Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_актуал.проблемы..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
399.87 Кб
Скачать

1.Әлеуметтік педагогиканың функциялары

Әлеуметтік педагогика - жеке тұлғаның тәрбиесі мен қалыптасуына әлеуметтік ортаның әсерін зерделейтін, әлеуметтік ораның нақты шарттарын есепке ала отырып жеке тұлғаға тәрбие беруін оңтайландыру бойынша іс-шаралар жүйесін әзірлейтін педагогиканың бір саласы. Әлеуметтік педагогика тәрбиелеудің әлеуметтану мәслелерін, әлеуметтік-педагогикалық виктимиология, және әлеуметтік тәрбие мәселелерін зерделейді. Бұл терминді неміс педагогы А. Дистервег XIX ғасырда енгізді. Біздің елде әлеуметтік педагогика саласында жетекші мамандар болып А.С. Макаренко, С.Т. Шацкий деп саналады. Әлеуметтік педагогиканың функцияларын ғалымдар үш үлкен топтарға бөлген. Олар: 1.Тәрбиелеу функциясы баланы айналадағы ортаға баулуды, оны әлеуметтендіру процесін, оның оқу және тәрбиелеу барысына бейімделуін көздейді.2.Әлеуметтік –құқықтық функциясы – бұл мемлекеттің балалар туралы қамы, олардың құқығын қорғау.3. Әлеуметтік – реабилитациялау функциясы – бұл мүгедек, дене бітімі немесе психикалық жағынан кемтар балалар тәрбие және білім беру жұмысы. Мұнда негізгі әлеуметтік функцияларды педагог орындайды. Әлеуметтік педагогиканың негізгі міндеттері:Қазіргі жағдайларда балаларды әлеуметтік қорғау мәселелерін зерттеу;Әр түрлі оқу және тәрбиелеу мекемелерінің әлеуметтік іс-әрекеттерінің теориясы мен әдістемесін зерттеп қарастыру.Мемлекеттік, муниципалды, қоғамдақ және жеке меншік оқу мекемелеріндегі тәрбиелеу және білім беруді зерттеп қарастыру;Жанұя тәрбиесінің ерекшеліктерін, ұлттық ерекшеліктерді, діни және қоғамдық тәрбиені ескеріп, зерттеу.Тұлғаның өз даралығын ұйымдастыру, өз қабілеттерін дамытып жетілдіру, өз өмірін дұрыс ұйымдастыру мәселелерін шешу жолдарын зерттеу.

2.Әлеуметтік педагогиканың тарихи даму кезеңдеріне аналитикалық талдау жасаңыз. «Әлеуметтік педагогика» терминін алғаш 19-ғасырда неміс ағартушысы Адольф Дистервег ұсынған болатын. Дегенмен, әлеуметтік педагогика ұғымы қазіргі күнгі толыққанды мағынасында 20-ғасырдың ортасында ғана қолданысқа енді. 19-ғасырдың екінші жартысында педагогикаға және қоғамдық тәрбиеге деген сұраныс күшейе түсті. Біріншіден, оған жастарға қоса ересектерді де тәрбиелеу мәселесі ене бастаған еді. Екіншіден, әлеуметтік жүйедегі нормаларға бағынбайтын барлық жас ерекшелігі өкілдері бейімдеу мен қайта тәрбиелеу қажеттігі туды. Әлеуметтік педагогиканың қалыптасуына түрткі болған объективті сұраныстардың тууына Еуропа мен Америкадағы әлеуметтік-мәдени процестердің ықпалы күшті болды. Ол жерлерде индустрияландыру күшімен халы ауылдық жерлерден қалаға ағыла бастады. Осы халық жаңа жағдайға бейімделе алмай, толыққанды отбасын құра алмайды. Соның салдарынан қылмыс көбейіп, әдепсіздік еселеніп, қаңғыбастар мен кедейлер көбейді. Еуропадағы урбандалу мен ұлттық мемлекеттің қалыптасуы, солтүстік Америкада америкалық ұлттық қалыптасу процестері тұрғындардың барлық әлеуметтік топтар мен жас ерекшелігі топтары өкілдеріне ортақ құндылықтар насихатталып, мойындатылуын талап етті. Әлеуметтік педагогика біріншіден, адам өміріндегі белгілі бір жағдайға қандай да бір жас ерекшелігінде болатын немесе болуы мүмкін жағдайды болжауға мүмкіндік беретін білім саласы. Екіншіден, адам дамуындағы дұрыс жағдайлардың қалай жасауға және оның әлеуметтенуі барысында туындайтын кедергілерді жоюға болатындығы туралы; үшіншіден, келеңсіз жағдайлардың адамға ықпалын тежеу, адамды әлеуметтенуі процесінде туындайтын қиыншылықтардың үлесін шегеруге мүмкіндік береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]