Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
FPM 60 surak jaupatarymen.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.68 Mб
Скачать

39.Дискінің, оның массалық центрінен өтетін өске қатысты инерция моментін анықтау (теориялық есептеу)

I= -Дискінің, оның массалық центрінен өтетін өске қатысты инерция моменті

40.Микрометрдің және штангенциркульдің приборлық қателіктері неге тең?

Микрометр – бұрама - гайка микрожұбы арқылы бұрыштық өзгерістерді сызықтық шамаларға өзгертуге арналған өлшеуіш аспап. Бұл аспапсызықтық өлшемдерді абстракциялық түйіспелі әдіспен өлшеу үшін пайдаланылады. Есептеуіш құрылғыларда бұрама - гайка жұбын пайдалану 16 ғасырдан бері белгілі. Микрометрмен өлшеу қозғалмайтын гайкаға қатысты бұраманың жылжып қозғалуына негізделген. Бұраманың жылжуы – оның өз осінен айналу бұрышына пропорционал. Бұраманың толық айналысы Микрометрдің сабында межеленген шкала бойынша, ал айналыстың үлестері барабандағы дөңгелек шкаламен анықталады. Микрометрде қапсырма доғабеті тегіс тірекшкалалы сап,микрометрлік бұрама, шкалалы барабантоқтатқыш және қысқыш тетік болады. Микрометрдің өлшеу шегі 0 – 25 мм, 25 – 50 мм, т.б. болып жасалады. Микрометрдің әр түрлі заттардың жуандығын, қалыңдығын, ұзындығын, саңылаулар мен тесіктердің диаметрін, ойықтардың тереңдігін анықтауға, сондай-ақ оймаларды өлшеуге арналған түрлері бар. Қандай да бір затты микрометрмен өлшеу үшін ол затты тірек пен А микрометрлік бұранданың арасына орналастырып, винттің басын сытырлау естілгенше бұрайды. (А бұранданы айналдыру тек басынан жүргізіледі, ал қарсы жағдайда стержень мен барабанның нольдерінің бір-біріне дәл келуі бұзылады). Микрометрдің негізгі шкаласы бойынша бүтін миллиметрлерді және барабанның айналмалы шкаласы бойынша — жүздік бөлігі есептеледі. Алынған нәтижелерді қосады. Жүздік бөліктің саны стерженнің бойлық сызығына қарсы орналасқан шкала бөлігіне сәйкес келеді.

Егер жоғары горизонталь шкалада штрих пайда болса, онда міндетті түрде 0,5 мм-ді қосу керек.

Микрометрмен өлшеу жүргізгенде келесі ережелерді сақтау керек:

І.Қолданбас бұрын микрометрдің өлшейтін бөліктерін дұрыстап сүрту керек, микрометрдің жүріс тығыздығын және нольдік қойылуын тексеру қажет. Егер нольдік қойылуы жылжып кетсе, онда микрометрдің өлшейтін бетін қайтадан жақсылап сүртіп, сытырлату әсерімен шектесуге әкелу керек және микровинтті бекіткішпен бекітіп, барабан бұрандасын шығару керек және оны айналдыра отыра барабанның нольдік штрихін сызықтық шкаланың бойлық штрихімен беттестіреді. Осыдан кейін барабанды бұрандасымен бекітіп, нольдік нүктенің дұрыс тұрғанына көз жеткізу қажет.

2.Микрометрмен өлшеуді сытырлақты қолдана отыра жүргізу керек. Барабанды микровинтті бекітіп бұрау үшін қолдануға болмайды.

З.Өлшеу кезінде бекіткішті босатып барып винты бұрау керек, және бұрау кезінде үлкен күш жұмсамау керек.

4. Микрометрмен жұмысты аяқтағаннан соң оны сүртіп арнаулы қабына салып қою керек.

