Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Касипкерлик кукык_шпоры.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
98.71 Кб
Скачать

17)«Бағбан» Өндірістік кооперативіне серіктестікті мүше етіп қабылдау туралы Өтінішпен «Теңіз»...

ЖАУАБЫ:

Кооперативтiң жоғары органы оның мүшелерiнiң жалпы жиналысы болып табылады. кооператив мүшелiгiне қабылдау және шығару шешімін осы жиналыс бекітеді.  Жалпы жиналыс шешiмдер қабылдаған кезде кооперативтiң әрбiр мүшесi өз пайының мөлшерiне қарамастан бiр дауысқа ие болады. Егер жалпы жиналыстың шешiмi үшiн жиналысқа қатысқан кооператив мүшелерiнiң немесе олардың сенiм бiлдiрген адамдарының жартысынан астамы дауыс берсе, ол қабылданды деп саналады. 

18)«Барыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылыс қызметімен айналысу туралы құрылтай құжаттарында кӨрсетті... Мемлекеттік тіркеу органыныӨ берген кеӨесі дӨрыс па?

ЖАУАБЫ: 

Осы заңға сәекес құрылыс қызметінің шарттары туралы толық келтірілген:

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы  қызметті лицензиялау

      Лицензияның болуы мынадай қызмет түрлерiмен айналысу үшiн талап етiледi:       1iздестiру қызметi

-жобалау мен салуға арналған топографиялық жұмыстар (1:10000-нан 1:200-ге дейінгі масштабтағы түсiрулер, сондай-ақ жерасты коммуникациялары мен құрылыстарын түсiру, жердегi желiлiк құрылыстар мен олардың элементтерiн трассалау және түсiру); -инженерлiк-геологиялық әзiрлемелердi, геофизикалық және басқа да iздестiру нүктелерiн бекiту арқылы нақты іске асырумен байланысты геодезиялық жұмыстар; -инженерлiк-геологиялық және инженерлiк-гидрогеологиялық жұмыстар, оның iшiнде: -геофизикалық зерттеулер, шолып байқау және түсiру;       жер қабаттарын далалық зерттеулер, гидрогеологиялық зерттеулер;   2) жобалау қызметі.       Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:       қала құрылысын жобалау (тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды қоспағанда, тарихи құрылыс аудандарының қала құрылысын қалпына келтiру үшiн жобалау құқығымен) және жоспарлау, оның iшiнде:       жоспарлау құжаттамасын (аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын – аудандық жоспарлау жобаларын, елдi мекендердiң бас жоспарларын, аудандарды, шағын аудандарды, орамдарды, жекелеген учаскелердi егжей-тегжейлi жоспарлау жобалары мен салу жобаларын);       елдi мекендердiң (елдi мекендер шекараларының шегiнде орналасқан көше-жол желiлерi мен қалаiшiлiк және сыртқы көлiк объектiлерiнiң) және қонысаралық аумақтардың (елдi мекендердiң көше-жол желiсiнен тысқары орналасқан сыртқы көлiк объектiлерi мен коммуникацияларының) көлiк инфрақұрылымын дамыту схемаларын;       құрылыс салу жүйесiнде жылу энергиясын өндiру және тасымалдау объектiлерін орналастыра отырып, елдi мекендердi жылумен жабдықтау, сондай-ақ қонысаралық аумақтарда орналасқан өндiрiстiк кешендердi жылумен жабдықтау схемаларын;       ауыз су және (немесе) техникалық су көздерiн орналастыра отырып және су ағызуды трассалай отырып, елдi мекендердi сумен жабдықтау схемаларын, сондай-ақ қонысаралық аумақтарда орналасқан өндiрiстiк кешендердi сумен жабдықтау схемаларын;       тұрмыстық, өндiрiстiк және жауын-шашынның сарқынды суларын жинау мен ағызудың орталықтандырылған жүйесiн, бас тазартқыш құрылыстарды, сарқынды суларды буландырғыштар мен қайта генерациялау объектiлерiн орналастыруды қоса алғанда, елдi мекендер мен өндiрiстiк кешендердiң кәрiз схемаларын;;       байланыспен, авариядан қорғаумен, бақылау және дабыл құралы жүйесiмен, көлiкте, электр энергетикасы және сумен жабдықтау объектiлерiнде, тiршiлiктi қамтамасыз ететiн өзге де объектiлерде оқшаулаумен, сондай-ақ өндiрiстiк мақсаттағы есепке алу мен бақылау аспаптарымен байланысты технологиялық жабдықтарды монтаждау, iске қосу-жөндеу жұмыстары; және т.б       4) тұрғын үй ғимараттарының құрылысын үлескерлердің ақшасын тарту есебінен ұйымдастыру жөніндегі қызмет.

