімін жетілдіру жолдарын анықтап, өзіңіздің ұсынысыңызды көрсетіңіз.
- •47.Әлеуметтік педагогтың жұмыс түрлеріне ұсыныс және сипаттама беріңіз.
- •48.«Мен танымал әлеуметтік педагогпын және бұл дәрежеге жетуіме...» тақырыбына қысқаша эссе жазыңыз.
- •49.Әлеуметтік педагогикалық іс-әрекетке байланысты жағдаят құрастырыңыз.
- •50.Әлеуметтік-педагогикалық қызметтің әдістемесі мен технологияларына сызба келтіріңіз.
- •51.Балалар мен жасөспірімдердің ауытқушылық жүріс-тұрыстарын әлеуметтік-педагогикалық мәселе ретінде дәлелдеңіз.
- •52 Мына педагогикалық жағдаятты шешіңіз: Мен ұлымды бір өзім тәрбиелеп отырмын.
- •54.«Әлеуметтік институттардың тұлғаны әлеуметтендірудегі рөлі» тақырыбына эссе жазыңыз.
- •55.Мектептегі әлеуметтік педагогтың жарты жылдық жоспарын құрастырыңыз.
- •56. Қайырымдылық акцияларды ұйымдастыру жолдарын ұсыныңыз.
- •57.Әлеуметтік педагогика мен педагогиканың негізгі категорияларына және өзара әрекеттесу ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау жасаңыз
- •59 Қазақстан Республикасында әлеуметтік педагогтардың атқаратын қызметін анықтап, өзіндік көзқарасыңызды ұсыныңыз
16.Отбасы және қазіргі отбасының тұлғаны әлеуметтендіру үдерісіндегі негізгі міндеттері.
Отбасы - бірлесіп күн көретін туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді кажеттіліқтерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы. Өскелең ұрпақты қоғамның әр түрлі жағдайларына бағыттап, тәрбиелеу – қазіргі уақытта басты мақсаттардың бірі. Тәрбие көп факторлы процесс дейтін болсақ, оны жүзеге асыруда әр түрлі әлеуметтендіру институттары өз үлестерін қосатыны белгілі. Солардың бірі және бастысы да отбасы. “Отбасы – жеке тұлғаны әлеуметтендірудегі маңызды институт. Алғашқы әлеуметтік әсер етідің тәжірибесін де адам осы отбасынан алады.”, - дейді ресейлік ғалым А.А.Реан. Ал қазақстандық ғалым О.Нұсқабаевтың зерттеу еңбегінде бала отбасында еңбекшілдікке, әдептілікке, кішпейілділікке, жинақылыққа, өзі өмір сүріп отырған қоғамда қабылданған мінез-құлық пен тәртіп мәдениетіне үйретілетіні айтыла келіп, отбасы жас ұрпақты жеке тұлға ретінде қалыптастырудың қайнар бастауында тұрғанын баса көрсетеді. Бұдан біз балаларды қоғамға бейімдеудің басты күші отбасы екенін толық аңғаруымызға болады, яғни отбасын әлеуметтендірудегі негізгісі деп тұжырымдауға мүмкіндік береді. Ал әлеуметтенуге “Социологиялық-энциклопедиялық сөздікте” төмендегіше анықтама берілген. Әлеуметтену – жеке адамның өзі сүріп отырған қоғамға бейімделу іс-әрекеті, қимылы. Отбасының тұлғаны әлеументтендіру үдерісіндегі негізгі міндеттері: баланың дамуына және өсуіне максималды түрде жағдай жасау; баланың әлеуметтік-экономикалық және психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету; отбасын құру және оны сақтап қалу,отбасындағы бала тәрбиесі мен үлкендерге деген қатынас тәжірибесін балаға беру; өзіне және жақындарына оң септігін тигізетін пайдалы дағдыларға және білімдерге үйрету; өзіндік қадір-қасиет сезімін тәрбиелеу.
17.Әлеуметтік педагогикалық үдеріске түсінік.