Штангенциркуль-Тетіктің сызықтық өлшемдерін өлшеуге арналған құрал. Ол сызғыш-қарнақтан және жақтаушадан түрады. Сызғыш-қарнақта миллиметрлер бөлулері соғылған, ал жақтаушада нониус қойылған. Штангенциркульдің түрлері ШЦ-І бөлу бағасы 0,1 мм, ШЦ — II бөлу бағасы 0,05 мм және ШЦ — III бөлу бағасы 0,05 жоне 0,1 мм. Штангенциркуль жоғары дәлдікті талап етпейтін сызықтық өлшеулер үшін пайдаланылады.

Барлық штангенциркулдердің штангінің негізгі шкаласы және қозғалатын сызықты нониусты шкаласы болады (2.2 сурет). Штангінің негізгі шкаласының бөлік құны 1 мм-ге тең.

Штангенциркульдердің нониусы К=1, 2, 3... (1.1 формуласын қараңыз) болатындай етіп жасалады. Нониустің бөлік құны 0,05; 0,1 немесе 0,2 мм-ге тең болуы мүмкін. Нониус штангінің негізгі шкаласын бойлай қозғалытын жылжымалы рамкаға орнатылған. Аспаптың нольдік көрсеткішінде нониустың нолі негізгі шкаланың нөлімен сәйкес келеді. Заттарды өлшеу кезінде нониус қозғалғыш рамкамен бірге ығысады және зат (дене) штангенциркуль ернеулерімен қысылады.

Нониус нолі заттың ұзындығына байланысты орын ауыстырады. Негізгі шкала бойынша нониустың ноліне дейін келетін миллиметрдің бүтін саны табылады. Содан соң нониустың қай бөлігі негізгі шкаланың бір бөлігімен тура сәйкес келетіні анықталып, дененің толық өлшемі (2.5 формуласына сәйкес) негізгі және нониус шкалалары бойынша табылған ұзындықтардың қосындысына тең болады. Штангенциркульдің бірнеше түрлері болады. Олар бір-бірінен түрі бойынша және өлшейтін ернеу сандарымен, штангі ұзындығымен, нониус түрлерімен немесе қосымша бөлшектерімен ажыратылады.

41.Дискінің инерция моментін динамикалық әдіспен анықтау.

Қондырғының сипаттамасы: диск білікпен бірге горизонталь өске бекітілген,әрі осы өске қатысты айналады.ОО өсі дискінің симметрия өсімен дәл келеді,сондықтан диск талғаусыз тепе-теңдік күйде болады.Білікке жіп бекітілген,жіптің бос ұшына айналдырушы момент тудыратын жүк ілінген.Егер жіпті білікке орасақ,онда жүк белгілі h биіктікке көтеріледі,осы күйге сәйкес жүйенің потенциалдық энергиясы жүктің ауырлық күші мен көтерілу биіктігінің көбейтіндісіне тең.Дискіні қоя бергенде жүк төмен түсе бастайды,ал диск айналмалы қозғалысқа келеді.Көтерліген дененің потенциялық энергиясы жүктің ілгерілемелі қозғалысының кинетикалық энергиясы мен дискінің айналмалы қозғалысының кинетикалық энергиясына ауысады.Жүктің платформаға түскен мезетіндегі механикалық энергияның сақталу заңын мына түрде жазамыз:

(1)

мұндағы m-түскен жүктің массасы; h-қозғалы басынан платформаға дейінгі жүктің жүрген жолы; v-жүк платформаға тиген мезетіндегі жүктің ілгерілемелі қозғалысының сызықтық жылдамдығы; жүк платформаға тиген мезетіндегі дискінің бұрыштық жылдамдығы.

Жіп білік бетімен сырғанамаса жүктің ілгерелемелі қозғалысының сызықтық жылдамдығы біліктің бетіндегі нүктелердің айналмалы қозғалысының сызықтық жылдамдығымен сәйкес келеді.Осы нүктелердің айналуының бұрыштық жылдамдығы диск айналысының бұрыштық жылдамдығына сәйкес келеді және мына өрнекпен белгілейміз:

Және де келесі өрнектерді пайдалана отырып:

(1)формулаға қойсақ:

бұл формуладан инерция моментін тапсақ:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]