19) Азаматтар Мақанов, Саламатов, Бекенов, Сариев жай серіктестік құру негізінде кәсіпкерлік қызметпен айналысу туралы шешім қабылдады. Жай серіктестіктің негізгі мақсаты 9-мамырда алаңда түрлі-түсті суреттер салынған шарларды сату негізінде пайда табу. Бірақ шартта пайданы бөлуге байланысты ережелер қарастырылған жоқ.Жай серіктестік дегеніміз не және пайда қалай бөлінеді?

ЖАУАБЫ:

Жай серіктестік – жалпы үлесті меншік негізінде жүзеге асырылады.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің таза табысын оның қатысушылары арасында бөлу :       1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар арасында серіктестіктің бір жыл ішіндегі өз қызметінің нәтижелері бойынша алған таза табысын бөлу серіктестіктің тиісті жылдағы қызметінің нәтижелерін бекітуге арналған серіктестікке қатысушылардың кезекті жиналысының шешіміне сәйкес жүргізіледі.  Жалпы жиналыс таза табысты немесе оның бір бөлігін серіктестікке қатысушылар арасында бөлуден алып тастау туралы шешім қабылдауға да құқылы.        2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жалпы жиналысы табысты қатысушылар арасында бөлу туралы шешім қабылдаған жағдайда әрбір қатысушы бөлінетін табыстың серіктестік жарғылық капиталындағы өз үлесіне сәйкес бөлігін алуға құқылы. Төлемді серіктестік жалпы жиналыс таза табысты бөлу туралы шешім қабылдаған күннен бастап бір ай ішінде ақшалай нысанда жасауға тиіс.  3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің серіктестік жарғылық капиталы толық төленгенге дейін табысты қатысушылар арасында бөлуге құқығы жоқ. Осы заңдарға сүйене отырып Азаматтар Мақанов, Саламатов, Бекенов, Сариев шартта пайданы бөлуге байланысты ережелер қарастырымағандықтан олардың құрылтай шартында қате кеткендігін байқауымызға болады. Олар оздерінің Құрылтай шарттарын қайтадан заң бойынша құру қажет деп ойлаймын.

20) «Зерде»  акционерлік қоғамының  «алтын акциясын»  ұстаушы  «Баспа»  ЖШС қаржы жылы аяқталғанда акционер ретінде дивидент төлеуді талап етеді. «Дивидент» деген не?  «Баспа»  ЖШС-нің осы  талабына  құқықтық баға беріңіз.

ЖАУАБЫ:

ДивидендҚоғамның таза табысының есепті кезеңдегі Қоғамның қаржылық

есептілігіне сəйкес Акционерлерге оларға тиеслі акциялар бойынша төленетін бөлігі.Акцияны сатып алған инвестор компанияның тең иесі атанады және таза табыстың бірі бөлігі – дивидендтерге ие бола алады. Дивиденд жылына бір мәрте, жылына бірнеше мәрте төленеді немесе мүлдем төленбейді. Бұл компанияның дивидендтік саясатына, қаржылық жағдайына және акционерлердің ерік-жігеріне байланысты. Компанияның қызметі қаншалықты табысты болса, акционерлер соншалықты көп пайда алады. Кәсіпорын дивидендтке өткен жылғы табысының немесе оның алдындағы үлестірілмеген табысының  бір бөлігін немесе бәрін бағыттай алады. Алайда, компания дивидендтер төлемеуі де және барлық табысын өзінің дамуына жұмсауы да мүмкін. Сонымен қатар Қарапайым акциялар бойынша дивидендтерге кепілдік жоқ.

«Дивидендтер төлеу керек пе, жоқ па, қандай мөлшерде төлеу керек» деген шешімді Акционерлік қоғамның директорлар кеңесі акционерлердің жалпы жиналысына шығарады. Акционерлердің жалпы жиналысы кез-келген Акционерлік қоғамдағы жоғары басқарушы орган болып табылады. Ондай жиналыста компания қызметіндегі барынша маңызды шешімдер қабылданады. Соның ішінде алдыңғы жылдағы қаржылық есептілігі бекітіледі. Егер дивидендтерді төлеу туралы мәселе талқыланса, акционерлердің жалпы жиналысы бір акцияға таза табыстың қанша сомасы төленетінін бекітеді. Осылайша, әрбір акционер өзінде бар акциялардың санына қарай дивидендтер алады. Дивидендтер акция иесінің брокерлік есеп-шотына аударылады. Компания төлем мерзімін алдын-ала анықтайды және БАҚ-та жариялайды. «Дивидендтер клиенттердің орталық депозитарийдегі брокерлік есеп-шоттарына аударылады. Акциялар бойынша дивидендтік кіріс түрінде алынған қаржыларды алу брокерлік есеп-шоттағы ақшаларды алу сияқты жүзеге асырылады: брокерге хат түрінде өтініш беріледі, қаржы клиенттің банктік есеп-шотына аударылады