≪үдеріс≫ сөзі латынның processus деген сөзінен шыққан,өткізу, қозғалу деген түсінік береді. Ғылыми әдебиеттерде осы сөзді жағдайлардың кезекпен ауысуы, үзілмейтін бір тұтас қозғалысты көрсететін даму дәрежелерінің бір-бірімен заңды тығыз байланысы деп түсіндіреді. ≪Педагогикалық үрдіс≫ ұғымы П.Ф.Каптеревпен (1849—922) енгізілген.≪Педагогикалық үрдіс≫ атты еңбегінде оның мәні және мазмұны ашылған (1904).Ол педагогикалық үрдісті « органикалық өзіндік дамуы және әлеуметтік идеалға тән күші есебінде тұлғаны жан-жақты жетілдіру » деп түсінген және әлеуметтік-педагогикалық үрдісті сыртқы және ішкі деп бөлген. Әлеуметтік-педагогикалық үдеріс – тұтынушы мен әлеуметтік қызметкердің қарым-қатынасы, шынайы немесе арнайы орта шарттарында педагогикалық жағдайлармен тұтынушының әлеуметтік мәселелерін шешу. Жеке бір адамға қатысты оның мақсаты болып өзінің әлеуметтік мәселесін шешуге бағытты әсер ету, қолдау, көмек көрсету болып табылады. Онда тағы ішкі және сыртқы құрамдастар көрсетіледі, олардың қарым-қатынасы және өзара келісімділігі. Берілген мәлімет әлеуметтік-педагогикалық жағдайға сәйкес (адамды әлеуметтендіру,тұлғаның әлеуметтік қасиеттері және т.б.ішкі процесс) әлеуметтік-педагогикалық процесстің біртекті заңды дамуын (сапалы өзгеру) және әлеуметтік жұмысшының бағытталған,мақсатты қызметін анықтауға мүмкіндік береді,тұтынушымен қарым-қатынаста нақты әлеуметтік-педагогикалық мақсатқа(сыртқы процесс) қол жеткізуін қамтамасыз етеді.Осылай ол ішкі және сыртқы процесстердің бірлігін және өзара келісімділігін көрсетеді.Сыртқы процесс қатал түрде ішкімен (оның қажеттіліктері,мүмкіндіктері,өзгеру динамикасымен)келісіледі және оның бағытты түрде дамуын қамтамасыз етеді. Ол өте маңызды роль атқарады – ішкі педагогикалық процесстің потенциалын оптимальды және толық жүзеге асырады. Әлеуметтік-педагогикалық процесстің жүйе түзуші факторы болып оның мақсаты(әлеуметтік идеал) және онымен келісілген сәйкес әлеуметтік-педагогикалық қызметі саналады.Оның әлеуметтік бірлігі – бұл әлеуметтік-педагогикалық тапсырма және оның шешімдері.
18.Арнайы микросоциум мүшелерінің іскерлік іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру амалдарын үлгілеңіз. Социум – тұрмыс-тіршілігінің, мекен-жайының бірлігімен сипатталатын, осыған байланысты ортақ мәдениетке ие тұрақты қауымдастық. Социум қоғам ұғымымен мәндес, бірақ одан гөрі тар ауқымдағы ұғым. Адамдардың өмір құру жағдайының бірлігіне, сонымен катар мәдениетінің біртектестігіне байланысты өмір сүретін тұрақты әлеуметтік кауымдастығы.Баланың дұрыс әлеуметтенуі үшін ең маңызды орын алатын ол микросоциум болып табылады. Микросоциум бұл адамның өмірі өтетін және оның дұрыс әлеуметтенуіне өзінің септігін тигізетін жақын кеңістік немесе әлеуметтік орта. Микросоциум өзіне келесі факторларды қосады. Олар: отбасы, тәрбие институттары, құрдастарының топтары. Отбасы - бірлесіп күн көретін туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді кажеттіліқтерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы. Отбасы баланың дүниеге келгеннен өмірінің соңына дейін әлеуметтенудің ең маңызды институты. Тәрбие институттары - бұл арнайы қоғаммен немесе мемлекетпен құрылған адамдардың әлеуметтенуіне жағдай жасайтын орталықтар болып табылады. Іскерлік - тұлғаның тұрақты қасиеттері деңгейінен орын алатын амалдар мен әрекеттерді біріктіретін дағдының жоғарғы формасы. Бұл өмірлік жағдайлар өзгерісінде тұлғаның мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге, дағдылар мен әрекеттерді орындауға, мінез-құлқын реттеуге мүмкіндік береді. Іскерлікті тұлға бағыттылығының қолданбалы қыры ретінде қарастыруға болады. Іскерлік туа не кездейсоқ пайда болмайды, ол адамның қажеттіліктеріне, қабілеттіліктеріне, мінезіне, кәсіби жене әлеуметтік статусына сәйкеседі. Әр индивидтің іс-әрекеттің, мінез-құлықтың, өмірдің түрліше салаларында дамып, іске асырылатын өзіндік іскерліктер жүйесі болады. Іс-әрекет - әлемді және өз-өзін саналы түрде өзгертетін процесте адамның немесе топтың әлеммен жасайтын өзара әрекеті.