21) Қарамағында алты жалдамалы жұмысшысы бар шағын автокөлік жөндеумен айналасатын  жеке кәсіпкер  Ермек  Айдарұлы … Кәсіпкердің осы өтініші бойынша салық комитетінің кәсіпкерлерді тіркеу бөлімінің қызметкерлері қандай кеңес беріп, шешім қабылдауы тиіс?

Кәсіпкер – кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, кәсіпорын құру үшін қаражат іздеп табатын және сол тапқан қаражатымен кәсіпкерлік тәуекелдікке бас тігетін адам. Ол мемлекеттік тіркеуден өтіп, тіркеу туралы куәлік алады. Кәсіпкер қызметтің заңда тыйым салынбаған кез келген түрлерімен, атап айтқанда, коммерциялық делдалдықпен, сауда жасаумен, сатып алумен, кеңес беру қызметімен және басқа қызметтермен, бағалы қағаздарға байланысты операция жасаумен айналыса алады.

Кәсіпкер:

    • өз қызметін жүзеге асыру үшін құрылуы заңнамалық актілерге қайшы келмейтін кәсіпорындардың кез келген түрлерін құруға;

    • мемлекет кәсіпорындардың және меншіктің басқа нысандарына негізделген кәсіпорындардың мүлкін, өзгедей мүлік пен мүліктік құқықтарды толық немесе ішінара сатып алуға;

    • заңды негізде алынған өз мүлкімен шаруашылық жүргізуші басқа субъектілердің қызметіне қатысуға;

    • заңды тұлғалар мен азаматтардың мүлкін келісім бойынша пайдалануға;

    • заңнамада белгіленген келісімшарттар талабымен қызметкерлерді жұмысқа қабылдауға және жұмыстан босатуға;

    • еңбекақы төлеудің нысандарын, жүйелерін, мөлшерлерін және жалданып жұмыс істеушілер табысының басқа да түрлерін дербес белгілеуге;

    • банк мекемелерінде шоттар ашуға;

22)Жеке  кәсіпкерлерді қандай мемлекеттік органның тіркеуге алып кәсіпкер куәлігін беретіндігін білгісі келген  Саят Сарыбай деген азамат  өзінің көршісі... Саят Сарыбайға сіз қандай кеңес берер едіңіз?

ЖАУАБЫ:

Кәсіпкер – кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, кәсіпорын құру үшін қаражат іздеп табатын және сол тапқан қаражатымен кәсіпкерлік тәуекелдікке бас тігетін адам. Ол мемлекеттік тіркеуден өтіп, тіркеу туралы куәлік алады. Кәсіпкер қызметтің заңда тыйым салынбаған кез келген түрлерімен, атап айтқанда, коммерциялық делдалдықпен, сауда жасаумен, сатып алумен, кеңес беру қызметімен және басқа қызметтермен, бағалы қағаздарға байланысты операция жасаумен айналыса алады.

Кәсіпкер:

    • өз қызметін жүзеге асыру үшін құрылуы заңнамалық актілерге қайшы келмейтін кәсіпорындардың кез келген түрлерін құруға;

    • мемлекет кәсіпорындардың және меншіктің басқа нысандарына негізделген кәсіпорындардың мүлкін, өзгедей мүлік пен мүліктік құқықтарды толық немесе ішінара сатып алуға;

    • заңды негізде алынған өз мүлкімен шаруашылық жүргізуші басқа субъектілердің қызметіне қатысуға;

    • заңды тұлғалар мен азаматтардың мүлкін келісім бойынша пайдалануға;

    • заңнамада белгіленген келісімшарттар талабымен қызметкерлерді жұмысқа қабылдауға және жұмыстан босатуға;

    • еңбекақы төлеудің нысандарын, жүйелерін, мөлшерлерін және жалданып жұмыс істеушілер табысының басқа да түрлерін дербес белгілеуге;

    • банк мекемелерінде шоттар ашуға;

    • есеп айырысу, несие, касса операцияларының барлық түрлерін жүзеге асыруға; кәсіпкерлік қызметтен алынған, салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдерді төлегеннен кейін қалған пайданы (табысты) еркін билеуге;

23)Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-нің экономика және бизнес факультетінің  екі студенті мына мәселе бойынша ортақ келісімге келе алмаған еді.. Кімнің пікірі дұрыс?. Жауабыңызды негіздеп беріңіз.

ЖАУАБЫ:

Банкроттық процедурасы тек заңды тұлғаларға ғана емес, сондай-ақ жеке кәсіпкерлерге де қолданылады. ҚР 2006ж 31 қаңтарда қабылданған «жеке кәсіпкерлік туралы» заңының 6-тарау. ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІН ТІРКЕУ ЖӘНЕ ТАРАТУ, 28 бабында көзделгендей: Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің банкроттығы, оларды қайта ұйымдастыру және тарату

1. Жеке кәсіпкерлік субъектісі борышқордың сотқа өтініші немесе кредитордың, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда өзге адамдардың сотқа өтініші негізінде сот шешімімен банкрот деп жарияланады.

Дара кәсіпкердің банкроттық рәсімі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудың кезектілігі бөлігіндегі ерекшеліктермен заңды тұлғалар үшін белгіленген ережелер бойынша жүзеге асырылады.

2. Заңды тұлға болып табылатын жеке кәсіпкерлік субъектісін қайта ұйымдастыру немесе тарату жеке кәсіпкерліктің нақты ұйымдық-құқықтық нысаны үшін белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

24) Жеке  кәсіпкер  Зейнолда Арон мемлекеттік кәсіп орын құрса мемлекеттік тапсырыстарға, тендерлеге ешбір кедергісіз қол жеткізуге болады дегенді естіп қалалық Әділет басқармасына келіп өзінің мемлекеттік кәсіпорынды қалай құруына болатынды жайлы кеңес беруді сұрайды.

ЖАУАБЫ:

Мемлекеттік кәсіпорын туралы заңы: 147-бап. Мемлекеттік кәсіпорынды құру, қайта ұйымдастыр және тарату 1. Республикалық кәсіпорынды Қазақстан Республикасының Үкіметі құрады, коммуналдық кәсіпорынды жергілікті атқарушы орган құрады. 2. Мемлекеттік кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату осы бапта белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Заңның 144-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. 3. Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық кәсіпорынды қазыналық кәсіпорын етіп қайта ұйымдастыру мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен келісілген, тиісті саланың уәкілетті органының ұсынуымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша, коммуналдық кәсіпорынды қайта ұйымдастыру – жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүргізіледі. 5. Шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорынның негізінде құрылатын қазыналық кәсіпорын оған бұрын бөлінген мемлекеттік мүлік және ақша бойынша, сондай-ақ жер пайдалану, табиғат пайдалану, жер қойнауын пайдалану, квоталар, лицензиялар беру және бұрын жасалған шарттар бөлігінде, егер соңғылары жаңадан құрылған қазыналық кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсаттарына сәйкес келетін болса, қайта ұйымдастырылатын кәсіпорынның құқықтық мирасқоры болып табылады.

25) Мүгедектігіне байланысты еңбекке қабілетсіз болып қалған азамат Сұлтан «Тұмар» өндірістік кооперативіне өз атынан жарна салып... Осы бас тарту негізді ме?

ЖАУАБЫ:

Өндірістік кооператив - азаматтардың бiрлескен кәсiпкерлiк қызмет үшiн мүшелiк негiзде олардың өз еңбегiмен қатысуына және өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң мүлiктiк жарналарын бiрiктiруiне негiзделген ерiктi бiрлестiгi.ҚР Өндірістік кооператив туралы заңының 3-тарау,8-бабы,2-тармағында: Өндiрiстiк кооперативке жасы он алтыға толған, кооператив мүшесi болуға тiлек бiлдiрген және оның қызметiне жеке еңбегiмен қатысуға қабiлеттi кез-келген жеке тұлға мүше бола алады деп айтылған.Осыған сәйкес «Тұмар» өндірістік кооперативінің төрағасы азамат Сұлтанның бұл өтінішін қабылдаудан бас тартқаны негізді.

26) Алматы қаласының тұрғыны зейнеткер Асан Исмаил жасының 70-ке келгеніне қарамастан кәсіпкерлік қызметпен айналысқысы келіп ... Салық комитетінің қызметкерінің бас тартуы негізді ме?

ЖАУАБЫ:

Қазақстан Республикасының Конституциясының 26-бабының 3-тармағына сәйкес салық комитетінің қызметкерінің Асан Исмаилдың өтінішінен бас тартқаны негізді емес. Себебі, бұл бапта әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне,өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар екендігі айтылған.